Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктері

1

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының
ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … .3
… … … … … … … … .. … … … ..
1 Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының 6
ерекшеліктерінің теориялық 6
негіздері … … … … … … . … … … … … … … … 18
1.1 Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу
мәселелері … … … … … .. 21
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың
дамуы … … … … … … … . … … … 31
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің
дамуы … … … … … … … . … … … … … … … … .31
… … … … … … … … .. … … … ..
2 Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының 33
ерекшеліктерін зерттеу
тәжірибесі … … … … … … … … … … … … … … .
… . 35
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуының 51
деңгейін 52
зерттеу … … … … … … … … … … … … … … … .5 4
… … … … … … … …
2.2 Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды сферасын дамытуға
арналған жаттығу
жүйесі … … … … … … … … … … … … … … …
2.3 Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық сферасын дамыту
психологиялық-педагогикалық экспериментінің нәтижелерін
талдау … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. … … … …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. … … .
Қолданылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … .
… …
Қосымшалар … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. … …

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен
білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл
бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның
дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері,
экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі
таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек
психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне
кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.
Өзектілігі. Қазіргі психологиялық — педагогикалық теорияда мектеп
жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа
ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты
деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше
қарым-қатынастар талап етіледі. Олар өте мейрімді, нәзік, өте сенгіш
келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу,
жараламай тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын. Топта балаларға жақсы және
жайлы болу қажет.
Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра
алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, тәрбиеші – психолог оларды
ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды
баламен бірге анасына көрсету үшін істеу керек деп, балаларға айтып отырған
жөн. Ата — анасының сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да
сүйіспеншіліктер оятады деп ойлаймын.
Мағжан Жұмабаев эмоция, ішкі сезімдер түрлері және олардың жағымды,
жағымсыздығы туралы дербес тоқталып айта келіп, осы сезімдерді тәрбиелеу
қажеттігіне тоқталады. Бала мазасыздану туралы қорқу сезімінде баса айтады.
Қорқу сезімі – адам жанында бір бақытсыздық күткенде болады, — деп оның
терең талдай отырып, Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы
тым тірі һәм денесі әлсіз – деген тұшымды ой айтады. Алдымен баланың
қорықпауына мән беру керектігі, жасында қорқақ болған баланың ерлік істерге
бара алмайтындығымен түйіндейді.
Мектепке дейінгі кезеңнің эмоционалдық реакциясына қарқындылық пен
тұрақсыздық тән. Бұл жаста балалар өздерінің эмоцияларын еш қымсынбастан
көрсетеді, олар қуаныштан секіріп, шауып жүгіруі немесе ашу ұстамасында
еденге өзі құлауы да мүмкін. Қанағаттанбауды білдірудің әлеуметтік
тұтынушылық әдістерін меңгермей жатып, олар ашуланып, кейде тістеп, тырнап
немесе төбелесе бастауы да мүмкін. Ашуды көрсетудің физикалық әдістері
көбіне ұлдарға тән. Дегенмен балалардың ашу реакциясы ересек жастағы
балаларда байқалатын ұқсас реациялардан ерекшеленеді. Ол қандай да бір тура
ынтаға атылғыш, көндіксіз, қысқа реакциялар болуы мүмкін. Жас балалар
арасындағы жанжалдар мен ұрыстар жиі болып отырады және, негізінен қайсыбір
нәрсені меңгерудегі таластың нәтижесі болып табылады. Алдын-ала
ойластырылған және жоспарланған қарым-қатынастар уақыт өте дамиды, ол
баланың өзінің энергиясын белгілі мақсатқа бағыттау қабілетінің өсу
деңгейіне байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңында ойынды жоспарлаудағы
ойлары мен қызығушылықтарының қиылыспауы ұрыстардың салмақты себебі болып
табылады.
Мектепке дейінгі кезеңде балаларда алдымен жануарлардан қорқу дамиды,
бірақ сосын 4-6 жаста қарқынды шекке жететін, түнгі қорқыныштармен
байланысты қияли қауіптіліктер алдындағы (елестер және т.с.с.) үрейлерге
бірте-бірте алмасады, кейде балалар анасы болмаса ұйықтай алмауы да мүмкін.
Көбіне бұл жастағы қорқыныштар мен толқулар тамақтану мәселелеріне
байланысты болады, сондықтан балалар тағамнан бас тартуын байқатуы мүмкін.
Сонымен бірге, мектепке дейінгі оқушылар көбіне жеке өзі жаңа жағдайларға
тап келсе одан қорқады, бірақ жаны жақын адамының қасында болуы
қорқыныштарды жоюда едәуір деңгейде көмектеседі.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мәселесі бойынша балалардың
эмоционалдық дамуын шетелдік және отандық психологтар қамтиды: Л.С.
Выготский [1], А.Н. Леонтьев [2], Ж.И. Намазбаева [6], К.Э. Изард [7], З.
Фрейд [8], С.К. Бердібаева [13], Г.М. Бреслав [14] және т. б.
Зерттеу мәселесі: МДМ-де балалардың эмоционалдық сферасын дамыту
ерекшеліктеріне жеткіліксіз уақыт бөлінеді.
Зерртеу объектісі: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасы.
Зерртеу пәні: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасын дамыту
құралдары.
Мақсаты: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының
ерекшеліктерін зерттеу.
Міндеттері:
— мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерінің
теориялық негіздерін зерттей отырып, тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу
мәселелерін қарастыру;
— мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын және мектеп жасына дейінгі
балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуын сипаттау;
— мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерін
зерттеу тәжірибесінде мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық
дамуының деңгейін зерттеу;
— мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды сферасын дамытуға арналған
жаттығу жүйесін қолдану;
— мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық сферасын дамыту
психологиялық-педагогикалық эксперименттінің нәтижелерін талдау.

Гипотеза: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасын дамыту
үшін мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының деңгейі зерттеп,
баланың эмоционалдық сферасының дамуына әсер ететін жаттығулар жүйесін
әзірлеп және іске асыру қажет.
Практикалық маңыздылығы: жүргізілген зерттеулер нәтижелері мектепке
дейінгі жастағы балалардың эмоционалды сферасын дамыту жұмыстары үшін
пайдаланылуы мүмкін. Осы балалардың тәрбиешілеріне, мұғалімдері мен ата-
аналарына пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттерді талдау — теориялық әдістері, психодиагностика (сауалнамалық
әдіс, сауалнама) әдістері, педагогикалық эксперимент, сандық және сапалық,
алынған нәтижелерді талдау – эмпирикалық әдістері.
Зерттеу базасы: №2 Қостанай, 6 Солнечный көшесі, ЖШС Ардан
балабақшасы.
Дипломдық жұмыс құрылымы: жұмыс екі негізгі тараудан, кіріспе мен
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылады.

1 Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерінің
теориялық негіздері

1.1 Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері

Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем
үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір мен денсаулық 
мәдениетін  игермей  тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды.
Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, сондай-ақ
еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың
денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың
бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты.
Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау,
баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай
ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін
ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады.
Қазіргі  кезеңде  тұлға  –   психологиядағы ең өзекті мәселелердің
бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы
белсенді тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамның қазіргі
жағдайында елдің саяси, мәдени, әлеуметтікэкономикалық жақтарын жаңғырту
кезінде, жастардың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың
тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпал тигізетіні сөзсіз.
Адамның тұлғасы қарым-қатынастарының кешенді  әсерінің   нәтижесінде 
дамиды.  Тұлға — бұл қоғамдық тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық 
қатынастар  жүйесінде  ала-  тын орны, оның орындайтын іс-әрекеті – бұл
оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адам
сипаттамасы үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-
әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа
байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін   құрайды.  
Нәтижесінде   адамның кез-келген реакциялары және ішкі аффективті
өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның
ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және
әлеуметтік факторларға байланысты. Сонымен қатар тұлғаның дамуында нақтылы
тарихи орта негізгі болып саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы,
механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып
келеді.
Л.С. Выготскийдің баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие деген
пікірі осыған негізделеді [1]. Баланың  тұлғалық  дамуы,  оның дамуындағы
әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Сонымен, тұлға біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің
субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті,
оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекетпен қарым-
қатынасқа қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп,
қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
А.Н. Леонтьев тұлға ұғымына адамның шарттанған ерекшеліктері –
физикалық конституцияны, жүйке жүйелерінің типтерін, темпераментті,
биологиялық қажеттіліктерді, табиғи нышандарды, сонымен қатар меңгерілген
өмірлік маңызды білімдерді, ептіліктерді дағдыларды жатқызады [2].
Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық
дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік
сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоция мен сезім жеке
үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда
олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан
ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады.
Қазақ тіліне  аударғанда  эмоция  сөзі  –  ол жан-дүниенің
қозғалысы, жан-дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында
ерекше рөл атқарады. Эмоциялар мынадай қызметтер атқарады:
Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі – адамның оқиғаға адамның түрлі
әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.
Эмоцияның басқарушы рөлі – Адамды қоршаған шындықты және қандай да бір
оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез құлқын басқаруда эмоция
маңызды рөл атқарады.
Эмоцияның қорғаныс қызметі – адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп
туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныш тың туындауымен тығыз
байланысты.
Эмоцияның сигналдық қызметі – сыртқы көрініс арқылы адамның басқа
адамға жай күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адаммен жануарлардың мінез-
құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер
эволюцияда тетік ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте
ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе
артықшылығының алдын алады деген көзқараста болды [3].
Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық
тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік,
дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа,
адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес,
тұлғаның қызметінің көрінісі ретінде қарастырды [4]. Ол эмоционалды құбылыс
бейнелеуші мазмұннан және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады.
Л.С. Выготский эмоциялардың теориялық мәселелерін өз зерттеулері
арқылы қарастырған. Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны белсенділікке
ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын реттейді [5].
Э. Клапаред эмоция туралы дамыған бала мен қалыпты жағдайдан ауытқыған
баланы ересек адамдармен салыстыра отырып, арнайы тәжірибе арқылы зерттеді.
Ол эмоция мен сезім жеке процестер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда
біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік  мәндері  ерекше  деген 
көзқараста болды. Эмоция адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен
байланысты болатындығын да қарастырды [6].
З. Фрейд бірқалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың
эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра отырып зерттеуге
мамандардың үнемі көңіл аударып отыратындарына назар аударды [7].
Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен
құрылымы қоршаған адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мінез-құлық
ережелерін меңгеруіне байланысты.
Көп жағдайда эмоция және сезім синоним ретінде  қолданылады.  Сезім 
–  тұлға   қасиеті, ал эмоция сезімнің көріну үрдісі деп қарастырылады.
Сезімнің негізгі көзі адамның іс-әрекеттері. Адамның сезімдері бағыты,
тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан әртүрлі болып келеді. Эмоция
қалпындағы сезімдерді бастан кешіру азды-көпті байқалатын сыртқы
көріністермен (бет-әлпет кейпі, ымишарат т.б.) қатар жүреді. Сезімдер
адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан
формаларда көрінеді. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне
байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды
[8].
Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды
және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану,
зерігу, психоэмоционалдық зорлану. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше
сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай
ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады
(сүйсінусүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т.б.). Олар өзара екі
полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың белсенді және солғын көрініс
беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, 
көтеріңкі  сезімдер  стеникалық (стен — грек тілінде күшті деген мағынаны
білдіреді) деп аталады, ал адамды күшінен айырып, барлық іс-әрекеттерін
баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения – әлсіз) деп атайды.
Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар
туғызады.Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны
үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында өмір үшін қүресте
күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Эмоциялық жағдайлар адамның
дем алу, қан айналу мүшелеріне өзгерістер ендіретінін бет әлпеті мен бүкіл
дене қимылдарына, сөздің интонациясы мен тембіріне, дикциясы мен паузасына
да өзгерістер енгізеді. Көңіл күй – эмоциялардың күрделі түрінің бірі.
Адамның көңіл-күйіне оны қоршаған орта үлкен әсерін тигізіп тұрады. Егер
оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы татулықта, отбасындағы жағдайы жақсы
болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке
жүйесінің ерекшеліктері әсерін тигізеді. Адмның өміртіршілігі үшін елеулі
маңызы бар оқиғалар да көңіл-күйі арқылы көрініс береді.
К. Изард бойынша эмоциялық ахуалдар және олардың психологиялық
сипаттамаларымен сыртқы көріністері көрсетіледі.
Қызығушылық (эмоция ретінде) – дағдылармен біліктерді, білімдер мен
түрткіні дамытуға ықпал ететін жағымды эмоциялық ахуал. Қызығушылықтың
қалыптасу құрылымына:
— жағымды эмоционалды қатынастардың тууы;  тереңдетілген   жағымды  
эмоционалды қатынастардың тууы; орнықты (тұрақты) қызығушылық;
— таңдану – кенеттен пайда болған жағдайларға жағымды немесе жағымсыз
эмоциялық реакция;
— қуаныш – қажеттілікті толық қанағаттандыру мүмкіндігіне  байланысты 
жағымды эмоциялық ахуал.
Ашу – маңызды қажеттілікті қанағаттандыру жолында кенеттен пайда
болған, әдетте аффект жағдайында өтетін жағымсыз эмоциялық ахуал жатады.
Жек көру – субъектінің өмірлік ұстанымдары, көзқарастары, мінез-
құлқының өмірлік ұстанымдарымен, көзқарастарымен және мінезқұлқымен сәйкес
келмеуінен туындайтын жағымсыз эмоциялық ахуал.
Қорқыныш – қауіптің төнгенін сезгендегі адамның немесе жануардың
қорғану биологиялық реакциясын бейнелейтін жағымсыз эмоциялық ахуалы.
К. Изард қорқыныш пен мазасыздануды ажырату қажеттілігін бірқатар
зерттеулері арқылы көрсетеді [9].
З. Фрейдті толғандырып ойландырған мәселе адамның өз басынан кешіретін
эмоциялык күйлік көріністері. Әсіресе ол адамның ашу үстінде өз психикасы
мен санасын басқара алмай абдырауы, эмоциялық толқу үстінде адамның өзі
істеген істеріне есеп бермейтіндігі не себептерге байланысты деген
мәселелерге ерекше назар аударуына себепкер болды және психологияға
мазасыздық түсінігін енгізді [10].
Қазіргі психологиялық сөздікте қорқыныш — бұл субъектінің әлеуметтік
және биологиялық экзистенциясы үшін қауіп туындайтын аффекті — сезімдік
эмоция деп беріледі.
Фрейд бойынша қорқыныш – бұл аффект күйі, яғни нақты бір 
жағдайларға  байланыс-  ты қанағаттану және қанағаттанбаушылықты сезіну
[10].
Р.Ф. Овчарова қорқынышты адам санасында оның өміріне нақты бір
қауіптің эффективті бейнеленуі (эмоционалды өткірлік) ретінде қарастырады
[11].
Қорқыныш өзін-өзі сақтау инстинктіне негізделген, жоғары жүйке
жүйесінің нақты физиологиялық өзгерістер мен қорғаныс рефлекстерімен
сипатталады деп түсіндіріледі.
Сонымен, қорқыныш – бұл көптеген адамдарда үрей сезімін тудыратын
эмоция. Сондықтан да қорқыныш адам өмірінің шынайы бөлігі болып табылады.
Адам әртүрлі жағдайлардан қорқуы мүмкін, алайда бұл жағдайлардың барлығының
ортақ белгілері бар. Ол адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп
төнген сияқты қабылданады және әсер етеді. Қорқынышты итенсивті түрде 
сезіну ұзақ уақыт есте қалады. Қауіпті түсіну өмірлік тәжірибеде
тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырады, қорқыныштың туындауына баланы
тітіркендіретін қауіпті әсерлердің біртіндеп жоғарылауы да себеп болады.
Әдетте бұндай жағдайларда тәжірибеде (қорқыныш, ауру, конфликт) көрінуі
байқалады.
Қорқыныш термині сияқты үрей термині де кеңінен қолданылады.
Қорқыныш пен үрейдің ортақ белгісі мазасыздану және алаңдау сезімі
түріндегі эмоционалды компонент болып табылады. Үрей мен қорқыныштың
ерекшелігі шамадан тыс қорқу болып табылады. Үрей – бұл қауіпті алдын ала
сезіну, алаңдау күйі. Үрей, негізінен, жауапкершілік, борыш, адамгершілік
сезімі бар адамдарға тән. Сонымен қатар үрей өзінің және жақын адамдардың
өмірі үшін жауапкершілікті сезіну, солар үшін алаңдаумен сипатталады. Егер
үрей сезімі ұзақ уақыт созылса және қауіпті алдын ала сезсе, онда үрейдің
объективті формасы қорқыныш ретінде қарастырылады. Кейбір жағдайларда
қорқыныш үрейдің шығу қақпағы ретінде де көрінеді. Педагогика мен
психологияда қорқыныштың әртүрлі классификациясы бар:
— шынайы;
— невротикалық;
— еркін қорқыныш.
Шынайы қорқыныш – сыртқы қауіпті қабылдауға қалыпты реакция ретінде
өзін-өзі сақтау инстинктің рационалды көрінуі.
Невротикалық  қорқыныш  – невротиктердің мақсатсыз қорқыныштардың
әртүрлі формасы психикалық инстанциялардың жұмыс істемеуінен туындайды.
Еркін қорқыныш – жалпы белгісіз үрейленушілік, қорқыныш тудыратын
объектілермен байланысты емес жөнсіз қорқыныш.
Невротикалық қорқыныштар – жоғары эмоционалды интенсивтілікпен, ұзақ
уақыт және  тұлғалық   мінез-құлқына   жағымсыз әсер етумен, басқа да
невротикалық бұзылушылықтардың    әрекеттестігімен,     қорқыныш 
 объектілерінен   қашумен    сипатталады. Невротикалық қорқыныштар ұзақ
және шешілмейтін  қобалжулардың  нәтижесі  болуы мүмкін. Көбінесе сезімтал,
ата-аналармен қарым-қатынаста эмоционалды қиындықтарды сезінетін балаларда
қорқыныш сезімі басым болады және оларда отбасындағы конфликттерден,
қобалжулардан эмоционалды әлсіреу болады. Бұл балалар ересектерге
қауіпсіздіктің, махаббаттың, беделдің көзі ретінде қарайды.
Қорқыныш – бұл интенсивті түрде көрінетін эмоция, оны қарапайым,
шынайы және жасерекшелік сипаты бойынша және ауытқушылық деңгейіне
байланысты ажыратуға болады. Әдетте қорқыныш қысқа мерзімді, қайтымды
болады, адамдардың құндылық бағдарына тимейді, оның мінезіне, тәртібіне
және қоршаған ортадағы адамдармен әрекеттестігіне әсер етпейді. Қорқыныш
объектілерінен жанасудан қашатындықтан қорқыныштың кейбір формалары
қорғаныс реакциясы қызметін атқарады.
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың
психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады.
Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың
болуы;    баламен    қарым-қатынаста   мазасыздану, оны қауіптерден 
шектен  тыс  қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу; сол жыныстағы ата-
анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының
балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген
іске аспаған қоқан-лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация
мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы
қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану;
үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа
психологиялық бой алдыру.
Адамдардың әлеуметтік әрекетін және тұлғааралық қарым-қатынасқа,
мінезіне жағымсыз әсер ететін, санасыздықтан еріксіз, қиын, созылмалы
шиеленсікен жағдайда (эмоционалды шок, қатты қорқу) паталогиялық қорқынышты
білдіреді.
Қорқыныш – бала өміріне және сәттіліктеріне төніп тұрған қауіптің
мидағы бейнесі. Мазасыздық – қорқынышты эмоционалды түрде сезіну.
Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу мынадай себептерге байланысты
болады: өз қатарларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-анасының өзара жанжалды
болуы психикалық жарақат алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп, т.б.
Мазасыздық – күй ретінде қолайсыздықты сезу. Осы арқылы мінез құлықтың
кері формаларында мыналар жатыр деген пікір айтуға болады: мазасызданудың
көрінуі ретінде қарастырылуы, эмоционалдық күйзелу, тынышсыздық,
қолайсыздық және өзіне сенімсіздік.
А.Н. Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырады. Ол: Эмоциялар
өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың механизмі және нәтижесі болып
табылады. Эмоция ішкі сигналдар қызметін орындайды. Эмоция ерекшелігі,
олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді. А.Н. Леонтьев: мотивтер
сезілмеген уақытта да, олар өздерінің психикалық бейнеленуін ерекше формада
– әрекеттің эмоционалды бояуы формасында табады деген пікір айтады [12].
Аффект пен эмоциялар өзінің ситуативтілігімен ерекшеленеді. Аффектілер
А.Н. Леонтьев бойынша, әрекет соңында пайда болып әрі жағдайдың жалпы
бағасын береді де, ал эмоциялар болған немесе мүмкін болатын жағдайға
бағалау және жеке қатынасты бейнелейді. Сезімдер айқын   сипаттағы  
заттық сипаттағы тұрақты эмоционалды бастан кешулер болып табылады және іс-
әрекетке қатысады, бірақ жағдайға тәуелді болмайды.
В.А. Петровский жеке адамның эмоционалды дамуының екі аспектісін бөліп
көрсетеді [13]:
— эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;
— өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнатуы.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз – қиындық жағдайындағы әлеуметтік
қажеттіліктер фрустрациясын бастан кешіру. Мазасыздануды бас миының қызмет
етуімен байланыстыру негізінде мазасыздануды анықтауда психофизиологиялық
бағалау әдісін қолдануға болатындығы айтылады. Жекелген мазасыздануды
анықтауға арналған Спилбергер тестісін де атауға да болады. Мазасыздану
басынан-ақ жеке адамның жағымсыз сипаты болып саналмайды. Әрбір адамда
өзіне тән мазасыздану деңгейі  бола-  ды. Бұл – жеке адамның
белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Ол мазасыздану өзін-
өзі қайта құруға, өзін немесе ситуацияны өзгертуге дайындық сигналы
ретіндегі мазасыздану болып табылады.
Мазасыздық адамда қозуды бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған
ситуациялардың, шектелген белсенділіктің болуы салдарынан пайда болады.
Осыған байланысты, мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті, қауіпті
болжаумен немесе белгісіздік жағдайында адам үшін маңызды, ауқымды нәрсені
күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа салатын мазмұнсыз мазасыздану деп
түсінілетін эмоциялық ахуал.
Мазасыздық қауіптену эмоциясының жақын болғанмен, дегенмен де оның
қорқыныштан айырмасы жоқ. Қауіптенудің нақты  әсерден көзі бар, шындағында
да қауіпті болып бағаланған нақты бір нысанмен байланысты. Ал мазасыздықтың
пайда болуына, нақты және анық себеп жоқ.
Мазасыздану термині нақты жағдайға тәуелсіз пайда болған
әсерленулердің кең шеңберін анықтау үшін де жиі қолданылады. Мазасыздық пен
мазасыздану түсініктерінің көп қырлылығы мен семантикалық анықсыздығы
олардың психологиялық зеттеулерде түрлі мағынада қолданылуларының салдары
болып табылады.
Әйтсе де мазасыздық та, мазсыздану да қорқыныштың алдында жүреді деп
саналады, ол қауіп сезіліп және анықталғанда пайда болады.
Психологияда эмоциялық ахуал ретіндегі мазсыздануды (ситуациялық
мазасыздану) және тұрақты сипат (тұлғалық мазасыздану) ретінде бөліп
қарастырады.
Психологияда   ситуациялық   мазасыздану эмоциялық реакция ретінде
анықталады, ол жайсыздықты алдын ала сезумен, қысымды, невроздылықты,
мазасыздануды субъективтік түсінулермен сипатталады және вегативтік жүйке
жүйесінің белсенділігімен қатар жүреді.
Субъектінің мазасыздыққа бейімділігін және оның ситуациялардың кең
ауқымын қауіпті деп қабылдап, олардың әрқайсысына белгілі бір реакциямен
жауап берумен байқалатын тұрақты индивидуалдық сипаттаманы тұлғалық
мазасыздану деп түсінеміз.
Мазасызданудың белгілі бір деңгейі – белсенді әрекетшіл тұлғаның
табиғи және міндетті ерекшелігі. Әрбір адамның өзіндік тиімді немесе
қалаған мазасыздану деңгейі болады. Ол пайдалы мазасыздану деп аталады. Бұл
қатынастағы адамның өз ахуалын бағалауы ол үшін өзін-өзі тәрбиелеудің
маңызды компоненті болып табылады. Алайда егер аяқ астынан адамның өзі
немесе айналасындағылар бәрі жалпы қалпында болғанымен, ал оның
мазасызданудан арыла алмауы немесе әдетте оқиғаларға әсерленуі шектен тыс
немесе бұрын мән бермейтінге назар аударып, мазасыздануы байқалса, онда бұл
жағдайда ситуациялық мазасызданудың дезадаптивті сипат алғаны жөнінде
айтуға болады.
Мазасыздануды зерттеуге арналған көптеген жұмыстарда қалыпты және
паталогиялық мазасыздану деп екіге  бөлінеді.  Қалыпты  және паталогиялық
деп бөлу оның көптеген аспектілері мен түрлерін бөліп көрсетуге алып
келеді: қалыпты, ситуативті, невротикалық, психологиялық және т.б. Дегенмен
көптеген авторлар мазасыздануды, оның көріністері, адекваттық емес
қарқындылықпен үлкейсе, паталогиялық сипат алуы мүмкін, маңызы бойынша
біртұтас құбылыс деп бағалайды.
Алайда мазасызданудың кейбір физиологиялық көрсеткіштермен өзара
байланысын қарастырғанда, мазасыздану – ол субъективтік құбылыс екендігін,
оның көріну деңгейі мен сипаты индивидтің тұлғалық еркешеліктеріне
тәуелділігін ескеру қажет. Мазасыздануы жоғары категорияға жататын
тұлғалар, өзіндік бағалауына және өмірлік іс-әрекетіне төнген қауіпті   
ситуациялардың    кең    диапазонында қабылдауға және мазасызданудың қысымы
анық байқалған ахуалмен жауап беруге бейім.
Тұлғалық қобалжу қорқыныш, үреймен де байланысты. Осының негізінде
туатын ұялшақтықтың нақты анықтамасы  жоқ.  Себебі оны адамдар өз тілінде
әртүрлі түсінеді. Ұялшақтық – бұл тұтас күрделі жағдай, ол әр түрлі
формаларда көрінеді. Бұл жеңіл дискомфорт, түсіндіруге келмейтін қорқыныш,
тіпті, терең невроз. Ұялшақтық көбінесе мектеп оқушыларының арасында
кеңінен таралған. Бірақ оған тек балалар ғана бейім деп түсіну қате.
Ересектердің белгілі бір бөлігінде ұялшақтықтан зардап шегетін, өзінің өмір
бойында одан құтыла алмайды.
Адамдағы ішкі және сыртқы ұялшақтық түрлерін ажыратуға болады. Сыртқы
ұялшақ адамдар аз қарым-қатынасқа түседі, оларға әлеуметтік дағды
жетіспейді. Бұл олардың басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді,
адамның іштей тұйықталуына әкеліп соқтырады. Сырттай ұялшақ адамдар
көбінесе қоғамда төменгі сатыда орын алады. Ұялшақтық эмоционалдық
қарымқатынаста туындайды. Эмоционалдық жағдайда жеке тұлғаның эмоцияға,
басқалардың пікір, ісәрекетіне сезімтал болуы. Ұялшақтықтың пайда болуының
ең көп тараған объектісі – ол өзіндік жекелік, дене, махаббат, жұмыс,
тұлғааралық тығыз қарым-қатынас немесе адамның өмірінде ең маңызды қысқа
қатынас. Ұялшақтықтың күш түсуімен және аңғалдықпен көрінуінде ортақ
ұқсастықтар бар. Сондықтан олар бір топқа бірігіп, әрекеттің эмоционалдық
бұзылуы деп аталады. Әрекеттің эмоционалдық бұзылуы психомоторлық,
интеллектуалдық, вегетативтік аймақта айқын байқалады. Бұл аймақтардың
бұзылуы ұялшақтық көрінуінің негізгі үш типін анықтайды:
— адамның сыртқы тәртібі;
— физиологиялық қалыптасуы;
— ішкі түйсінуі және интеллектуалдық функциялардың жарақаттануы.
Эмоциялық ахуалдың біріне агрессия жатады. Агрессивтіліктің
психологиялық тетіктерін зерттеудің негізін қалаған З. Фрейд болып
табылады. Ол агрессивтілікті адамзат табиғатының бөлінбес бөлшегі деп атап
көрсетті. Жинақталған агрессивті энергия агрессиялық жану арқылы бәсеңдеп
отыруы керек деген психоаналитикалық талдау жасайды.
Қазіргі таңда ғылыми зерттеулерде агрессивті мінез-құлыққа
бейімділікті көрсететін, тұлғаның тұрақты сипаты ретіндегі агрессия
түсінігін мінез-құлық формасы ретіндегі агрессиядан ажыратады.
Қ. Жарықпаев, О. Сангилбаев Жантану атауларының түсіндірме
сөздігінде агрессияға мынадай анықтама береді [14]:
Агрессия – (лат. Аggressio – қаз. шабуыл жасау) – әлеуметтегі
адамдардың арақатынас тәртібінің талаптарына қарама-қайшылықты себептенген
деструктивтік қылық. Агрессия объектілерге зиян келтіреді немесе
психологиялық қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, басымды, басқаның пікірін
күшпен басып тастау т.с.с) туғызады.
Агрессия бірнеше түрге бөлінеді:
— басқаларға күш көрсететін;
— вербалдық агрессия (айқай, шу, қорқыту, табалау, ұрысу) сияқты вербалды
реақцияның мазмұны арқылы жағымсыз сезімдермен танытатын; негативті
сезімдерді вербалды реакциялардың түрлері (ұрыс-керіс,шыңғыру) арқылы да,
сондай-ақ мазмұны арқылы да, (қорқыту, балағаттау);
— тікелей агрессия – нақты объектіге немесе біреуге бағытталған;
— жанама агрессия – басқа адамдарға жанама жолмен бағытталған агрессия
(жаман өсектер, қалжың және бағытсыз, ретсіз жүзеге асатын әрекеттер –
айқай, үстелді жұдырықпен соғу және т.б.) түрінде көрінетін ашу;
— инструменталды агрессия – қандай да бір мақсатқа жетуге құрал ретінде
көрініс береді;
— аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі қорлау, өз денесіне физикалық
қиянат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, кейбір жағдайда өзін өлтіруге
дейін баруынан көрінеді;
— қастандық агрессиясы – біреуге әдейі зиян келтіру немесе объектіні
зақымдау мақсатымен жасалады;
— альтруистік агрессия – басқалардың шабуылынан корғау мақсатымен
сипатталады.
Агрессия – адамдар қауымдастығында бірлесіп өмір сүру нормалары мен
ережелеріне қарама-қайшы келетін, өзі бағытталған өлі немесе тірі объектіге
нұқсан келтіретін, біршама мақсатты түрде жүзеге асатын деструктивті мінез-
құлық. Әдетте агрессия салдарынан тірі объектілерде қорқыныш, үрей, қысылу
туады. Агрессиялық әрекеттер қандай да бір мақсатқа жету тәсілі
(инструменталды агрессия), психикалық кернеуді босату амалы, сана астында
тұншыққан қажеттілікті қанағаттандыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-
өзі бекіту түрі ретінде көрініс табады.
Ал агрессивті мінез-құлық дегеніміз – адам әрекетінің ерекше формасы.
Мұндай мінезқұлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға
немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр  көрсетуі  неме-  се
күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивті мінез-құлық карқындылығы
мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл
тигізуге (вербалдық агрессия) және дөрекі түрде күш қолдануға (физикалық
агрессия) дейін бөлінеді. Әлеуметтік-психологиялық түрғыдан келгенде:
жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық
сипаттағы құбылыс ұтымының шеңберіндегі тұлғааралық агрессияның – топтық
агрессияға айналуының мәні бар.
Шетелдік психологияда агрессивті мінезқұлықтың пайда болуының, себеп
салдарларының сан алуан түрлері кездеседі. Агрессивті мінез-құлық нақты
көріністерін түсіну үшін тұлғалық және ұжымдык әрекеттің жалпы
құрылымындағы оның орнын айқындап алған жөн. Мысалы, агрессивтілік
субъектінің қорғаныстық жауабына ұқсамауына, аффектінің салдары еместігіне
немесе агрессивті мінезқұлық өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып,
ерекше тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқыған, теріс мінез-кұлық)
көшуіне және т.б. баса назар аудару қажеттілігі [15].
Психологияда агрессияның тағы мынадай түрлері кездеседі: зиянды,
зиянсыз. Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда  болып (қорғану
мақсатында) артынан басылады. Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы
болады.
Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте
жастан басталады. Агрессия ми бөліктерінің әртүрлі ауруға шалдығуы немесе
әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін. Бүгінгі жастардың
интернет желісі арқылы көретін кино, бейнефильмдеріндегі катыгездік, күш
көрсету көріністері олардың агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығы
ғылыми зерттеулер барысында дәлелденіп отыр.
Агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда
жұмыс істеу қажет:
— ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету;
— балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару
әдістеріне үйрету;
— шиленіскен жағдаяттарда сейлесу дағдыларын қалыптастыру;
— адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Агрессияны    мінез-құлық    ретінде    ғана емес, психикалық ахуал
және эмоциялық компонент ретінде қарастырудың маңызы зор. Агрессивтілік
кезінде адам қатты ашуланады. Дегенмен кез келген ашу агрессия тудырмайды.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынай қоршаған ортаға бейімделіп қана
қоймай, онымен қатынас жасай білу керек. Осындай бейімделудің құралы болып
адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттануының
деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен
қарым-қатынастарға   бейімделуінің бастапқы құралы болып, кейінірек өзіндік
мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық
шындық түрінде көрінеді. Осылайша, адамның психологиялық дамуына шексіз
мүмкіндік тудыратын қажеттіліктер пайда болады.
Қажеттіліктердің орындалуына кедергілер туғанда адам ашу-ызаны,
мазасыздықты бастан кешіреді. Бұл фрустрация арқылы түсіндіріледі.
Бағыттылығына қарай фрустрациялық күй адамның мінез-құлық реакцияларынан
көрінуі мүмкін: экстрапунитивтік, интрапунитивтік, импунитивтік [16].
Экстрапунитивтік қалпы реакцияның сыртқа бағытталуымен байланысты
(сыртқыны айыптаушы реакциялар). Адам туындаған жағдайға басқаларда кінәлі
санайды.
Фрустрацияның интрапунитивтік қалпы адамның сәтсіздікке өзін
кінәлауымен сипатталады. Адамды мазасыздық басады.
Импунитивтік қалыптағы фрустрация кезінде адам өзін және басқаларды
кінәлі деп санамайды. Фрустрациялық ахуалдың пайда болуы адамның тұлғалық
ерекшеліктеріне байланысты.
Эмоциялық ахуалдарды реттеу психологиядағы өзекті мәселенің бірі.
Эмоциялық ахуалды зерттеуде  Ф.Б. Березин  тұжырымдары бар. Яғни бейімделу
адамның психикалық аймағының деңгейінде көрінеді. Психикалық бейімделу
жалпы бейімделудің көзі деп санайды. Березин бойынша бейімделудің сәтті
өтуі психологиялық  қорғаныспен  мазасыздыққа қарсы тұру тетіктеріне
байланысты. Психологиялық қорғаныс – қандай да бір дау-жанжалды түйсінуге
байланысты мазасыздық шамасын азайту немесе жоюға бағытталған тұлғаны
тұрақтандырудың арнайы реттеуші жүйесі. Ф.Б. Березин психологиялық
қорғаныстың мынадай түрлерін    көрсетеді: мазасыздық шақырушы, қауіп
факторын сезінуге кедергі келтіруші, мазасыздықтыфиксациялауғамүмкіндік   
беретін, түрткілер деңгейін төмендетуші,мазсыздықты жоюшы.
Адам өмірінің барлық аспектілеріндегі әлеуметтік, дене, эмоциялық,
рухани және ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана өмірінің шын мәнісі болып
табылады. Денсаулық пен үйлесімділікке ұмтылса, бұлардың ешқайсысын да
шеттетпеу керек.
Эмоционалдық саулық – бұл организмдегі функциялардың өзіндік
айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық үрдістердің үйлесімі және
сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері.
Жан (психикалық) саулығы тек дене гигиенасы ғана емес, сонымен бірге
психогигиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін,  адами тұрғыдағы ұстанымды,
сана тазалығын да қамтиды. Психикалық   саулыққа   жету жолы интегралды
тұлғаға жету жолы. Психикалық саулық – психиканы жаттықтыру, психикалық
процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және т.б.), ақыл-ой мен сезімді
тәрбиелеумен тығыз байланысты [17].
Қоршаған әлеуметтік ортамен күнделікті қарым-қатынасқа түсу барысында
адамдар бір-біріне әртүрлі ықпал етіп, әсерлер алады. Олардың жағымды,
жағымсыздығына қарай ішкі жан дүниеміз жауап қайтарады.
Жүйкелік  –  психикалық  эмоционалды  қозу – стресс деп
айтылады. Стреске ұшырамайтын адам жоқ және одан қорғану мүмкін емес.
Сондықтан адамның қалыпты психикалық дамуы үшін стрестің ықпал ету деңгейі
бар. Стресстің адам ағзасына жағымды және жағымсыз  (дисстресс)  әсерлері 
бар.   Стресс ол эмоция және жағымсыз эмоция есебінен пайда   болатын  
күй.   Стресті мазасызданумен теңестіруге болмайды, өйткені стресс нақты
мазасызданудың жоқ кезінде көріне алады. Егер стресс – бұл жүйке жүйесінің
шамадан тыс қысымы болса, онда қобалжуға мұндай қысым күші тән емес. Стресс
жағдайындағы үрейдің болуы кауіп немесе жағымсыздықты күтумен, оны алдын
ала сезумен байланысты деп санауға болады. Сондықтан үрей дәл стресс
жағдайында емес, ал осы күйдің бастауына дейін пайда болуы мүмкін.
Эмоционалды стресс – бұл  қақтығысты өмір жағдайларында, адамның
әлеуметтік және биологиялық қажеттіліктерін қанағаттануын ұзақ уақыт
шектейтін, айқын көрінетін психоэмоциялық бастан кешулері.
Эмоционалды стресс салдарынан туындайтын ағзадағы өзгерістер өте көп.
Әр адамда оған қарсы тура алушылық та әртүрлі. Қазіргі өмірде неше түрлі
жағымсыз жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Эмоционалды стресс адамның
әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық механизмдерінің бұзылуы жайлы
белгілер береді. Балалардағы эмоционалды стресс жиі жағдайда олардың мінез-
құлық үлгісін қалыптастырып алуына байланысты туындайды.
Қоғамның назарын ерекше аударып отырған кез келген жеке тұлғаға жас
ерекшеліктеріне байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы, әлеуметтік
өмір  талаптарына  сәйкес  болмауы, қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің
бұзылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен төмен деңгейі, өздерін төмен
немесе жоғары бағалауына ықпал етеді. Әрбір жеке тұлғаға өзгелермен
әрекеттестікке түсе білуге, өзін тануға, анықтауға, өзгелер алдында өзін
бекітуге жағдай құру бүгінгі таңдағы ата-аналармен балалар қарым-
қатынасының барысында жүзеге асырылатын үрдіс болып табылады [18].
Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән субъективтік және заттық
мазмұнымен сипатталады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмауымен
байланысты орын алатын эмоциялар сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану
теріс белгідегі эмоциялармен байланысты болады. Қажеттілікті қанағаттандыра
алмауға себеп болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына қойған мақсатына
кедергі болған әлеуметтік ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада болып
жатқан физиологиялық процестер.
Психологиялық көмек көрсету арқылы үрей, гиперсезімталдық, 
сенімсіздік, стрестің жойылуына жағдай жасауға болады. Адам өз эмоцияларын
басқару дағдыларын меңгеру арқылы өзін сырттан қауіп төндіретін
факторлардан толық қорғай алады деген ой түйіндеуге болады.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы

3 жасынан 6-7 жасына дейінгі дәуірде балада ой-өріс дамуы
жылдамдасады, қоршаған дүние жөніндегі танымы қалыптасады, өмір ағысындағы
өзін-өзі және өз орнын түсіне бастайды, өзіндік баға беру ептілігі шыңдала
түседі. Оның бұл күндегі негізгі іс-әрекеті — ойын, енді бірте-бірте
ойынның жаңа септүрткілері басты рөл атқара бастайды, бала өзін қияли
жағдайларға салып, сондағы қимыл-әрекеттерді орындауға тырысады. Бұл
кездегі басты үлгі — ересектер.
Егер кешегі күні өнегелік әсерлерді анасынан, әкесінен,
тәрбиешілерінен алатын болса, бұл күнде ол теледидардың өрескел ықпалына
түсіп, қарақшылардың, тонаушылардың, зорлықшылардың, ланкестердің
қылықтарын қайталағанды қызық көреді. Балалар экранда не көрсе, соның бәрін
тікелей тұрмыста қайталауға құштар келеді. Осыдан, баланың психикалық және
әлеуметтік дамуында өмір шарттары мен тәрбие шешуші рөл атқаратыны
жөніндегі тұжырымның дұрыс екеніне көзіміз жетіп жүр. Табиғи қасиеттер,
нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келіп, бірақ бала дамуында қозғаушы күш
міндетін атқара алмайды. Бала қалайынша қалыптасады, қалай ол өседі — мұның
бәрі оны қоршаған адамдарға тәуелді, олардың қалай тәрбиелеуіне бай-ланысты
[19].
Мектепке дейінгі балалық шақта даму үдерісі барша бағыттарда өте
қарқынды жүріп жатады. Оның миі әлі жетіле қойған жоқ, қызметтік
ерекшеліктері дараланбаған, қызметі шектеулі. Сәби бала өте икемді, оқу
әрекетіне берілгіш. Оның мүмкіндіктері ата-аналары мен педагогтардың
шамалағанынан көп жоғары. Осы кезеңдік ерекшелікті тәрбиеде толығымен
пайдалана білу қажет. Сонымен бірге тәрбиенің жан-жақты және үйлесімді
сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек қана ізгілік дамуын тән-дене
тәрбиесімен, еңбек қабілетін көңіл-күймен, сананы эстетикалық сезіммен
табиғи байланыстыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық сапа-
қасиеттерін бірқалыпты және үйлесімді дамытуға болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттері дәл, сезімтал қабылдауға,
күрделі жағдайларда жол таңдауға епті, сөз байламы пайымды, бақылағыш және
тапқыр келеді. 6 жасқа жақындағанда арнайы, мысалы, музыкалық,
көркемөнөрлік — қабілеттері дами бастайды.
Баланың ойлау қабілеті оның таным-білімімен байланысты, неғұрлым көп
білген балада жаңа ойлар құрастыруға қажет ұғымдар қоры ұлғая түседі.
Бірақ, жаңа білімдерді жинақтау барысында бала өзінің алғашқы ұғымдарын
жетілдіре түсумен бірге, мағынасы күңгірт, белгісіз болған болжаулар мен
түсініксіз сұрақтар шеңберіне шырмалады. Бұл қарқынды дамудағы танымдық
үдеріске кедергі жағдайларды тудырады. Түсініксіздерге кезіккен бала дамуы
енді сәл тоқырауға кез болады. Ойлау үдерісі жас шектеуіне кезігіп,
балалықтан шыға алмай әуре болады [20].
Әлбетте, әртүрлі айла жолдарымен бұл жағдайдан аттап өтуге болар,
бірақ, 6 жасар баланы оқыту тәжірибесі көрсеткендей, мұнымен айналысудың
қажеті жоқ.
