Мемлекет түрі | Скачать Курстық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .1

1 БИЛІК ЕТУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ … … … … … 5

1.1 Монархияның мәні және түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..5
1.2 Аристократияның туындауы және сипаттамасы … … … … … … … … … … ..10
1.3 Демократияның мәні және ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … …13

2 НАҚТЫ ЕЛДЕР МЫСАЛЫНДА МОНАРХИЯ, АРИСТОКРАТИЯ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ … … … … … .. … … … … … … … … … ..18

2.1 Біріккен Араб Әмірлігі, Ұлыбритания, Кувейт елдеріндегі монархиялық билік ету формасының әрекет ету ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … …18
2.2 Көне Рим, феодалды Батыс Еуропа, постфеодалды Батыс Еуропадағы аристократияның ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … .22
2.3 Демократиялық билік ету формасы әрекет ететін елдерді талдау … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …26

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … … 41

КІРІСПЕ

Мемлекеттік шешімдер кез келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды алады. Мемлекеттік шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың бірі. Шешім қабылдағанда мемлекет өз тұрғындарының мүддесін қарастыруы керек. Мемлекеттің басты байлығы бұл — халық. Мемлекеттік шешімдердің барлығы сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы керек.
Басқару түрі — жоғары мемлекеттік органдарды, олардың құрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті ұйымдастыру.
Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархиялық және республикалық. Монархия — алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Ал республикалық — бұл жоғары мемлекеттік билікті белгілі бір мерзімге тұрғындармен сайланатын, сайланбалы органдар немесе лауазымды тұлғалар жүзеге асыратын басқару нысаны.
Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі.
* Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.
* Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.
Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.
Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:
* мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын;
* құрылымын;
* мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін;
* жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын.
Аристократия — құл иеленуші және феодалды қоғамда мемлекеттік билік ақсүйек тұқымының қолында болатын басқару түрі; ақсүйектердің үстемдігі. Ақсүйектер терминін ежелгі идеалистік философтар (Платон, Аристотель) қолданысқа енгізген.
Аристократияның басты түсінігі тек сайланған, ең жақсы ақыл-ойлар мемлекет басқаруы керек деген идеяны білдіреді. Бірақ шын мәнінде бұл сайлау туралы мәселе — бұл басқа шешім; Кейбір аристократияларда шешуші принцип — шығу тегі, басқалардағы әскери дұшпандық, жоғары ақыл-ой дамуы, діни немесе адамгершілік артықшылығы, ақыр соңында, меншіктің мөлшері мен түрі болып табылады. Алайда, көптеген аристократтарда осы факторлардың бірнешеуі бар, немесе олардың барлығы мемлекеттік билік құқығын анықтау үшін біріктірілген.
Демократия — алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: монархия, аристократия және демократияның мәні мен олардың түрлерін айқындап, дүние жүзі тарихындағы алатын орындарын анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: монархия, аристократия және демократияның түсініктерін толығымен ашып, олардың бүгінгі таңдағы артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп, нақты елдердегі тәжірибелерді қарастыру. Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
* Монархия, аристократия, демократия түсініктері және олардың мәнін ашу;
* Басқару формасы ретіндегі түрлерін қарастыру;
* Қазіргі таңдағы мемлекеттердегі монархиялық, аристократиялық, демократиялық басқару формаларын талдау.
Зерттеу нысаны монархия, аристократия және демократия және олардың түрлері болып табылады.
Зерттеу барысында негізгі дерексөздер ретінде шет мемлекеттердің конституциялық құқықтары туралы жазылған әдебиеттер қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде монархия, аристократия және демократия туралы жалпылама сөз қозғалады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, пайдаланылған дереккөздер мен мұндай саланы қамтыған түрлі ғалымдардың еңбектері, курстық жұмыстың құрылымы сипатталған.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі 2 тараудан құралған.
Бірінші тарау Билік ету формаларының теориялық астарлары деп аталады. Бұл тарауда билік ету формасының үш түрі, яғни, монархия, аристократия, демократия туралы тереңірек зерттеліп жазылған. Билік формаларының қалыптасу тарихы, негізгі анықтамалары, түрлері, мәні мен ерекшеліктері туралы толық мәлімет берілген.
Екінші тарау Нақты елдер мысалында монархия, аристократия және демократияның ерекшеліктері деп аталады. Бұл тарауда, аты айтып тұрғандай, билік ету формалары жүзеге асырылған немесе қазіргі таңда да күшін жоймаған монархия, аристократия және демократия қызметі мемлекеттер мысалында көрсетіліп, халықаралық аренадағы орны жайлы талқыланады. Нақтырақ айтқанда, Араб Әмірлігі, Кувейт, Ұлыбританиядағы монархия, қазіргі таңда өмір сүрілерін тоқтатқан Көне Римдегі аристократия, және де қазіргі заманда көптеген мемлекеттерде таралған демократия туралы жазылды. Мемлекеттердегі демократия индексі де сараланды.
Курстық жұмыстың қорытындысында жалпы билік ету формаларын егжей-тегжейлі қарастырудың маңыздылығы, зерттеудегі әрбір тараушаға сәйкес шығатын қорытындылар мен тұжырымдар келтірілген. Сондай-ақ болашақта одан әрі зерттеуді қажет ететін мәселелер де осы қорытындыда берілген.

