МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ӨМІРІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ

0

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ӨМІРІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ

 

Автор: Жумалиева Шынар Бексұлтановна

 

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-09

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл — ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ӨМІРІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ

Ойын балабақша тәрбиешілерінің бірден — бір көмекшісі болуы керек деген. Дидактика — термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл — ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай — ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс — әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Осы уақытқа дейін адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде – ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б өз еңбектерінде айтып кеткен. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл — ой қызметін қалыптастырады.Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн. Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын — айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: «Дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс — әрекет«.Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.Дидактикалық ойын: «Танып ал да, атын ата». Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.Құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар және  суреттер.Мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?». Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.Ойын барысы: «Бақа аюдың үйіне секіріп келіп терезенің алдында тұрып бақылдайды: бақ-бақ  мен  саған қонаққа келдім. Тышқан жүгіріп келіп: пи-пи-пи тәтті иіс шығып жатыр. Қаз: га-га-га  дән шоқуға келдім. Сиыр: мө-мө-мө сум ішуге  келдім. Бір кезде аю үйден шығып: р-р-р деп ырылдағанда, барлығы қашып кетеді. Қорқақтар, неге қашып кеттіңдер, мен сендерге қош келдіндер деп айтқым келді ғой! Кіріңіздер, төрлетіндер!»Дидактикалық ойын:  «Қауырсынды тауып ал!»Мақсаты: Балаларды қызыл, жасыл, сары түстерді дұрыс атауға және ажыратуға үйрету, жай және құрмалас сөйлемдерді қайталауға баулу.Ойын барысы: Балалардың назарын тәрбиеші әтештің ашық түсті үлпілдек құйрығына аударады да түсіндіреді: екінші әтеш те әдемі құйрықты  қалайтынын және оны сыйға тартуын өтінеді. Балаларды түстерді атап, әр түрлі әтешке сыйлайды. Егер дұрыс болмаса әтеш «Ку-ка-ре-ку! Мен басқа қауырсынды қалаймын» дейді.Дидактикалық ойын: «Алыста ма жақында ма?».  Мақсаты: затқа дейінгі аралықты өлшеу, жақын ба, алыс па. Қажет сөздерді қолдана білу.Ойын барысы: «Балалар қараңдар, біздің иттер  біреулерді көріп қалыпты. Балалардың назары пингвинге (үйрекке, бақаға, т. б.ойыншыққа ауады.) Бір пингвин келе жатыр. Өзінің кеудесі ақ, денесі қара көргілерін келе ме? Онда жақынырақ келсін деп айтындар. «Жақынырақ келші» Пингвин келе жатып тоқтап қалады. Енді пингвинді орындықтарыңда отырып  алып көріндерші. Көре алдыңдар ма? Неге? Өйткені алыста тұр. Онда алыста тұрсын деп айтындар! т.с.с.Дидактикалық ойын:  «Сиқырлы қап».Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда не бар екен дейді. Кәне көрейік!  Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. Кейін жұмбақтарды  шешуге болады.

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.