Кіші жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар беріп, қапелімде жауабын
талап етеді. Бұл жаста ол шаршап-шалдығуды білмейтін зерттеушіге айналады.
Педагогтардың көпшілігі мұндай жағдайда баланың талғамдарын
қанағаттандырып, құмарын басу үшін ол неге қызықса, не жөнінде сұрап жатса,
соған жауап беріп, үйрету, оқыту орынды болатынын алға тартады.
Бұл жаста баланың сөйлеу тілі жемісті дамуда болады. Сөздік қоры
ұлғайып (4000 сөзге дейін), тілдің мағыналық тарапы өрістей бастайды. 6-7
жаста балалардың көпшілігі дұрыс дыбыстауды игереді.
Бірте-бірте балалардың үлкендермен қатынастар сипаты өзгере бастайды.
Әлеуметтік шарттарменең бекдағдыларының қалыптасуы жалғаса түседі. Осы
жаста дағдыланған өзін-өзі күту, жуыну, тіс тазалау сияқты әрекеттері
өмірлік әдеттерге айналады. Егер осы қасиеттердің қалыптасу дәуірін
байқамай, өткізіп алсақ, онда олардың орнын толтыру өте қиынға түседі. Бұл
жастағы баланың сезімі ауысымды, қозғыш келеді. Әр күні көретін
теледидардағы қысқа хабарлардың өзі оның денсаулығы үшін өте зиянды. 2
жасар баланың ата-аналарымен бір сағат, кейде одан да артық теледидар
алдында отырып қалатын жағдайлары көп ұшырасады. Бала әлі өзінің не тыңдап,
не көріп отырғанын түсіну дәрежесіне жеткен жоқ.
Сондықтан, оның жүйке жүйесі үшін шектен тыс тітіркендіргіш болған
теледидар оны шаршатып, көз жанарын әлсіретеді. 3-4 жастан бастап балаға
кішкентайларға арналған хабарларды аптасына 1-3 рет 15-20 минут уақыт
арасында қарап тұруға рұқсат берген жөн. Егер жүйке-жүйесінің қозулары жиі
және ұзақ қайталанатын болса, бастауыш мектеп жасында-ақ бала жүйке
сырқаттарына тап болуы сөзсіз. Кейбір деректердің айғақтауынша, мектеп
жасына жеткен балалардың төрттен бірінің ғана денсаулығы күмәнсіз өз
қалпында.
Қалған балалардың қандай да науқас белгілеріне шалдығуының басты
себепшісі — телөдидар. Күн ұзақ экранға үңілген сәби қалыпты тән-дене
дамуынан қалады, қажетсіз жүйкесін шаршатады, тіпті керек болмаған
ақпаратпен әлі жетіліп болмаған миін ластайды. Ал ата-аналар болса,
педагогтар мен дәрігерлердің кеңесін жол-жөнекей тыңдап, құлақ асқысы
келмейді [21].
Мектепке дейінгі жастың соңғы кезөңінде балаларда саналы белгіленген
мақсат және ерік-күшімен байланысты ырықты, белсенді зейін нышандары
көрінеді. Ырықты және ырықсыз зейін бірінің орнына бірі келіп, алмасып
тұрады. Зейіннің бөліну және ауысу қасиеттері әлсіз дамыған. Сондықтан да,
бала бір орнында отыра алмайды, алаңдағыш, назары шашыраңқы. Мектеп алды
баласы көп нәрсе біледі және көп нәрсені орындай алады. Бірақ, оның ақыл
мүмкіндіктерін, былдырлаған тіліне қызығып, артықша әсірелеуге болмайды.
Ойлаудың қисынды қалпы әлі онда қалыптаспаған. Бұл кезеңдегі жетілген ақыл-
ес дамудың қортындысы — көрнекі-бейнелі ойлаудың ең жоғары түрі.
Баланың ақыл дамуында математикалық ұғымдар маңызды рөл атқарады.
Кейінгі он жылдықтарда әлемдік педагогика 6 жасар балаларды оқыту
мәселелеріне орайлас логикалық, математикалық, жалпы абстракт ұғымдарды
қалыптастырудың көптеген қырларын түбегейлі зерттеді. Осының арқасында
мұндай абстракциялар пайда ету үшін бала ақылы әлі жетіспегені дәлелденді.
Дегенмен, орынды әдістерді қолданып, оқытатын болсақ, бала білім игеруде
көңіл толарлықтай табыстарды иеленуі мүмкін. Ақыл дамуы желісінде түсінім
кедергілері ұшырасады. Бұл құбылыстың мәнін ашуда швед психологы Ж.Пиаже
көп еңбектенген.
Балалар ойын барысында ешқандай оқымай-ақ заттардың формасы, көлемі,
саны жөніндегі түсініктерді жеңіл игеріп алады. Бірақ, арнайы педагогикалық
басшылық болмай, қатынастарды түсіну кедергілерінен балалардың аттап өтуі
қиын. Мысалы, мектепке дейінгі бала қай жерде көлемдік, ал қай жерде сандық
артықшылық барын түсіне алмай дал болады. Бір кілә мақта ауыр ма, бір кілә
темір ауыр ма? деген сұраққа бала ойлануға ақылы жетпегендіктен — бір кілә
темір ауыр дей салады. Бұл қарапайым мысал ойлаудың принцип-тік
мүмкіндіктерін ашып береді. Мектеп жасына дейінгі баланы өте қиын және
күрделі заттарға (мысалы, интеграл есептеу-лерге) үйретуге болады, бірақ,
одан түсер пайда жоқтың қасы. Халықтық педагогика, әлбетте Пиаже
кедергілерін білген, сондықтан да, бала тәрбиесіне даналықпен келесі
тұжырымды қосқан: Жас күнінде — жаттасын, есейгесін — түсінер

1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуы

Баланың эмоционалды көңіл – күйі саласының психологиялық диагностика
әдістері өте көп. Психологтың көмегімен психологиялық диагностика
қолданылуы керек. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола
бермейді.
1. Тәрбиешілер тестеудің нәтижелерін дұрыс түсіндіріп беру үшін
жеткілікті психологиялық дайындықта болуы қажет.
2. Тәрбиешіге тестің нәтижелері жиі үрейлі немесе қияңқы балалардың
тобы көрсеткішінде жеке балаға деген қарым – қатынасқа әрекетсіздікке әкеп
соғады.
Диагностиканың нәтижесі осы жағдайда үлкен қаталікке әкеліп соқтырады.
Эмоцианалдық көңіл – күй пайда болуын … жалғасы