1 БИЛІК ЕТУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ

0.1 Монархияның мәні және түрлері

Монархия (гр. monarchіa — дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы — монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.
Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі — жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды.
Феодалдық кезеңде монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ерте феодалдық монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі монархия, шексіз монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды.
Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх «теңдестер арасындағы бірінші» жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған монархияны тудырды. [1]
Біртұтас иерархиялық мемлекет аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз монархияның құрылуына алып келді. Шексіз монархияда заң шығару, атқару, сот — үш билік те монархтың қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды.
Монархиялық елдер конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, конституциялық монархия пайда болды. Ондай мемлекетте монарх құзырындағы мәселелер конституцияда нақты белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу, бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды мәселелер) әрі ол мемлекеттік билік тармақтарының арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде көбіне монарх билігі символикалық сипатта болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы ел бірлігі мен билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің органы немесе тікелей халықтың өзі дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси талас-тартыс үкімет билігі маңайында жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды.
Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания, Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер — монархиялық мемлекеттер. Бұған қоса кейбір Африка және Тынық мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ мемлекеттерде монархиялық билік сақталған.
XV ғ. соңында француз, испан және ағылшын жерлеріндегі корольдардың жиналысы аяқталып, ірі мемлекеттер пайда болды. XVI ғ. басында Еуропада мемлекеттік биліктің жаңа формасы — абсолюттік монархия шықты. Оның басты ерекшелігі — билеушінің шексіз билігі. Парламент шақырудан бас тарту арқылы билеуші қазынадан жалақы алып отырғандықтан , монархияға адал берілген шенеуніктерге арқа сүйеді. Король қолындағы басқарудың маңызды тетіктері — орталықтандырылған қаржы жүйесі мен тұрақты әскер болды.
Абсолютизмнің жақтаушылары король Құдай тарапынан шексіз билікке ие болғандықтан, ол жер бетіндегі құдайлық тәртіптің, әділдіктің кепілі деп сендірді. Монархтың қалауына деген кез — келген қарсылыққа тиым салынды. Сарайда болып жатқанның бәрі — қатаң түрде сарай маңы салтының ережелеріне бағындырылған-ды. Монархтың ұйқыдан тұруы мен ұйқыға кетуі, оның киінуі, тамақтануы, шығуы, шетелдік елшілерді қабылдауының бәрі егжей — тегжейлі жоспарланған. Патшаның ұлықталуына салтанатты сарайлар мен қамалдардан тұратын резиденциялар қызмет етті. Олар әйгілі антикалық, мифологиялық және тарихи сюжетті кескіндер мен мүсіндермен әсем безендірілді. [2]
XVII ғ. өндіріс пен сауданың дамуы қоғамдағы жаңа буржуазия табының қалыптасуына алып келді. Олар мануфактуралардың иелері, саудагерлер, банкирлер болды. Буржуазия өкілдері саяси басқаруға деген өздерінің құқықтары бар екенін жиі білдіретін.
Англияда корольдің парламентпен бәсекелестігі төңкеріске ұласты. Бірнеше жылға созылған саяси және әскери қақтығыстардан кейін ғана монархтың билігін шектеу керектігі туралы шешім қабылданды. Король парламент шығарған заңды жоққа шығару құқығынан бас тартып, оны тұрақты түрде жинап, парламент бостандығын яғни депутаттың дербес құқықтығы мен сөз бостандығын бұзбауға міндеттенді.
Француз мемлекеттілігінің нығаюына іс жүзінде оны басқарған кадинал Ришелье көп еңбек сіңірді. Ол өз саясатының негізін былай түсіндірді: Менің бірінші мақсатым корольдің ұлықталуы, екінші мақсатым корольдіктің ұлықталуы .
Басқару формасы ретіндегі монархияны артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады:
* Кейде монархия Құдайдың әмірімен елді басқару формасы болып, ал республикалық басқару жүйесі әзәзілдің ойлап тапқан басқару формасы деп саналады.
* Монархия билік жүйесінің беріктігі мен бірлігін қамтамасыз етеді.
* Монарх өзінің лауазымына қарай кез келген саяси партиядан тұрады, сондықтан күні ілгері кесіп пішілмеген саяси фигура болып саналады.
* Монархия кезінде мемлекеттің өміріндегі қандай да болмасын ұзақ уақыттық өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі туындайды.
* Аз уақыт аралығындағы басқару формасында перспективасыз өгерістер монархия кезінде енгізуге тиімді болып келеді.
* Монарх сайланған ел басшысынан үнемі жоғары тұрады, өзі басқарушы мемлекеттің тағдыры мен жағдайын алдын ала ойластырып, жауапкершілігін түсінеді.
* Әдетте, монарх жас кезінен бастап жоғары ел басшысы болатынына дайындалады. Бұл оған осы лауазымға қажетті қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді, демократиялыққа ұқсас астыртын әрекеттерден кейін билік біліксіз немесе арам ойлы адам алмайтынына кепілдендіреді.
* Билікті алмастыру кандидаттардың қабілеттері бойынша таңдалып жүргізілмей, ал туылуы жағдайына қарай жүргізіледі, бұл билікке қара ниетті, өзінің қамын ойлайтын адамдардың араласуына жол бермейді. [3]
Монархияның кемшіліктері келесідей:
* Билікті алмастыру кандидаттың қабілеттері бойынша емес, туылуы жағдайына қарай таңдалынады, соның нәтижесінде билікке мұндай міндеттерді орындауға дайын емес адам келуі мүмкін.
* Монарх өзінің басқаруына ешкімнің алдында жауап бермейді, бұл ақыр соңында мемлекеттің мүдделері мен мақсаттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдауына алып келуі мүмкін.
* Монархия кезінде диктатураның енуінің теориялық мүмкіндігі жоғары болып келеді.
* Монархия кезінде пікірлердің плюрализмі басқа басқару формаларына қарағанда нашар қамтамасыз етіледі.
* Монархтың туысқандарының құқықтары туылғанынан бастап қарапайым адамдардыкінен жоғары болады, бұл адамдардың барлығы еркін және тең болып туылады деген ұстанымға қарама қайшы келеді (алайда, монархтың өзі бұл принципті ешқашан мойындаған емес). Сонымен қатар, көп жағдайда сословиелік теңсіздік байқалады, яғни әртүрлі адамдар туылғанынан бастап әртүрлі құқықтарға ие болады.
Абсолютті монархия (лат. absolutus — сөзсіз, шексіз) — бұл басқару формасында императордың, корольдің, патшаның қолында түгелімен жоғарғы билік болады, яғни ол заң шығаруға, шенеуніктерге тағайындауға құқылы және халықтың қатысуынсыз мемлекет ақшасын жарата алады. Абсолютизм сословиелік монархияның алмастырған фоедалды мемлекеттің ең соңғы және жоғары дамыған стадиясы. Абсолютті монархия кезінде саяси орталықтану максималды болады.
Абсолютизмнің орын алуы және дамуы әр мемлекетте әртүрлі болды, бірақ барлық елде К.Маркс айтқандай ескі феодалдық сословиялар ыдырап, ал орта ғасырлық қалалық сословиялар жаңа буржуазиялық топқа ауысқанда, яғни өтпелі кезеңде пайда бола бастады. Осы кезде феодалды экплуатацияға қарсы шаруалар күресі өрістеп, антифеодалдық қозғалыс максималды күшіне жетіп, феодализм ыдырай бастайды, ал дворяндар болса өздерінің үстемдігін жалғастыру үшін ашық диктатура жолына түседі.
Жалпы өзінің таптық мәні бойынша абсолютизм дворяндардың, помещиктердің диктатурасы болып табылады. Осы диктатураны жүзеге асыру үшін, үстем етуші тапқа бағынбайтын, олардан тәуелсіз болатын, бірақ оның түпкілікті мүдделерін өздеріне ұқсағандықтан қорғайтын мемлекеттік аппарат құру керек болды.
Лениннің айтуынша, патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі. В.И.Лениннің бұл сөздері барлық елдерге абсолютизмге қатысты айтылған. Абсолютизм антифеодалдық күштерді жою үшін екі жолды таңдаған. Біріншіден, ол жаппай халық қозғалыстарын аяусыз басып отырды. Оның негізгі қызметі халықты, шаруашылық плебейлік оппозицияны жүгендеу болған. Ал Сталиннің айтуы бойынша экслоатацияланатын көпшілікті қатаң ұстау қажет деген сөздер негізінен құл иеленушілік мемлекетте, феодализм және капитализм кезінде негізгі мақсат болды. Екінші жағынан, абсолютизм антифеодалдық лагерьден бөлу саясатын жүргізіп, сол кезде антифеодалдық революцияны басқара алатаны жалғыз күшті, яғни буржуазияны өзіне тартқан. [4]
Сауданың және өнеркәсіптің дамуы, монархқа жаңа табыс көзі бола тұрып, оның сословиелік өкілдік органдардан тәуелсіз етіп тек оған бағынған күшті басқарушылық бюрократиялық аппаратты және тұрақты әскерді құруға мүмкіншілік берді. Сонымен қатар, абсолютизм кезінде салық көбейе бастады. Монарх сословиелік өкілдік органдардан өз тәуелділігін жоя отырып, оларды шақыруды және олармен ақылдасуды тоқтатады. Енді биліктің тірегі бюрократия және тұрақты әскер болады.
Абсолютизмге өткен кезде шіркеулердің дербестігі жойылып, олар тікелей монархқа бағына бастайды. Дворяндарға сүйене отырып, дамып келе жатқан буржуазияның экплоатациялап , феодалдарға күшті соққы береді.
Көптеген тарихшылар оны тарихи дамуды негізгі фазасы ретінде қарастырады. Монархия түсінігі кең мағынады билік ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылуын айтады. Тар мағынада монархия мұрагерлік сипатқа ие, мемлекеттің билігі шектелген басқару формасын айтады, мысалы, өкілдік органдардыкі (Ресейдегі земстволық собор, Испаниядағы кортестер, Франциядағы Бас Штатта). Алайда, тіпті шектеусіз монархияның өзінде мемлекет құзыретіндегі азаматтармен ақылдасуға тура келеді. Марксизмнің де шектеусіз монархияны қоғамдық, экономикалық формацияға байланысты әртүрлі атайды: азиаттық басқару әдісі үшін деспотия термині қолданылады, ал феодализмнен капитализмге өті дәуірінде абсолютті монархия.
Абсолютизмнің ерекшеліктері әртүрлі елдерде дворяндық пен буржуазияға қатынаспен анықталған Францияда, әсіресе Англияда буржуаздық элементтердің саясатқа әсері Германияға, Австрияға және Ресейге қарағанда күштірек болды. XVIII ғасырдың екінші жартысында Еуропа үшін ағартушылық абсолютизм тән, ол ағарту заманының идеялары мен тіжірибесімен тығыз байланысты. Жалпы алғанда басқарудың абсолютті жүйесі әртүрлі сословиелердің, әлеуметтік топтардың өкілдеріндегі мемлекеттік жалпылық әсерін күшейтті, сонымен ұлттың қалыптасуына ықпал еткен. [5]
Дуалистік монархия (лат. dualis — екіжақты) конституциялық монархияның бір түрі, ол заңнамалық биліктің атқарушы биліктен ажыратылуын сипаттайды. Дуалистік және парламенттік басқару формаларының негізінде Ж.Ж.Руссо идеялары жатыр, одан атқарушы билікті заңнамалық билікпен басқару құқығы туындаған. Парламенттің авторитетінің көрінетіндей көтерілуі саяси теорияның өміріне аралас монархияның теорияларын алып келді, соның ішінде Англия сувернитетінің ерекше формасы туралы Дж.Фортескьенің танымдары, онда король мен парламент бірдей деңгейде болған: монарх өз бетімен салықтарды, заңдарды парламенттің келісімінсіз шешпеуі керек.
Дуалистік монархия XVIII ғасырда өсіп келе жатқан буржуазия мен өктемдігі бар феодалдық қоғам арасындағы келісімнен пайда болды және абсолютті монархиядан парламенттікке ауысудың тарихи ауыспалы формасы болды. Мұндай өзгерістер, түрленулер монарх пен оның қоршауындағылардлың арасында жүреді. Заңнамалық билік қызметшілерімен сайланатын парламентке тиіс. Монархтың билігі конституциямен шектелген, бірақ ол атқарушы билікке ие, ол оны тікелей немесе ол тағайындаған үкімет арқылы жүзеге асырады; үкіметті қалыптастырады; заңнамалық күшке ие парламентте келісімін талап етуші, төтенше жарлықтарды шығарады, олар парламенттің заңдарына қатысты кідіртпелі ьтиым салуларды шығаруына құқығы бар; парламентті тарата алады. Ресми түрде үкімет екіжақты жауапкершілікке ие, ал шынайы түрде ол монархқа бағынады.
Парламент вотумның немесе басқа әдіспен үкіметті қызметінен босата алмайды. Ол үкіметке өзінің мемлекеттің бюджетін орнату құқығы арқылы ықпал ете алады. Бұл жеткілікті қуаты негіз бір жылдың ішінде бір рет қана қолданылады.
Үкіметпен, сол арқылы монархпен конфликтіге түскен депутаттар парламенттің таратылуының мүмкіндігін тұрақты сезе алмайды. Сот билігі монархқа тиесілі., бірқ көбіректеу немесе азырақтау тәуелсіз болады. Осы басқару формасындағы биліктің бөлінуі әдетте қысқартылған болады; саяси тәртіп авторитарлық сипатқа ие. Мемлекеттік тәртіп биліктің шектелген дуализм ретінде сипатталына алады.
Дуалистік монархия Германияда, Турцияда және көптеген елдерде болған. Қазіргі уақытта парламенттік және дуалистік монархияның араласқан формасы, екіншісінің элементтерін басымдылығымен Мороккода, Иорданияда, Тайландта, Непалда бар. Малайзияда парламенттік монархияның басымдылығымен араласқан басқару формасы бар.
Парламенттік монархия — бұл шектеулі монархияның бір түрі, оның шеңберінде конституциялық-құқықтық мәртебе, демократиялық негізде қабылданған, парламент пен тағайындалатын, өзіне заңнамалық билікті біріктіретін, тек қана үкіметтің парламентінің алдында ғана жауап беретін, мемлекетті басқарушы монархтың шынайы билігі мен құқықтары қатаң түрде конституциямен шектелген. Ресми түрде мұндай монархияларды король мемлекет басшысы лауазымын сақтайды және, әдетте, үкіметті тағайындайды, ал негізінен басқармайды, өктемдік етеді деген көзқарас бар, мемлекетті шынайы түрде парламентпен қалыптасушы және соның алдында ғана жауап беретін үкімет басқарады. Мұндай монархияларды үкіметке сенімсіздігінен парламент вотум жариялағанда, ол қызметінен босатылады немесе қызметінен монархпен босатылады.
Парламент монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылдады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсетенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді белгілейді.
Парламенттік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында, менің ойымша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүниежүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүсік Ирландияның Біріккен Корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы — королева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы — монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Ипанияда (бұл елде парламент мұралық монархия, мемлекет басшысы — король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Канадада (мемлекет басшысы — Ұлыбритания королевасы деп нақты көрсетілген, ол генерал-губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі нышаны — император), Люксембургте (Люксембург Ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы — Ұлы Герцог) орныққан.

0.2 Аристократияның туындауы және сипаттамасы

Аристократия — (гр. ἀριστεύς — жақсы, жайсаң және kratos — билік) —
1. қоғамның немесе оның бір бөлігінің (мысалы жұмысшы Аристократия) ерекше құқық пен мүмкіндікке ие, пұрсатты тобы;
2. құл иеленуші және феодалды қоғамда мемлекеттік билік ақсүйек тұқымының қолында болатын басқару түрі; ақсүйектердің үстемдігі.
Кейбір ежелгі мемлекеттерде (Ежелгі Рим, Спарта және т.б.) және кейбір ортағасырлық Еуропа елдерінде аристократияның көріністерін байқауға болады, ол егеменді билік бүкіл халыққа немесе азаматтардың көпшілігіне жатады деп танылған ерте демократияға қарсы тұрған.
Ақсүйектер терминін ежелгі идеалистік философтар (Платон, Аристотель) қолданысқа енгізген. Аристократияның басты түсінігі тек сайланған, ең жақсы ақыл-ойлар мемлекет басқаруы керек деген идеяны білдіреді. Бірақ шын мәнінде бұл сайлау туралы мәселе — бұл басқа шешім; Кейбір аристократияларда шешуші принцип — шығу тегі, басқалардағы әскери дұшпандық, жоғары ақыл-ой дамуы, діни немесе адамгершілік артықшылығы, ақыр соңында, меншіктің мөлшері мен түрі болып табылады. Алайда көптеген аристократтарда осы факторлардың бірнешеуі бар, немесе олардың барлығы мемлекеттік билік құқығын анықтау үшін біріктірілген.
Мемлекеттік үлгіден басқа, ең жоғары сыныптардағы ақсүйектер де аристократтар болып саналған. Оларға белгілі болған жылжымайтын мүліктің туылуына және мұра болуына байланысты (асыл тұқымды ақсүйектер жақын мағынада біледі) немесе бұл оны болжайтын ерекше жағдайларды (ақша және ресми аристократия, ақысыз қаржыгер, noblesse de la robe) сатып алуымен байланысты болуы мүмкін немесе, ақырында, сайлау арқылы қол жеткізілді. Соңғы отбасыға ежелгі Рим халқының ақсүйектеріне тиесілі болды. Ежелгі өркениетті ауыстырған жаңа еуропалық қоғамның феодалдық ұйымында клан мен жердің ақсүйектерінің толық дамуы болды; Бұл ортағасырлық ақсүйектерге қарсы күресте заманауи монархияның қағидасы өсті және нығайтылды. Ұлы француз революциясы шешуші, өлімге душар болған соққыны шешіп, ақшалай ақсүйектердің үстемдігін бастады, енді ол барлық еуропалық мемлекеттерде өз билігін орнатты. Ресейде ХІХ-ХХ ғасырдың кезегінде ақсүйектерге келесі анықтама берілді:
Ақсүйектік қағиданың мәні: мұрагерліктің ең жақсы адамдарына үстемдік етуі және үш маңызды нәтижеге әкелуі тиіс еді:
* Тіпті конституциялық монархияларда ақсүйектік элементтер тікелей емес, тәуелсіз билікке ие болса, онда оның әкімшілігінде және, сонымен бірге, іс жүзінде барлық жерде, бірақ өкілетті монархия деп аталатын — мемлекеттік-құқықтық өкілеттіктерге байланысты қатысады. Соңғысы негізінен парламенттің жоғарғы палаталарының мүшелерін сайлау түрінде жүзеге асырылады; алайда төменгі палаталар, немесе өкiлдер палаталары, сондай-ақ халықтың жалпы өкiлдiгi, өз кезегінде, ақсүйектi принципке сүйенедi.
* Ең кең демократия аристократтық элементтерге ғана емес, шын мәнінде кеңейтілген ақсүйектерден басқа ештеңе емес, сондықтан екеуі де салыстырмалы тұжырымдамалар болып табылады және бірдей анықтайтын принциптің бірдей мемлекеттік формасын дамытудың әртүрлі деңгейлерін білдіреді.
* Үшіншіден, мемлекетте, саяси, әлеуметтік және тіпті шіркеуде қалыптақан барлық қоғамдық бірлестіктерде, сондай-ақ мемлекеттердің халықаралық одақтарында барлық жерде ақсүйектік принцип қолданылады. [6]
Ақсүйектер — Аристократ сөзінің қазақы мағынада айтылуы. Қазақта «сүйек» адам тегінің асыл, не қарапайым болуының символ сөзі ретінде қолданылған. Әдетте тегің кім дегенді кейде «сүйегің қайсы ел» деп те айтатыны бар. Қазақтың дәстүрлі сөздерінде «ақсүйек», «қарасүйек», «сарсүйек» деген сөздер кездеседі. Қара сүйек бұл қарапайым адамдар. Сары сүйек деген бұл құдандалы байланысты көрсетеді. Ал, Ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді.
Қазақта Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған Төрелер сондай Ақсүйектер ретінде Қазақ хандығы кезінде елді билеу құқын өз қолына алған болатын. Ақсүйектер қара қазақпен араласуда белгілі шек қойды. Мысалы өздерін пайғамбардан тарататын Сейіттер әулеті әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген. Өйткені сейіт қызынан туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу қурметі қымбат бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соңшалық, XVIII-XIX ғ. тіпті Шыңғыс туқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің кейбірі өз үрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне сейіт деген жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов.
Қожалар кейбір жорамал бойынша, Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері, төрт әулие халифтің (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли) оның Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатимадантуған балаларынан басқа) ұрпақтары деп саналатын адамдарға берілген. Тағы бір болжамда олар ортаазиялық қосөзен Әмудария мен Сыр- дария аралығы (Мәуереннахр) мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған (VIII ғасыр) алғашқы арабтардың урпағы деп аталады (толығырақ қ. Қожа; Сейіт) . Әлеуметтік пирамиданың үстінгі қабаттарына шығып, әртүрлі артықшылықтармен пайдаланған. Сонымен, қазақ қоғамының жоғары әлеуметтік жігі болған Шыңғысхан нәсіліне жататын төрелер, оның ішінде хан, сұлтандардың араб нәсілді сейіттер мен қожалардың сауатты білімді болғаны олардың арасында оқымысты адамдардың көп шыққаны жазба деректерден, ауызша тараған эпсаналардан айқын байқалады.
М.Михайлов келтірген дерегі бойынша аксүйектср, оқып және жаза білген сауатты жоғары топ деп саналған. Сондай-ақ, ақсүйектер жолын жалғастырушы балаларының сауатын ашу мақсатында алдымен молдадан дәріс алған. Ақсүйектердің саяси, әлеуметтік құқығында артықшылықтар болды. Айталық, әдет-ғүрып құқығында ақсүйектердің артық- шылықтары арнайы белгіленді: қожаны өлтіргені үшін 3000 қой, ал төрені, сұлтанды өлтіргені үшін 7000 қой құн төленді, ал ханның құны қарапайым жеті қазақтың құнына тең болды. Негізгі уәж хан жеті рудың немесе жеті ру тармағының әміршісі екендігі.
Ақсүйектер өкілдері қазақтың XVIII ғ. дейін олар қазақ қоғамында хандық билікті иеленіп, қоғамдық-саяси өміріне үстемдік етті. XIX ғ. бірінші жартысында қазақ жерін патшалық Ресейдің отарлауына байланысты хандық билік жойылып ақсүйектер ұрпақтары қалың бұқарамен етене араласып кетті. [7]
Қазақтың хандық билігі ақырласып, рулық жүйесі сақталса да бұрынғы сипатынан өзгергені себепті қазір Ақсүйек ретінде бағалау сезімі негізінен жоғалды. Ол тек тарихи сананың бұрынғы бір нұсқасы ретінде ғана айтылады.

1.3 Демократияның мәні және ерекшеліктері

Демократия — (гр. demos — халық және гр. kratos — билік) деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекет түрі.
2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3. Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада — заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. [8]
Демократия — алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
* Делегативті демократия — гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О’Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
* Идентитарлы демократия — халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
* Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
* Өкілдік демократия — халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. [9]
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны «бесжүздік» деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.
Сонымен қатар «халық соты» жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. ДемократияЕжелгі Римде де болған. Мұнда «халықтық мінбе» жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
* Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның «Шумпетерлік» теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Принциптері:
1. Билік органдарын сайлау.
2. Биліктің бөлінуі.
3. Саяси пікірдің әртектілігі.
4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
5. Заң.
6. Қоғамдық пікірді ескеру.
7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
8. Жариялылық.
Жүзеге асыру формалары:
* Сайлау өткізу, есеп беру.
* Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
* Референдум өткізу.
* Митинг, жиналыс.
* Съезд, конференция, пленум.
* Шеру, бой көрсетулер.
* Сессия
* Шетелге сапарлар.
* Ереуілдер
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында:
1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;
3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
6. Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада:
1. Саяси пікірдің әр алуандығы;
2. Көппартиялылықтың болуы;
3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
5. Оларды іс жүзінде қолдану;
6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
8. Оппозицияның болуы;
Рухани салада:
1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;
Әлеуметтік салада:
1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.
Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
«Ақпараттық демократияның» негізін салушы Франция саясаттанушысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:
* халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
* халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
* саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді.
Демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттіңөкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мештікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде.
Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:
1. Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.
2. Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.
3. Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.
4. Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.
5. Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.
6. Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.
7. Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.
8. Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар:
* Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.
* Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.
* Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.

2 НАҚТЫ ЕЛДЕР МЫСАЛЫНДА МОНАРХИЯ, АРИСТОКРАТИЯ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Біріккен Араб Әмірлігі, Ұлыбритания, Кувейт елдеріндегі монархиялық билік ету формасының әрекет ету ерекшеліктері

Қазіргі таңда әлемде монархиялық билік ету формасы әлі де болса сақталған. Мысал ретінде БАӘ, Ұлыбритания және Кувейт мемлекеттерін негізге алуға болады.
Араб Әмірлігі — федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалыптасқан. Әмірліктерді басқаратын билеушілердің барлығы Жоғарғы Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан бес жыл мерзімге президент сайлайды. Федеративтік ұлттық кеңес (40 мүше) — парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Кеңесі жүргізеді. Араб Әмірлігі королі мемлекеттің басшысы ғана емес, сонымен қатар рухани басшы (вахаббит сектасын басқарады) және де премьер-министр қызметін атқарып, әскери басшы, жоғарғы сот билігін жүргізеді. Билік корольдің отбасынан құралады. Біріккен Араб Әмірлігінің мемлекеттік құрылымы 1992 жылы қабылданған, Әмірліктің басты низамы деген атқа ие Әмірліктің негізгі Заңымен реттеледі. Осы Заңға сәйкес, Араб Әмірлігі бірінші король Абдел Азиздың ұлдары мен немерелері басқаратын абсолютті монархия. Заң исламдық тұрғыдан қарастырылған. Теориялық түрде корольдің билігі шариғатпен шектеледі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен Парсы шығанағындағы монархиядағы парламент пен конституция тек сәндік сипатта болатынын аңғаруға болады. Әрине, мемлекеттік басқару жүйесі, мемлекеттік және саяси институттар толығымен ұсынылған.
Мысалы, Министрлер Кеңесі, онда көбінесе премьер-министр билеуші монарх болып табылады, ал оның бауырлары ең маңызды лауазымдарды, әсіресе, министрлердің орнын алады. Патша үкіметтің барлық тармақтарына бағынады. Тақтың патриархы 2006 жылғы заңға сәйкес құрылған Әкімшілік кеңесі арқылы сайланғаннан кейін патша болып тағайындалады және тақтың мұрагері ағасы бауырына (Абд-Әзиз патшаның ұлдарының арасында) келеді және олар болашақ ұрпақтың ең үлкені болып табылады.Мұрагерлік жолында әйел ұрпақ ескерілмейді. … жалғасы