Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту

0

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …3
І.Негізгі бөлім
Мектепке дейінгі мекемеде шығармашылықты дамыту мәселесі
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамытудың
маңыздылығы … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … ..10
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту әдіс-
тәсілдері мен
жолдары … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 15
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық негіздерін
қалыптастыру … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … .20
І І.Эксперименттік бөлім.
Шығармашылықты дамытудың мақсаты мен оған қойылатын талаптар және
негізгі міндеттері,тәжірибелік жұмыс түрлері.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ
барысында
дамыту … … … … … … … . … … … … … … … … … .
… … … … … .24
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын көркем әдебиет,
музыка,бейнелеу өнері,жапсыру,мүсіндеу сабақтары арқылы
дамыту … … … … … … … . … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … … …31
3. Эксперементтік жұмыс
нәтижелері … … … … … … . … … … … … …59
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 73
Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … .75
Қосымшалар
Қосымша А
Қосымша Ә

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Баланың жеке тұлға ретінде
қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы
керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл — баланың басты
құқығы. Адам ұрпағымен мың жасайды — дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын
жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман, — деп
М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ . Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Балалар — еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы,
әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын
жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің
басты мақсат.
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы,
тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай,
бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана
қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның,
барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие
берудің алғашқы сатысы — балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке,
қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау
қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке
басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың
өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен)
ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл
баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен
қарауға деген түсініктерін дамытады.(27.6(
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын
қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-
педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-
жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары
дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін
дамыту маңызды. Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой
және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен
ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу
қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте
сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір
деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра
білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте
сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті
дамыту – үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын
қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-
әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән
заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау
процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын
ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы
болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау,
кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық
процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан
туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің
және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана
тиісті мағұлматты есте қалдыруы.(8.35(
Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе жұмақ сынды
кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын,
кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі
балаларды жастайыннан ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге,
күресуге, қуануға мәжбүр етеді. Мектепке дейінгі баланың бейнелеуінде және
қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен
сақталады. Шығармашылықтың – тұлғаны дамытудағы әмбебап механизмі,
шығармашылық даму деңгейі – жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады.
Философтар С.С.Гольдендрихт пен Л.А.Пьянова атап көрсеткендей,
шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Меемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық , Қатынас , Таным, Шығармашылық, Әлеумкттік орта соның
ішінде Шығармашылық білім беру саласының мақсаты.
-мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру,шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық
қатынасы мен ұлттық ,классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен
бірге қалыптасуы қарастырылады.Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін
біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады.[5.5]
Ырғақты музыкаға отырып –тұру ,басын шайқау,бір аяқпен екінші аяққа
кезек басып иілу қозғалыстарын орындайды.Заттардың түрлі пішіндері мен
түстеріне қызығушылық білдіреді.Бөлме жиһазы мен ойыншықтардың
ерекшеліктерін ескереді.арындаштар мен фломастерлерді,дайын жапсырма
пішіндерді (аппликация) қолданып үйренеді.[29 .7]
Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап
табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: …шығармашылық –
қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын
іс–әрекет, — деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский
шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың
психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі
жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана
емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым
мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен
анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай
бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады.
Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен
байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек.
Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге
дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі
қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс –
тәсілдерді іздейді. Мәселені өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді
табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер
ұйымдастырушылық керек. (10.58(
А.В.Морозов, Р.М.Голубчик т.б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына
берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:
● шығармашылық — жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу
қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.
● шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және
процесс.
● адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде
жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және
мақсат қою қабілеттері есептелінеді;
● шығармашылық нәтиже түрі сан алуан
Балабақшада топтарда өткізілетін түрлі пәндердің өмірдегі орны мен оған
деген көзқарастың өзгеруіне байланысты балалардың білімін тереңдету
мақсатында қолданылатын шығармашылықты дамыту жаттығулар жүйесі,
тапсырмалар және тағы да басқа түрлі материалдар – кең түрде зерттеу
жұмыстарын әлі де болса қажет ететіндіктен зерттеу тақырыбын Мектеп жасына
деййінгі балалардың шығармашылығын сабақ барысында дамыту деп алуымызға
негіз болып отыр.
Зерттеу объектісі:Тәжірибелік эксперемент жұмысы №1 Арман мектеп-
бақшасында жүргізілді. Тәжірибелік эксперемент жұмысына №13 Құлыншақ тобы
оның ішінде 15 бала қатысты.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын сабақ
барысында дамыту ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын сабақ
барысында дамыту жолында әдіс-тәсілдердің, методикалардың
қолданылатын ойындардың ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу,
тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндетттері:
1.Шығармашылықты дамыту мәселелері жайында ғалымдардың көзқарастарына
талдау жасау;
2.Бала тұлғасын қалыптастыруда шығармашылықты дамытудың жолдарын
анықтау;
3. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында
балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.
Ғылыми болжам: егер, балабақша үрдісінде шығармашылықты дамыту
жолдарын тиімді қолданылса , онда, балалардың шығармашылық дамуының
ерекшеліктері анықталып, белсенділіктері артады.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, тәжірибені
байқау, ой–пікірлерді жинақтау, қорыту; шығармашылықты дамыту барысындағы
тапсырмаларды орындау дәрежесін тексеру, бекіту, бақылау әдістердің
тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік – эксперимент жұмысының
мәліметтерін қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
— жүйенің құрамды компоненті ретінде көрінетін объектілерді, жағдаяттар
мен құбылыстарды тану, жасау, қайта өңдеу мен қолдануға бағдарланған
шығармашылық әрекетті ұйымдастырумен ерекшеленетін шығармашылық
тапсырмалар жүйесін құру және жүзеге асыру;
— оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жұмысты тиімді
ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу
және тәжірибеде тексеру.
Зерттеудің теориялық маңызы. Балабақшада оқуға деген ынта–жігерін,
қызығушылығын арттыруға байланысты дидактикалық ойындар ғылыми–теориялық
негізі лингвистикалық және әдістемелік тұрғыдан зерттелсе, жұмыстың
нәтижелері тіл білімі, әдістеме, педагогика ғылымдарының теорияларын
жетілдіріп, балалардың қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелерін оқытудың мазмұны
мен тәсілдерін жетілдіру үшін тәрбиеге қосымша ретінде пайдалануға болар
еді. Жұмыс топта шығармашылықты дамыту жолдарын оқытуды жаңарту үшін
тапсырмаларды түрлендіріп шығармашылықты дамытуда бағыт–бағдар беріп, білім
беру жүйесін дамытуға өзіндік үлес қосары сөзсіз. Балабақша топ сабақтарын
сапалы өткізуге көмектеседі, балабақша мектепке дейінгі мекеме
тәрбиешілеріне іс жүзінде пайдасын тигізеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
үдерісінің психологиялық-педагогикалық мәнін айқындау.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
критерийлері мен деңгейлерін анықтау.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың
практикалық тәжірибесін талдау.
4. Сабақтарда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамытудың тиімді шарттарын айқындау
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Жалпы шығармашылыққа шолу жасау, шығармашылықтың педагогика
ғылымындағы алатын орнына тоқталу. Шығармашылықты дамытуға қойылатын
негізгі талаптарды анықтау;
• Ойындар, соның ішіндегі шығармашылықты дамыту мәселесіне
қатысты көрнекілік құралдардың топтастырылуына тоқталып өту;
• Шығармашылықты дамыту материалдарын меңгеру кезіндегі
балабақша топ балаларының қызығушылық деңгейін анықтау;
• Балабақша топ балаларының қызығушылығы арттыруға бағытталған
жаттығулар жүйесі,шығармашылықты дамыту барысындағы әдіс-
тәсілдердің тиімділігіне тоқталу;
• Балабақша топ балаларының қабілетін ашу, танымын кеңейту,
іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыруы бағытталған жұмыстарды
топтастыру;
• Жасалған жұмыстың шығармашылықты арттырудағы рөлінің
теориялық негізін анықтап, оның практикада жүзеге асырылуының
тиімді жолдарын белгілеп, эксперименттен өткізу, түрлі
жаттығуларды іріктеп беру.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми апппараты: мақсаты,
обьектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен
негізгі кезеңдері беріліп, практикалық мәні , ғылыми жаңалығы және қорғауға
ұсынылатын қағидалар баяндалалды.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ .
шығармашылық, қабілет ұғымына анықтама беріледі.
ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ. атты тарауда оқу іс-
әрекетінін ұйымдастырудадың тиімді жолдары мен шығармашылық тапсырмалардың
мазмұны сараланып, эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау жасалды.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыс нәтижелеріне негіздеме
тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.
Мектепке дейінгі мекемеде шығармашылықты дамыту мәселесі
1.1 Мектепке дейінгі мекемедегі шығармашылықты дамыту мәселесі.
Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады деген бүгінгі талабы
таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастарға тек еңбек етсеңдер,
сауатты,  мәдениетті, өнерлі, білімді болсаңдар ғана, білекті бірді, ал
білімді мыңды жеңеді деген ата-бабаларымыздың ұлағатты сөзін келтіріп
айтқаны, бұл  – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының
кемелденгенінің айқын көрінісі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының білім
мен еңбекке деген құштарлық, таусылмас ерік-жігер әр жастың бойынан
табылатын болса, Қазақстан дамыған елдерді қуып жетіп қана қоймай, солармен
иық теңестіре тұратындай елге айнала алатындығын жас буынға жеткізе айтуы
болды.(1.75(
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру
мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз
байланыста болуы қажет.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.
Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту.
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту.
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту.
5. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту.
6. Танымдық үрдісін дамыту.
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін
талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай
жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс –
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап
көрсеткен.
Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет
етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілеттілікті
анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік,
ойлампаздық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз
саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату,
жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бей-імділік және тағы да
басқалар.(28.16(
Қабілеттің дамып, қалыптасуы үрдісі әртүрлі деңгейде өрістеп отырады.
Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп
атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза,
есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы.
Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы
алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде
жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар
мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады. Қабілеттің қандай түрі
де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек
етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды.
Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат,
ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз
байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты
болса да өз қабілетінен айырылып қалады. (12.87(
Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап
табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: …шығармашылық –
қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын
іс–әрекет, — деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский
шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың
психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі
жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана
емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым
мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен
анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай
бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады.
Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен
байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек.
Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге
дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі
қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс –
тәсілдерді іздейді. Мәселені өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді
табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер
ұйымдастырушылық керек. (10.58(
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау
психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына
болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен
деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі
мақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа
сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешетін шешімдер
іздестіру болып табылады. (16.38(
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттерінің ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі жас – бұл бала тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, мектепке дейінгі кезеңде
білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Мектепке дейінгі жас
балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу,
оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде
бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып,
жалпы дамыту. Әрине мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз,
импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір
нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың
жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек
оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп
дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек
мектепке дейінгі мекеме ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Балалардың
өзіндік жұмыстарының мән — мағынасын ұйымдастырудың тәсіл — амалдарын бір
ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі
шарттары мыналар:
• Педагогтың нақты тапсырмалар беруі;
• Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
• Тәрбиешінің басқаруымен балалардың дербестігінің өзара байланысы
олардың жұмысты өз еркімен орындау.
Балалардың өзіндік жұмысы – тәрбиешінің қажетті нұсқаулары бойынша
баланың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды
орындау барысында балалардан белсенді ойлау талап етілді. Осының
нәтижесінде балалар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі
орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық,
бір – бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі
мақсаты балалардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Тәрбиеші
оқу іс-әрекетінде әдіс – тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс –
пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген
әрбір оқу іс-әрекетінде балалардың ойлануына және қиялына негізделіп
келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.
Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты
тануды ойлап, балалардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір
тәрбиешінің міндеті.
Балалармен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық мәселе. Осыған
байланысты дарынды, шығармашыл балалармен жұмыс істеудің төмендегідей
кезеңдерін анықтауға болады:
• Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
• Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
• Игерілген нәтижелерді бақылау.
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке
жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен
ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі
мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет балабақшада сан алуан
ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәрбиешілердің көмегі арқылы
ашылады және дамиды. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа
баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға
өз әсерін тигізеді.
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту әдіс-
тәсілдері мен жолдары.
Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, шығармалық болады.
