Меладзе жанкүйерлерінен отбасына тыныштық беруді талап етті

0

Меладзе жанкүйерлерінен отбасына тыныштық беруді талап етті

Ресейлік әнші Валерий Меладзе жанкүйерлерінен отбасына тыныштық беруді талап етті.


 
Әншінің оқырмандары оның екінші әйелі Альбина Джанабаеваны тілдеген. Олар Альбина әншіні бірінші отбасынан алып кетті деп айыптайды. Валерий Меладзе 20 жыл бір шаңырақ астында тұрған бірінші әйелі Ирина Меладзеден ажырасып, қазақстандық Альбинаға үйленген. Иринадан үш қызы, Альбинадан екі ұлы бар.

«Менің балаларым үшін неге сонша бастарыңыз ауырады. Мен Альбинаға көп жылдан бұрын ғашық болғанмын және ол мені жақсы көруі үшін бәрін жасадым. Біз 15 жылдан бері біргеміз. Қыздарымды тастаған жоқпын. Мен оларды жақсы көремін және қорғаймын. Альбина екеуміздің екі ұлымыз бар. Мен олармен мақтанамын. Отбасымды жайына қалдырып, өз жақындарыңызды қорғаңыздар»-деп жазған әнші.


 
Әнші бірінші әйелінен ажыраспай тұрған кезінде Альбинамен кездесе бастаған. Альбина ол кезде Меладзенің бэк-вокалисті, кейін «ВИА Гра» тобының әншісі болған. 2012 жылы Валерий Меладзе бірінші жары Альбинамен қарым-қатынасын үзіп, 2014 жылы Джанабаеваға үйленген.

Дереккөз: Сегодня