Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп оқушылары

0
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 3

1. БАЛАНЫ МЕКТЕП ӨМІРІНЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ – ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Баланы мектеп өміріне дайындаудың теориялық
негіздері … … … … … … .. .5

1.2 Баланың мектепке баруына байланысты туындайтын психологиялық
өзгерістер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …12

2. БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ДАЯРЛЫҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Мектепалды тобындағы балалардың танымдық процестері мен жеке даралық
ерекшеліктерін
зерттеу … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
.25

2.2 Баланы мектепте оқуға даярлауда жүргізілетін
жұмыстар … … … … … … … .39

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
59

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер
қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда, демократиялық жолмен дамушы
мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен
білімдерін арттыру қажетті туындап отыр. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың
білімділігі мен сауаттылығына байланысты екендігін баса айта отырып,
олардың оқу-білім алуына мемлекет, қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлініп,
оларға жан-жақты жағдай жасау мемлекет алдындағы негізгі міндет пен өзекті
мәселе болып қала беретіндігі түсінікті.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология
қуатты дамып отырған кезде, қоғам талабына сай білім берудің озық
технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің
озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби
бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын
қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең
негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр[4].
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды
өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары анықталып
жатқанымен, мектепке келген оқушылардың оқу жағдайына даярлығын, соған
сәйкес мектептегі оқу мен тәрбиені меңгеруге оның әсеріне терең үңіле
бермейміз.
Балалардың мектептегі оқу жағдайына психологиялық даярлығын жүзеге асыру
тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Оқушының
оқу жағдайына оқу үрдісін тиімді ұйымдастырумен, іс-әрекеттің субъектісінің
сапалық ерекшеліктері-мен, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде
диагностикалық және түзету-дамыту жұмыстарын ұтымды қолданумен байланысты.
Балалардың мектептегі оқу жағдайына психологиялық даярлығы оқу барысын
дұрыс ұйымдастыру мен баланың жеке даралық өзгешелігінің әсерін дұрыс
түсінуге байланысты. Мектеп мұғалімдері балаларға сабақ берумен бірге
олардың мектепке келгеннен кейінгі өзінің мінез-құлқына байланысты ортаға
қалай бейімделіп жатқандығын ескере отырып, көңіл-күйіне, сабақты үлгере
алуына аса көңіл бөлгендері дұрыс. Оларда үлкендерге бағдарлану, яғни
оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері баланың оқу жағдайына
даярлығын ескеру педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады[6].
Зерттеудің өзектілігі балалардың мектептегі оқу жағдайына, әлеуметтік
ортаға, іс-әрекеттің жаңа түріне, қарым-қатынастың басқаша сипатына көшуге
психологиялық тұрғыдан бейімделе алатын жеке адамды дамыту қажеттілігінен
туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның оқу жағдайына даярлығы
мүмкіншілігінің дамуы – интелектуалды, жеке адамдық, әлеуметтік-
психологиялық даму деңгейлерін қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Зерттеудің мақсаты: Баланың мектептегі оқу жағдайына психологиялық
даярлығының маңызы, оқытудың алғашқы жылындағы қиындықтарды зерттеу,
балалардың мектептегі оқу жағдайына психологиялық даярлығын диагностикалау.
Зерттеудің міндеті:
— Мектепалды жасындағы балалардың психологиясын түсіне білу.
— Мектепалды жасындағы баланы психологиялық тұрғыда зерттеу.
-Баланың мектептегі оқу жағдайын психологиялық даярлығын, зерттеу.
— Мектепалды жасындағы баланың таным процестерін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп
оқушылары.
Зерттеу пәні: Балалардың мектептегі оқу жағдайына психологиялық
даярлығы.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Балалардың мектептегі оқу жағдайына
психологиялық даярлығы олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты
көрінеді.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. әдебиеттерге теориялық талдау жасау
әдісі, балалардың мектептегі оқу жағдайына психологиялық даярлығын анықтау
үшін Керн-Йирасек тесті, бастауыш мектеп оқушыларының жеке даралық
қасиеттерін зерттеуге арналған темперамент типтерін анықтау тесті,
балалардың бір-біріне қарым-қатынасын анықтау үшін социометрия, әңгіме
әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы
заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі
түрде тартып, балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, сондай-ақ тексеру
мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Баланың білім қазыналарын интуициялық
қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде
математика, грамматика және басқа пәндердің өздерінің күтпеген,
танқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек.
Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық
ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАЛАНЫ МЕКТЕП ӨМІРІНЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ – ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Баланы мектеп өміріне дайындаудың теориялық негіздері
Соңғы жылдардағы халыққа білім беру ісіне байланысты жаңа өзгерістер
мектеп өмірінде түбегейлі өзгерістерді тудырып отыр. Он екі жылдық оқу
жүйесі, кәсіптік білім беру саласы, сондай-ақ мектеп алдындағы дайындық
мәселесі – жастарды жан-жақты білімді, сауатты, ұлы тұлға, қоғам
жаңартушысы ретінде қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады.
Білім беру саласындағы осындай жаңа өзгерістерге байланысты қазіргі
кезде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің алты жастан он бір-он екі жасқа
дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I-IV сыныптары).
Балалар мектепке алты жастан баратын, ол бастауыш оқу ұзақтығы біздің
елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша
хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол
салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепте
мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының
алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ.
Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде
жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің
шығуымен байланысты[7].
Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті
қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі
ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектері және психологиялық
ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды.
Ғылыми козқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы
жасқа неғүрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық
дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға
дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі
бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада:
бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл — бала
өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының
ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-
құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар
жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.
Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш
мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады.
Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын
дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану
балаларды одан ары оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға
мүмкіндік береді[8].
Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістер
баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі,
жетекші түрімен сипатталады. Мысалы: мектеп жасына дейінгі балалық шақта
ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйретіп, тіпті шама-
шарқынша еңбек етіп жүрсе де, оларың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы
стихия әр түрлі ойындар болып табылады.
Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және
символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын
сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.
Алты жасар бала мектеп табылдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен, осы уақыттан бастап, ойын
біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының
жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін,
оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу
болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психоло-гиялық жағынан даярланған.
Олар бұл жерде үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс
бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл
ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие.
Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың
сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас
нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға
көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға
болмайтын талаптар деп қабылдайды[9].
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі психологиялық жағынан расталған мынадай
қағида бар: баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да
нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының,
міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан
айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды.
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету — бірінші сынып
оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған
балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті
шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа
кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген
ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру
процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде, шын
мәнінде, ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш, аспаз, жүргізуші) болуы
үшін, оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы
үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы
құрамын, әрине, сезбейді.
Мектептегі оқуға баланың даярлығы мәселесі алты және жеті жастағы
баланың мектепке үйренуіне және үйренбеуіне теориялық талдау жасау арқылы
ашылады.
Мектепке үйрену — баланың жүйелі мектептегі ұйымдасқан оқу іс-әрекетіне
өту кезіндегі танымдық, мотивациялық және эмоциялық еріктік сферасындағы
қайта құрылымдық өзгерістерге бейімділігімен сипатталынады.
Әлеуметтік сыртқы жағдайлардың жағымды сәйкестіктері үйренуге,
жағымсыздары үйренбеуге әкеп соғады. Мектептегі жүйелі оқудың негізгі
ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Баланың мектепке келуі — қоғамдың мәнді және қоғам бағалайтын іс-
әрекетін жүзеге асыру басталады.
2. Жүйелі мектептегі оқудың бір ерекшелігі – барлықтарына ортақ
бірнеше ережелерді мiндеттi түрде орындауды талап етеді, ал
бұған мектепке келген балалардың барлығы тәуелді болады[11].
Мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-
қатынас дағдыларын, мінез-құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектепте
оқуға даярлық деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады (сурет 1):
1.Интеллектуалдық дамуы – жоғары психикалық функциялардың даму
деңгейінен тұрады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетінің
өзіндік реттеу қабілеті;
2.Эмоциялық дамуы – баланың эмоционалдық-экспрессивтік даму деңгейін,
олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;
3. Коммуникациялық дағдыларыныңдамуы — (6 жастағы дағда-рыстардағы
психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және
тартымдық деңгейін анықтау);
4. Мектеп жасындағы даму кезеңдегі баланың мектептік сауаттылық
деңгейі;
Г. М. Чуткинаның зерттеу нәтижелерінен – жоғарыдағы әрбір
көрсеткіштерінің даму деңгейлерінде болатын мектепке әлеуметтік-
психологиялық даярлықтың 3 деңгейін көрсетуге болады.
I. Адаптацияланудың жоғарғы деңгейі.

Сурет 1 – Баланың мектепте оқуға даярлық деңгейлері

1-сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, қойылған талаптарды
адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама
материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше
алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойып тыңдайды, берілген
тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше
орындауға үлкен қызығушылық көрсетеді, (үнемі барлық сабақтарды орындайды);
қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты
орынға ие.
Жоғарыда көрсетілген барлық көрсеткіштердің даму деңгейі жоғарыға сәйкес
келеді.
Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ,
балалар мектепке даяр, 6 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала
сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясының, мектепке
жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді[12].
II. Адаптацияланудың орта деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға
жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу
материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі
мазмұнын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды,
ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны
бақылап отыру қажет.
Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен
достас болады.
III. Адаптацияланудың төмен деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепте теріс және индифферентті қатынас құрады,
сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым
келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының
кейбір бөліктерін ғана менгереді.
Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз бетінше тапсырмаларды
орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі
дайындалмайды, тек жүйелі ескертіп, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау
жасап отыруы қажет. Ұзақ демалыстан кейін жұмысқа қабілеттілік пен
зейінділік сақталғанда үлгі бойынша жаңа тапсырманы түсіну және орындау
үшін мұғалім және ата-аналардың едәуір көмегін қажет етеді.
Қоғамдық жұмыстарды бақылау негізінде айрықша қалауды орындайды, енжар,
жақсы достары жоқ, сыныптастарының кейбірінің ғана аты-жөнын біледі.
Ал бұл, яғни мектепке адаптацияланудың төменгі деңгейіндегі көрсеткіш –
мектеп дезадаптациясының көрсеткіші болып табылады. Бұндай жағдайда жас
ерекшелігін көрсету қиын. Себебі, баланың психикалық және соматикалық
саулығының бұзылғандығы туралы сөз болып тұр. Бұл жалпылау процесінің
дамуының адаптация көрсеткіші — психикалық процестер мен қасиеттер,
функциялар, төмен деңгейі – негізгі фактор болып табылады[13].
Осыған байланысты педагог 6 жасар 1-сынып оқушысының жас ерекшелігіне
тек оқу процесін және психологиялық дайындығын арнайы ұйымдастырмаса да
мектепке адаптацияланудың орта деңгейі жойылуы мүмкін.
Тағы бір аспект – адаптациялану процесінің жағымсыз нәтижесі
дезадаптацияға әкеп соғуыдыњ бір себебі болып табылады. Олай болса,
дезадаптация және дезадаптациялық стилдер туралы теориялық талдаулар жасап
көрелік.
В.В.Коганның берген анықтамасы бойынша “мектептік дезадаптация –
психогенді ауру және баланың жеке басының психогенді қалыптасуы, бұл оның
мектепте және жанұяда объективті және субъективті статусын бұзады, оқушының
оқу және оқудан тыс белсенділігін төмендетеді.
Бұл ұғымға мектеп іс-әрекетінің ауытқуын байланыстыруға болады. Мектеп
оқушыларының негізгі іс-әрекетті меңгеруінде қиыншылықтар мен ауытқулардың
байқалынуы ықтимал. Ал мұндай ауытқулар психикасы сау болса да немесе
әртүрлі психикалық бұзылуы бар болса да байқалуы мүмкін. Дегенмен, бұл
жағдай олигофенияны, органикалық бұзылулар, тәндік дефектісі бар балаға
қатысы жоқ[14].
Мектептік дезадаптация – бұл баланың оқуды меңгеруінің, оның мінез-
құлқының бұзылуын, конфликтті қатынастарды, психогенді аурулар мен
реакцияларды, қорқыныш деңгейінің жоғарылауын, жеке басының дамуындағы
тежелулер формасындағы баланың мектепке бейімделу бейадекватті
механизмдерін қалыптастыруы мүмкін.
Т.В. Дорожовец 6-7 жасар 1-сынып оқушыларының әрекетін зерттей келе,
баланың мектепте оқуға даярлығының 3 стилін көрсетеді:
1. Аккомадациялы
2. Ассимиляциялы
3. Салауаттанған
Баланың мектепте оқуға даярлығының аккомадациялы стилі ортаның
талаптарына өзінің әрекетін толық бағындыруға баланың тырысушылығы
көрінеді.
