Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ӘОЖ 378. 1(5 қ)
Қолжазба түрінде
Шодирова Галия Жарылкасыновна
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін
дамыту үдерісі
6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Диссертация
Ғылыми жетекші:
Педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
Кенжегалиев Қылыш Кушенович
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Әлеуметтік педагогика және оқыту әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі:
__________________2014 жыл
Көкшетау 2014
Мазмұны
КІPІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..7
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ
ДАМУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Педагогикалық теория мен тәжірибедегі кәсіби
білімділік … … … … ..10
2. Мектепке дейінгі ұйымдардағыпедагог кадрлардың дамуын
модельдеу … … … … … … .. … … … … … …
… … … … … … … … … … … … … … …
… … 23
Бірінші тарау бойынша
қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … 32
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН
ЗЕРТТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖОЛДАРЫ
2.1 Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеуге жалпы
сипаттама … … … ..33
2.2 Мектепке дейінгі ұйымдардағыпедагогтардың кәсіби қалыптасуының
әдістемесі … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … ..34
2.3 Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеуді талқылау және
бағалау … .67
Екінші тарау бойынша
қорытынды … … … … … … … … … … … … … … …93
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … 95
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … ..97
Осы диссертацияда келесі құжаттарға сілтемелер жасалады:
1) Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
27.07.2007 ж.
2) Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
Мемлекеттік жалпы міндетті стандарты
1.09.2013 ж.
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы диссертацияда төмендегідей терминдер және олардың анықтамалары
пайдаланылады:
Тәрбие — оқытуға сүйенген жеке тұлғаны не болмаса ұжымға бағытталған
өлшемді түрлендіру, оқуға сүйеніп оқыту барысында нақты жеке тұлғаға
бағытталған оқу үрдісі.
Қызмет — қоршаған ортаға адамның спецификалық түрдегі қатынасы, оның
мақсаты қоршаған адамдардығң қызығушылығына бағытталған мазмұнды
түрлендіру процессі.Қоғамда тіршілік етуге қойылған талап: қызметтің
үрдісіне мақсат, өнім, нәтиже енеді.
Қызмет – сезім тәжірибесін және теориялық түрдің органикалық бірлігі.
Иннаватор — білім беру жүйесіндегі кез-келген жұмысшының жаңа білім
түрін прогрессивті мазмұны жағынан өркендетіп, білім беру жүйесін дамытып,
сақтауға мүмкіндік жасайды.
Инновациялық тәжірибе – тәжірибеде тұтас мамандық қызметін шынайы жаңа
білім мазмұнын игерген үрдіс.
Зерттеу – жаңа білімді өндіру тәсілі, танымдық қызметтің бір түрі,
зерттеудің теориялық және эмпирикалық ерекше қайталанбас жиынтық түрлері
бар. Мақсат пен өнімділікті болжауды зерттейтін компоненттері мақсатты
айқындау, қолда бар ақпаратты қорытындылау, талап, шешу тәсілдері алынған
ақпаратқа түсініктеме бере отырып, болашақ нәтижені болжай білу.
Бақылау (ағыл. – басқарушы) – тексеріс, тексеру не болмаса бақылау
мақсатында үнемі қадағалау, көзден таса қылмау.
Әдіс (грек. Зерттеу жолы, теория, оқу) белгілі мақсатқа қол жеткізу тәсілі,
нақты тапсырманы орындау, теориялық немесе практикалық түрде жүзеге асады.
Модель- (фр. лат. – өлшем, үлгі) – үлгі (эталон, стандарт) көптеген
заттарды қарастыру мақсатында, кең түрде кез-келген үлгі (ойдағы немесе
талапты, сурет, суреттеу,схема, сызба, график, карта және т.б) объект үрдіс
немесе пайдалану уақытында орынбасар ретінде пайдаланылады.
Модуль – (лат. өлшем) шығыс өлшемі, қысқа өлшемді анықтау кезінде
пайдаланылады. Дербес функция ретінде саналады. Модельдеу, өзгерту,
түрлендіру.
Үздіксіз педагог мамандығын дамыту – білім беру қызметінде ерекше құрылым,
педагог мамандығының қызметіне түрделендіру, үрдісі негізінде жеке
тұлғаның өзіндік өзектілік, өзіндік жобалау, өзіндік іске асыру талабы
қойылады.
Оқыту – (тәрбиелеуші) адамныңдаму үрдісінде адамның мәдениетті түрленуі
және оны практикада қолдану тәсілі. Оқу жүйесі — адамда қоғамдық қызметіне
сай үлгілі, мәдениетті түрде өндіру-түрлендіру жүйесі. Оқыту өз негізінде
оқу қызметінде мәдени көріністі іске асырады.
Педагог – (грек. оқытушы) тәрбие жетекшісі практик жұмысын атқарушы
баланы және жастарды оқытушы, осы салада арнайы білімді игерген қызметкер.
Педагог қызметі – (деңгейі):
А) әлеуметтану деңгейі – мамандық ортада әлеуметтанушы педагог саласында
педагог қызметін мәдени түрде игеру, мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде оңтайлы дамуын жоспарлы түрде әлеуметтанушы педагог
атқарады.
Б) психологиялық деңгейі – мамандық мүмкіндігіне шектеуліктер қойылмайды,
педагогикалық қызметті меңгерудің түрлі үрдістері ғылыми түрден дайындық
және даярлық алаңында орналасады.
В) педагогикалық кәсіби деңгей — педагогтардың біліктілігін
бағдарламасының мазмұнына сай тұтас жобалау квалификациялық- кәсіби
стандартқа сай құрастырылған жаңа технологиялық көлемі мен іске асырылатын
педагог кадрларының үздіксіз кәсіби құзырлықтарын көтеруге арналған
деңгей.
Жобалау – (лат. алға ұмтылу) жоба прототипін жасау тәсілі, болжаған
үрдістің образын жасау, іске асыру бағдарламасын құрастыру.
Кәсіби құзыреттілік – адамның интегративті көпфакторлы күйі, қоршаған
ортада кәсіби қызметінің сапалылығын іске асыру.
Педагог қызметкерлерінің кәсіби дамуы — ерекше құрастырылған білім
қызметі педагогтардың кәсіби үрдіс кезеңіндегі кәсіби деңгейін көркемдетіп,
негізгі жеке тұлғаның өзіндік өзектілігін талап ете отырып, өзін-өзі
жобалау, өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі жетілдіру кәсіптілігі – жеке субъекттің кәсіби қызмет үрдісінде
түрленуі. Кәсіби ортада жеке тәсілдерді түрлендіре отырып, өзін-өзі сол
ортада бекіту түрі.
Даму — қажеттілікке бағытталған, материяның заңды түрде өзгеруі, сана,
оның әмбебап құрылысы, даму нәтижесінде объективті жаңа түрі пайда
болады. Оның құрылымы және құрылысы, даму – табиғаттың тарихы мен қоғам
аралығындағы жалпы түсінік.
Инновацияның дамуы – педагогтың шығармашылық және кәсіби құзырлығының
үздіксіз дамуы.
Жүйе — (грек. тұтас, құрастырылған, бөлшектерден құралған) бір-біріне
ұқсас, сыбайлас көптеген элементтерден құралған біртұтастық жиынтық.
Педагог қызметінің кәсіби субъектілігі – педагог, кәсіби даму және жеке
педагогикалық мақсатқа жету кезеңінде түрлі әдістерді қолданады. Әлеуметтік
қатынас әдісінің кәсіби құрылым кезеңінде таңдайды, кәсіби тұрғыдан
кәсіби қатынас арқылы, өзіндік түрлендіруге ұмтылады.
Технология – (грек. өнер, ғылым, шеберлік) өнім өндіру үрдісікезінде
материал құрылымын әр қилы әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оның күйін
өзгерту.
Педагогикалық технология – нормаланған, алгоритімді үрдіс, мақсатқа
бағытталған оқушының икемділігін, санасын, қажеттілігін үздіксіз өзіндік
даму мен қамтамасыз ету.
Осы диссертацияда төмендегідей қысқартулар пайдаланылады:
1) ҒЗЖ – ғылыми зерттеу жұмыстары;
2) КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
3) ТП – тәрбие процессі;
4) ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты;
5) ҚР – ҚазақстанРеспубликасы;
КІPІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазіргі таңда дүниежүзілік
өркениеттілікке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет.
Ондай азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие
мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеруге бүкіл ғаламдық мәдени
құндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын, сөз жоқ, педагог.
Қазақстан Республикасының Жаңа формация педагогының үздіксіз
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа қоғам педагогі- ол рухани
адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз,
рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі
дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары
деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік және
біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман деп
сипатталады. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі модернизация педагогтардың
кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесін алдыңғы қатарға қоюда. Кәсіби
құзіреттілік оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді шарты. Бүгінгі
таңда педагогтардың құзырлықтарына үлкен мән беріліп отыр. Құзырлы педагог
– біліктіліктің сан түрі түрлерін меңгерген педагог. Сондықтан қазіргі
таңда білім беру жүйесінде маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және
тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық
қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім
парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның
дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін
көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер
тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін
айқындайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтың рөлін тәрбиеші атқарады.
Соңғы жылдары біздің елімізде демографиялық көрсеткіштердің артуына
байланысты мектепке дейінгі ұйымдар мен ондағы ең негізгі кадрлардың бірі
тәрбиешілердің саны да өсуде. Біздің еліміздің Президенті балаларды
мектепке дайындауға аса көңіл бөлу керектігін айтып, осы іс-әрекеттің
жүзеге асуына көмектесетін әрине тәрбиешілер екенін барша халықтың есіне
салған болатын. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің
кәсіби құзырлықтарын арттыру, оны қазіргі заман талабына сай ету өзекті
мәселелердің бірі болып отыр.
Педагогикалық әдебиеттерде тәрбиешінің арнайы білімі, біліктілігі,
дағдылары мен сапалары кәсіби құзіреттілік ұғымымен біріктірілген.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешінің құзіреттілігі бұл оның кәсіби
міндеттерді тиімді атқара білуі, педагогикалық әрекетке эмоционалдық құнды
қатынас пен ғылыми білімнің негізі болатын міндеттерді анықтайтын талаптар.
Үздіксіз педагогикалық білім беруге байланысты жаңа әлеуметтік тапсырыстар,
мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру саласындағы инновацияда өз-
өзінен дамуға қабілеті бар педагогтардың квалификацияларына қойылатын
талаптар түрінде көрінеді.
Тәрбиешілердің құзырлықтарының сапалы болып қалыптасуына арнайы білім,
біліктілік, қабілеттер қажет.
Қазіргі кезде білім беру ұйымдарындағы жаңару процессі тәрбиешілердің
санасын қайта бағдарлау мен құндылықтардың кәсіби деңгейін талап етуде.
Соған орай мектепке дейінгі ұйымдардың даму механизмі тәрбиешілердің
шығармашылығы екені белгілі болды. Мектепке дейінгі ұйымдарды заман
талабына сай жаңарту тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі ұғымына
толықтырулар енгізумен қатар жаңа міндеттер жүктеуде. Бұған дейін Кәсіби
құзіреттілік ұғымы тұлғаның кәсіби ортада табысты әрекетін қамтамасыз
ететін жалпы және жеке білімдерінің бірігуі мен тәжірибелік біліктілік пен
негізгі кәсіби сапалары болды. Жаңа жағдайлар кәсіби құзіреттілік ұғымына
түзетулер енгізуді талап етуде. Тәжірибеде көріп отырғанымыздай тәрбиешінің
білікті маман болып қалыптасып дамуы, қоғам талабына, ата-аналардың
әлеуметтік тапсырыстарына және тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерінің
деңгейіне сай келмейді. Осыған орай тәрбиешілердің кәсіби құзырлықтарының
қалыптасуы өзекті мәселе болып отыр. Осы мәселелерді шешу үшін алдымен мына
ушыққан мәселелердің шешімін табу қажет: мектепке дейінгі ұйымдардағы
тәрбиешілердің толық және шығармашылық дамуына әлі жағдай жасалмаған
(еңбекақылары, оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық жабдықтау,
әлеуметтік-психологиялық климат, және т.б.). Көптеген тәрбиешілерде
күнделікті өмірде кездесетін жеке басының қиындықтарынан, жұмыстан шаршап-
шалдығудан жүйке жүйесінің қозуы байқалады. Бұндай жағдайлар тәрбиешілердің
өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби деңгейлерін көтеруге кері әсерін тигізері
анық. Бірақ та объективтік жағдайлардың қиындығына қарамай, тәрбиешілердің
өзіне байланысты субъективтік себептер үлкен рөл атқарады. Көптеген
тәрбиешілердің пікірі бойынша оларға кәсіби-педагогикалық мәдениетті көтеру
үшін табандылық пен байсалдылық жетіспейді. Тәрбиешілердің өзін-өзі
жетілдіруге деген дағдылары жеткіліксіз, ақпараттарды саралауға деген
қабілеттері жетіспейді. Уақыт өте келе біз тәрбиешілердің айналасындағы
ортаны тамырымен өзгертуге мүлдем шамамыз келмей, мұғалімдердің әлеуметтік-
психологиялық ресурстары мен тұлғалық-кәсіби потенциалдарын толығырақ
қолдануымыз керек болады. Себебі тәрбиешілердің кәсіби тәжірибелері артқан
сайын, олардың кәсіби қызығушылықтары азайып, негізгі жұмыс әрекетіне ғана
бағытталады. Тәрбиешілердің ғылымның жаңа салаларын танып білуге
бағытталған білім беру салалары азаюда. Тәрбиешінің қызығушылық ортасы
тарылған сайын, ол өз ісінің шебері болудан қалады. Осыдан бәріне белгілі
жағдай туындайды: жас мамандар өздеріне теориялық және әдістемелік
білімдерді әлі керек деп санамаса, тәжірибелі тәрбиешілер оларды керек
етпейді. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби қажеттіліктеріне өзгертулер енгізе
отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға жағдай жасаумен, еңбекке, кәсіби дамуға,
өзін- өзі жетілдіруге деген қатынасын өзгертуге болады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістер
жоғары білімді, білікті педагогтар даярлаудың қажеттілігін көздеп отыр. Бұл
мәселеге байланысты біздің Президентіміз кезекті бір халыққа Жолдауында:
Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістер үшін
кадрлар қорын жақсартуымыз қажет — деп атап кеткен болатын. Мектепке
дейінгі тәрбие саласын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптаумен
қамтамасыз ету және арнаулы мамандар даярлау мәселесі дәл бүгінгі деңгейде
өзекті болған емес. Сондықтан жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға қажетті
жағдай жасалуын, жоғары мектепте білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз
ету көзделуде. Жоғары мектептің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің жеке
тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір
болашақ жас маманға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға
мүмкіндік беру.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер анализдерінің нәтижесі,
тәрбиешінің білімін, біліктілігін арттырудың сан қырлы жолдары бар екенін
көрсетті. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың
құзырлықтарын арттыруда бірталай кемшіліктер аталған әдебиеттерде айқын
көрсетілген.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің дамуын психолого-педагогикалық
әдебиеттерден де көруге болады. Олардың кәсіби құзіреттілігінің
жоғарылауының теориялық негіздерін зерттеу (В.А. Адольф, В.П. Бездухов,
И.О. Котлярова және т.б.) оның кәсіби құзіреттілігінің тиімді шарттарын
(Л.А. Башарина, Н.Е. Костылева, Е.В. Прозорова, С.С. Татарченкова және
т.б.)педагогикалық шеберлік пен кәсіби құзіреттіліктің диагностикалық
проблемаларын зерттеу (Л.А. Башарина, М.И. Лукьянова)кәсіби құзіреттіліктің
жеке компоненттерінің құрылымын анықтау: тәрбиешінің коммуникативтік және
әлеуметтік-перцептивтік құзырлықтарының дамуын (Н.Н. Ершова, Е.В.
Прозорова) аталған ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады.
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратын құралдарды да анықтау
(Г.И. Захарова, Ю.А. Конев, Г.М. Соломина, В.И. Юдин) көзделеді. Кәсіби
құзіреттілік мәселесі жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің біліктілігін
көтермелеу үрдісіне әзірленулері кезінде кеңінен қарастырылады (О.М.
Атласова, Л.И. Дудина, Е.В. Прозорова, И.А. Чемерилова және т.б.). Мектепке
дейінгі білім беру жүйесінде педагогтардың кәсіби құзіреттілігін анықтау
үшін зерттеу жұмыстары жүргізілген (И.В. Бичева), балабақша
тәрбиешілерінің негізгі жеке басының кәсіби сапалары (Н.В. Шурова),
мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие үрдісі аумағында педагогтардың кәсіби
құзіреттілігінің дамуы қарастырылған (Г.И. Захарова). Мектепке дейінгі
ұйымдарда тәрбиешілірдің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру үшін
дифференциялық жолдың критерилері ретінде педагогтардың кәсіби ойларының
ерекшеліктері оның ішінде белгілі бір деңгейдегі педагогикалық
тапсырмаларды қою және оларды орындау біліктіліктері ұсынылуда
(стратегиялық, тактикалық немесе шұғыл) (В.Е. Морозова).
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің
дамуы мен осы үрдістің тәжірибедегі алатын орны біздіңМектепке дейінгі
ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі атты
тақырыпты таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты:
Кәсіби құзіреттіліктің даму үрдісінің тұтастығын қамтитын және оның
объективті түрде шартталуын көрсететін, мектепке дейінгі ұйымдардағы
педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің даму моделін жасау және оны
тәжірибелік-эксперементалдық жолмен тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің
даму моделін құрастыру.
Тәжірибе кезінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби
құзіреттіліктерінің дамуы моделі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін
педагогикалық жағдайларды анықтау.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби
қызметі.
Зерттеу пәні: білім беруді ізгілендіру кезіндегі мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарындағы педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің дамуын қамтамасыз
ететін педагогикалық жағдайлар.
Зерттеу болжамы:
Қазіргі қоғамдық-экономикалық жағдайларда педаготардың кәсіби
құзіреттіліктерінің дамуы, олардың кәсіби қызметін жүйелі тұрғыдан
көрсететін компонент ретінде қарастырылады.
Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту педагогикалық қызметке
өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жобалау, біліктілік деңгейін тексеру,
педагогтардың шығармашылық қабілеттері және кәсіпқойлықтары сияқты
механизмдерді енгізумен іске асады.
Жасалған моделді қолдану үшін:
— Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескеріп, кәсіби қызметті оқытудың
құрылымы, керекті және белгілі бір көлемде, мектепке дейінгі ұйымдардағы әр
түрлі мамандардың квалификациялық талаптарына сай болуы;
— үрдісті технологиялық қамсыздандыру;
— оқытушы мен оқушыларда (зерттеуге қатысты) әдістемелік
қамсыздандырылу комплексінің болуы;
— мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби дамуына қажетті
педагогикалық жағдайлар.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін
дамыту үшінпедагогтардың кәсіби қызметін дамытатын, жүйе компоненттерінің
бірігуін (құрылымдық, функционалдық, технологиялық, жеке) қамтамасыз ету
қажет. Әр компонент жүйенің бөлшегі және жүйенің тұтас түрінде дамуын
көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін:
— кәсіби құзіреттіліктің дамуы іс-әрекеттің негізгі түрі ретіндегі
философиядағы орны;
— дамудың үздіксіздігі мен дисктерттілігінің көрсеткіштері, педагогтың
жеке және кәсіби шығармашылығының қалыптасуы;
— кәсіби оқытудың әдісі және әдіснамасы, мамандардың кәсіби
біліктілігін арттыруға деген кәсіби даярлығын басқару (С.Я. Батышев, А.П.
Беляева, К.Я. Вазина, Э.Ф. Зеер, А.Я. Найн, А.М. Новиков, А.М. Пырский,
А.Г. Соколов);
— кәсіби педагогикалық оқытуда интеграция және дифференцация, көп
сатылық, көп деңгейлілік (В.С. Безруков, М.Н. Берулан, В.С. Лазарев, И.Т.
Сенченко, И.М. Стариков, П.С. Хейфец);
— кәсіби-педагогикалық қызметті түрлендірудегі жеке бағдарлық тәсіл
(Н.А. Алексеев, Р.Л. Кричевкий, М.М. Поташкин, Н.С. Пряжников);
— моделдеу педагогикалық зерттеудің жалпы әдісі (В.П. Беспалько, В.В.
Краевский, Н.И. Лапин, В.И. Михеев) [61];
— білім берудегі мәдени-әлеуметтік, кәсіби және жалпы компоненттердің
бірігуі негізіндегі жеке тұлғаны дамыту теориясы (Ю.К. Бабанский, В.И.
Загвязенский, В.И. Михеев, Е.В. Ткаченко).
Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді зерттеу және оларға теориялық анализ жасау, мектепке дейінгі
мекемелердегі тәрбиешілердің педагогикалық тәжірибесін зерттеу және
жинақтау, сұрақ-жауап әдісі (сауалнама өткізу, интервью, таңдау әдісі),
құжаттардың анализі, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді
математикалық әдіс арқылы өңдеу, зерттеу нәтижесінің анализдерін жинақтау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
Ұсынылып отырған жұмыс мектепке дейінігі ұйымдардағы педагогтардың
кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы мәселесінің теориялық-эксперименталдық
зерттеуі және ол кәсіби оқыту теориясында жүйелік-әрекеттік, мақсаттық-
бағдарламалық, қасиеттермен орындалады.
Зерттеу барысында:
— кәсіби білімнің әдістемелік және теориялық аумағында зерттелетін
мәселені ғылыми ізденіс бағытының өзекті сапасы ретінде бөлінуін және
мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің
дамуының мазмұнын көрсететін дәлелденген және шартталған түсініктер;
— мектепке дейінігі ұйымдарда тәрбиешінің кәсіби құзіреттіліктерінің
дамуы моделі жасалып, оның үш бір-бірімен байланысқан деңгейлері анықталды
(аксиологиялық, антологиялық, процессуалдық).
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Кәсіби қызметке мектепке дейінгі педагогтарды оқытудың қажеттіліктерін
орындайтын Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өмірлік қызметін
ұйымдастыру технологиясы атты оқу бағдарламасы жасалды.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өмірлік қызметін ұйымдастыру
технологиясы бағдарламасына әдістемелік қамсыздандырылу жасалды. Оның
құрамына модулдік оқу жоспары, авторлық бағдарламалар, тәрбиелік
жағдаяттар, терминологиялық сөздік, диагностикалық әдістер енеді.
Мектепке дейінігі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің
дамуына педагогикалық жағдайлардың әсері тексерілді.
Педагогтың кәсіпқойлығының даму деңгейін анықтаудың қазіргі заманғы
негізгі талаптары айқындалды.
Зерттеудің жаңалығы:
Мектепке дейінгі педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы
мәселесіне негізделген. Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамытатын
жаңа ғылыми идея жасалды. Идеяның негізі педагогтардың кәсіби
құзіреттіліктері кәсіби қызметтегі жүйені жасаушы компоненттің сапасы
ретінде қарастырылады. Бұл компоненттер педагогикалық жеке-кәсіби
қабілеттердің дамуын, олардың кәсіби біліктіліктерін үздіксіз арттыруды
қамтамасыз етеді.
Ізденушімен алынған ең байыпты нәтижелер, мыналардан құралады:
— педагогтың кәсіби біліктілігі мәселесінің біртұтас анализы
педагогикалық теорияда және тәжірибеде ұсынылуда;
— тәрбиешілердің кәсіби құзіретіліктерін арттырудың педагогикалық
жағдайларын анықтау;
Жүргізілген зерттеудің ғылыми жаңалығы, тәрбиешілердің кәсіби
құзіреттіліктерін арттырудың ғылыми-негізделген, тәжірибеде жүзеге
асырылған, тиімді әдістері жасалды;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзыріттіліктерінің
құрылым деңгейлері мен белгілері анықталып негізделді;
Тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға ықпалын тигізетін
эксперименттік жолмен педагогикалық жағдайлар анықталды
(педагогтың кәсіби біліктілігінің д амуына кешенді жол табу; мектепке
дейінгі мекемелерде кәсіби біліктіліктің дамуының басты тәсілі ретінде
әдістемелік жұмыстардың қолданысы және т.б.);
Жүргізілген зерттеудің елеулілігі, зерттеу барысында алынған тұжырымдар
мен ұсыныстар мектепке дейінгі ұйымдарда қолданыстарын тауып, педагогтардың
құзіреттіліктерінің арттыруына септігін тигізу кезінде шартталды. Зерттеу
кезінде алынған материалдарды жоғарғы оқу орындарының Мектепке дейінгі
педагогика және психология факультетінің дәріс және практикалық
сабақтарында, Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыстар сияқты
арнайы пәндерді оқыту барысында қолдануға болады және мектепке дейінгі
ұйымдарда педагогикалық кадрлардың арнайы біліктіліктерін көтермелеуге
бағытталған.
Шешілетін мәселелер:
Теориялық әдебиетттерді оқу;
Эксперимент өткізу;
Мақала жариялау.
Әдістемелік жұмыстар барысында да пайдасын тигізері анық.
Зерттеу базасы:
Көкшетау қаласының МКҚО №4 Еркемай, Қуаныш балабақшаларында
өткізілді. Өткізілген зерттеуге аталған балабақшалардан 85 тәрбиешісі, 1
әдіскер және 1 меңгеруші қатысты.
Қорғауға ұсынылады:
Кәсіби білімділіктің ғылыми концепцияларын қамтитын мектепке дейінгі
ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуын қамтамасыз
ететін жаңа ғылыми идея;
Кәсіби құзіреттіліктерінің сапалы өзгерісін қамтамасыз ететін мектепке
дейінгі ұйымдағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы моделі.
Диссертацияның құрылымы:
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен шартталған. Диссертация
кіріспеден, екі тараудан, қосымшалардан, қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ
ДАМУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Педагогикалық теория мен тәжірибедегі кәсіби білімділік
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруімен қоғам идеологиялық,
психологиялық және саяси контекстерді ескере отырып, соған қарай қолайлануы
қажет. Осы жағдайларда тәрбиеші мамандардың дамуы мәселелері талқылануы
және тәжірибе жүзінде шешілуі тиіс.
Құзіреттілік белгілі бір салада білім алған адамның нәтижелі әрекет
етуге, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге, мәселелерді тиімді шешуге
бағытталған адамның жеке қасиеттерінің жиынтығы.
Қазіргі кезде Европалық бірлестіктер кәсіби білім беруде бес кілттік
құзіреттіліктерге көңіл бөлуде: әлеуметтіік, коммуникативтік, ақпараттық,
арнайы және когнетивтік:
Іздеу: айналадан сұрастыру, тәжірибелі тәрбиешілерден кеңес алу,
ақпараттардан хабардар болу.
Ойлау: өткен және қазіргі кездегі оқиғалармен байланыс орната білу,
айтылған ойлар мен ұсыныстарға сыни тұрғыдан қарау, сенімсіздік пен
қиыншылықтарға қарсы тұра білу, дисскусия кезінде белгілі бір ойды ұстана
білу, қоршаған ортаға, денсаулыққа байланысты қоғамдық әдеттерді бағалай
білу.
Серіктесе білу: топта жұмыс істеу, шешім қабылдау, дау-дамай, ұрыс
-керістерді болдырмауға тырысу, келісе білу, өзіне жүктелген міндеттерді
білу және орындау.
Іске кірісу: жұмысқа кірісу, өзіне жүктелгендерге жауапкершілікпен
қарау, жұмысын ұйымдастыра білу, ұжымға ене білу және өз тарапынан сол
ұжымға жаңалық енгізу.
Бейімделу: жаңа технологиялар мен ақпараттарды қолдана білу,
қиындықтарға төтеп бере алу, жаңа шешімдерді қабылдау[62].
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби әрекеті сан қырлы
және арнайы білімді, біліктілікті, дағдыны, сапаларды қажет етеді.
Қазіргі кездегі педагогикалық әдебиеттерде тәрбиешінің арнайы білімі,
біліктілігі, дағдылары мен сапалары кәсіби құзіреттілік ұғымымен
біріктірілген. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешінің құзіреттілігі бұл
оның кәсіби міндеттерді тиімді атқара білуі, педагогикалық әрекетке
эмоционалдық құнды қатынас пен ғылыми білімнің негізі болатын міндеттерді
анықтайтын талаптар. Үздіксіз педагогикалық білім беруге байланысты жаңа
әлеуметтік тапсырыстар, мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру
саласындағы инновацияда өз-өзінен дамуға қабілеті бар педагогтардың
квалификацияларына қойылатын талаптар түрінде көрінеді.
Тәрбиеші келесі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыра білуде құзырлы болуы
керек:
— тәрбиелік-оқытушылық;
— оқу- әдістемелік;
— әлеуметтік-педагогикалық.
Тәрбиешінің тәрбиелік-оқытушылық әрекеті құзіреттіліктің келесі
ұстанымдарын қамтиды: тұтас педагогикалық процестің орындалуын; дамытушылық
ортаны қалыптастыру; баланың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдайы жасау;
айтылған ұстанымдар тәрбиешінің келесі құзырлықтарын көрсетеді: мектепке
дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеп оқытудың міндеттерін, құрылымдарын,
әдістерін, принциптерін білу; білім беру бағдарламасына байланысты өз
білімін, біліктіліктерін, дағдыларын нәтижелі қалыптастыру; мектепке
дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетіне басшылық жасай білу; балалармен
қатынасқа түсе білу[63].
Тәрбиешінің оқу-әдістемелік әрекеті құзіреттіліктің мына ұстанымдарын
қамтиды: оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау; алынған нәтижелерді сараптай отырып,
соның негізінде өзінің әрекетін жобалау. Айтылған ұстанымдар тәрбиешінің
келесі құзырлықтарын қамтиды: балаларды дамытудың әр түрлі әдістері мен
білім беру бағдарламасын білу; педагогикалық мониторингті, зерттеу
технологиясын білу; педагогикалық процессті жоспарлау және жүзеге асыра
білу; балаларды тәрбиелеу және оқыта білу.
Тәрбиешінің әлеуметтік-педагогикалық әрекеті құзіреттіліктің мына
ұстанымдарын қамтиды: ата-аналарға кеңес бере білу; балаларды
әлеуметтендіруге жағдай жасау; баланың құқұғы мен қызығушылықтарын қорғау.
Аталған ұстанымдар келесі құзырлықтардың негізі болады: баланың құқұғын
қорғайтын негізгі құжаттарды және үлкендердің балаларға деген қатынасының
міндеттерін, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен талқылау жұмыстарын
жүргізе білуі қажет.
Кәсіби білім беру бағдарламаларының құрылымы мен жүзеге асуының өзгеруі
түзету мақсаттарына, ең бастысы әлеуметтік-экономикалық факторлармен
түсіндіріледі. Бірақ та ол олардың құрылымын анықтамайды. Білім берудің
жаңа мақсатты ұстанымдары анықталғаннан кейін, ол өзінің білім беру
мәдениетін қалыптастыру заңымен жүзеге аса бастайды. Кәсіби құзіреттілік
деңгейін иемдену маңызды жайт. Педагогикалық кадрлардың жаңа кәсіби әлемді
тануы, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда да, өз ісінің, өз
мамандығының шебері әлеуметтік құнды тұлға болатыны сөзсіз. Ал кәсібилік –
әлеуметтік құбылыс.
Тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерінің даму мәселесі үшін
жүргізілген ретроспективті анализдердің көрсеткіштері бойынша,
тәрбиешілердің құзіреттіліктері білім беру мекемесінің басшыларының
ұйымдасқан әкімшілік міндеттерін шешуге бағытталған сапалық әрекеті
негізінде қарастырылады. Бірақ білім беру мамандарының кәсіби құзіреттілігі
– ол жеке де қасиет, себебі оның ішінде белгісіз формада (кәсібиліктің
дамуына байланысты) кәсіби негізгі сапалар да көрінеді.
Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық кадрлардың кәсіби даму
процессі жеке қабілеттерден бөлінбейді: екеуінің негізінде де өзін-өзі
жетілдіру принципі жатыр. Бұл принциптер тұлғаны өзінің өмірлік әрекетінен
түрлендіретін тәжірибелік пән ретіндегі, өмірлік әрекетінің жоғарғы сатысы
– шығармашылықты жүзеге асыратын детерминистік қасиеттері. Тұлғаның осыған
сәйкес кәсіби дамуы педагогтардың кәсіби дамуына қажетті принциптердің
өзгеруімен түсіндіріледі. Сондай–ақ бұл мектепке дейінгі ұйымдардағы
педагогикалық кадырларға да қатысты.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтарды оқыту мен олардың дамуы – бұл
уақытқа байланысты процесс, соның нәтижесінде әр тәрбиешінің жеке-кәсіби
сапалары өзгереді. Бұл үрдіс дамудың нәтижесіндегі жаңа қасиеттердің
қалыптасуын сипаттайды.
Оқыту барысындағы бірінші өзгеріс ол мектепке дейінгі ұйымдардағы
тәрбиешілердің ұдайы кәсіби өзгеруге дайындық пен өзін-өзі дамытуға деген
қажеттіліктер.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтарының кәсіби құзіреттіліктерінің
дамуының жаңа моделі екі деңгейінің өзара шарттасуымен сипатталады: олар:
а) мектепке дейінгі ұйымның басшысы; ә) әдіскерлер, тәрбиешілер.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың үздіксіз дамуын
қамтамыс ететін, тұлғаның бағдарлы білім беру принципіне негізделген жаңа
типтік жүйені жасау керек.
Білім беру мекемелерінде педагогтардың кәсіби құзіретіліктерінің даму
проблемасы қоғамдық жарғылардың өзгеріп, нарықты экономикаға ауысу кезінде
өзекті болған. Оны көптеген ғалымдар атап өткен. Олардың ішінде: Б.С.
Гершунский, М.К. Гмучин, В.С. Леднев, Ф. Роджерс, А.Г. Соколов, Е.В.
Ткаченко, М.А. Шамин, А.В. Юсушкин, M.S. Archet, Dreyfus Edward A, T. Okato
және т.б. [ 3, 43-45 б]
Кеңес одағы кәсіби білім мәселелерін инновациялық тұрғыдан шешуге 80-ші
жылдардың екінші жартысында кіріскен болатын. Білім беру қызметкерлерінің
Жалпы Кеңестік отырысында (1988 ж) кәсіби білімнің проблемаларын шешудің
инновациялық арнайы бағыттары анықталды. Ең негізгі болып келесі
инновациялық бағыттар аталды: дамып жатқан қоғамның сұранысына құлақ түру,
динамизм, білім беру үрдісінің құрылымы мен мазмұнына толықтырулар енгізу,
кәсіби білімнің тиімділігін арттыру үшін, жаңаұйымдасқан-педагогикалық
әдістерді іздеу және үздіксіз жетілдіріп отыру. КСРО-ның 1989 жылғы 18
сәуірінде шыққан № 594 (81) халыққа білім беру бұйрығында, жалпы Кеңестік
халықа білім беру қызметкерлерінің съезіндегі айтылған ойларды жүзеге асыру
үшін, білім алушыларға ақыл-ой, рухани, эмоционалдық және физиологиялық
дамуға оңтайлы жағдайлар жасау, белгілі бір кәсіби әрекетке алдын ала
кәсіби тұрғыдан дайындала білетін, өздігінен анықтауға, өздігінен дами
алатын, жоғары интеллектуалды тұлғаны қалыптастыу, яғни кәсіби маңызды
сапаларды дамытуға мүмкіндік жасайтын жағдайларды, белсенді дамып жатқан
қоғамда тұратын адамға қажетті қолайлы жағдайлар жасау қажет делінген [64].
Білікті мамандарды дайындау мәселесі Жалпы Кеңестік съездің
қызметкерлерін қызықтырғаны мәлім. Бұның халыққа да маңызды екені күмәнсіз.
Айтылған әдістерді қолданып, кәсіби білімге жету жолында тығырыққа тірейтін
проблемалар да баршылық.
Білікті маман болғаннан кейін, тұлға белгілі бір деңгейде үздіксіз
білім алуды жоғалтады.
80 жылдың соңында осы мәселенің шешілмеген проблемалары көп болды.
Кәсіби білім жөнінде инновациялық шешімдерді қабылдау енді ғана
жоспарланған болатын. Кәсібі білімнің проблемаларының шешімі
Эксперименталдық педагогикалық аумақтың уақыты мен деңгейі деген құжатта
қарастырылған. Ол құжатқа білім беру жүйесін қоғамның дамуына септігін
тигізетін фактор ретінде қарап, оған жалпы-халықтық сипаттама берген. Ол
үшін әрбір білім беру мекемелерінде қызметкерлердің жан-жақты және үздіксіз
өздігінен жетілулері үшін қолайлы жағдайлар жасау керек. Бұл проблеманың
ғылыми жобалары білім беру жүйесінің тәжірибелік-бағдарлық тұрғысында
қаралды [65].
Арнайы білім беру мекемелеріндегі инновациялық әрекеттің теориялық
негіздерін біз Отандық және шетелдік мамандардың еңбектерінде кездестіре
аламыз. Олар: С.Я. Батышева, К.Я. Вазлой, В.Н. Казакова, М.В. Кларина, Ю.А.
Конаржевская, Ж.Н. Поланчук, M.J. Cetron, J. Dewey, K. Indekamp және т.б.
[66]
Теориялық зерттеулермен педагог мамандардың жеке, кәсіби
құзіреттіліктері білім беру мекемелеріндегі педагогтардың, сонымен қатар
мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру
түрткісінің негізгі түрткісі болып отыр.
Қазіргі кезде білім беру аумағындағы мемлекеттік саясат тұлғалық кәсіби
қызығушылыққа бағынып құрылмайды, керісінше тұлғаның қоғамдық сұрасына
байланысты кәсіби әрекетке деген қызығушылығының дамуынан пайда болады.
Оны біз Қазақстан Республикасының білім беру заңдарынан, М.С. Алкина,
К.М. Левитан, В.С. Леднева, А.Н. Леонтьева, А.Я. Найман, А.М. Новикова, Р.
Штайнердің және т.б. еңбектерінде кездестіруге болады [7,250 б].
Кәсіби білім беру мекемелеріндегі жаңа білім берудің теориялық
негіздері В.Я. Дымерскийдің, В.И. Загвазинскийдің, Н.Д. Никандрованың, П.С.
Хейфецонның, Р.Х. Шакурованың және т.б. еңбектерінде бар.
Білім беру мекемелеріндегі педагог мамандардың кәсіби
құзіреттіліктерінің дамуы мәселелерімен айналысатын ғалымдардың бір-бірімен
келіспеушіліктері болатынын атап өтпеуге болмайды. Олар білім беру
жүйесіндегі демократиялық бастаудың құрылымдары ( Д.А. Белухин, М.Н.
Берулова, Е.В. Бондареская, Ю. А. Коноржевский, Н.Н. Ляменко, Л.В. Поздняк,
Ю.А. Тихомирова) немесе оқыту үрдісіндегі инновацияда ( И.В. Бестужев Лада,
А.Я. Найн, Е.Н. Отвагина, Н.М. Паланчуг) кездеседі. Мүмкіндігінше педагог
мамандардың кәсіби құзіреттілігінің даму мәселесін барынша дұрыс
қарастырып, көздің қырымен инновациялық құралдарды білім беру үрдісіндегі
жаңа бастамалар ретінде дамытқан дұрыс [8, 192 б].
Бұл дамыған тенденцияның интеграциясы жүйелілік принципін жүзеге
асырудың жүйелі жолында болуы мүмкін. Ол оның бөліктерінің ішіндегі ең
негізгі қасиеті болып отыр. (В.Г. Афанасьев, И.В. Блауберг, А.М. Дрыгин,
М.Е. Дуранов, Н.И. Папин, Г.П. Щедровицкий, Э.Г. Юдин) [9, 343 б].
Жүйелілік принципінің мазмұнына элементтерінің байланысы мен қатынасы,
мақсаттарының субардинациясы енеді. Бұл принцип басқару объектілерін
белгілі бір жүйені жасайтын байланыс ретінде, олардың иерархияларын
ұйымдастырушылық деңгейінде қарастырады. Соған сәйкес жүйелілік принципі
гносиологиялық функцияларымен, танымның жалпы әдіснамасымен, санадағы құнды
бағдарлармен, зерттеудегі жалпы тәсілдермен байланысты. Жалпының жеке
бөліктерінің байланыс, қатынас иерархиялары жүйелілік принципінің ең
негізгі белгілері. Бұл принципті проблеманы шешудің ең негізгі жолы
принциптердің сабақтастығын, жүйенің дамуы мен функциялардың заңдылықтарын
түсіндіретін жүйелі тәсілге жетудің айласы ретінде қарастырады. Мұнымен
ғылыми танымдағы жүйелі тәсілдердің ролі мен оған деген көзқарастардың сан
алуандылығы түсіндіріледі.
Жүйелі тәсілдердің төңірегінде оқыту тәсілдердің классикалық
принциптерін қолдануға мүмкіндік болса, сол сияқты оқыту үрдісіндегі
кішігірім кәсіби оқытудың қиын жағдайларын, саналы түрде көрсететін жаңа
тәсілдерді қолдануға болады. Жүйелілік тәсілдердің мазмұны тек жай ғана
сүйікті құрылымдарды сипаттау біліктілігінен ғана тұрмайды, ол белгіленген
мақсатқа жетуді жүзеге асырудың соңғы айлаларын көрсетуден құралады [60].
Жүйелілік тәсіліне жүйелі анализ тән. Жүйелі анализ – ол әлеуметтік,
экономикалық, ғылыми-техникалық қиын проблемаларды шешу үшін қолданылатын
методологиялық амалдардың жиынтығы. Жүйелі анализ Отандық ғылыми
педагогикада педагогикалық үрдісті басқарудың негізгі функциясы ретінде
зерттелген.
Г.Н. Сериковтың ойынша, жүйелі анализ педагогикаға мыналар үшін қажет:
1) оқу-тәрбие үрдісі тек қана жүйелі амалдардың басқаруына болатын ең
қиын жүйе;
2) жүйелі анализсіз оқу-тәрбие үрдісін басқарудың педагогикалық
теориясын жасау мүмкін емес. (педагогикалық құбылыстарды түсіндіру, олардың
арасындағы байланыстарды білу)
3) оқыту әрекеті зерттеу құрылымына қатысты әдістерді қолдануды талап
етеді. Педагогикалық үрдіске жүйелі әдістер мен тәсілдер сай болуы қажет.
5) жүйелі анализ және жүйелілік тәсілі – ол тек қана таным емес, сондай-
ақ функционалдауды ұйымдастыру [11, 50 б].
Оқыту үрдісінде қолданылатын жүйелі анализ В.Е. Хруцкийдың пікірінше
келесі принциптердің негізінде жүзеге асуы мүмкін:
— объективтік, яғни оқыту үрдісінің мағынасын түсіндіретін ғылымилық,
басқару функцияларының құрылымы мен қозғалмалы күштері;
— танымдық, танымдық ғылыми әдістерді таңдаумен байланысты, оларды оқу-
тәрбие үрдісінде іске асыру;
-детерминизм, жүйе элементтерінің байланыстарының шартталуының себебі,
білім беру жүйесіне басшылық ету, оның әлеуметтік ортамен әрекеттесуі;
— даму, оқыту жүйесі мен оның элементтерінің дамуы ғана емес, сонымен
қатар оның басқарылуы;
— тарихи, қоғамның дамуына қажетті нақты тарихи жағдайларда жүйелерді
басқаруды қарастырумен байланысты [10, 36 б].
Жүйелілік принципі, жүйелі тәсілдер, жүйелі анализдер, И.Г.
Герасимованың пікірі бойынша, өзінің функциясын атқаруда көрінетін
спецификалары бар. Біздің зерттеуімізге мектепке дейінгі ұйымдардағы
педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуының процессуалдық элементтері
маңызды. Біз жүйелі тәсілдерге мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің
кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыратын, күрделі ұйымдасқан теориялық
зерттеулердің әдістері мен тәсілдері жасалатын жалпы ғылыми бағыт ретінде
сүйенеміз. Жүйелі тәсілдер біріншіден, жеке тұлға ретінде, екіншіден,
кәсіби мәдениетті тасымалдаушы ретінде. Жүйелі тәсілдердің қажеттілігі
туынды принцип ретінде тәрбиешілерді кәсіби жетілдірудің қиындықтарын, ішкі
бірлестік пен осы бірлестікті қамтамасыз ететін тура және кері байланыстар
мен түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерді зерттей отыра, жүйелі зерттеудің бес негізгі типін
атап өтуге болады. Олардың қатарында: біздің зерттеуімізде тәрбиеші
мамандарды дайындауда қолданылатын кәсіби әрекеттердің теориялық зеттеулері
мен тәжірибелік аспектілері мына жүйелерді түсіну үшін:
— бір-бірімен түсінісіп байланысқан көптеген элементтердің құрылымын;
— оқыту үрдісінің тұтастығын ұйымдастыратын, іс-әрекеттердің мақсатқа
бағытталған бірлестігін орындайтын функциялардың құрылымдарын;
— тұтас ортада жалпы ешкімді, берілген жүйенің үрдісі қарастырылатын
және педагогикалық-психологиялық тілмен сипатталатын шынайы ортада. Бұл
жағдайды педагогикалық үрдістегі субъект-объект пен субъект-субъект
қатынасында жүзеге асыру қиын;
— жүйеліліктің негізгі белгілерін сақтайтын және тұтастылықтың
функционалдық спецификасына ие иерархиялар;
Осы жүйенің қолданылатын уақытқа байланысты өзгертетін бірліктер. Олар
білім беру мекемелеріндегі педагог мамандардың кәсіби қабілеттерін
қалыптастыратын жүйенің негізгі қасиеттері.
Жүйенің жалпы теориясы көп емес ауыспалы себепті мүмкіндіктерді
орнатудың орнына әр түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың, зерттелетін
объекттің ішінде және оның басқа объектілермен қарым-қатынасы
тәуелділігінің себептерін анықтайды [68].
— жүйеліліктің негізгі белгілерін қамтитын және функцияның тұтастығын
сақтайтын, бірақ та, жүйеліліктің бірлігінен орын алмайтын иерархиялар; осы
үрдіс барысында уақытқа тәуелді болып өзгеретін бірліктер. Жүйенің негізгі
қасиеті мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтың кәсіби қалыптасуы болып
табылады. Жүйенің жалпы теориясы зерттелетін объектінің ішіндегі және оның
басқа объектілермен қатынасы кезіндегі кейбір өзгерісткердің
байланыстарының сан қилы түрлері мен олардың қатынастарынан туындау
себебінің орнын анықтайды. Жүйелі әдістің пәндік зерттеу әдісіне қарағанда
сапасы жоғары. Ол жалқыдан жалпыға, абстрактіден нақтыны зерттеуге
бағытталған.
Г.Н. Сериковтың айтуы бойынша жүйелі әдіс бірнеше аспектілерден тұрады.
Олар: жүйелі-компоненттік, жүйелі-функцияналдық, жүйелі-интегралдық және
жүйелі-тарихи [12, 318 б].
Жүйелі-функцияналдық принцип пен оған лайықты құрылымдық анализ бен
синтез, барлық айтылған аспектілердің ішіндегі жүйелі әдіс үшін ең негізгі
болып келеді. Осы принципке сәйкес, барлық объектінің жүйелі қасиеттерін
функция ретінде жүйе компоненттерінің осы құрамында олардың белгілі құрамы
мен байланысын жүйеден шығу кезінде қабылдауға болады [67].
Жүйелі-құрылымдық аспектідегі құрылымдар негізгі болып көрінеді.
Жүйенің қасиеттерін болжайтын объект туралы білімдердің мазмұнының
интеграциялық сипаттамасын қамтитын, алдын ала белгіленген қасиеттермен,
санкциялармен оның синтезін іске асырады және статистикалық, динамикалық
құрылымдардың негізінде жүйенің әрекетін түсіндіреді.
Жүйелі әдісті іске асыру үшін оның құрылымдық-функционалдық
сипаттамасы және қандай да бір жүйені қалыптастыру үшін компоненттік және
генетикалық (тарихи) тәсілдері маңызды. Білім беру ұйымдарының сонымен
қатар мектепке дейінгі мекемелердің де кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
үшін олардың жүйелерінің құрылымдық сипаттамасы барлық элементтерді
біріктіреді. Олар: компоненттік, құрлымдық, функционалдық және генетикалық
элементтер.
Жүйелі әдістің жүйелі-компоненттік аспектісінің мәні — басқа
компоненттерді және олардың мәнін дұрыс анықтау. Бұл мына мәселелерді шешу
үшін қажет:
Біріншіден, құрылымның басқа компоненттерінсіз жүйенің мегаструктурасын
құру мүмкін емес; екіншіден, жүйелі-құрылымдық анализге (синтезге) төмен
деңгейлі компоненттерге ұшырауға алып келеді; үшіншіден, өзінің және
мегажүйе компоненттерініің бірлесіп әрекеттесуіне жағдай жасайды.
Жүйелі-функционалдық аспект жүйенің функционалдануын шамамен,
тұтастай және сырқы ортадағы оның тәртібін де сипаттайды.
Біздің жағдайымызда компоненттер мен қосалқы жүйелердің әрекеттесу
заңдылықтарын, компоненттер мен қосалқы жүйелердің қасиеттерінің
әрекеттесуін, тұтас интегралдық функциялардың және компоненттердің
қасиеттерінің өзара тәуелділігін, сыртқы ортаның факторларын және басқа
жүйелердің өзара әрекеттесулерін білу керек.
Жүйелі-интегративті аспект – жүйелі тәсілдің методологиясының негізгі
жағы. Қазіргі кезде әр объект сан қырлы әр түрлі ғылымдардың шарттарына
байланысты зерттеудің пәні болып табылады. Осыған орай жүйелі тәсіл
теориясында кейбір полижүйелілік пайда болды. Сондықтан жүйенің модельді
объектілерін, олардың ұдайы синтезін тұтас интегративті бейнеге қайта құру
немесе алмастыру қажет. Сондықтан да жүйелілік әдісі жүйелі құрылымдық
аспектінің мәні объектпен әр түрлі теориялық және тәжірибелік синтездердің
ұйымдасқан негізін жасаумен байланысты (В.С. Безрукова, А.П. Беляев) [59].
Жүйелі-тарихи аспект дамып келе жатқан теориялардан тұрады және
құрылымдық компоненттері тек қана статистикалық құбылыстар болмайды,
сонымен қатар даму мен жұмыс істеудің деңгейлері қасиеті, күйі,
байланыстары мен қатынастары фазалары.
Бір жүйені екінші жүйеге айналдыру үшін қолдануға болатын әдістердің
негізінде білім беру мекемелерінде педагог мамандардың кәсіби
құзіреттілігінің қалыптасуының зерттеу объектісінің ішкі қиын
құрылымдарынан тұратын жалпы сипаттама ретінде түсінуге болады. Бұл принцип
біздің зерттеуімізге қатысты зерттелетін объектінің сыртқы ортамен, басқа
объектілермен қатынасқа түсу мүмкіндігін, тұта жүйенің ішкі белсенділігін
көрсетеді. Тұтас жүйенің принципі бұл жағдайда жүйенің даму ерекешелігі мен
қызметінің сапалық бояуларын және спецификалық ерекшеліктерін сипаттайды.
Айтылған жайттарды жалпы қабылдау қажет, себебі объект қоршаған ортамен көп
байланысқа түседі және жеке өзі тіршілік ете алмайды. Білім беру жүйесінде
элементтердің тұтастығы қарама-қайшы және серпімді. Осының барысында
өзгермелі қоршаған ортада білім берудің қызметі күшееді [70].
Жүйенің тұтастығын айта отыра оның төмен компоненттерінің
жинақталған, механикалық қандай да бір қасиеттерінен алшақ болу керек. Ең
негізгі болып тұтас жүйедегі элементтердің, қасиеттердің, қатынастардың,
сапалардың, тұтас қызметтің ішіндегі тәуелділігін анықтау болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерінің
қалыптасуын жүйелі зерттеу кезінде жүйелерді бірнеше бөліктерге бөлуге
болады, себебі құрылымдық компоненттердің ішкі және сыртқы байланыстарын,
жүйенің элементтерін, зерттеу жеңіл болады. Сондықтан жүйедегі жеке
компоненттерді бөлу тұтас оқыту жүйесі қызметінің ерекшеліктерін дәл
зерттеуге көмектеседі. Біздің зерттеулерімізде құрылымдық принциптерді
ұстану обекттердің белгілі бір бірлескен байланысын қамтып, олардың
өздерінің тепе-теңдігін мен тұтастығын қамтамасыз ететінін білдіреді
(сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде объектінің өзінің қасиеттері мен
сапаларын сақтап қалуы) [43].
Құрылымдық жүйені біз белгілі бір жүйені ұйымдастыру үшін
(элементтер, байланыстар, функциялар) қарастырдық. Біздің зерттеулерімізде
мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілердің жеке-кәсіби құзіреттіліктерінің
қалыптасу құрылымы жүйені өзгерту кезінде жалпы принциптер мен
педагогикалық жағдайлар өзгермейді. Жүйелі зерттеу кезінде жүйені сипаттау
оның құрылымын анықтау арқылы жүзеге асады; жүйе әрекетінің шартталуы тек
қана оның элементтерінің функциясын, құрылымын ғана анықтайды. Функция да
жүйеге әсер етеді: құрылымның ұдайы әрдайым өзгеруі мен оған сәйкес тұтас
байланыс компоненттерінің де өзгеруі. Тәрбиешілердің кәсіби
құзіреттілігінің даму жүйесі тұтастығының ішкі құрылымын күрделі зерттеу
ретінде түсінуге болады. Бұл принцип біздің жүйемізге қатысты
қарастырылатын объектілердің интегралдануын, тұтас жүйенің ішкі
белсенділігін көрсетеді. Тұтас жүйенің принципі бұл жағдайда жүйенің қызмет
көрсетуі мен дамуының сапалы өзгешеліктерін сипаттайды.
Айтылған сипаттамаларды объекттің сыртқы ортамен ұдайы қарым-қатынасын
ескере отыра сипаттау қажет, себебі объект өздігінен өмір сүре алмайды.
Білім беру жүйесінде элементтердің тұтастығы қарама-қайшы және
динамикалық болып келеді. Осының салдарынан қоршаған ортаның өзгермелі
жағдайларында, білім беру жүйесінің атқаратын қызметінің сенімділігіне
жетуге болады. Жүйенің тұтастығын сөз ете отыра, оның қандай да бір төмен
компонентті ерекшеліктерінің жиынтық, механикалық бірігулерінен сақтану
қажет. Қызмет көрсететін тұтас жүйенің ішіндегі элементтердің,
қасиеттердің, қатынастардың, сапалардың тәуелділігін анықтау ең басты іс
болып саналады. Аталғандарға сүйене отырып, мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарындағы тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерінің дамуын жүйелі түрде
зерттей отыра, жүйені бірнеше бөліктерге бөлуге болатыны айқындалды. Ол
сыртқы және ішкі байланыстарды зерттеуге қолайлы әрі тиімді болатын жүйенің
элементтері, құрылымның компоненттерін анықтауға көмектеседі. Сөйтіп
жүйеден жеке компоненттерді анықтап алу, білім беру жүйесі қызметінің
ерекшеліктерін дәл зерттеуге көмектеседі[58].
Біздің зерттеулерімізде құрылымдық принципті ұстану ол өздігінен
тұтастық пен тепе-теңдікті қамтамасыз ететін объектінің белгілі бір жиынтық
байланыстарын білдіреді (ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде де өзінің
негізгі қасиеттерін сақтап қалу) [69].
Құрылымдық жүйені біз, ұйымдастыратын және көрсететін жүйе ретінде
қарастырдық (элементтер, құрылымдар, байланыстар, функциялар). Біздің
зерттеулерімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагог
мамандардың кәсіби-жеке құзіреттіліктерінің дамуы, жүйені өзгерту кезінде
педагогикалық жағдайлардың және жалпы принциптердің беріктігі мен
өзгермейтіндігін көрсетеді. Жүйелі зерттеулерде жүйені сипаттау оның
құрылымын анықтау кезінде жүзеге асады, жүйе қызметінің ғана емес сонымен
қатар оның элементтері мен құрылымдарының шартталуы байқалады.
Педагогикалық жүйелі зерттеулерде жүйе элементтерінің функциясын
құрылымы ғана анықталмайды, функцияның өзі де жүйеге әсер етеді. Жүйенің
құрылымы және оған тиісті тұтас қатынастардың компоненттерін әрдайым
өзгерту үрдістері болып отырады. Иерархиялық принцип – төмен және жоғары
сатылардың жүйелі әрекеттесуінен тұратын, көпсатылы жүйені ұйымдастырудың
ең негізгі бірден-бір құрылымдық принципі. Иерархиялық құрылымдық жүйеде
құрылымдық және функционалданған дифференсация орын алады. Төменгі деңгей
функцияның белгілі бір аймағында орындалады және жүйе қызметінің жеке
бөліктеріндегі нақты ақпарат көздерінде қолданылады;
Жоғарғы деңгей жүйенің төмен деңгейлі компоненттерінің бірігуіне
арналған. Ол тұтас жүйенің функционалдану шартын сипаттайды. Сондықтан Э.Г.
Юдинаның пікірі бойынша иерархиялық принциптің әр элементі өз алдына дербес
болып келеді. Ол басқа жүйені құрайтын элементтердің иерархиялық
тәуелділігінен тұрады. Олар төменгі деңгейді көрсетеді. Ол деңгейде әр
компонентті өз кезегінде жүйе ретінде қарастыруға болады, ал зерттелетін
жүйе ауқымды жүйенің бір компонентін түсіндіреді[13, 168 б]
Жүйе мен ортаның өзара тәуелділігі принципі жүйе ортамен әсерлесу
кезінде өзінің қасиеттерін қалыптастырумен және көрсетумен негізделеді.
Осының нәтижесінде пайда болған ішкі және сыртқы байланыстар жүйені берік
қылады: жүйенің қиындығының өлшемі ол даму дәрежесі мен ортаның шартына
бейімделуі. Біздің зерттеулерімізде ол педагогикалық қызметтің нақты
жағдайларына бейімделу. Қиын әлеуметтік білім беру жүйелерінде жүйе және
орта ұғымдарының анық белгіленген шегі жоқ. Ортаны сыртқы деп есептеудің
негізгі элементтері ол қандай да бір объектінің тұтас жүйенің қасиеттерін
қалыптастыруға қатысы барын не жоғын анықтау. Жүйенің интегралдық
қалыптасуына жанама қатысы бар объектілер, жүйенің жеке компоненттері
арқылы сыртқы ортаға жатады [15, 274 б] .
Жүйенің көптеген принциптері жүйедегі әрбір микрожүйенің күрделілігін
болжайды (төмен және жоғары деңгейлер), оның саналы танымы әр түрлі ғылыми
модельдердің қалыптасуы мен құрылуын талап етеді. Олардың әрбіреуі жүйенің
белгілі бір аспектісін сипаттайды. Сонымен қатар әр жүйенің түрліше сипаты
оның қалыптасуына қатысы бар кейбір сапалы материалдық және идеалдық
объектілердің қатысы барын болжайды, сондай-ақ … жалғасы