Бұлақ көрсең көзін аш — дегендей, осындай баланың бойындағы шығармашылық
қасиетін дамыту көбіне тәрбиешілердің кәсіби біліктілігіне байланысты
екендігі айдан анық. Жаңа субъект-субъект оқыту парадигмасымен жұмыс
жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту,
мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек.
Шығармашылық пен қабілеттіліктің не екенін, бала шығармашылығының
деңгейін анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін,
нәтижелілігін білетін тәрбиеші ғана дарынды баламен нәтижелі жұмыс істей
алады.
Шығармашылығы жоғары деңгейдегі баламен жұмыстың негізгі мақсаты —
олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын
қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және
балардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың
дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол
үшін баланың дарындылығын анықтап,дамыту үшін әртәрбиеші өзінің алдына
мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.
1. Баланың ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Баланың шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-
өзі жарнамалауына көмек көрсету.(11.43(
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда тәрбиеші мынандай жұмыс
түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өзі өнімді нәтиже алмақ.
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
2. Оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
3. Баланың өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
4. Баланың қызығушылығына байланысты жұмыс жоспарын құру;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда тәрбиешілер мынандай мәселелерге
баса назар аударулары керек:
1. Оқу іс-әрекеттерінде шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу,
орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Балалардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану
көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Оқу іс-әрекетінен тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік
сайыстар,ойындар мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл
бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Мектепке дейінгі мекемелерде дарынды балалар үшін арнайы топтар құрып,
оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға.
Қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде тәрбиеші жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалану қажет, олардың ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан
–жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа
педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы шәкірт тек
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім алушы бала – өздігінен білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім
алушы бала:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек;
М.Жұмабаев өзінің Педагогика оқулығында бала дамуының мәселелерін
көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін қалыптастыру керек екенін
жазады. (13.21(
   Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін талдау ең
алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
            Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи
қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал, баланың бойындағы туа біткен
қасиеттерді дамытатын оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен
талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік
туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді жасы үлкендер жеткілікті
бағаламаса, ол өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін, – дейді. (19.32(
    Психологтар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын
дәлелдейді. Соның бірі шығармашылық әдіс – жаңа нәрсені ойлап табуға
бағытталған қабілеттер деңгейі. Ол үшін балаға бағыт-бағдар бере отырып,
баланың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс —
тәсілдерді қолдануға болады.
Баланың өз бетімен жұмыс жүргізуі – шығармашылық қабілетті дамытудың
басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін
балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, еліктеуіш сөздер
тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың
сыртқы пішінін әр түрлі еліктеу сөздер арқылы жаттықтыру, еліктеуіш сөз
қатысқан мәтінді оқу, табиғат құбылысына бақылау жасату, еліктеуіш сөз
қатысқан сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен еліктеуіш сөздерді табу,
баланың тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер
етеді, яғни бала ізденеді, талаптанады, ойланады.
Оқу іс әрекетінде тәрбиеші мен бала тығыз байланыста болуы керек. Ол
үшін тәрбиеші бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін бала бойындағы
табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық
жағдай жасауы қажет. Ал бала өз тарапынан белсенділік, дербестілік
көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра
алады. Сонымен бірге, әрбір сабақ үстінде шығармашылық тапсырма беріп
отыруы тиіс. Шығармашылық тапсырма түрлерін топ балаларының жас
ерекшеліктеріне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр топ бойынша
әрі қарай жалғастыра беруге болады.
Бала шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздық арқылы дамиды.
Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып
табылады. Мұндай сабақтарда балаға ерекше ахуал, тәрбиеші мен бала арасында
ынтымақтастық қатынас сақталады.
Әрбір тәрбиеші сабақтан тыс уақытта балалардың шығармашылығын
дамытатын әр түрлі кездесулер, іс-шаралар  ұйымдастыру қажет. Іс-шара
барысында, әрбір балаға өзіндік ойын, көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру
керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз
бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.(25.18(
XXI  ғасыр — білім ғасыры. Тек білімді азаматтарымен ғана еліміздің
болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында кез
келген кедергілер мен тосқауылдарға қарсы тұра алады. 
 Тәрбиеші еңбегі – бала білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің
күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың
бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам
алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Балалардың қызығушылығы мен қабілеті әр түрлі. Сондықтан балабақшада
балаларға арналған арнайы үйірмелер ұйымдастыру арқылы олардың шығармашылық
қабілеттерін шыңдай түсуге болады. Мұнда физикалық және эстетикалық
тәрбиеге жан-жақты, терең негізделген еңбекке баулу шешімін табу үйірмелері
жатқызылуы керек. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы оқу пәндері негізінде де
жасауға болады.
Шығармашылықпен айналысу кезінде төмендегі міндеттер шешіледі:
• Баланың танымын түзету;
• Баланың мүмкіндіктерін салыстыру және пысықтау ерекшеліктері
• Балалардың әр түрлі өнер түрлерімен жеке бағыттармен танысу.
• Өнерге деген эмоциональды-эстетикалық белсенді қарым-қатынасын адамның
ішкі жан-дүниесінің қызығушылығын арттыру.
• Күнделікті өмірден алған білімдерін қолдануға үйрену.
Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмысын жасап тұлға ретінде
дамуы басталады. Үйірме жұмыстары ерікті түрде болатындықтан балалардың
жеке мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылуы қажет. Үйірме жұмыстары
тәрбиешіге әр түрлі сабақтар өткізуге балалардың шығармашылық жұмысқа
сүйіспеншілігін арттырып жұмысты орындауға қызығушылығын қалыптастыруға
мүмкіндік тудырады.
Үйірме жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбиені келесі бағыттарда сақтауы
керек:
• Сабақтың жалпы бағытын сақтау;
• Жеке қасиеттеріне байланысты сабақтың мазмұны мен әдісін бала
таңдауына сәйкес жасау;
• Үйірме жұмысына баланың көп қамтылуына көңіл бөлу;
• Баланың өз бетінше ұсынған талабын оның қалауын ескере отырып
қарастыру;
• Барлық орындаған жұмыстарға тиімді-қоғамдық ой қалыптастыру;
• Үйірме жұмысының барлық түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты мен
міндетіне бағынуы тиіс.
Үйірме жұмысын жүргізуде мынадай мақсаттар қойылды:
• Түзетушілік:
• Шығармашылық қиялын дамыту қолдың ұсақ моторикаларын түр, түс, есте
сақтау, ойлау, фантазиясын дамыту;
• Білімділік:
• Тәрбиелік:
• Дамытушылық:
1.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық негіздерін
қалыптастыру.
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз
бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен
өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық
қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай
отырып дамытады және жетілдіреді.
Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың
байлығымен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық
әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу
табыстарымен анықталады.
Шығармашылық — бұл өте күрделі психологиялық прцесс. Ол іс-әрекеттің
түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осы
айтылғанның: Шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-
келген адамның бойында кездесеме? деген сұрақтар туындайтының аңғарамыз.
Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
– деп қарастырып келдік.
Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп
қарастырады.Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:
1. мәселені көре білуі қабілеті;
2. идеяны талдай білуі қабілеті;
3. идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;
4. түпнұсқалық:
5. идеяны жетілдіре білу қабілеті;
6. талдай және жинақтай білу қабілеті.
Е.П.Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті,-
деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:
1.Мәселені шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;
2. Мәселені шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;
3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;
4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы.(20.34(
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау
психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына
болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен
деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі
сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа
сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру
болып табылады.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге
қойылатын жалпы талаптар:
• эстетикалық талғамы бар, оны балаларға жеткізуге қабілетті;
• педагогикалық үрдісті Қазақстан Республикасы халықтарының
этномәдени негізінде құрады;
• өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында
көрсетеді;
• әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
❖ баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік
беру;
❖ баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;
❖ баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды
дамытуға ынталандыру;
❖ табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер
туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
❖ қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық
ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау;
❖ жетістікке жету жағдайын жасау; баланың қабілеті мен бейімін
зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда
бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше.(24.33(
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі
қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі
пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала
бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда
басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда,
басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық,
үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен
құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып
қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар
арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шығармашылықтың екінші белгісі —
затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір
затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын
жасап алуы. Сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы
жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас
ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге
талпынады.
Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы
қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе
сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды қоршаған
ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу
тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір
қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі
мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы
әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек.
Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын
елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты.
Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс
орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы,
баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында
салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен
бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып,
қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары
болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына
елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.(6.24(
Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру,
кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру — қазіргі кезеңде педагогикалық теория
мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі. (5.24(
Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым,
тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т.б. қызмет етеді. Балалар
өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін,
қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ — домалақ, қатты, қоңыр т.б. Шығармашылық
ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының
ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін
көрсеткен кезде ғана туындайды.
Қорыта келе, қазіргі заман талабына орай мектепке дейінгі мекемеде
баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны шығармашылыққа баулып, бар
мүмкіндіктерін аша отырып, қиялын, ой-өрісін дамытуды басты жолға қоя білу
керек.
2.Эксперименттік бөлім.
Шығармашылықты дамытудың мақсаты мен оған қойылатын талаптар және
негізгі міндеттері,тәжірибелік жұмыс түрлері.
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ
барысында дамыту.
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі.
Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі
белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — тәрбиешінің
басшылығымен балаларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы
түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру,
іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру саласының мақсаты:
—  мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
—          сурет салу;
—          мүсіндеу;
—          жапсыру;
—          музыка.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі
алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті,
эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.(26.42(
Т.Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне
байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың
тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге
болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4.Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар
орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке
тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды
икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық ойлаудың көрсеткіштері:
1. Қойылған сұраққа ойланып жауап берулері.

2. Тың идеяны қабылдай алуы.
3. Өз қабілетін көрсете білулері.
4. Жаңа бір нәрсені ашуы. (14.19(
Балалардың танымдық  ізденімпаздығы  қалыптастыруға  бағытталған
шақтар түрлері төртке бөлінеді: танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, 
әдіснамалық.
Балалардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы
сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары баланың шындық
белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін,
яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды
өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге  топтастырады және
қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық      сабақтардың     жоспарын      жасауда      баланың
шығармашылық  әрекетінің  бағдарына  сәйкестендіріп,   олардың  қабілетері
ескерілуі тиіс. Балалардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды
өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты    сабақтарды    топтастырып, таңдап  алуға болады.    Жалпы
бағдарламада   көрсетілген   пәндік   сабақтардың   әр   тарауында  
жететін жетістіктері негізінде балалар білім алуда нәтижеге жетеді.
Балалардың шығармашылық әлеуетін көтеруді тәрбиеші алдына
мақсат етіп қояды. Тәрбиеші бала күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас
әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда
жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша тәрбиеші оқулықтар, кітаптар, әдістемелік
кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Тәрбиеші өзіне, балаларға мықты
болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген
материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, балаларға басқаша аяқтауға
кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды балаларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Топтағы әр баланың пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтау қажет.
Сонымен қатар,  пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық
әр баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен
дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибеде мынадай тәртіппен орындалады:
мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ
балалардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау
қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргізу керек, жұмыс балабақша
көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.
(17.26( Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеуге болады:
1. Тақырып, баланың және жетекшінің аты — жөні, сыныбы, мектебі, жылы.
2. Тақырыптың өзектілігі.
3. Негізгі идеясы, мақсаты.
4. Жұмыс мазмұны, жоспары.
5. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.
6. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.
Қазіргі ғылым жетістіктері шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті
сапа және де қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған
жағдайда, кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайында көп айтылды.
Өкінішке орай бұл түсінік әлі барлық адам санасынан берік орын алған жоқ.
Сондықтан мұғалімдер, ата-аналар, тәжірибелер алдында бала шығармашылығының
бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық тұғырғы көтерілуіне жағдай жасау
міндеті тұр.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытудың жағаша көзқараспен қарап, оған
әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру талап
етілуде. Қазіргі мақсат – жас ұрпақтан өркениетті қоғамның еріктің өз бас
бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын,
адамгершілік, ізгілік мінез-құлқы қалыптастан шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың
өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың
ғылыми негізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке
мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта
оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс
педагогикасының негізін салушы К.Д. Ушинскийде назар … жалғасы