Баланың мектепте оқуға даярлығының ассимиляциялы стилі әлеуметтік ортаны
өзінің қажеттілігіне тәуелдеуге баланың тырысушылығымен сипатталынады.
Баланың мектепте оқуға даярлығының сауаттанған стилі жағдайында осы
жастағы баланың психологиялық жетілмеуімен байланысты дамудың әлеуметтік
жаңа жағдайларын қабылдауға оқушының қабілетсіздіктерімен сипатталады
Баланың мектепте оқуға даярлығының бұл әрбір стилінің көрінуінің жоғарғы
деңгейі мектептегі дезадаптацияға әкеп соқтырады. Бұл баланың мектептегі
әрекеті әрдайым бейімделудің аккомадациялы стиліндегі 1-сынып оқушылары
“жақсы оқушы” типіндегі бейнеге сәйкес, мектеп өміріндегі барлық ережелер
мен нормаларға бағынуға дайын келеді, оған қоса, оқу іс-әрекеті мен мектеп
өмір нормасына біршама бейімді болып келеді.
Мұғалім тарапынан берілген жақсы баға оқушыларды жоғары авторитеті мен
баланың әлеуметтік статусының жоғарылығын қамтамасыз етеді[16].
Адаптацияның ассимиляциялы типіндегі балалар өз бетінше жаңа мектеп
ережелерімен келіспейді және оны тек мұғалім бар кезде ғана орындайды, оқу
іс-әрекетін, мектеп талаптарын орындауға дезадаптацияланған болады. Мұндай
жағдайларда басқа сынып оқушыларының алдында мұғалімнің берген негативті
бағасы сыныптағы статусын, беделін түсіреді, олар әлеуметтік адаптациялануы
күрделі жағдайда өтеді.
Дегенмен, мұғалімнің беделіне нашар бағдары — өзіндік бағалаудың өте
төмендеуінен сақтандырады. Біршама қиын адаптацияланатын сауаттанбаған
стилдегі балаларда ерік-жігері жеткілікті деңгейде дамымайды. Мұндай
балалар мектеп өмірінің ережелері мен нормаларына сәйкес өз әрекеттерін
бағдарлай алмайды.
Кіші сыныптарда мектепке дезадаптацияланудың негізгі себептерін Г.М.
Чуткина жанұя тәрбие сипатымен байланыстылыѓын дєлеледейді. Егер бала
“біз” деген күйді сезінбеген отбасынан келсе, ол жаңа әлеуметтік қоғамға,
мектепке қиыншылықпен енеді.
“Мектептік дезадаптация” терминіне қоса, әдебиеттерде “мектептік фобия”,
“мектептік невроз”, “дидактогенді невроз” терминдері де кездеседі.
Әдетте мектептік дезадаптация невроздар себеп-салдарының
агрессивтіліктік негізінде пайда болады. Мектепке келуге қорқыныш, сабаққа
қатысудан бас тарту т.б. көрінеді.
Көбіне мектептік қорқыныш күйі байқалады, ал бұл толқу күйінде, оқу
ситуацияларына уайымшылдықтың жоғары деңгейі күйінде, өзіне жаман қатынас
құру күйінде, педагогтар, құрбылары тарапынан теріс баға күту күйінде
байқалады.
Дидактогенді невроздық жағдайда – бірінші кезекте оқыту жүйесінің өзі
бұзушы фактор болып табылады. Әдетте, мұғалім іс-әрекеті оқушының іс-
әрекетіне өте аз мөлшерде қатынасады. Дегенмен, педагог пен оқушының
бірлескен іс-әрекеті білім мен тәжирібе меңгерудің эффективті тәсілі болып
табылады.
Бастапқыда мұғалім және оқушының мақсаттары әр жақты болады: мұғалім-
оқыту, ал оқушы оқу керек, яғни тыңдау, қабылдау, есте сақтау қажет.
Мұғалім оқудың “жоғары” позициясында оны ұғынбастан оқудың инициативасын
басады, оның танымдық белсенділігін, оқу іс-әрекетін жаныштайды[17].
Дидактогенді невроз 6 жастан балаларды оқыту жағдайында мұғалімнің
оларға жас ерекшеліктеріне көңіл бөлмеуінен пайда болуы мүмкін. Көптеген
авторлардың пікірінше (Д. Б. Эльконин, Ш. А. Аманашвили, В. С. Мухина т.
б.) мұғалім мен 6 жастағы баланың педагогикалық өзара әрекеттесудің стилі
мен сипаты, көбінесе, 7 жастағы баланы оқытудағы классикалық стильден
едәуір өзгешеленеді.
Мінез-құлықтың дезадаптациялануының пайда болуының тағы бір себебі —
шектен тыс шаршау мен күштену негізінде пайда болуы мүмкін.
Мектепке келудің өзі – бала өміріндегі үлкен өзгеріс болып табылады.
Оның мектептегі оқуға үлгерімі жанұядағы тәрбие ерекшеліктеріне, мектепке
дайындық деңгейіне байланысты болады.
Бірнеше авторлар (Е.В. Новикова, Г.В. Бурменская, В.Е Коган т. б.)
мектептегі дезадаптацияның негізгі себебі – оқу іс-әрекетінің оқаулығы
немесе мұғалім оқушыға оқаулық қатынас құруынан емес, осы оқаулық пен
қатынастарды күйзелу деп есептейді.
Көбінесе 6 жастағы балаға мектепке келу қиын кезең болып табылады.
Мұндай жағдайда әрбір бала төмендегі проблемаларға кезігеді:
1. Режимдік қиыншылықтар (бұл мінез-құлық пен еркін басқарудың төменгі
деңгейімен сипатталады).
2. Қарым-қатынас қиыншылықтары (бұл көбінесе құрбыларымен қарым-қатынаста
аз тәжирібесі бар балаларда байқалады және сынып ұжымына үйрену
қиындығында көрінеді).
3. Мұғаліммен қарым-қатынас мәселесі;
4. Отбасы жағдайының өзгеруімен байланысты мәселелер;

Сурет 2 — Бала мектепке келгенде кездесетін қиыншылықтар

Сонымен баланың мектепте оқуға даярлығы – баланың жүйелі, қалыптасқан
мектептегі оқуға өту кезіндегі танымдық, мотивациялық және эмоционалдық
сферасындағы қайта құрылу процесі. Мұндай қайта құрылымның нәтижелілігі
психологиялық көзқарас бойынша ақыл-ой әрекетінің даму деңгейіне,
эмоционалды-еріктік сферасына, коммуникативтілік дағдыларының қалыптасуына
тікелей тәуелді. Бұл сфераларының бірінің жетілмеуі — дезадаптацияның
қандайда бір себебі болып табылады[18].
Дезадаптацияның формаларының жіктелуі мектептегі адаптациялану
процесінің бұзылуына орай мынадай түрде көрінеді:
1. Оқу әрекеттерінің элементтерінің қалыптасуы;
2. Оқу мотивациясының қалыптасуы;
3. Мінез-құлқын, зейінін, оқу іс-әрекетін ерікті реттеу қабілетсіздігі;
4. Мектеп талаптарын меңгерудегі қиыншылықтары.

1.2 Баланың мектепке баруына байланысты туындайтын психологиялық
өзгерістер
Баланың мектепке келуінен бастап, оның өмірінде мүлдем жаңа кезең
басталды. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде даяр болуы тиіс. Алдымен бұл
кезең балаға жаңа құқықтар беріп қана қоймайды, бала едәуір қиындығы бар
міндеттер артатын маңызды іс-әрекет атқаруға даяр болуы тиіс. Кішкентай
мектеп оқушысы айналасындағылардан өзінің оқу сабақтарына деген құрмет
күте отырып, өзі де мұғалімнің барлық тапсырмасын жүйелі орындауға, сол
сәтте қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға
міндетті болып саналады.
Жасы жетіге жеткен балалардың көпшілігі мектеп оқушысының жағдайына
көшуге ұмтылады, алайда ол жағдайдың не екенін олар барлық кезде бірдей
айқын түсіне бермейді. Кейде оларды портфельге ие болғысы келу, өзін үлкен
санау, бағалар алу және тағы басқа тәрізді істің таза сыртқы жақтары
қызықтырады. Оқушы жағдайына шын мәнінде даяр деп оны мектеп
қызықтыратын, яғни біршама дамыған танымдық ынталары бар баланы
айтамыз. Тек осы негізде ғана балалар өздерінің мектептегі міндеттеріне
тиісті дәрежеде жауапкершілікпен қарауға қабілетті болады. Алайда мектеп
оқушысы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты көзқарас жеткіліксіз:
мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық себептерді бағындыра
білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде жалықтыратын
ережелерді жаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде ойластыру
қажет[19].
Оқушы жағдайына шын мәнінде даяр деп мектептің сыртқы жиһаздары емес,
жаңа білімдер алу мүмкіндіктері қызықтыратын, яғни біршама дамыған танымдық
ынталары бар баланы айтамыз. Тек осы негізде ғана балалар өздерінің
мектептегі міндеттеріне тиісті дәрежеде жауапкершілікпен қарауға қабілетті
болады. Алайда мектеп оқушысы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты
қөзқарас жеткіліксіз, мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық
себептерді бағындыра білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде
жолықтыратын ережелерді жаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде
ойластыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, болашақ оқушыға өз мінез-құлқын,
оның ішінде өзінің танымдық іс-әрекетін ерікті басқару, оны оқу міндеттерін
шешуге бағыттап отыру қажет болады. Ал мұның өзі балада шағын себептерді
маңыздырақ тұрақты мақсаттар мен ниеттерге бағындыруға көмектесетін
мотивтердің сатылы жүйесі қалыптасқанда ғана мүмкін болады.
Қазіргі мектепке оқуға келген балалар бірініш сыныпқа тиісті мөлшердегі
білім дағдыларымен, зерттелінетін заттар мен құбылыстарды жүйелі бақылауға,
олардың елеулі ерекшеліктерін ажыратуға, пікірлесуге және қорытындылар
жасауға мүмкіндік беретін дамыған қабылдауымен және ойлауымен келеді деп
есептелінеді. Бұл жоспарлы және дараланған қабылдауды, оқылатын материалға
теориялық қатынастың элементтерін, ойлаудың жалпылама формалары мен негізгі
логикалық операцияларын, мағыналы есте сақтауды игеруге тиіс баланың ақыл-
ойын дамыту дәрежесіне белгілі талаптар қояды. Мұнымен қоса бала оқу
әрекеті саласындағы бастапқы іскерлік нәтижеден гөрі, оқу тапсырмаларының
орындау тәсіліне зейін қою, өзін-өзі бақылау т.б. игеруі тиіс. Бала
мектепке келісімен, ортақ маңызды іспен айналысып жатқан құрбыларының
тобына кіреді. Бұл мектеп тобының балабақша тобынан елеулі айырмашылығы
болады.
Мектеп оқушылары арасындағы өзара қарым-қатынас балабақшадағыға
қарағанда басқа негізде құрылады, баланың сыныптағы жағдайы басқа
критерийлермен, ең алдымен, оның оқудағы жетістіктерімен анықталады. Осы
жағдайларда коллективке ене білу үшін бала басқа балалармен өзара қарым-
қатынас жасаудың икемді тәсілдеріне, дамыған жолдастық сезімге ие болуы
тиіс[20].
Мектепке психологиялық даярлық — оны қай қырынан алсақ та, баланың бұған
дейінгі бүкіл психикалық дамуының қорытындысы, отбасы мен балабақшадағы
тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі екенін оңай көруге болады.
Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды. Олар баланың өмірге
келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыру
үшін ойын, сурет салу, конструкциялау т. б. сияқты іс-әрекет түрлерінің
маңызы болатынын атап керсеткен жөн. Өйткені тап соларда алғашқы рет мінез-
құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау
мен ойлау әрекеттері қалыптасып, жетіледі, балалар арасындағы өзара қарым-
қатынас дамиды.
Әрине ол өздігінен жүзеге аспайды, өскелең ұрпаққа қоғамдық мінез-құлық
тәжірибесін беріп, тиісті білімдерді жеткізіп, дағдыларды үйрететін
үлкендердің балалар іс-әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады. Оқу
әрекеті саласындағы қарапайым іскерліктер, таным процестеріндегі тиісті
дәрежедегі өнімділік сияқты кейбір сапалар мектеп жасына дейінгі баланы
сабақ үстінде жүйелі оқыту процесінде ғана қалыптасады.
Балаларды мектепке психологиялық даярлауда балабақшаның ересек және
даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының рөлі аз емес. Бірақ ол
жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай, психикалық дамудың бұған
дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп
шашыранды мағлұматтармен толтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын
бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және жүйелі
білім алып, болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға үйретіліп, бұйымдардың
сандық қатынастарын, тілдің дыбыстық материясын осындай кең негізде
дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүлдем басқаша болады. Осындай
оқыту процесінде балаларға болашақта кез келген білімді саналы игеруге
мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады[21].
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі
таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек
математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде
қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар
ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға
сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе
грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу
пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің
реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы
мағлұмат алу қажеттіде маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың
алғашқы күнінен бастап ендігі жерде математика, грамматика және басқа
пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын паш ету
жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде
балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың сыныптағы және үйдегі
мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы,
сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен
қиналмай өтуі — оның мектепке жақсы даярлықпен клгендігінің белгісі. Бірақ
жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай
да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып
кете алмайды[23].
Бірінші сынып оқушыларыныњ басына өткізетін қиыншылықтардың негізгі
түрлері — көбінесе үш типті жағдайларда көрінеді.
Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер
кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда
тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б).
Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу,
режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың
көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды
қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне
қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуді, олардың орындалуын
әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып,
мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі
мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың
сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және
мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып
табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың
қандайына болса да тоқталып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға
береді.
Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшектік
жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың біреулері тым
тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (ола үйінде тіпті басқаша болуы
мүмкін). Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренсе, балалармен
бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді[24].
Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың
бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият
бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының астарына көз жүгіртіп, олардың
шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларда тек
осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір
нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші
сынып оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне,
сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен
жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі
мұғалімге және оның іс-әрекетіне сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Саналы тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың қозу
және тежелу процестерінің қалыпты дамуына, өзара қатынасының қалыптасуына
қажетті сыртқы шарттар. Сонымен қатар жеті жасқа қарай олардың жалпы
байланысы тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа мектеп
талаптарына сай болады. Осылайша мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда
бастауыш сынып оқушыларының бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр
қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады, жүйкенің қозу және тежелу
процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі мектеп өмірінің
бастамасы баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен
дене төзімділігін де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы
болғандықтан ерекше маңызды.
Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістер.
Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-
әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына
дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар
үйреніп, тіпті шама шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын
анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде
қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы
пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын
негізгі сәттер болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен, осы уақыттан бастап ол біртіндеп
басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-
әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар[26].
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.
Олар үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер
кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы
екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну
және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше
қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатынасы мұғалімнің талаптарын
жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және
орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибеде белгілі, психологиялық жағынан басталған мынадай қағида бар:
баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі
және қоғамдық мінез-кұлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру
керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және құқықтарының
бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын түсіндіру маңызды. Жаңа
ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету — бірінші сынып
оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған
балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті
шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа
кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген
ықыласын жоюы мүмкін[28].
Баланың ішкі позициясының екінші жағы онын білім мен іскерлікті игеру
процестеріне ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын
мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам ұшқыш, аспаз, шофер болуы үшін оқудың
кажет екендігі туралы пікірге оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды.
Ол кезде бала келешекте кажет болатын білімдердің нақтылы құрамын, әрине,
сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық прагматикалық көзқарасы әлі
болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және кұнды деп ойлайтын
білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге кұмарлығы, теориялық
ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғышарты ретіндегі бұл ықылас
баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі
өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашкы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі
таныс емсс. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек
математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде
қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар
ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға
сүйенеді. Ынталылықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе
грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу
пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердін
реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын сонар, дерексіз жайлар туралы
мағлұмат алу кажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың
алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және баска
пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын паш ету
жолымен колдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде
балалардың шын мәніңдегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға
мүмкіндік береді[29].
Осылайша мектеп өмірінің алғашқы кезеңінде баланың кластағы және үйдегі
мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы,
сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен
қиналмай өтуі — оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі.
Бірақ алты жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда
кандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене
араласып кете алмайды.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі
түрлері. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
Олардың бірінші қиыншылық жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты
дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық
сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және
т. б. Тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу,
режимді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі
психологиялық-физиологиялық жағына қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр
болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа
талаптарды түсінікті де айқын өткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп,
балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау
шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі
мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, семьяда болатын қарым-қатынастардың
сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және
мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып
табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың
қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға
береді[30].
Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір
үйреншектік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың
біреулері тым тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды, олар үйінде
тіпті басқаша болуы мүмкін. Бірінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға
үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың
бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият
бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының астарына көз жүгіртіп, олардың
шың мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек
осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір
нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші
сынып оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне,
сабақтардың жалпы қарқынына, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап
беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және
оның іс-әрекетіне сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, бәріне бірдей талап қойғыш
болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы
оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтын отырғанда ғана
кластағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі — танып білуге деген белсенділігі.
Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылымын
өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді
болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады.
Бала білімге ұмтылады ал сол білімді игеруді неге?, қалай?, неліктен?
сұрақтар арқылы игеріледі.
Бастауыш сынып жасындағы бала әр түрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей
алады. Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан
қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ
ұстайды.
Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов
былай деді: педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен
диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Тек қана оқу процесінде емес,
жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жастарындағы балалар мен
жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор.
Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым,
ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:
Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің
ерекшеліктеріне тәуелді болатын әр түрлі әдістемелік амалдар
арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен
бірге зерттеледі.
Психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді,
сондықтан кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы
физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу оған
енбейді.
Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне
теңелмейтінін байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі,
адамдардың санасын қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
4.Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады.
Дамуды зерттеу арнайы сала ғана емес, сонымен қатар психологиялық
зерттеудің арнайы әдісі болып табылады. Генетикалық принцип
біздің әдістемеміздің негізгі принципі болады.
Психология кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін
қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті
бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ
уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі
ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы
зерттейді).
Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау,
эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық);
психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар,
социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс әрекет нәтижелерін талдау;
биографиялық әдістер енеді.
Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және
сапалық (материалдарды топтарға белу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг,
психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
Бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты
болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият
үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет.
Психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап
ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін осы
ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзінің
тән ерекшелігіне қарай зерттеу әдісі болады, осы әдістер
арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге
мүмкіндік туады. Егер осы ғылымда өзіне тән метод, яғни зерттеу
әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа ғылымдар
тәрізді психология ғылымының да өзіне тән зерттеу әдістері бар.
Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму тарихында түрлі
тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті
де белгілі бір мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген
және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді.
Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен
қылықтары, сөз сараптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары
да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің,
темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама
жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-
әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан.
Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді.
Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше
әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екіншісі тобы қосалқы
әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі
жатады[31].
Психология ғылымы зерттейтін объектіні бірден түсіну қиын әрі ол күрделі
мәселе. Психология өзінің даму тарихында зерттеу бағыттарын өзгертіп
отырды. Сондықтан психология өзінің психологиялық пәнін анықтауда түрлі
кезеңдерден өтті десе болады, өзінің даму барысында психологияның мақсаты,
объектісі мен пәні өзгеріске ұшырап отырды. Дамуында 4 түрлі кезең
белгілейміз:
Бірінші кезең-психология жан туралы ғылым. Мұндай анықтама 2000 жылдан
бұрын берілген десе болады. Алғашқы кезеңде “жанды” зерттеумен,
түсіндірумен тырысты. Сол ұғымның өзін түсіндіру оңайға түспеді. Осы сөздің
өзі әр қилы түсіндірілді. Бірі “жан” адам деген адамның “көлеңкесі” десе,
екіншілер “жан” мен “рухты” айыра алмай жан адам өлгенде және адам өлген
соң денені тастап кететін бір нәрсе деп түсіндірді. Жан туралы қарапайым
түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми
түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір бірінен байланысын
ажырата алмай ұғынуынан еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректің әмбебап ғалымы Аристотель
б.э.д.384-322 есімімен байланысты жанды “мәңгі” және “мәңгі емес” деген
бір біріне қарама қарсы екі бағыт болғаны белгілі.
Гректің ойшыл Демократ (б.э.д. 460-370жж) жанды қозғалмалы деп
түсіндіріп, “жанның мәңгі еместігімен” материалистік тұжырым танытса, ал
Платон 427-347 жж керісінше идеалистік бағытты ұстана “жанды мәңгі” деп
тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам
дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай
өріс ала бастады деуге болады.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж) дүние материалдан
құралады, ол жойылмайды, бір түрден екіншіге көшіп, өзгере береді. Жан
денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші денеге де барып орналаса да
алмайды деп дайындады.
Батыс ойшылы Фома Аквинский 1225-1274 жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның
дүниеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары … жалғасы