Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі | Скачать Курстық жұмыс

0

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Мамандығы: Музыка мұғалімі
Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3
Негізгі бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 6
1 Мектепте музыкалық тәрбие беру … … … … … … … … … … … … … … … … … …6
1.1 Мектептегі оқу жүйесінен музыкалық тәрбиенің алатын орны … … … … .. 6
1.2 Музыка бағдарламаларындағы музыкалық білім беру әдістемесінің жалпы сипаты. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .14

2 Музыкалық оқыту әдістерінің түрлері.. … … … … … … … … … … … … … … .21
2.1 Мектептегі музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары … … … … … ..21
2.2 Музыка сабақтарында музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..25

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … 33

Кіріспе

Әуен адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез — құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Әуен — рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
Әнге әуес, күйге құмар бала — жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі М.Әуезов.
Туғанда дүние есігін ашады өлең — деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап — ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан шығару т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан-ақ балабақша есігін ашады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Әуен — адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Ол жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ деп Ю.Фучек өте тауып айтқан.. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады. Ән айту — музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Сондықан да балабақша өміріндегі ән және оның күнделікті қолданылуын көрсету мен пайдалану жолдарын нұсқау курстық жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі балалық шақ қиялдың дамуы үшін сензетивтік кезең. Бір қарағанда мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуы негізі. Балалардың қиялы ересектердің қиялынан бай деген ұғым таралғандығы туралы мәліметтерді қарастыру ғалымдардың пікірлеріне жүгіну, солардың ішінде Л.И. Муканованың Балалардың музыкалық қабілетін арттыру жолдары атты мақаласын басты нысанға алдық.
Зерттеу пәні. Музыка
Курс жұмысының мақсаты. Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына негіз болатын дарындылықты ашып көрсете отыра музыканын оқыту әдістерін талдау.
Зерттеу міндеттері.
oo Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдағы музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата білу
oo Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделу жолын анықтау;
oo Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат алады. Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну;
oo Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білу;
oo Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгеру.
oo Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіру; Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамыту.
Зерттеу болжамы. Қиялдың шығармашылық қызметі адамның тәжірибесінің әр түрлілігіне байланысты. Баланың тәжірибесін кеңейту оның шығармашылық қызметінің нақты негіздері деп педагогикалық қорытынды жасауға болады.Бала көп естіп,тыңдап көрсе,меңгерсе,соншалық оның тәжірибесі молаяды,қиялдың қызметі бірдей жағдайларда маңызды және өнімді болады.
Зерттеудің жетекші идеясы. Мектепте музыканын орын алуы, бала өміріне әсерін талқыға салу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шығармашылық — бүкіл тіршілік көзі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Жақсы ән мен сазды музыканың — жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді. Осыларды ескере отыра меткепке дейінгі буынның музыканы меңгеруі мен пайдалану жолдарын ашып көрсету курстық жұмыстың басты жаңалығына жатқызылады.
Зерттеудің теориялық маңызы. Баланың шығармашылық қабілеттің дамуының екінші жағдайы балаға алдын ала дамуға жағдай жасау.Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту қажет.
Зерттеудің практикалық маңызы. Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі. Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектепте музыкалық тәрбие беру

1.1 Мектептегі оқу жүйесінен музыкалық тәрбиенің алатын орны

Музыка пәнінің мұғалімі — жалпыға бірдей білім беретін мектепте музыканы оқыту барысында оқушы бойында музыка мәдениеті мен қарым — қатынас мәдениетін қалыптастырушы маман. Сондықтан да мұғалім оқу мен тәрбиені мектептерде қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып береді. Ол музыка бағдарламасы бойынша сабақ жүргізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдісін таңдап ала отырып, оқу жоспарын орындайды.
Мұғалімнің педагогикалық даярлығы — оқушыларға музыкалық тәрбие беру міндетін шешу жолындағы қажетті шарт болып табылады.

Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті. Мектептегі бала музыкамен үнемі қатынаста болып (музыка тыңдап), онымен бірге, қатар өмір сүргенде ғана музыкалық тәрбие өз мақсатына жете алады. Егер бала сабақта ғана музыкамен қатысты болумен шектеліп қалса, онда музыкалық тәрбиенің біржақты жүргізілгені. Сондықтан, мектептің тәрбие жұмысындағы музыканың рөлі тиісінше бағаланып, мектептің күнделікті өмірінде музыка мәдениетінің қалыптасуына үйірмелер, мектепте ұйымдастырылған концерттер, кештер, жас ұландар жиындары елеулі орын алуы тиіс. Мұндай жұмыстарды жүзеге асыруда музыка мұғалімі басты тұлға болғандықтан оның ұйымдастырушылық қасиетінің шешуші рөлі бар екендігі түсінікті. Мұғалім- сыныптан тыс жұмыстармен бірге ең алдымен сабақта оқушыға жүйелі білім мен эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырушы. Бастауыш сыныптың мұғалімі шағын балалар хорына ән үйрету, балаларға арналған аспаптардан оркестр ұйымдастыра отырып, шағын әуендер үйрету дағдысын меңгертуі сыныптан тыс жұмыста да, музыка сабағында да өте қажет — ақ. Олардың мұндай қабілетті өз бойына жинақтауына хор, вокал, сольфеджио, гармония, музыкалық психология, педагогика, психология, мектептегі музыка тәрбиесінің әдістемесі мен жеке аспапта ойнау сияқты пәндер тікелей ықпал етеді. Сондықтан, болашақ мұғалімнің осы жоғарыда айтылған жұмыстарды ұйымдастыруда институтта алған білімін оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда орынды пайдалана білу жағын жан-жақты ойластыруды мақсат етіп қойғаны жөн. Мұғалімнің бұл касиеті институт қабырғасында ғана қалыптасып қоймайды, мектепте оқушылармен жүргізілген жұмыс барысында да шыңдалып, жетіле түседі[1,123б].
Музыкалық тәрбие әдістемесі — барлық пәндерімен тікелей байланысты. Тек осындай өзара байланыс болғанда ғана жас жеткіншектердің жан дүниесі бай, ой-парасаты кемелденген тұлға етіп тәрбиелей аламыз.
Музыка — өнер сабағы болғандықтан, оның көркем болуында. Бұл әнмен тыңдалатын музыка ғана емес, әр дыбыс өтe әдемі, көркем орындалуы тиіс. Өйткені, ол — музыкалық дыбыс. Өнер өмір — серігі. Бұл ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен туған құбылыс. Өнердің өзі әдебиет, сурет, сәулет және музыка болып бірнеше салаға бөлінеді. Соның ішінде біздің сөз ететініміз музыка өнері.
Музыка өнері — әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен өрбіп, дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі.
Музыканы қазақ халқы ежелден қастерлеген. Ән мен күйді жан-тәнімен сүйеді. Ойға қанат, бойға жігер берер қасиетін танып білді.
Музыка сабағының өзге сабақтардан ерекшелігіне келер болсақ, ең негізгісі — өнер сабағы екендігінде. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше. Ал, тәрбиеге келер болсақ, оның аса маңызды құралы — музыкалық өнер.
Музыка адам өмірінің жан серігі, музыканы суймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, оның тілі кім-кімге де түсінікті.
Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, сезімталдығын қалыптастыруда, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — музыка сабағы[2,46].
Сонымен қатар тәрбиенің басты саласының бірі — эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесіндегі ортақ мәселелерді зерттеу — адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту болып табылады.
Музыкалы-эстетикалық түсінік сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады. Жас сәбилер алғаш дүние есігін ашқан сәттен бастап, өз анасының әсем әуенін тыңдап қүлағына сіңіріп өседі. Өскен сайын ән айтуға, әдемі әуен тыңдауға құмартып, музыка баланың қанына, санасына сіңеді бастайды.
Бірақ балалардың музыкалы-эстетикалық талғамы бірдей бола бермейді. Тіпті олардың бірі музыканы тез қабылдап, екіншісі орташа, үшіншісі баяу қабылдайды. Бұл табиғи жағдай, кейіннен баланың өскен ортасына, музыкалы-эстетикалық талғамының жетілуіне, кабылдау қабілетіне және табиғи дарындылығына байланысты дамиды. Осыларға орай шәкірттердің музыка өмеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, музыка өнеріне жөнсілтеу ең әуелі отбасы болса, одан соң музыка тәрбиесі мен сабағының міндеті деп білеміз.
Мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең. Бірінші класта отырған оқушылардың қаншасы балалар бақшасынан келгендігін мұғалім анықтай келе, өз жұмысын әр сабақ сайын жоғарылата береді.
Музыка сабағының алдындағы негізгі мақсат — шәкіртке музыканың құдіретті күшін таныту. Әсіресе оқушылардың санасына, олардың сезімі мен қиялына пайдалы әсер ету.
Қазіргі жасөспірімдер, мектеп оқушылары мектеп кабырғасында жүріп-ақ музыка сабақтарынан, сабақтан тыс көркемөнер үйірмелерінен заман талабына сай, едәуір мәдени мағлұматтар ала алады. Сонымен бірге әуен-саз, өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті де, жинақталады. Бала мектепке осындай толығу үстіндегі , музыкалық тәжірибемен келеді[3,58].
Қай сынып, қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұнын (мазмұндық образдарды) негізге алып, түсінуді, ынта-ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек. Өлең, сурет, қимыл, би т.б. құралдар көмекшілік қызмет атқармақ.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.
Музыканы қабылдау — музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің ірге тасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез-келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты т.б.
Музыка сабағында мектеп оқушыларын мәдени рухта, елді кұрметтеу, халықтар достығына, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді іске асыруда, негізгі тұлға музыка мұғалімі.
Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс. Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, музыка тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюға болмайтынын білуі керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімнің жүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен роль атқарады. Мұғалім тыңдауға ұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнағаны жөн, егер күйтабақтан тыңдалатын болса, алдын — ала оның дұрыстығын, дыбыс күшін, күйтабақтың сапасын тексеріп, алып, шығарма орындалғанда, балалармен бірге «тыңдаушы» бола білуі тиіс[4,89].
Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, қабылдай білуге жүйелі түрде дағдыландырса олар тыңдап отырып толғанады, мұңаяды, ойланады. Тыңдауға ұсынылған шығармаларды мұғалімнің өзі орындап бергені жөн. Әрине, оның аспапта ойнау шеберлігі өтe жоғары деңгейде болуы керек.
Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезінде де жүзеге асырылады. Мысалы, ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, дикциясы мен мәнерлігіне назар аударған жөн. Балаларға арналған ұрмалы аспаптармен ырғақты орындағанда немесе музыка әуеніне би қимылдарын жасағанда музыканың қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл күйді оқушы өзінің қимылы арқылы жеткізе білуге тиіс. Осының барлығы музыканы қабылдау кезеңіне жатады. Жас ұрпаққа музыкалық, тәрбие беруде музыка сабағының алатын орны зор. Сонымен қатар, мұғалім жұмысының нөтижелігі оның кәсіби даярлығына негізделе отырып, шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім сөзі сезімге бай, музыкаға сүйіспеншілікке толы, музыканы түсіне білуге үйретуде ықылас-ниеті айқын, шынайы болғанда ғана сабақтағы өрбір баланың оқу нысаны мөдениеттің биік деңгейінде болуы — музыка пөні оқытушысы үшін қажетті сапа.
Бүгінгі таңда музыка өнері пайда болуымен қатар қалыптасып, өзінің тәрбиелік қызметін атқарып, сарқылмас рухани қазынаға айналды. Музыкалық тәрбие беру — педагогикалық оқу — әдістемелік жүйесінде нақты орын алып келеді. Бұл өнер мәдениеттің әлеуметтік тәжірибесін жеткізумен қатар қалыптасып, тәрбие тәжірибесін адамзатқа танытып, мәдениеттің дамуына ықпалын тигізеді.
Музыка және музыка өнері ерекше психофизиологиялық құбылыс. Ол — қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы болып саналады.
Музыкалық шығармаларды аспапта ойнап үйрену, жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды — сезімдік, сана сезімін дамытып, қалыптастырады және әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Музыкамен қарым — қатынаста болу әуен — саздың өзара байланысын, мәнерін, құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың тембрі мен гармонияларын қабылдауы, сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын тануға көмектеседі.
Жалпы музыка тыңдау, аспапта ойнау, ән айту музыканттың жүйке жүйесін (тонусын) шымырлатып, босатып, күш — қуатын арттырады, өмір тәжірибесін байытады да ойлау процесін жеделдетеді.
Музыкалық білім беру педагогикасы ұғым — көптен бері қолданылып кележатқан ұғым. Бұл ұғым музыкалық тәрбие беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайды. Аталмыш пән музыканы тәрбие құралы ретінде санап, мектептерде музыка сабағына байланысты қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы әр түрлі музыкалық оқу орындарында жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық мәселелерін қарастырады[5,79].
Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Бұл пән балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ұғым болып саналады.
Музыкалық білім беру педагогикасы — тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіктерінен пайда болған. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дүниетанымдық көзқарастар құрайды. Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта және жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім және кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.
Белгілі, ақын, зерттеуші Мағжан Жұмабаев — Тәрбие — кең мағынасымен алғанда, балаға тиісті азық беріп, сол баланың дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие, негізінде, төрт түрлі болады: 1) дене тәрбиесі, 2) ақыл тәрбиесі, 3) сұлулық тәрбиесі, 4) құлық тәрбиесі. Аталмыш үш түрі белгілі, біз тек төртінші түріне тоқталып кетейік.
4) Құлық сезімдер — адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп отырады. Ізгі ой, ізгі іс жағымды сезім туғызады. Адам есейген сайын, білімі артқан сайын, оның құлық сезімдері-де жоғарылай, тереңдей, кеңейе береді. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.
Бала тәрбиесі — бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Жалпы тәрбие пәні — педагогика деп аталады.
Педагогика грек елінің сөзі. Пед — бала, агоги — жетектеу деген екі сөзден құрылған. Бұрын Грецияда балаларды бағып, мектепке алып келіп жүрген адамды педагог деп атаған екен — деп, айтып кеткен.
Педагогика пәні беске бөлінеді:
Жалпы педагогика. Адамның дене, жан күштерін, тәрбие жолдарын көрсетеді.
Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. Дидактика термині грек тілінен еңген, аудармасы үйретуші дегенді білдіреді.
Методика. Оқытудың негізгі жолдарын негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді.
Мектеп басқару. Бұл пән мектеп қалай ұсталуға тиісті, сыныптарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу пәнін қалай белгілеу керек және мектеп құрылысы жұмыстарын көрсетеді[6,16].
Педагогика тарихы. Әр түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жол тапқан. Педагогика тарихы осыны баяндайды.
Сонымен, педагогика — тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеп, білім беріп оқыту заңдылықтарын ашып, ең пайдалы педагогикалық жолдарын көрсетеді.
Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта және жоғары білім болып бөлінеді.
Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы
Өткен ғасырдың 20 — шы жылдары орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бастамасымен Ресейде кең өріс алған музыкалық қозғалыс қазақ елінде ойдағыдай жүзеге аспады. Себебі ол кезде, Қазақстанда ұлттық маман кадрлар мен материалдық базалардың жоқ болғаны. Әр — түрлі мектептер (төрт, жеті, тоғыз т.б.) ашылғанымен, музыка пәнін оқытуды ұйымдастыра алмады. Бұған себеп болғаны, музыка пәнінің арнайы бағдарламасының болмауы. Бірақ, балалар мен жастарға музыкалық тәрбие беру жұмысы мүлдем жүрген жоқ деп айта алмаймыз. Республиканың түкпір — түкпіріндегі мектептерде түрлі музыкалық үйірмелер ашылып, насихат жұмыстары жүргізіліп жатты.
1920 жылы Орынбор қаласында тәжірибелік — экспериментті мектеп — коммуна ашылып, онда ән сабақтары аптасында екі рет орыс тілінде (ұлт мамандарының жоқ болғаны) жүргізілді.
30-шы жылдары Қазақстанда музыка мәдениеті кең өріс алды. Балалар музыка мектебі мен жоғары оқу орындағы жұмыстар бір жүйеге келтіре бастады. Соның нәтижесінде, Алматы қаласында 1932 жылы музыкалық — драмалық техникумның және оның базасында А.Жұбановтың басқаруымен қазақ халық музыкасын зерттеу, жетілдіру кабинеті ашылды.
Сол кезде, Қазақстан барлық мектептерде өзіндік оқу құралдардың, арнайы кәсіби мамандардың жетіспеушілігінен, Ресейдің музыкалық білім беру бағдарламалары қолданылды. Аталмыш кемшіліктерді жою мақсатында барлық мектептерде музыка, хор, драма үйірмелері жұмыс жасай бастады.
Бір айта кететін жайт, сол кездерде Ресейдің бас қалаларынан белгілі өнер иелері, дарынды әртістер, сазгерлер мен педагогтар Қазақ жеріне қоныстанған. Олар еліміздің өнеріне, музыка мәдениеті мен білімінің дамуына үлкен ықпалын тигізді[7,105].
Қазақстанда 30-шы жылдардың басында Алматы, Орал қалаларында балалар музыка мектебі, хореография училищесі, музыка -драмалық техникумдар ашылды. Мәскеу мен Ленинград консерваториялары оларлың ашылуына үлкен практикалық көмектерін көрсетті. Аталмыш консерваториялары олардың ашылуына үлкен практикалық көмектерін көрсетті. Аталмыш консерваториялардың алдында одақтық республикалар үшін музыкалық кадрлар даярлау тапсырмасы тұрды. Ол үшін Мәскеу консерваториясында соғыс жылдарына дейін әншілерді, композиторларды, аспапшыларды дайындайтын ұлттық опералық студиялар ұйымдастырылды. Ұлттық опера студиясында, ағайынды Абдуллиндер, М.Төлебаев, А.Жұбанов, Г.Жұбанова, Ш.Қажғалиев, Т.Османов, Т.Манғытаев, Б.Жаманбаев сияқты тұлғалар білім алды.
1944 жылы Алматыда консерватория ашылды. Мұнда музыка мамандықтағы кадрлар дайындау міндеттері жүктелді. Барлық ірі қалаларында мектептерде музыкадан беретін арнайы пәндер ашылып, оқытылды. Қазақ халық музыканттары мен орыс музыкант-педагогтарының бірлестігінің арқасында және олардың біріккен педагогикалық жұмыстары республикаларымызда музыкалық білімнің негізін қалап, дарынды жастарға кәсіби орындаушылық мәдениетіне, композиторлық шығармашылыққа, ғылыми зерттеу жұмыстарына мүмкіндік берді.
1949 жылы Алматыда Күляш Байсейітова атындағы республикалық арнайы музыка мектебі ашылды. 1952 жылдан бастап көпжылдық оркестрлік тәжірибесі бар қобызшы Тезекбаев Досымжан Күзенұлы мектеп директоры болып тағайындылды. Соның бастамасымен 60-шы жылдардан бастап мектепке балаларды 7 жасынан музыкаға қабылдады[8,111].

Бар-бара еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, білім беру саласында жетістіктер бой көрсетіп, музыка өнері дами бастады. Музыкалық білім беруге байланысты оөулыөтар мен әдістемелік құралдары жарыққа шықты. Мысалы А.Жұбановтың Қысқаша нота сауаты, С.Кәрімбаевтың Он бес ән еңбектерін айтуға болады. 1962 жылы белгілі педагог әрі сазгер Б.Ғизатовтың үш бөлімінен тұратын Мектептегі ән-музыка мұғалімдері үшін атты әдістемелік құралы басылып шықты. Осы аталған әдістемелік құралға сәйкес музыка пәні бағдарламасын жасады. Бұл еңбектер кезінде мектеп мұғалімдері үшін елеулі көмек болғаны сөзсіз.
90-шы жылдары М. Х. Балтабаев 100-ден аса мәдениеттану, фольклортану, музыкалық-эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырған еңбектерін жазып шығарды. М. Х. Балтабаев музыкалақ-эстетикалық білім беру жүйесін жасауда дәстүрлі көркемдік мәдениеттің бай мүмкіндіктерін пайдалануы қажеттігін білдіріп, көп үлесін қосты.

1.2 Музыка бағдарламаларындағы музыкалық білім беру әдістемесінің жалпы сипаты

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде Музыка пәні бойынша Елім-ай жетекшісі М.Х. Балтабаев және Мұрагер жетекшісі А.Райымбергенов бірнеше баламалы бағдарламалар дүниеге әкелді. М.Х.Балтабаев жетекшілігіндегі ұжым Елім-ай ән-күй бағдарламсын дайындады. Бағдарлманың мақсаты — оқушылардың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Елім-ай ән-күй бағдарламсының білімділік, тәрбиелі мақсат, міндеттері жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен көрсеткіштеріне анықталған:
— халық өнері туындыларын қабылдау процесінде музыканы санлы түрде түсіну;
— ән салу, би, ойын, сурет салу, музыкалық аспаптарды шертуді қарастыратын орындаушылық іс-әрекет;
— қарапайым әндерді импровизациялау, би элементтерін түрлендіру, ән, ертегілерді драматизациялау, музыкалық ойындарының кейікерлерінің образдарын жеткізе білу.
Бағдарламада Сарыарқа, Тұлпар, Аққу, Елім-ай сияқты тақараптық құрылдар енгізілген. Елім-ай — қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен синкреттілігін ашап көрсететін бағадрлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа өнер түрлернің ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық мәні мен маңызын, олрадың халық өмірінде алатын орныны түсіндіруді, шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен[9,45].
Сонымен бірге оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне тартуға деген талпыныс А.Райымбергеновтың авторлық ұжым дайындаған Мұрагер атты музыкалық бағдарламасынан байқалады. Бағадрлманың мақсаты — Қзақастандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Аталған бағдарлманың басты рекешелігі — балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауызша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру. бағдарламалар Ш.Б.Құлманованың, М.А.Оразалиеваның, Б.Сүлейменованың авторлық бірлестігінің арқасында жарыққа шығып, қазақстан мектептерінің игілігіне айналды. Бағдарлама 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы, мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық қағидалар негізге алынған.
Ш.Б.Құлманова — жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарлманың көрнекті авторының бірі. Ол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарлмасына және қазақ халық музыкасынанегізделген типтік бағдарлмамаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтауға үлкен үлес қосқан. Автор осылайша бұған дейінгі музыка пәні бағдарламаларының жеткен жетістігі мен олқылықтарын сыни тұрғыдан сараптай келе және оқу бағдарламасын құру, білім мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстандық ғалым-педагогтардың М.Оразалиева, Б.Сүлейменова қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді. ХХ ғасырдың осы 90-шы жылдарында Қазақстандық ғалымдар музыкалық білім саласында елеулі жетістіктерге жетті. Солардың қатарында болашақ музыка пәнінің мұғалімін даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан Қазақстандық ғалым, яғни педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рита Рамазанқызы Джәрдемалиева. Р.Р.Джәрдемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интеллектуалдық тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықты, музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемеалеарын шешудегі жеке тұлғалық-құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс ретінде қарастырады.
Музыка тілі — басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл-күйіне байланысты қабылданады. Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д.Кабалевский былай деп жазды: Музыкаға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт[10,73]. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды. Сондықтан музыкалық білім беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады: Бірінші міндет — әр түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші — сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі — музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу және шығармашылық жұмыстану — музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекеттері болып есептеледі. Оқушылардың жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады. Музыка өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Музыка білім беру әдістемесі сабағында студенттердің музыкалық танымын қалыптастыру оқу сатыларының кез-келген сатысында жүргізілуі тиіс.
Тиімді окыту — оқыту процесін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы жүргізу болып табылады. Бұл принцип бір сарынмен, үнемі бір үлгімен оқытуға, оқушыларға шектен тыс күш түсіруге, оқу материалын тез қарқынмен үстірт өтуге қарсы. Негізгі мақсат — жеке музыкалық шығарманың, композитордың атын есте сақтап қалу емес, оқушының берілген музыкалық шығарманы терең сезінуі мен тақырыпты жете түсініп, меңгеруіне қол жеткізуге студенттерді баулу.
Әр түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші — сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі — музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу және шығармашылық жұмыстану — музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекеттері болып есептеледі. Студенттердің жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады. Музыка өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді.
Жалпы музыкалық педагогикада музыканы тыңдау үдерісінің төрт кезеңін ұсынады:
1. Кіріспе әңгіме
2. Шығарманы тыңдау
3. Тыңдаған шығарма туралы әңгіме
4. Қайталап тыңдау[11,23].
Музыкалық тəрбие берудегі музыка тыңдау — музыка пəнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан — жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады. Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы жəне басқа көркемдік құралдарын ажырату. Оқушылар бірінші сыныпта əн немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар Жыл басы кім болады? атты балалар операсы мен аңыз — күй Жетім бала эпикалық бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады. 15 Үшінші сыныпта əн мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы — термеші, күйшілерімен танысады. Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар əн мен күйдің күрделі музыкада жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нəрленгенін байқайды. Қазақстанның жəне шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі Сабақ жоспарын құрастырғанда музыка мұғалімі жоғарыда көрсетілген төрт кезеңді басшылыққа ала отырып, аталған сабаққа әрдайым шығармашылық тұрғыда қарау керек екендігін естен шығармағаны жөн. Ол- әр сабақта осы көрсетілген кезеңді осы ретпен қолдану керек деген ұсыныс емес. Өйткені әр баланың, әр сыныптың (оның жас шамаларының бірдей екендігіне қарамастан) музыкалық қабілеті, ұстанымы,қабылдау мүмкіндігі әртүрлі болады, сондықтан да сабақ жоспарын құрастырарда мұғалім сол сыныптың мүмкіндігін, алдын-ала дайындығын ескере отырып, музыка тыңдауды оның әрқайсысынан бастай беруіне болады. Ең негізгісі — баланың сол сабақтан өзінің жан-дүниесіне әсер ететіндей рухани азық алып шығуы. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді, т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет. Тыңдауды неден бастау керек? Бұл — музыка тыңдауға үйретудің күрделі де маңызды мәселесінің бірі. Жалпы, қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина: …кез келген қабылдау күрделі процесс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы түзіледі. Музыкалық қабылдау — оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілеті — деп атап көрсетті. Музыкалық шығарманы қабылдау процесі үстінде оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық түсінбеуі немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін. Бұл оның музыка тыңдаудағы тәжірибе ауқымына байланысты қабылдайды[12,43]. Музыкадағы барлық оқиға желісі музыка үнінің құдіретті тілі арқылы жеткізіледі. Егер, оқушы күрделі мазмұнға құралған байланысы бар кесек туындыларды тыңдай білмесе, шығарманы толық түсіне білу қиын. Сөз жоқ, ішкі мазмұны музыка тілі арқылы берілетін күрделі шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып табылады. Ал, тыңдаушы музыкалық білімнің, әсіресе тыңдау қабілетінің аздығынан сол әуеннен ештеңені сезіне алмай, музыканы шала ұғып, эстетикалық әсерленуі ойдағыдай болмайды. Кейде соның салдарынан музыкалық шығарманы түсінбей де қалады. Бұдан басқаны қабылдау үшін оны тек тыңдап қана қою жеткіліксіз екенін аңғарамыз.

2 Музыкалық оқыту әдістерінің түрлері

2.1 Мектептегі музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары

Музыкалық білім беру әдістері өзінің құрылымы бойынша күрделі әрі мұғалім мен оқушының өзара іс — әрекеттерінің көптеген аспектілерін қамтиды. Музыка оқыту әдістері музыкалық білім берудің жалпы және нақты мақсаттарына, мазмұнына тәуелді болып келеді. Олар оқушылардың психологиялық және жас балалар организімінің анатомиялық — физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай — ақ келгенде мектептің материалдық — техникалық жабдықталуына байланысты таңдаланады.
Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар (білімді) жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері (кітап) болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, эвристикалық әңгімелесі, дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекілік әдістер. Әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрінде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен, процестермен, объектілермен сезімдік тұрғыдан таныстыруға арналған.
Практикалық әдістер. Бұл әдістерге … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz