Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Мамандығы: Музыка мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3
Негізгі бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 6
1 Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру … … … … … … … … … …6
1.1 Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары … … … … … … .. … … .. 6
1.2 Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағында өткізілетін іс-әрекет және жұмыс түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..14
2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …21
2.1Балалар бойындағы шығармашылық қабілет … … … … … … … … … … … …21
2.2 Мектепке дейінгі мекемеде АКТ арқылы музыкалық-дидактикалық ойындарды қолданудың жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … …25
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … 33
Кіріспе
Әуен адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез — құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Әуен — рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
Әнге әуес, күйге құмар бала — жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі М.Әуезов.
Туғанда дүние есігін ашады өлең — деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап — ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан шығару т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан-ақ балабақша есігін ашады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Әуен — адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Ол жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ деп Ю.Фучек өте тауып айтқан.. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады. Ән айту — музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Сондықан да балабақша өміріндегі ән және оның күнделікті қолданылуын көрсету мен пайдалану жолдарын нұсқау курстық жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі балалық шақ қиялдың дамуы үшін сензетивтік кезең. Бір қарағанда мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуы негізі. Балалардың қиялы ересектердің қиялынан бай деген ұғым таралғандығы туралы мәліметтерді қарастыру ғалымдардың пікірлеріне жүгіну, солардың ішінде Л.И. Муканованың Балалардың музыкалық қабілетін арттыру жолдары атты мақаласын басты нысанға алдық.
Зерттеу пәні. Музыка
Курс жұмысының мақсаты. Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына негіз болатын дарындылықты ашып көрсете отыра музыканын пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеттері.
oo Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдағы музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата білу
oo Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделу жолын анықтау;
oo Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат алады. Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну;
oo Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білу;
oo Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгеру.
oo Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіру; Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамыту.
Зерттеу болжамы. Қиялдың шығармашылық қызметі адамның тәжірибесінің әр түрлілігіне байланысты. Баланың тәжірибесін кеңейту оның шығармашылық қызметінің нақты негіздері деп педагогикалық қорытынды жасауға болады.Бала көп естіп,тыңдап көрсе,меңгерсе,соншалық оның тәжірибесі молаяды,қиялдың қызметі бірдей жағдайларда маңызды және өнімді болады.
Зерттеудің жетекші идеясы. Мектепке дейінгі мекемедегі музыканын орын алуы, бала өміріне әсерін талқыға салу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шығармашылық — бүкіл тіршілік көзі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Жақсы ән мен сазды музыканың — жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді. Осыларды ескере отыра меткепке дейінгі буынның музыканы меңгеруі мен пайдалану жолдарын ашып көрсету курстық жұмыстың басты жаңалығына жатқызылады.
Зерттеудің теориялық маңызы. Баланың шығармашылық қабілеттің дамуының екінші жағдайы балаға алдын ала дамуға жағдай жасау.Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту қажет.
Зерттеудің практикалық маңызы. Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі. Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
1.1 Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары
Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық — эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.
Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтер жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктірігіп , жұмыс жасау білігін жүзеге асыру болып табылады.
Оқу-тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшеліктері оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайтадан табыстыру.
Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болып табылады.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату — басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін арттырады.
Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстурлер, т. б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдердің дамытудың нақты жолдарын қарастырды. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады.
Осы орайда бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала-қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рол атқарады.
Қазіргі заман талаптарына сай жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда балалар фольклоры жанрын пайдалану басты мәселелердің бірі. Оны қалыптастыру — өте күрделі де ұзақ үрдіс, яғни оқушылардың бойына бірден қалыптаса қоймайды деген сөз. Сондықтан да ол сәбидің дүние есігін алғаш күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың эстетикалық мәдениетін дамытуда қазақ фольклор жанрын пайдаланудың маңызы зор, солардың бірі — балаларға арналған әндер, бесік жырлары.
Ұлы Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, —
деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан үлесін сөз ете келе: Гректер атақты храмдардың, египеттіктер пирамидалардың, қытайлықтар фарфор бұйымдары мен мәрмәрдан жасалған адам мүсіндерінің, итальяндықтар әсем әуенді музыка шығармаларының, француздар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса-бай өлең-жыр мұрасын қалдырды… деп жазса, Швейцарияның кемеігер педагогы И.Г.Песталоцци: Бала тәрбиесі — оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұядан басталып, мектепте одан ары қарай жалғастырылуы шарт,- деген қағиданы ұсынды. … Қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен ер жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы, оның алғашқы еститіні ана әлдиімен айтылатын бесік жырының әуені,- деп өзінің Қазақ халық әдебиеті атты еңбегінде Х.Досмұхамбетов балаларға арналған ән-жырдың бала өміріндегі тәрбиелік ықпалының зор екендігі туралы атап көрсетеді.
Қазақ балалар әндерінің қай-қайсысын алмасақ та өнегелі өсиет пен ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, салихалы ақылдыққа насихаттап отырады. Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы — жыр-өлеңнің бірінші бастамасы — Бесік жыры десек, бұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен арманы бейнеленген.
Өз елінің дінін, рухани мәдениетін білген адам, біртіндеп әлемдік мәдениетті үйренеді. Ендеше, бұл қасиет бала тербеткен ананың әлдиімен, әженің ертегісімен, отбасында айтылып отырылатын мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз-әңгімелерімен бала бойына дарытылып, сол арқылы ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға деген қызығушылық танытып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Демек, аталған жұмыс баланың шыр етіп дүниеге келген кезінен бастап, жас ерекшелігіне байланысты біртіндеп күрделеніп отырылуы керек. Сондықтан жастарға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі әрбір ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын қажет етеді.
Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:
1) музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы);
2) өз бетінше қатысуы;
3) музыканы кездейсоқ тыңдауы.
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.
Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.
Музыкалық шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдеу құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Талдау үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, бұларды түсіндіріп отыруды мұғалім басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын оқушының сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі.
Талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру оқушыға өз ойын жеткізу жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән және күй жанрдың ортақ белгілері (нық, жігерлі, екпінді) талдау мен қатар, тиісті айырмашылығы (бірі жеңілдеу, екіншісі ауырлау болса бірі жоғары, екіншісі төмен регистрде орындалуы) арқылы тыңдаушылардың белгілі бір тобына арналатындығы анықталады. Оқушы осының бәрін әсерлене тыңдай отырып, талқылауға белсене қатысады. Мектеп оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене береді. Мектеп бағдарламасының осылайша құрылуы оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық қабылдауына жол ашуымен бірге, олардың өзіндік пікірін айта алатындай деңгейге жеткізеді. Музыкалық шығармада адам сезіне әсер етудің қайнар көзі музыкалық тақырып болып табылады.
Тақырып шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл атқаратындықтан, оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған жөн. Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл күйдің (жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға үйреніп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына қарай ауысады.
О.Апраксина : Музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта болуы шарт — дейді. Талдау барысында музыка тілінің элементтерін түсіндірумен шектелмей, ол элементтердің көркем шығармадағы рөлін анықтауға күш салған жөн. Әрине, оның рөлін әр оқушы өзінің түсінігіне, тәжірибесіне сүйеніп анықтайды. Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет.
Тыңдауды неден бастау керек? Бұл — музыка тыңдауға үйретудің күрделі де маңызды мәселесінің бірі.
Жалпы қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина : …кез келген қабылдау күрделі үрдіс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы түзіледі. Музыкалық қабылдау — оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілеті — деп атап көрсетті.
Музыкалық шығарманы талдап, тыңдаудың екінші жағы — музыканы ойнап көрсету. Мұғалім шығарманы өзі орындайды немесе үнтаспадан тыңдатады. Бастауыш сыныптарда музыкалық шығарманы мұғалім өзі орындап көрсеткені тиімді. Бұл сыныптарда өтілетін музыкалық шығармалардың көлемі шағын болғанымен, орындау үлкен шеберлікті қажет етеді. Бір шығарманы әртүрлі аспапта ойнап көрсету, мәнерлі орындау. Ойнатуға мұғалімнің мүмкіндігі жетпеген жағдайда музыкалық шығарма үнтаспадан тыңдатылады. Оны қалай түсінуге болады? Күрделі шығармадан үзінді орындаған симфониялық оркестрдің құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай да орындау ауыстыра алмайды. Оратория, кантата, опера, симфониядан алынған үзінділерді үнтаспадан тыңдатқанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Қай жағдайда да, орындаушы — шығарма мазмұнын жеткізуші.
Шығарманы тыңдап болғаннан кейін оның мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар жүйесін сабақтан бұрын жан-жақты ойластырып алу қажет. Бұл мәселеде мұғалім белгілі бір материалды талдау арқылы оқушыларға нені меңгертетінін өзі анықтап алады. Қойылытын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы бір ескеретін мәселе, сабақ өтілетін сыныптың жалпы музыкалық жабдықталу деңгейі. Осы екеуін ескере отырып, нақты сұрақтар жүйесі дайындалады. Олар анық, қысқа, нақты, дұрыс жауапқа бағыттау арқылы оларды жалпы нәрседен ең бастысын қорытындылай білуге үйретеді.
Тәжірибелік көркем бейнелеу іс-әрекеттері барысында :
— оқушылардың көркемдік білім негіздерін игеру және олардың бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту;
— балалардың көркемдік образдар жасау және шығармашылық іс- әрекеттерінде әдеби шығармалардан, фольклордан әсерлі сюжеттерді немесе тарихи оқиғаларды көрсете, ұлттық музыканы естірте отырып, туған жер тарихымен, халық өмірімен, тұрмыс-салтымен мәдени дәстүрлерімен байланысты тақырыптарды мейлінше оңтайлы пайдалану.
Өнерді эстетикалық мәнде қабылдау саласында:
— оқушылардың өнерді эстетикалық қабылдауын жүйелі қалыптастыру, шығарма мазмұнын талдай және бағалай білу дағдыларын дамыту;
— шындық объектілері мен өнер туындыларының мазмұнын салыстырмалы талдай білуге баулу;
— оқушылардың туған халқының өнердегі көркемдік дәстүрлерін танып білуіне ықпал етеді.
Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы оқушының сезімін (эмоция) ояту. Оқушылардың сабақ үстіндегі эмоциялық өзіндік іс-әрекеттері бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады.
Сезімді (эмоция) ояту үшін қабылдауда белсенділік мақсаты қойылады. Бұл мақсат:
а) музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау;
ә) музыка-дидактикалы ойындар ұйымдастыру;
б) тиімді әдісті таңдап ала білу;
в) оқушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескере отырып, музыкалық шығарма таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Екінші міндет — музыканы саналы түсінуге баулу. Саналы түсіну үшін белгілі бір деңгейде музыкалық білім болуы керек. Сондықтан, бұл міндетті жүзеге асыру үшін, нота сауатын меңгерту мақсаты қойылады.
Нота сауаты:
а) музыканың көркемдік құралдарын (екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония, өлшем т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру;
ә) әнді нотамен орындау;
б) түрлі көрнекіліктер пайдалану;
в) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, қолды ырғақпен шапалақтап ұру) арқылы меңгертіледі.
Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгеру. Орындаушылық дағдыларды меңгеру арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады. Бұл мақсат:
а) вокальды хор дағдыларын;
ә) аспаптарда орындау дағдысын;
б) ырғақтық би дағдыларын;
в) шығарманы тыңдап, тыңдай алу жағдысын меңгеру арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілген үш міндеттерді жүзеге асыру арқылы оқушының көркемдік талғамы қалыптасады, әр түрлі жанрдағы музыканы талдай отырып, оның сапасын ажырата білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі — осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білім азамат тәрбиелеу. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны саналы түрде қабылдауға баулу — музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттердің бірі. Өйткені, оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыпастырудың алғашқы шарты болып есептеледі.
Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.
Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепте айналған. Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылдаған. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.
Кеңес дәуірінен бастау алатын музыкалық білім беру жұмысы күні бүгінге дейін айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мектепте музыкалық тәрбие беру ісі мынадай екі салада дамып келеді:
1) жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағы;
2) мектептен тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие беру орындары (музыка мектептері, мәдениет сарайларындағы немесе мектеп жанындағы музыкалық студиялар, үйірмелер).
Музыка сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:
1) оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету;
2) музыка әуенін өзінше таңдап, тыңдай білуге үйрету;
3) ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу;
4) белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттықтыру.
Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.
Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, оқушыда тұрақты бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де қажетті мақсаттардан көрінеді.
Осы жерде, халықтың мәдени дәстүрлері — адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы тарихи түрде қалыптасқан тәжірибесі ретінде адамгершілігі жоғары ұрпақты қалыптастыруға бағытталғанын айта кету орынды деп ойлаймын. Ойымызды қорытындылайтын болсақ, оқушыларға көркем-эстетикалық тәрбие беру халықтың мәдени дәстүрлеріне негізделуі тиіс. Ол дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндігі зор, ұлттық және әлемдік мәдениет жүйесіне бейімделуге қабілетті, ұлттықтан жалпы адамзаттыққа деген диалектикалық мәнді түсінуге бағдарланған этномәдениет субъектісін қалыптастыру үрдісіне барынша ықпал етеді.
1.2 Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағында өткізілетін іс-әрекет және жұмыс түрлері
Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие жұмысының практикасында балалардың ән айту мәдениетін қалыптастыруға басты орын беріледі, оның әсерлі бір түрі — әнді хормен орындау болып табылады. Балабақшадағы музыка сабағында балаларға ән айтуға, оны мәнерлеп орындауға, музыканы әсерлі білуге баулу.
Ән — адамның жан серігі, қуанғанда бой сергітіп, күйзелгенде көңіл жұбатар, жорық жолдарында жігер қосар жайсаң жанр. Оның өміршеңдігі осындай қасиеттерге байланысты. Абай атамыз айтқандай, Әннің де естісі бар, есері бар. Сол себептен де балабақша балаларына әр түрлі әндер сұрыпталып алынады.
Осыған орай балабақша бағдарламасына Б. Ғизатов, К. Дүйсекеев, К. Қуатбаев, Ш. Құлманова, т.б шығармалары сұрыпталып алынады.
Балабақша балаларына ән жанрының ерекше әсер ететінін көптеген ғалымдар дәлелдеп берген. Ән — тыңдаушы және орындаушыға бейнелі сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелердің де эмоциялық ұғу, түсіну сезімдерін оятады. Ұжымдық болып ән айту — қуаныш сезімін туғызады. К.Д. Ушинский Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде адамды көңілдендіріп, сергітіп, еңбекке жұмылдыратын ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар. Міне, сол себептен де балабақшада әнді енгізу керектігі де сондықтан. Ол сезімді күшейтеді, жүректің қан тамырларына жақсы әсер етеді, сезімді тәрбиелейді. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уақытын толтырып шығармашылық ойына көмектеседі, — дейді.
Ән айтуға үйрету үрдісі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен салыстырады, музыкалық фразаларды, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйретеді.
Ән айту балалардың организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппараттарын шынықтыруға көмектеседі. Ән айту үрдісінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері, эмоциялық алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезіну айрықша тез дамиды. Баланың жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі міндет атқара отырып, ән айту музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы болып табылады.
Ән салудың көркемдік-падагогикалық маңызы — ол музыкалық бейнелердің мазмұнын балалардың дұрыс түсінуіне қажетті дағдыларды қалыптастырып, әнді еркін, табиғи орындау үстінде өзінің сезімдерін көрсетуіне көмектесіп, өзіне түсінікті, қызықты, жеңіл әндерді шын пейілмен әсерлі орындауға үйрету.
Ән үйрету үрдісіндегі негізгі міндеттер:
:: Балаларға әнді әсерлі орындауға көмектесіп, дағдыларын қалыптастыру;
:: Балаларға сабақ тақырыбына лайықты шығармаларды іріктеу;
:: Музыкалық есту қабілетін дамыту, дыбыстардың биіктігін, ұзақтығын, әннің өзгеру бағытын анықтау;
:: Сабақта ән айту барысында шулы музыкалық аспаптармен қосылып ойнау;
:: Ойдан құрастыру шығармашылық дағдысын қалыптастыру;
:: Балалардың ән айту және музыкалық жетістіктерін бағалай білуге көмектесу;
:: Өз іс-әрекетін қадағалай білу;
:: Ән айту, үйрету үрдісі топтың әр түрлі мінез-құлқын дұрыс меңгеруді талап етеді.
Ән салу — күрделі үрдіс. Ол есту мен дауысты үйлестіру, яғни дыбыс шығару мен оны есту және резонаторлардың өзара әрекеттерін қадағалай білу деген сөз. Балалардың дауыс аймағын білу репертуардың дұрыс іріктелуіне көмектеседі. Дауыс аумағы дегеніміз — дауыс еркін жететін ең төменгіден, ең биік дыбысқа дейінгі аралық айқындалатын дыбыстар көлемі. Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген, олар: Н.Д. Орлова, Е.И. Алмазов, Н.А. Ветлугина, Д.Б. Кабалевский. Көптеген балалардың бірінші және екінші до1 — до2 шамасынан биігірек дыбыстарды айта алатынына қарамастан, дәл осы шамада балалар дауысының еркін, табиғи шығатынын айтқан.
Балабақша балаларын ән айтуға үйреткенде алдымен әр топтың дауыстары еркін меңгеруі үшін оны жүйелі түрде жетілдіре түсуге ұмтылу керек. Балалардың тым айқайлап ән айтуға еліктемей, қатты сөйлемей, суық ауада ән айтпауын ескерту керек.
Балабақша балаларына әнді, жаттығу үйрету барысында олардың жеке музыкалық даму ерекшеліктерін есте сақтау керек. Балалар өте сезімтал, сенгіш, ал ұстаздардың міндеті — осындай қасиеттерін еске ала отырып, оларға шығармашылық тұрғыда көмек беруі қажет. Сол себептен де музыка сабағында әртүрлі ойын түрлері арқылы, кейбір қиын музыкалық шығармаларды тез түсініп қабылдай алу әбден мүмкін.
Ән үйретуде бірінші мақсат — балалардың көңілін аудару, әнді үйрету қабілетін, сүйіспеншілігін арттыру, сондықтан әнді орындау көркемдік жағынан жоғары болуды талап етеді. Күйсандықты тыңдатып немесе мұғалім өзі нақышына келтіріп орындап, балаларға ән ұнайтындай болуы талап етіледі. Жәй қарапайым ән болса, оның сөзін, мағынасын, мазмұнын балаларға әдемі түрде жеткізе білу керек. Ән туралы әңгіме. Әннің сипатын, мазмұнын түсіндіру көп сөзді болмауы керек. Ең негізгі мақсат — әннің көркемдік бейнесін табу. Кішкентай топтың балаларына барлық әндер ұнай бермейді, мысалы: Бала уату, Күз әндері жәй екпінде, көңілсіз, бірақ әбден жаттап алған соң, бұл әндер де қатты ұнауы мүмкін.
Әнді үйрету алдында, әнді мұғалім мына схемамен талдауға болады.
1. Тәрбиелік құндылығы: музыкалық бейнелеудің негізгі идеясы мен сипаты;
2. Әдеби мәтінінің жалпылама көркемдік сапасы, ерекшеліктері — қаратпа сөздердің, диалогтарының, айтылуы жағынан мәнді сөздерінің болуы.
3. Әнді: әуеннің сипаты, интонациялық әсерлігі, саз, мөлшері, аумағы;
4. Аспаппен сүйемелдеуі (баян, фортепиано, домбыра);
5. Әннің құрылымы (формасы): бір бөлімді, екі бөлімді;
Әнді сөзімен, фраза бойынша үйретсе, балалар тез қабылдайды. Бір фраза бір дем алады. Фраза ішінде дем алуға болмайды.
Әнді нақышына келтіріп орындау жұмысы. Бұл бөлік ең соңғы кезең. Балалар әннің сөзін, әуенін жаттап алған соң, орындау барысында әннің көп кемшілігін өздері табады. Әрине, әннің сапалы орындалуына оның шығу тарихы, композиторлардың өмірі жайлы қызықты әңгіме балаларға көп көмегін тигізері сөзсіз. Әнді орындау барысында мынандай қағиданы естен шығармау керек, олар:
:: Әнді шың-күйіне жеткізе орындау;
:: Әнді орындау барысында, әннің мазмұнын, әуенін ойлау;
:: Ән орындау барысында музыка тілін, динамикалық реңктерді сақтау, жоғары және төменгі дыбыстардың қозғалуын қадағалау.
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасы дегеніміз ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орын, әсер — ықпалын, қоғам мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық — педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, даму кезеңдерін қалыптастыруға тікелей байланысты [1].
Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі — музыка мен ән. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие — талғамдық, эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова Н., Меңжанова К., Меңдаяқова Қ.М., Левченко Т.А., Жұмабекова Ф.Н. және т.б. зерттеген. Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, білімді тез қабылдап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат — біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту.
Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады. Ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастыратын ол музыка
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы, музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады — содықтан, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр- таза болуының кейін орнын толтыру өте киын [2].
Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сондықтан сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер музыкалық тілі және ақындық та осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz