Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті

0

Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан — 2030 стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған.
ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты қалыптастыру болып табылады [1].
Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы — мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, адамгершілік сөзі: ар-ұжданның тазалығы, адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т.б. қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде [2].
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру керек.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Бүгінде, ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр және де шешімін табудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Білім беру және тәрбие саласындағы маңызды өзгерістердің іске асырылуын қатаң бақылау көзделуде. Бұл тұрғыда өткен кезеңнің тәлім-тәрбие мәселелерінің тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан отандық ғалымдар аз емес. Мәселен, қазақтың педагогикалық ой-пікірін ғылыми жүйеге келтіріп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда белгілі ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К. Құнантаева, А.Ильясова, Қ.Сейталиев т.б аса зор еңбек сіңірді.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол — орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім балаларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.
Жеке тұлғаның рухани — адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді. Бұл идея адам бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытып, қалыптастыруды ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеп, оның әдістемесін жасау мақсатын туғызды. Егер сабақтарда берілетін білімнің мазмұны мен әдіс — тәсілдері баланың өзін — өзі әрекетінің субъектісі ретінде тануына мүмкіндік туғыза отырып, оның жан — жақты дамуына бағдарланса, онда бастауыш сыныптан бастап, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жүзеге асады [3].
Халықтық педагогика сан салалы, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Соның ішінде жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың маңызы өте зор.
Халық педагогикасы — ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдік сөздер, этнографиялық (мәдени-тұрмыстық), ұлттық салттармен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар, мерекеле мен тойлар, әулеттік тағылымдар мен тәжірибелер, үлгі -өнегелер — халықтық құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Ертегілер баланы қызықтырады. Сөзді тыңдай үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді [3].
Зерттеудің мақсаты: Балабақшада балалардың адамгершілік тәрбиесін оқу-тәрбие үдерісінде анықтау.
Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны.
Зерттеудің болжамы: Егер балабақшада балаларға адамгершілік тәрбиені ертегілер, ойындар арқылы берсек, онда балаларда жағымды қасиеттер толығымен қалыптасар еді.
Зерттеудің міндеттері:
— Адамгершiлiкке тәрбиелеу ұғымына анықтама бере отырып, оның мән-мағынасына, мазмұнын айқындау;
-Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың алатын орнын тексеру;
— Ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педегогикалық тәжірибелер, жаңа педагогикалық технологиялар, бақылау қорытындылары.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу — рухани тәрбиенің маңыздылығы

1.1 Педагог — психологтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам — ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адаммен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі балалардың моральдың сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгеріпілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы — мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. «Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады». Абайдың қоятын екінші талабы — тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. Үшінші талабы — әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті — дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы — мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс- тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады [3].
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі — ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, XVII-XVIII ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым тy байлап,
Жанды жүрек, қан қайнап.
Шепті бұздым айғайлап,
Ел-жұртты қорғайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Өлімге жүрміз бас байлап, — деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д. Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.
Ер қолынан іс келмес, Жігерім болса жетем де,
Сұңқардайын түйілмей. Еліме барып ұл болам.
Буынып белін бекінбей, Жігерсіз болсам жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай Қойынжайып құл болам…
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды. Тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оку-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, бала-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу — әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы [4].
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің «Менің майдандас достарым» еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. «Ерлік тәрбиеден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі — қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалың мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді калыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байңаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. «Туган елін сүю селімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс» — дейді ол. С.Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу — әр педагогтың басты міндеттерінің бірі [5].

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні, мазмұны және бағыттары
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет деп көрсетілген. Бұл міндетті шешуде адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері негізінде білім беру арқылы балалардың бойында дүниетанымдық көзқарас этикасын, адамгершілік білімділікті, адами қарым-қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады [5].
Адамгершілік тәрбие дегеніміз — балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» деген мақал бар. Тәлiм — тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, бала мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. [6]
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз — адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады.
Мораль — әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз — адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелердің жинытығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың өлешушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастары ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономкалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер, дін ықпал етеді.
Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш — деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз — оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз — адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы — моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді [4].
Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық сапаларын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.
Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ — ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі.[26].
Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсінуі мектеп жасына дейінгі қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде іске асады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:
1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттлігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
3) балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет [4].
Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы — халықтың тілі, мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі — халықтың тарихы, шежіресі, халықтың ең зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда, Абай: Өнер алды қызыл тіл — деп толғаса, Ғ.Мүсірепов: Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ — тілдің құдіретін ерекше бағалаған. М.Әуезов: Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды — деп атап көрсеткен [13]. Ендеше, ерте сәби кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеуде жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің бірін құрайды. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі, тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға, халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспенішілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру — балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі. Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді [6].
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады, әсіресе олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады.
Жас бала — жас шыбық тәрізді қалай исең солай майысады. Сондықтан да білім негізі балабақшада қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиісті көңіл бөлу керек екенін заман талабы, тәрбие кепілі деп түсінуіміз керек.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, психологиялық және рухани-адамгершілік ахуалдың оң өзгеріске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесі дүниетанымдық адасудан арылуда.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің даму динамикасы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-рухани білім беруде бастапқы идеал құндылықтары, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етеді. Балабақшада баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, адам және қоғам байланысын қалыптастыруда, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттілігін сезінуде, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыруда, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыруда, адамның басқалармен қарым-қатынасындағы жоғары мәдениеттілік пен адамгершілік әдеттерді бекітуде тәрбиенің маңызы зор.
Кейбір еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынандай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:
а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді дамыту;
б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;
в) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;
г) өзін-өзі тәрбиелеу;
д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі барлық тәрбие жүйесіндегі негізгі тәрбиенің көзі болып табылады. Адамгершіліксіз табиғатты, қоршаған ортаны, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланады. Руханилық баланың ішкі болмысы, жан дүниесінің азығы, мінез-құлқының тірегіші болып табылады. Руханилық пен адамгершілік араласып, бір-бірімен сабақтастықта байланысқан ағайындас ұғымдар. Мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдалану, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады [27].
Мектеп жасындағы балаларға адамгершілік әліппесі ойын арқылы меңгертіліп, баланың әлеуметтік саналылығын дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі.
Қазір балабақша бағдарламаларында адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыруға арналған шығармалар іріктеліп алынған. Ол шығармаларда сөз болатын негізгі қасиеттер: әдептілік, ұят пен ар, шындық пен әділет, ынтымақ пен бірлік, жолдастық пен достық, құмарлық т.б. М.Әуезов: Адам баласынан жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге білетіндігінен… Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет — деген [6].
Адамгершілік тәрбиесі өзінің ықпал ету көлеміне қарай тәрбиенің негізі болып табылады. Тәрбие міндеттерінің бірі — баланың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру. Мұндай әрекеттер кезінде балалардың адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ал пайда болатын қатынастар әрекеттердің мақсаты мен себептерінің өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Баланың адамгершілік санасының дамуы өзара қатынастар мағынасын қабылдау және ұғынуы арқылы іске асады. Мұндай қатынастарға ата — аналармен, педагогтармен, қоршаған орта түсе алады. Бала санасында сыртқы ықпал жеке мағынаға ие болады, осылайша оған деген субъективті қатынас қалыптасады. Осыған байланысты тәрбие себептері, шешім қабылдау және өз істерін баланың адамгершілікпен таңдауы қалыптасады.
Балалардың адамгершілік дамуының деңгейі оқу ісін табысты іске асыруына ықпал етеді. Оқу ісінің өзі, мазмұнының, әдістерінің этикалық бағыттылығы және оқу үдерісін ұйымдастыру мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесі дамуының негізгі көзі және тәсілі болып табылады. Оқыту үдерісінде танымдық әрекет, қабылдау, зейін, қиял, ойлау есте сақтау дамиды. Бұл балалардың қоғамдық өмір құбылыстарына қызығушылықпен қарауын тәрбиелеуге мүмкіндік береді [7].
1.3 Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны

Бүгінгi күн ұрпақтың жан — жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады. Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн баланың жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу тәрбиешінің үлкен бiлiктiлiгін, шеберлігін талап етедi.
Мектепке дейінгі мекемеден бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте балабақшаның маңызы зор. Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз[27].
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, балалар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған. Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған. Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып тәрбиелеген.
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол» — деп, ұл — қыз тәрбиесiне түгел қатысқан.
«Үлкеннiң алдын кесiп өтпе», «үлкенге сәлемдес», «аттылының алдын кеспе» деп жолды кеспеуге баулыған.
«Ат атандырма», «сағымды сындырма», «сүйек жасытпа», «сөз тасыма» деген жүйелi сөз тағы бар[10].
Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.
Мысалы: «Сiз деген — сыпайылық, бiз деген — көмек», «Сыйға — сый, сыраға бал», «Сөзiң тәттi болса, жұмысың қатты болсын» деген мақал — мәтелдер де сол игiлiктi iстерге бастап отырған. «Жақсы сөз — жарым ырыс» екенiн ұқтырған. Қонақтарға тапсырма: Үш санына байланысты халықтың ой — тұжырымдарын еске түсiру.
«Адам туа бiлмейдi, жүре бiледi». Олай болса өмiрге келген әрбiр баланың болашағын алғашқы күн, айларынан бастап қалыптастырған.
Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете отырып «бiлiм ауысады, ырыс жұғысады» деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан бастап, балабақшаға, мектепке жалғастырған.
Мектепке дейінгі жастағы балалар не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік — педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде балалардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау.
Балалардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;
Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;
Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу;
Балабақшадағы оқу іс-әрекетінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның балаларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.
Алған білімдерін өмір тәрбиесінде іске асыру арқылы ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [10].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі — балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін баланың санасына сіңіріп, үлкен ой салған.
Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б. көптеген мысалдар келтіре кетуге болады. Балаларды жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, оқу іс-әрекеттерінде шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де баланың бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:
Таза болсаң судай бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Азғана іске көп рақмет айт.
Жақсы қылық адамға ас пен киім;
Дос табу оңай, сақтау қиын;
Достарың көп болса да, аз деп біл.
Адамның басшысы — ақыл,
Жетекшісі — талап,
Шалушысы — ой.
Сынаушысы — халық,
Қорғаушысы — сабыр,
Қорғанышы — мінез,
Ең қымбаттысы — ар.
Таусылмайтыны — арман,
Барлығынан ардақтысы — өмір [12].
Қорыта айтқанда, бала біткеннің барлығы дерлік балабақша қабырғасында тәрбиешілерден тәлім алады. Егер біздің тәрбиешілеріміз әрбір оқу іс-әрекетін жоғары, сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады — дейді. Міне, осы мектепке дейінгі кезең баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан осы кезден бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, оқыту керек.
Қазіргі білім беру жүйесінің міндетті бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа және әлемдік мәдениет пен әр халықтың өзінің ұлттық тәрбиесін байланыстыра адами құндылықтарын, қайырымдылықты, ата-анаға ,Отанға, табиғатқа дегенсүйіспеншілікті арттыра отырып білімді, еңбекқор, бәсекеге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеу.[25]

2 Ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері

2.1 Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы

Балабақшадағы тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ — бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейрімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата — аналар мен тәрбиешінің міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан — жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын — балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер де, бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыңыр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау — дамайға бейім болады. Тегінде көп нәрсе бала өмірін дұрыс ұйымдастырып, шебер басқара білуге байланысты.Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Ойын — баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс — тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп — оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі — ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір — бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз.[13]
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын — жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар. Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады [14].
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім. .Дидактикалық ойын — бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектепк дейінгі мекемедегі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.
Ойын дегеніміз — жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық — деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті — ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, көп білуді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын тек баланың, дене күшін, қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді [15].
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды, бала отбасымен және қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарас қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдарымен ойын барысында бірлесе шешім … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz