Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу

0
Мазмұны.Кіріспе.
І-тарау.
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшіліктері.
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының таным процестерінің ерекшіліктері.
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жүйесінде зейн түрлері мен
қасиеттерінің көрініс беруі.

2.2 Бастауыш мектеп оқушыларының зейн ерекшіліктерін зерттеу.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымша.

Кіріспе
Орта білім беру процесінде бастауыш сыныптың орны ерекше. Өйткені
бастауыш саты – оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты
жүретін айрықша құнды, қайталанбайтын кезең. Мектеп табалдырығын аттаған
күннен бастап бала өмірінде бала оқу әрекеті жетекші рөл атқарады. Оның
жүзеге асырылуы үрдісінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылым, өнер,
адамгершілік, құқық сияқты қоғамдық сананың дамыған түрлерінің мазмұнын
және осыған сәйкес талаптар тұрғысынан әрекет ету біліктерін меңгереді.
Оқу әрекеті – оқу тапсырмасы түрінде құрылады. Осы тапсырмалар
түрлерін, меңгеру оқушы ойын тәртіппен, белгілі бір бағытта жүйелі арнамен
жүруін қамтамасыз етеді, жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістерін
қалыптастырады.
Оқу әрекеті деп білім алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол
өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа
алып отырған әрекет ілімнің жан – жүйелік негізін Б.Г. АНаньев, Л.с.
Выгодский, А.И. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш
мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, А.В. Занков;
П.Е. Гальперин т.б. зерттеулерінде қарастырылды.
Мектеп қабылданған бала алты – жеті жастан он жасқа дейін бастауыш
сыныптарда оқиды. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға недәуір мүмкіншілігі
бар. Себебі олардың интелектісі қарапайым ой оператциясы дәрежесінде
кездеседі дейтін Ж.Пиеженің пікірі дұрыс болғанымен, қазіргі бұрын аңғарып
көрмеген қабілетің бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп Ресей
психологтары В.В. Давыдов т.б. қазіргі күнде беріліп жүрген оқу
тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді.
Бастауыш мектеп жасына 7-11 жас аралығы жатады. Бұл 7-11 жастың өзінше
жас кезеңіне бөлінуі оқудың әсіресе, оқу мектебінің көп елдерде жаппай оқу
үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңінің өзінше бөліп алып қараудың
себебі – бұлардан өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен.
Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы көпшілігіне тән ұқсас

психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек
кезеңге бөлудің себебі осыдан. Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі
бар. Себебі олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде
кездеседі дейтін. Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанмен, қазірде бұрын аңғарып
көрмеген қабілетті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп кеңес
психологтары В.В. Давыдов т.б. қазіргі күнде беріліп жүрген оқу
тапсырмалары бастауыш сынып оқушылары үщін жеткіліксіз дейді. Олар
мүмкіншілігі толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігі
толық пайдалану үшін тапсырманы одан әрі қиындату қажет дейді. Осылай деу,
бәлкім дұрыс та шығар. Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын
болып келсе оқуға кіргеннен кейін оқу қызметті шешуші рөл атқарады. Сөйтіп
оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтіп болады.
Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды.
Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін
қиындығында. Сонымен қатар, оқуға жаңа келген бала сыныптағы құбылыстармен
қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып жаман
– жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа
жағдайда бала әлі бейімделе алмағандықтан оқу үстінде мына сияқты
қиыншылықтар кездеседі. Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе
алмайды, мысалы, белгілі уақытта түрып мезгілінде жатуға, сабақтан
қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан бала
қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден,
мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым – қатынас
жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады. Сыныптың мұғалімі қанша жақсы
болғанмен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты
қасындағы партада отырған кім оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға
болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп
жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке –
шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып,
өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке – шешелері көп
еркелетсе соның өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды
жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, бірінші сыныпта оқушыларға қойылатын
талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен
күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі
жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен,
оқуға баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде
мектептің жағдайына қызығу балада бірте – бірте сөнеді де, оқуға немқұрайды
қарайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып,
тапсырмаларды бірте – бірте қиындату қажет. Әдетте оқу материалы жеңіл
келсе, баланың іші пысып жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, жете
алмағандықтан үлгермеуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі
жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін
қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.
Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманың жеңіл болғанынан
гөрі – қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі азды көпті қиындығы бар
тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл – ойның алға қарай өрістеуіне жағдай
туғызады. Осы үшін түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас
кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы 2–3 сыныптарға келсек, мұндағы
оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте,
баланың бәлендей обьектіге қызығуы мен оның ықыласының барын ажырату керек.
Қызығу деп бәлендей обьектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады.
Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас
балада іштей ұмытылып берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласы,
не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек
кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге 1 сыныптан мән беру қажет. Жалпы алғанда
2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі,
біріншіден, кіші оқушының ниеті таза ішіндегі тілінің ұшында болып тұрады.
Екіншіден бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін
мүдіртпей орындайтын болады.
Зеттеудің көкейтестілігі: Еліміз егемендік алғаннан бері, қоғамдық
өмірдің барлық салаларында өзгерістер болуда оның ішінде білім беру
жүйесіндегі болып жатқан негізгі мәселелер оқушылардың білім сапасын
көтеру.
Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында Елді түзетуді
бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын. Өткен ғасырда
айтылған бұл сөз бүгінгі күнде өз құндылығын жоғалтқан емес.
Жас ұрпақтың сегіз қырлы, бес сырлы азамат болып өсуіне бірден- бір
атсалысатын мектеп екені белгілі. Жас баланың санасы жазылмаған таза
таспадай. Олай болса, білім берудің негізі бастауышта дегендей, бастауыш
білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының білім берудің деңгейлері мен мазмұнды тарауында, 1-
сатыдағы бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар оқудың ұзақтығы 4 жыл. Оқу 6
жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы
үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен
информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының бастапқы
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту деп
көрсетеді. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру
жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен
оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,
қайталанбайтын буын екндігімен анықталып негізделеді. Осыған байланысты
интеллектуалдық, эмоцианалдық, іскерлік коммуникативтік жағынан оқушыны
айналадағы дүени мен, табиғатпен, басқа адамдармен, өз — өзімен, т.б. өзара
белсенді әрекеттестік қарым – қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі
қызметі болып табылыды.
Оқу мен тәрбие – егіз. Бір – бірімен бөліп қарауға болмайтын табиғаты
танылып тұрған үрдіс. Оның негізі бастауыш мектепте қаланады. Педагогика
ғылымында тәрбие терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріп келеді.

Көптеген жылдар тәрбиеге тұлғаның дамуын басқару деген анықтама
берілді, сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен
қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән
категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Даму
дегеніміз – ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және
психологиялық сапалық өзгерістер.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге
қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі, сондай – ақ қоршаған
орта мен өзінің қарым – қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және
құндылық атаулыны таңдай алу сияқты басты шарттары енеді.
Даму және тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың
организимі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы
дамиды. Оларға организимнің өсіп жетілуі, ақыл ойының дамуы, мінез –
құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және
әлеуметтік ортаның, тәрбиемен өзін — өзі тәрбиелеудің ықпал атуіне
байланысты.
И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму – ішкі жүйке жүйесі қызметінің және
сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал
етуі.
Даму үрдісін психикалық, денелік және жалпы деп бөледі. Баланың
интелектісінде, байімділігі мен қабілеттілігінде, еркі мен сезімінде,
танымында және мінез – құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал
дененің көлемінің, қимыл – қозғалысының күші мен қызметінің өсуі денелік
дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік даму мен қатар ақыл –
ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады. Ақыл – ойдағы
өзгеріс баланың өз бетінше іс — әрекетке, ұғымдар мен түсініктерге, түрлі
оқиғалар мен жағдайларға талдау жасауына сәйкес салыстыруынан, нақтылуынан,
жалпылауынан және қорытуынан көрінеді. Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс-
баланың жақсы мен жаманды ажырата, оған лайықты жауап беруі, бойындағы
имандылық белгілерін дамытуы.
Тәрбие- өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын
қамтитын, қоғамның талап – тілегіне тәуелді күрделі үрдіс. Тәрбиенің
қоғамдық ортаның обьективті, субьективті фактарларға тәуелді болуы, жеке
адам дамуы мен тәрбиемен байланыстылығы, тәрбиелеушілердің іс — әрекетін
қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.
І-ІV сынып (7-10 жас аралығы ) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше
көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп
табалдырығынан аттап, әлеуметтік ортамен жаңа қарым – қатынастарға түседі.
Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп,
жаңа ортамен өзара қарым – қатынас жасау үрдісінде оның мінез – құлқы,
еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды.
Оқу үрдісі баланың жеке басына, оның назарына, есіне, ойлау жүйесіне
әсер етіп тұлғаның психикалық даму деңгейімен үнемі өсіп отыратын талаптар
арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына,
педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым – қатынасы қалыптасады,
алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез – құлқы
стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Бастауыш сынып оқушылары көп әсерленгіштігімен, басқаға назар аудара
білушілігі мен біршама ерекшеленеді.Сондықтан олады оқыту үрдісі мен және
сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстар мен
қызықтыра біліудің маңызы зор. Кіші мектеп жасындағы бала әдетте тәрбиелік
ықпалға тез көндігеді. Бұл жастағы балалардың бойында қазірдің өзіңде
белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екендігін есте ұстау
керек. Балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда
қалаптаса бастайды.
Тәрбие үрдісінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалану
тиіс. Осыған орай тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс – әректтерің
тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көз қарасын
дамытады.
Тәрбие жұмысының сара жолдарының, табудың жәтижесінде баланың ой өрісі
кеңиді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныпта танымдық процестер
қалыптастыру және тәрбиелеу жолдарың ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының обьектісі:№ 18 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп.
Зерттеу жұмысының мәні: Білім беру жүйесінде оқушылардың таным
процестерін, зейінін қалыптастыру.
Тақырыптың міндеттері: 1.Бастауыш мектеп оқушыларының даму тарихына
талдау жасау.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиясын білу.
3. Бастауыш мектеп оқушыларының таным процестерін және зеінін зерттеу
оны іс жүзінде қолдану.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысын жазу
барысында жасалған ғылыми педагогикалық әдебиеттер, эксперимент жұмыстарын
білім беру жүйесінде қолдануға зор ықпал етеді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жеке тұлғаның даму мәселесі тәрбиесі
көрсетілген.
Бірінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық
ерекшеліктері негізгі іс — әрекеттері, барлық процестері жайлы мағұлматтар
берілген.
Екінші тарауда зейін түрлері мен қасиеттерінің көрініс беруі, жалпы
материалдар жинақталған. Сонымен бірге бастауыш мектеп оқушысының зейінін
анықтау әдістемелері және оларді талдау туралы мәліметтер жасалған.
Қорытындыда жинақталған материалдарға сүйене отырып, білім беру
жүйесінде оқушылардың зейінін қалыптастыруда және тәрбиелеуде мұғалімнің
рөлі ерекше көрсетілген
.
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшіліктері.
Баланың даму үрдісі, психикалық, денелік және жалпы деп бөлінеді.
Баланың интеллектісінде, бейімділігі мен қабілетінде, еркі мен сезімінде,
танымында және мінез – құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал
дененің көлемінің, қимыл қозғалысының, күшімен қызметінің өсуі денелік
дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық, денелік дамумен қатар ақыл –
ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістерін жатқызады.
Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға
кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі
қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай
баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының
себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар
оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының
нәтижесінде өзнің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны ажырата
бастайды.
Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе
алмағандықтан, оқу үстінде мынау сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден,
бала мектептің жағдайын бейімделе алмай белгілі бір уақытта тұрып,
мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға
үйрене алмағандықтан қиналады. Осының нәтижесінде, тез болдырып шаршауыда
ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мерзіміне және құрбыларымен қалай
қарым – қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бла қыиналады, сынып мұғалимі
қанша жақсы болғанмен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін
сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола
ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп
ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Үшіншіден, бірінші сыныпта
оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы
баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы
келуі мектептегі жағдайды оған қызық көрінуінен.
Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың
қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына
қызығу бірте – бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады.
Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып тапсырмаларды
бірте – бірте қиындату қажет.
Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа
салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгеремін деуден күдер
үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз,
сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.
Егер қолайлы етіп ықшамдауқиын келсе, тапсырманың жеңіл болғаннынан гөрі
қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі аз – көпті қиындығы бар
тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл ойының алға қарай өрістеуіне жағдай
туғызады. Осы үшін түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас
кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы 2-3 сыныптарға келсек, мұндағы
оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте,
баланың бір обьектіге қызығуымен оның ықыласының барлығын ажырату керек.
Қызығу деп обьектіеің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу
көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада
іштей ұмтылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты не
бір нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі.
Сондықтан, осы мәселеге бірінші сыныптан мән беру қажет.
Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып
кетеді. Мұның себебі, біріншіден кіші оқушының ниеті таза ішіндегісі
тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұларүшін мұғалім үлкен абыройжәне
бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада
бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар
балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі. Жеке пәндерден
сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт.
Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға
ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан
оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып, осыдан
жәтиже шыққанда мадақтау керек.
Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға
түрткіболады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманың қалай орындаудың
тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп
тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға
әлі төселмегендігінен, қалай жұмысты істеуге ешкім оны үйретпегендігінен
кездеседі.
Психологиялық зерттеулер анықтағандай, 7-11 жастағы оқушылардың оқуға
деген ынталы қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша емес, оқу әрекетінің
түрлері бойынша жүреді. Оқушылардың әрекеттік жағдайын әрдайым қолдайтын
басты ынталандыру өзіндік жұмыстар болып табылады. Бастауыш сатыдағы кезең
– оқушыда оқу әрекетті қалыптасуының ең қуатты жүретін кезеңі. Мұның
нәтижесінде, ғылыми ұғымдармен, түсініктерді меңгере отырып, оқушылардың
өздері өзгеріп, дамиды: жеке тұлғаның негізгі психологиялық үрдістері мен
қасиеттері қалыптасады. Яғни бастауыш мектеп жасындағылардың оқу әрекеті
кезінде қалыптасатың психологиялық жаңа түзілімдер қалыптасады және дамиды.
Бастауыш мектеп жасының аяғында рефлекция пайда болады, яғни бала
өзінің жеке ойлау іс — әрекетіне және өзінің жүріс – тұрыстарын бақылап,
қарай бастайды.
Оқу іс — әрекетінің негізгі сапасы еңбек процесін нәтижелі орындауға
қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы
балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар
бойы асыл мұрасын, дағды тәрбиесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу
арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін
меңгереді, сөйтіп өзінің практикалық әрекетке дайындайды. Білім
жүйесін менгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы
түсінеді. Оларды жан – жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ
уақытты керек ететін күрделі процес. Оқу материалдары бала психикасына зор
талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден
тұрады. Мәселен, мұнын бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай
оқу керектігі жайлы мағұлымат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде
орындап көреді. Үшінші кезеңде бала ұғынған нәрсені ойына ұстап тұрады да
бесінші кезеңде бала затпен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын
болады. Ақыл – ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың
байланыс қатынастарын ажыратады. Бір нәрсені екінші оймен салыстыра
дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын ажыратады. Бір нәрсені
екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық ұқсастықтарын
көре білуге үйренеді. Мұндағы себеппен нәтиженің заңды байланысына
түсінеді.
Мәселен, от жақса түтін шығады дегенде оттық жанды түтіннінің
шығуына себеп болып тұратындығын бала байқайды да шындықтағы нәрселердің
бәрі де бір – бірімен осындай байланысатындығын түсінеді.
Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп,
көзінің жетуі ұғыну деп аталынады. Бастауыш сынап оқушыларының оқу
материалдарының мәсініне терендеп бара алмайды. Оларды жәй жаттап алады да,
өз беттінше пікір айтуға орашолақ келеді. Бұдан анализ (талдау), синтез
(жинақтау) процестерінің онша дамымаған көрінеді. Мұғалім оқушы ойлауындағы
анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір – бірімен
қиысып байланыспаған жеке жақтарын менгердеді де, осыдан ұғымның мәніне
толық түсінбей қалады. Сондай – ақ мұғалім синтездеу (талдау) тәсілін
ойдағыдай пайдалана алмаса, жаңа материал бұрынғысымен дұрыс пайдаланбай
қалады да берілген мағұлыматтың практикалық мәні кемей түседі. Кейбір
орнына оның ес – қабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін
дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Балаға ойлаттырып әр
нәрсені бір – бірімен салыстырғызып, талдап жинақтатып, дәлелдаткізіп
үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал материалды өз күінше жаттап
алу, оның мағынасына түсінбей оқу жақсы нәтиже бермейді, бала дұрыс білім
ала алмайды. Бастауыш мектеп мұғалімдері осы жайды ескергендері дұрыс.
Психолог П.Я. Гальперин (1902-1988) өзінің Ақыл – ой әрекетінің
сатылап қалыптасу теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы
материалдың әрекеттерін затты ұстап көру, көлемін ажырату, шамамен өлшеу
т.б. пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және
іштей айта алатын болады да сөйтіп сыртқы заттың әрекеті біртіндеп ішкі ой
әрекетіне айналады дейді. Баланың білім меңгеруі мұғалімнің сабақ оқытуы
екуі де инемен құдық қазғандай аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға
бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл – ой керенаулығын,
рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының
рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар
еңбегін білуге құштарлығын дамыту қажет. Мәселен, бастауыш сынып
оқушыларынның зердесінде бәрін білуге құштарлықтан туындайтын қасиет бар.
Олар: Қоянның аяқтары неге ұзын?, Ақ тиін неге ағаш басында тіршілік
етеді?, Шалқалап тұған шыбындар неге құлап кетпейді? т.б. осындай
көптеген сұрақтар қояды. Кейбір ата – аналар тіпті мұғалімдер мен
балалардың осындай үйреншікті, мәнісі бар сұрақтарына жауап бармейді, сен
мұны бәрібір түсіне алмайсын, жоғары сыныпқа барғанда оқисындар деп ұзын
арқау, кең тұсауға салып кете береді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жауап
қайтара берудің қажеті жоқ. Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана
қарқынды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, 1 сыныптың мұғалімі
балаларға 9 санының ені және жетіден, алты және үштен құралатындығын аытып:
9 саны тағыда қандай сандардың құралады?. Тоғыздан бесті азайтсақ ше?
сендер нені аңғардындар? деп мұғалім ой сала сөйлейді.
Балалар: Қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек онда, екінші қосылғыш
қығады дейді. Мұғалім ойын жалғастырып: Екінші қосылғышты шегерсек
қайтеді деседі. Онда бірінші қосылғыш шығады — дейді бір оқушы. Олай
болса, қосындыдан қосылғыштардың біреуін шегерсек қайтеді? десе, Онда
бірінші қосылғыш шығады дейді бір оқушы. Олай болса, қосындыдан
қосылғыштың біреуін шегерсек деп мұғалім сөзін сабақтай бергенде,
екіншісі шығады деп бала сөйлемді аяқтайды. Міне, оқушының
балсенділігінің осылай дамуы мен дағдыда қанығудын негізі осылай қаланады,
ол шамалардың ара қатынасы мен амалдарды терең түсінетін болады. Бұл жай
бізге арифметиканың аясынан шығып, бірінші сыныптың бағдарламасына
геометрия мен алгебраның элементтерін кіргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Осының арқасында шәкірттер заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, әр
құбылыстың неден туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, әр
сұраққа жәй жауап қана қоймай, өздері де сұрақ қоя біліп, оны өз бетінше
шеше білуге машықтанады. Мәселен, бірінші сыныптар үшін Д. Б. Эльконин
құрастырған әліппеде осы жағдай қатты ескертілген. Оқу әрекетінің өзіне
тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы
мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау аса қажет.
Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген
қатынасы да өзгеріп отырады.
Бала не үшін оқитындығын бар сана – сезімінен ұғынғанша, оған оқудағы
формализмнен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау
т.б.) құтылу қиын болады. Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын
тәрбиелеп , дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше.
Мәселен,олардың арасында мектепке, оқуға сыттай қызығып келетін балалар да
жиі ұшырайды. Мұндай бала мектептің үйіне, оның партасына, мұғалімге,
өзіндей балаларға көңіл бөледі. Оқу оны жөнді тартпайды, өйкені, оған қиын
көрінеді. Баланың көбінесе ойнағысы келіп тұрады, партада дұрыс отыра
алмайды, жиі қозғалады, айналасына жиі қарай береді. Мұндай баланы үйіне
ойлатып не тыңдатып әдеттендірмеген. Оқуға білім алуға ұмтылуды тудыратын
мотивтер (себептер) болады ол бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар
өте қарапайым болып келеді. Мәселен, білімді адамның халқына мол пайда
келтіретінін, жұрттың ондай адамды құрметтеп сылайтынын түсіне бастайды.
Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың дамуында зор
рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл – ойдың дамуы, оқи
алуға үйрену бүгінгі күннің басты талабы.
Бастауыш саты – оқушыда оның ой — өрісі дамуының ірге тасы – оқу
әрекеті. Оқу әрекеті – оқу тапсырмалары түрінде құралады. Осы тапсырма
түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіппен, белгілі бір бағытта жүйелі арнамен
жүруін қамтамасыз етеді, жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістерін
қалыптастырады.
Оқу әрекеті деп білім алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол
өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа
алып отырған әрекет ілімнің жан – жүйелік негізін Б.Г. Ананьев,
Л.С.Выготский, А.И. Леонтьев, А.Р.Лурья, С.Л.Рубинштейн т.б. ғалымдар
жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш.А.Амонашвили,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков, П.Е. Гальперин т.б. зерттеулерінде
қалыптастырылды. Әрекеттің басты ерекшелігі, оның заттық мазмұнының, яғни
материалдық, рухани өнімінің алынуы.
Жоғарыда аталған авторлар әрекетті өмірдің бірлігі деп қарап, оның
төмендегідей ішкі құрылымдарын белгілейді.
Қажеттілік себеп құрал әрекетті нәтиже.
Әректтің ішкі құрылымына енетін бұл түрлері былайша сипатталады.
Қажеттілік — өзіне тән оның өмір сүруге, дамуға білімнің,
тәжірибесінің, басқа әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезінуі.
Белсенді әрекеттің негізі.
Себеп- ынта – ықыластың дамуы.
Құрал — әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын таңдау.
Әрекет – іс – қимыл. Ол ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жүзенге
асады.
Нәтиже — өнім.
Біз сөз еткелі отырған оқу әрекеттінде де осы айтылғандар тән. Бала
қандайда бір жаңа мәліметтерді ішкі қажеттіліктері болғанда ғана қабылдай
алады. Дұрыс ұйымдастырылған оқу мақсаттары ол қажеттіліктерді сезінуге,
талдау арқылы зат, құбылыс жайлы түсініктерді тармақтарды ашады.
Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді,
ілімдік сана, ілімдік ойлау қалыптасады.
Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір
сабақтың өзегі деп түсіну керек.
Аталған құрылымдағы қажеттілік және себеп әрекет етуге итермелейтін
басты күш. Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле
салмауы керек дейсіз.Ендеше, оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды
білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар
жан – дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен
шеберлікті талап етеді. Дұрыс таңдалған түйінді мәселе, сұрақтар, әртүрлі
әдіс – тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарғыдағыдай жан – жүйелік көңіл –
күйге алып келеді. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, түйінді
мәселені шешудің әдіс – амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Дамытушылық
сабақтарында бала осылайша өз ақыл – ой деңгейі, белсенді әрекеті
арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. әрекеттін жүру барысы
мен ақыры қорытындылап, рефлексия жасалды.
Сабақтың әрекет іліміне ұйымастырылуы баланың жеке басын дамыту басты
кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есіне ұстауы қажет.
Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі
алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын
ескеру шығармашылығын жетілдіру:
Білімді өз бетінше іздену арқылы қолайлы жағдай жасау;
Өзің — өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық спалардың болатындығын мойындауы,
әрі қарай дамыту керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытытудың
таптаурынынан арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа түбегейлі
жоспарын таңдай алу керек.
Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды, ол өз пәнің
өте жетік біледі, бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды.
Білімділігін баланы қорқытудың, үстемдік етудің құралы етпейді.
Демек, мұғалім мәселе қояды, ойлаудын жоспарын ашады, әрекеттің
барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шегін
қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын түйінді мәселені шешуге
кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады.
Ал енді оқу әрекеттіне мысал қарастырайық.
Ана тілі (2 сынып).
Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора (мысал)
Мысалдың авторы С.Сарғасқаев туралы қысқаша мағұлымат берілген соң,
оқушылардың қызғалдақ пен қарасора жайында не білетіндігі жайлы тізіп жазу
сұралады. Ол топпен жұмыс түрінде ұйымдастырылады.

Қызғалтақ Қарасора
өсімдік өсімдік
гүл шөп
әдемі, хош иісті иісі жоқ
көктемде шығады көктемде шығады
қызыл, сары жасыл, көк
ауа,су, жылу керек ауа, су, жылу керек
үйде, далада өседі далада өседі

Сосын әр топта алдымен өз ішінде талдап, содан кейін топтан бір
оқушы шығып, ұжымдық жұмыстың жәтижесін хабарлайды. Бұл арқылы мұғалім
оқушылардың осы нақты мәселе жайлы не білетіндіктерін анықтап, жаңа сабаққа
деген қажеттіліктерін, себептерін туғызады.
Мысалды алдымен мұғалім, сосын оқушылар оқып шыққан соң, балалар
мәтіндегі өздері түсініңкіремейтін сөздерді, сөйлемдерді ? белгісіз қойып
отырып, бірлесе талқылады.
Одан әрі қарай қызғалдақ пен қарасора сипаттама беруі тапсырылды. Бұл
жұмыс 5 топта да орындалу керек болды. Оқушылар салыстыру кестесін
толтырады. 5 минуттан кейін әр топ өз кестелерінің қорғап шықты. Өтіліп
отырған мысал алдында талданған, таныс Ә.Асылбековтың Түлкі мен тиін
мысалымен салыстырылды. Ол үшін мына төмендегі тоғыз сұрақ жазылып, әр
оқушы өз жеке ізденісі, ойлауы арқылы жауап беруі тиіс екені ескертілді.
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып,
бұлшық еттерімен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол
бармағының нығаюы сүйектенуі 9 -10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11
жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде бастауыш сынып оқушысының 10-11
жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сол себепті бастауыш мектеп
жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе бірдемені көшіріп
жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5кг
дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кеудесі көтеріліп, жүрегі мен
тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90 ға
дейін барады ересектердікі 70-72жиілігімен соғады.Осының өзі баланы
недәуір қиналдыратын болса да, қан айналу жүйесінің жұмысын одан әрі
жақсартады. Мұның себебі қан айналыс түтіктерідиаметірінің көлемі
ересектерден екі есе артық. Осының нәтижесіндебас миына түьіктер арқылы
қан көп құйылады да, көп жұмыс істесе дешаршамайтын болады. Бас миының
салмағы 7 жастан 11жасқа дейін1000 гр. дейін өседі, әсіресе оның маңдай
бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы
болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл – ойдың кеңінен өріс алуына
мүмкіндік береді. Ал физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда, ми
клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшері оң және теріс
индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғылдану зандылықтары
күрделі болып қызмет атқарады әсіресе балада теріс индукцияның негізінде
болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде кіші оқушы өзін — өзі меңгере
алуына, керек деген жерінде өзін — өзі тежелте алуына мүмкіндігі бар.
Теріс индукцияның негізінде болатын тежелу санасыз жүзеге асатын болса,
онда нәтиже бермейді. Тіпті ойланбай қолайсыз іс жасап қоюы ықтимал. Сол
себептітеріс индукцияның тежелуі санға бағынса ғана нәтиже бермек. Осыған
бала бірте – бірте үйреніп өзінің қимыл қозғалысын керек деген жерінде
тежелдіріп санасына бағындырып, осының нәтижесінде мектептегі тәртіппен
үлкендерді кішілер сыйлау мөлшерін орындауға ұмтылады. Бұл баладағы
анатомиялық-физиологиялық өзгерістер. Келелі кезде оқуға, еңбек етуге
жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік
береді.

1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының таным процесстерінің ерекшеліктері .
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процесстері мектепке
кіргеннен кейін недәір өзгерістерге ұшырайды. Сыртқы дүние заттарымен
құбылыстарының жеке қасиет терінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен
пайда болатын бейнелерді түйсік дейді. Түйсік арқылы заттардың түсін,
иісін, дәмін, қатты жұмсақты ғын, кедір бұдырлығын т.б. осы секілді
қасиеттері ажыратылады. Түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер
жөнінде де дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке
бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүние танып білу түйсіктен
басталады. Ол білім атауының алғашқы көзі. Түйсіктер заттар мен нәрселердің
тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.
Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олар үш бөліктен
құралады. көру, есту, қозғалыс. Олар: бірінші сезім мүшесі. Сырттан
келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер.
Анализатордың екінші бөлігі миға баратын жүйке талшықтары. Анализатордың
үшінші құрамы мидағы түрлі жүйке орталықтары. Егер осы анализатордың үш
бөлігінің біріне зақым келсе, мәселен, көзге зақым келсе көру түйсігіне
нұсқан келеді. Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп дамуына
еңбек процесі, тарихи әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің
тілдің, сананың пайда болуы күшті себеп болады. Адам түйсіктерінің
ерекшеліктері олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығы.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары

А. Сезгіштік және табалдырық. Психологияда адамның түсіне алу
қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік: 1) абсолюттік, 2) айырма
сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз сезім
мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргішті түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің
табалдырығымен тікелей байланысты. Абсолюттік сезгіштік түйсіктің
табалдырығына тәуелді абсолюттік табалдырық түйсік табалдырығының шегі.
Абсолюттік табалдырық. Тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік
тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын
адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы
табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік пайда болмайды.
Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультракүлгін
сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Бірде – біреуінде
түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштіердің сезім
мүшелерінің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма
сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табалдырығының мөлшерімен пайдаланады.
ХІІІХ-ғасырдың орта шенінде өмір сүрген ғалымдар Э.Вебер 1795-1878 мен
С.Фахнер 1801-1888 тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің
арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психо-
физикалық заңы дейді.Осы заң бойынша тітіркендіргіштердің күші
геометриялық прогессия жолымен көбейсе,одан туатын түйсіктер арифметикалық
прогрессия жолымен өседі. Әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің әсерін
бұл заңмен түсіндіру қиынға соғады.
Ә.Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші
тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады .
Бұл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің
артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай –
қайсысында адаптацияланады. Адаптация құбылысына перифериялық нерв
жүйесімен қатар ми қабыға да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде күшті
байқалады осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де
қалаты. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Ауырсыну
түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты
жұмысының бұзылғандығын, осы синадың биологиялық рөлін көрсетеді.
Б.Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация.
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігініңтүрлі жағдайға байланысты
артуының төмендеуінің көрсеткішіболса, сенсибилизация сезгіштіктің тек
артуын ғана көрсететін ғана құбылыс болып табылады. Сезім
мүшелерініңбіреуінің серінен басқаларының сезгіштігі артып отырады.
С.В.Крафков, К.Х.Кечеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада
демалуы, жеңіл дене қимылын жасауы бетті қолды салқын сумен сүртінуі, көру
сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенің заңдары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір
сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді.
Түйсіктердің бір бірімен баланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын
толығырақ түсінуге жағдай жасайды. Болар -болмас дәм түйсігі (қышқыл
нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза
судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипат сезу
қозғалыс түсіктеріндеде көп байқалады.
Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст
(қарама- қарсылық). Мәселен, айналасын ақ түске бояған сұр тік бұрыш
айналасын қара түске бояған сұр тік бұрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы
сұр тік бұрыштың айналасын қоңыр түске бояса жасыл тартып, сары түске
бояса көгілдір болып көрінеді. Тым –тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы
нәрседен киім салқынды түйсіну өзнен — өзібелгілі. Жоғарыда көрсетілген
мысалдарда түйсіктердің қарама – қарсылығы жүйке процесстерінің өзара
индукция зандылығымен (бірмезгілді индукция)түсіндіріледі.
В.Синестезия.Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік
туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің , пайда болуына да жағдай
жасайды . Түйсіктердің қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту,
көру,сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс
өмірде онша жиі кездесе бермейді.Синестезия түйсіктердің өзара байланысының
мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.
Г.Бір ізді бейнелер (эйдетикалық ес). Тітіркендіргіш әсерінің
тоқталғанына қарамай аз ғана уақыт болса да түсіктің өз күшінде қалатын
кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, дәм, иіс тактиль
түйсіктеріңде жиі кездеседі. Қолымызға екі ақ парақ қағаз алып бірін ақ
күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз
жапыстырайық. Бұдан кейін осы қызыл қағаздан көп алмай 20-30 секундтай
қарап отырып, көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір
түсті көруге болады. Бір ізді образдарға ұқсас бірақ одан табиғаты бөлектеу
заңдылықтың бірі эстетикалық құбылыс.
Түйсіктердің түрлері. Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге
болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттармен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі
болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетіңде
немесе оған жақын орналасқан осындай сыртқы анализаторлардың
рецепторларын экстроцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм,
тері түйсіктеі жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық
түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысымен бір қалыпты орналасуын қозғалыс
немесе кинестезиалық түйсіктер қабарлап отырады. Мұның рецепторы
проприоцептор деп аталынады. А. Көру түйсіктері біздің көзімізге
электромагнит толқындарының әсер еткінде және нәтижесінде пайда
болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780
мили микронға
4. дейін (мили микрон мм- дің 11000000 бөлімі) электромагнит
толқындары әсер етсе біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр
түрлі толқындар әсер атсе ғана көз заттардың түсін ажыратады.
Спитрке қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және
олардың сансыз реңдерін айыруға болады.
Адам көзінің заттың түсін ажырата алу қабілеті бірден қалыптаспаған
талай ғасырлық дамудың нәтижесінде, еңбек процесінің үстінде заттың түсін
ажырата алу қабілеті біртіндеп қалыптасқан.
Мәселен, жаңа туған бала айналасындағы заттармен құбылыстар бір келкі
болып көрінеді. Ол заттың түсін бес алты айдан былай қарай айыра бастайды.
Баланың осы қабілетін дамытуда бояулы оыншықтар үлкен рөл атқарады.
Ал көру түйсіктерінің дамуына еңбек процесі әсер етеді. Ә) есту
түйсіктері. Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері
дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі,
амплитудасы, және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту
түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы – бұл тербелу
жиілілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы.
Бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі – тербеліс түрінің
сәулеленуі. Біздің құлағымыз 1 секунд ішінде 16 тербелістен немесе герц –
тен 22 – герц ішінде дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын
тербелістерді құлақ шала алмайды. өйткені бұлар өте жіңішке ультра
дыбыстар. Б) Иіс түйсіктері. Мұрын кеңірсігіндегі кілегей қабықтың
клеткаларын түрлі химиалық заттардың әсер ету нәтижесінде иіс түйсіктері
пайда болады. Ауа мен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің
сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп
(хош иіс, сасық иіс, өткір иіс).
Мектеп оқушыларының иіс түйсіктерін тәрбиелеу мұғалімдердің төл
істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де, баланың
айналасындағы заттарды жан – жақты танып білуді мәселен, ауаның тазалығын
дұрыс талғай білуге, орманның гүлденген бақтың шабындықтың хош истерін,
қарағай шырша ағаштары шайырының жұпар иісін теңіз
жағалауындағы ауаның тұзды сортаң иісін сезетіндей мүмкіндік туғызу
қажет. Оқушылар бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екнін (мәселен
бұзылған тамақ иіс тигізетін газ, түтін т.б. айыра білетін болсын.
В) Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны
тітіркендіретің белгілі дәм бар суда ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәм иіс
түйсіктері бірімен бірі … жалғасы