Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары

2
Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемаларыМАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … … … … … .. …

1 БӨЛІМ. МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ
… … … … … … … … .. … … … … … … … … 4
… …
1.1. Психологиялық қызметтің пайда болу тарихы 4
… … … … … … … ..
1.2. Мектеп психологиялық қызметін жоспарлау 10
… … … … … … … …

2 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ДАРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ПСИХОДИАГНОСТИКАЛАУ 20
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
2.1. Оқушының темпераментін анықтау әдістемесі 20
… … … … … … … .
2.2. Оқушылардың мазасыздану деңгейін анықтау 27
… … … … … … … .

ҚОРЫТЫНДЫ 45
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … … … ..

ӘДЕБИЕТТЕР 47
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … … … …

КІРІСПЕ

Психологиялық қызмет өмірдің барлық салаларына еніп, кеңінен қанат
жайып келе жатқан әлеуметтік құбылыстардың бірі. Қазіргі кезде өндіріс
орындарында да, қызмет көрсету жүйесінде де, білім беру саласында да
психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді. Сондықтан
басқа елдерде психологиялық қызметті ұйымдастыруда қалыптасқан тәжірибені
жан-жақты зерттеп, өзіміздің елдегі барлық салаларда қолдану жолдарын
анықтау күн тәртібінде тұрған актуалдық проблемалардың бірі болып отыр.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет ұзақ уақыттан бері АҚШ,
Франция, Жапония, Германия т.б. елдердің тәжірибесінде кеңінен
қолданылып келе жатыр. Осы елдер тәжірибесін зерттеушілер Г.Б.Гуткина,
К.Р.Ренальдо, З.А.Малькова, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, В.М.Вульфсон,
И.О.Татур т.б. жан-жақты зерттеген. Ресей мектептерінде осы тәжірибені
қолдану жолдарын И.В.Дубровина, Р.Римская, С.Римский, М.Р.Битянова,
Л.И.Иванова, И.А.Менчинская, И.Е.Рогов, Р.С.Немов т.б. ғалымдар мен білім
беру жүйесіндегі қызмет атқаратын психологтар мектепте психологиялық
қызметті жүйелі түрде ұйымдастыру қажет екенін дәлелдеді. Сонымен қатар
білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұны мен мақсат-
міндеттері де нақтыланды.
Қазірге кезде Қазақстан Республикасы мектептеріндегі психологиялық
қызмет мазмұны мен қолданылатын әдіс-тәсілдерін анықтауға осы Ресей
мектептерінің құжаттары негіз болып отыр. Дегенмен әр халықтың өз
ерекшеліктерін ескере отырып осы қазметтің мазмұны мен қолданылатын әдіс-
тәсілдерін нақтылау – өзін зерттеуді талап етіп отыр.
Осы қажеттілікті ескере отырып дипломдық зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру жолдарын деп
анықтадық.
Зерттеу проблемасы білім беру саласында психологиялық қызметті
ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі – мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс мазмұнын
талдау.
Зерттеу пәні – мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруға негіз
болатын жобаны анықтау.
Дипломдық зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін жүйелі
жүргізу жолдарын анықтау.
Осы мақсатты келесі міндеттерде нақтыладық:
1. Психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша әдебиеттерді
талдау;
2. Ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілерімен
танысы;
3. Мектеп психологиялық қызметін жоспарлау үлгісін жасау;
4. Мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін диагностикалау
әдістерін қолданып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 бөлім. Мектеп психологиялық қызметінің мазмұнын анықтау

1.1. Психологиялық қызметтің пайда болу тарихы.

Мектеп психологиялық қызметі өткен ғасырдың басынан бастап дамып келе
жатыр. Оған түрткі болған себептің бірі – батыс Еуропа елдерінде
психологиялық зерттеулерге қызығушылық пайда болып, көптеген психологиялық
және психофизиологиялық зерттханалар ашылуымен байланыеты. Осы кезде
кеңінен өріс алып, қалыптасқан тестер қолдану арқылы жастарға мамандық
таңдап алуға көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік туды.
Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция,
Германия т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық
зерттеу жүргізге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп
атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін
анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ
т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің
іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен
қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің
бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді
қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды.
Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен факторлық талдауды
психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған
дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент
нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды.
Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-
бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың
байқалуын статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік
қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның
психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға,
барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып
анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу
тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине
статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды.
Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада
бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және
интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері
құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-
жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-
қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К.
Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломенскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін
бағалау тестері кеңінен қолданылады.
50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп,
психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе
түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары,
мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін
көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын
ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл
кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық
салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы
дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан
психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта
ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден
болады.
Өткен ғасырдың басында Францияда А.Бине жекелік қасиеттерді зерттеу
мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана
ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын
жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып
психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды.
1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын
ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қортындылай
келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет
екенін көрсетті. Зерттелінушілерге келесі мәселелер бойынша толық мағлұмат
берілетін зертханалар ашылды. Зерттеулер нәтижесінде келесі:
1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу;
2) Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті
орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу
жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;
3) әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін
бағалау.
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау
нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз
кеңестерін береді.
Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШда Арнольд Гессель мектеп
қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек
көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен Гайденс қызметі (гайд – көмек
көрсету, жетелеу деген мағнаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып,
қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамып келеді. Ірі
мектептеде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп
атауға болады. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс-шараларын
бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып
отыр:
– Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне
көмек көрсету;
– мектепте оқу параллельдерін анықтап алуға ықпал жасау;
– жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;
– оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.
Осы зерттеулер нәтижелерін насихаттаумен байланысты өткен ғасырдың 20-
шы жылдарынан бастап психологиялық қызметке сұраныс туа бастады. Ресейде
тәжірибелік психологиялық зерттеулер педалогия деп аталады. Бұл салада
И.А.Артемьев баланың әлеуметтік-биологиялық ерекшеліктерін, дамып,
қалыптасып келе жатқан тұлғасын зерттеу болып қалыптасты.
П.П.Блонский, Л.С.Выготский өз еңбектерінде балалардың жеке даралық
ерекшеліктерін зерттеудің ірге тасын құрды. Педалогияның өмірі, өкінішке
орай, онша ұзақ болған жоқ. Өйткені шаласауат психологтардың әлеуметтік
психологиялық орталықтарда жүргізген зерттеулері сын көтере алмайтындай
нәтижелер көрсетті. Сондықтан 1936 жылы О педалогических извращениях в
системе накомпроса деген ЦК ВКП (б) қаулысы бойынша бұрынғы Кеңес бойынша
көпшілікке психологиялық қызмет көрсетуге толық тиым салынды.
Тек 60-шы жылдардың соңында ғана мектеп психологиялық қызметіне жаңа
көзқарастар орын алып, психологиялық қызмет әлеуметтік ортада және мектеп
тәжірибесінде қолданыла бастады. Біздің елімізде ең бірінші болып
психологиялық қызмет Эстонияда қанат жая бастады. Оған жетекші болғандар
Х.И.Леймтес және Ю.Л.Сыэрд.
Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп
қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет
көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте
құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте
терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың
мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық
қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен
мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол –
мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық
және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау арқылы білім беру
жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұнын анықтап, қолданылатын әдіс-
тәсілдерді жүйеге келтіруге мүмкіндік туып отыр.
Білім беру саласына психологиялық қызметті ендіру бойынша арнайы
жүргізілген эксперимент алғаш рет Мәскеу қаласында, сонан соң Воронеж,
Волгоград т.б. үлкен қалаларда жүргізілді. Мақсаты: мектеп психологиялық
қызметін ұйымдастырудың теориялық және қолданбалы жақтарын анықтап алу еді.
Нәтижесінде психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері, салалары, психолог
құқығы мен міндеттері, оған қойылатын этикалық талаптар анықталды.
Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан
дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға
деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік
жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. Психологиялық
қызметтің міндеттері:
– психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қыйындық көріп
жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде
көмек көрсету;
– оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны
бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
– проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін
анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
– дамуында ауытқуы бар балалардың психологилық қасиеттерін өңдеу үшін
психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
– оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-
аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін
арттыру жұмысын ұйымдастыру.
Осы анықталған міндеттерді орындау т.б. өмір барысында туған шиеленіс
жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-
бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып,
өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас
мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс
үстінде.
Психологиялық қызмет мәделін қалай құру қажет екенін аныңтап алу оңай
емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде
психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина,
А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан
тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі
бағыттарда ұйымдастыруға болады:
– психодиагностикалық жұмыс;
– психопрофилактикалық жұмыс;
– психологиялық кеңес беру;
– психокоррекция жүргізу;
– ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және
біліктілігін арттыру;
– психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;
– педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.
Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді
ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда
көрсетілген.
Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет
көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет.
Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-
тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып,
оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің
қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы
талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.
Қазіргі кезде біздің мектептердегі психологтар көптеген қиыншылықтарды
басынан кешіп отыр. Оның негізгі себебі – оқу-әдістемелек құралдардың қазақ
тілінде тапшылығы. Соған қарамастан психологиялық қызмет ұйымдастырылған,
ал мектептерде осы жұмысты ұйымдастыру модельдері жасалып, жоспарлардың
барлық түрлерінің үлгілері анықталды.
Әдістемелік материалдар да балалардың жас ерекшеліктеріне, оларда
кездесетін психологиялық проблемалар түріне және ерекшеліктеріне байланысты
топтастырылып, психолог зертханасы қалыптасып келеді.
Қазіргі кезде мектептерде, жалпы білім беру жүйесінде психологиялық
қызметті ұйымдастыру білім беру саласынды оңтайландырудың көкейкесті
мәселелерінің бірі болып отыр. Тәжірибелік психологияның бұл саласы
оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет
көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету –
балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы
психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным
процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және
педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін
қосады.
Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаңа ұйымдастырылып
келе жатыр.
Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары, қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі
жүйеге келтірілген жоқ. Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған
зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың таным процестерін коррекциялау
жолдарын шамасы келгенінше анықтап келеді.
Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүрсе, сонша
уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады. Өйткені адам адам болғалы өзінің
тәнімен қатар жанның ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу
жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болды. Дегенмен нақты
психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік
психикалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан
бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық
аурулар арасында жүргізілді.
Тәжірибелік психологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша,
психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей,
тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған.
Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған
қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан
психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді.
Қазіргі кезде психологиялық қызметті білім беру жүйесіне өндіру, әр
оқушыға, педагог кадрларға, оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек
көрсету үлкен сұранысқа ие болып отыр. Оған дәлел ретінде психологиялық
тәжірибеде болған Жамбыл атындағы 26 мектеп-гимназия, 31 мектеп-гимназия,
38 мектеп-гимназияларды мысал ретінде атап өтуге болады. Бұл мектептерде
психологиялық қызмет көрсету оқу-тәрбие процесін үйымдастырудың бір құрамды
бөлігі болып аяқ алып келеді.

1.2. Мектеп психологиялық қызметінің жұмысын жоспарлау

Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі
дәлелдеуді талап етпейді. Психологиялық қызмет арқылы мектепке қабылданған
баланың оқытуға даярлығы анықталады. Барлық сынып оқушыларының
психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері
анықталып, қысқа мінездемелер жасалады. Балалардың дамуында орын алатын
түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шараларын
ұйымдастырады.
Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық проблемаларды өтініш түсуіне
байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін
қосады.
Психолог өз қызметін ұйымдастырғанда баланың жан-жақты және үйлесімді
дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық
жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық
қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады. Психологиялық қызметті
ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификациясы бар болуы қажет. Оның
дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан
өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет.
Психологиялық қызметті жүргізу барысы, әр іс-шараларды өткізу уақыты
алдын ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай
ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан мектеп психологі көптеген іс
қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі керек. Олардың үлгілерін
М.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене
отырып әр мектеп және басқа мекемелер психологі өзінің жұмысына негіз
болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алуы керек.
Мектеп психологының іс қағаздары тізімі.
1. Мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік
жұмыс жоспары;
2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар;
3. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;
4. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары;
5. Айлық немесе апталық жұмыс жоспары;
6. Диагностикалық материалдар картотекасы;
7. Бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық
альбомдар.
8. Психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;
9. Психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстар журналы;
10. Кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу
журналы;
11. Өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;
12. Психологиялық түзету жүмысында қолданылатын аудиоматериалдар;
13. кабинет паспорты, мүліктер мен қүралдар тізімі;
14. Жылдық есеп.
Қай салада болмасын психологиялық қызметті ұйымдастыруға оның жоспары
негіз болады. Психологиялық қызмет құжаттарын жүргізудің мақсаты – оны
жоспарлау, жүйелі түрде ұйымдастыру және педагог-психолог қызметін
әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Осы мәселелерді шешу үшін психолог өз жұмысын жоспарлауы қажет.
Психологиялық қызмет мазмұны бірнеше жоспаларда ашылады. Оның ішіндегі
негізгілері жылдық жоспар, күнтізбелік жоспар, апталық жоспар.
Жылдық жоспар – психолог қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын
және барлық күрделі жұмыстарды оқу жылы барысында ретімен орындау тәртібін
көрсететін құжат. Психолог жоспары мектептің жылдық жұмыс жоспарының
міндеттері мен мазмұнына байланысты болуы шарт. Жылдық жоспарда
психологиялық қызмет салалары бойынша барлық күрделі іс-шаралардың мазмұны
мен түрлері, орындалу мерзімі көрсетіледі.
Күнтізбелік жоспар – психологтын әр айда немесе апталарда орындалатын
жұмыстары нақтыланып, оны күнделікті жоспардың немесе апталық жоспардың
негізі ретінде жасайды. Тәжірибе көрсеткеніне байланысты талдағанда
күнтізбелік жоспарды бір айға немесе бір аптаға жасаған ыңғайлы. Соған
байланысты ол айлық немесе апталық жоспар деп аталуы да мүмкін.
Төменде көрсетілген үлгі бойынша мектеп қажеттілігіне сай псхологиялық
қызметтің мақсаты мен міндеттері анықталғаннан соң оны келесі кестеде
көрсеткендей оқу жылының әр айында жүргізілетін жұмыстар мазмұны нақты
анықталуы керек.
Жылдық жоспарға қосымша мектеп психологі көптеген құжаттар дайындайды.
Олар сұраныстарды тіркеу журналы, зерттелінген оқушылардың танымдық және
жеке тұлғалық көрсеткіштерін тіркеу журналы, зерттеу қаттамалары т.с.с.
күнделікті қызмет мазмұнын, оған жіберілген уақытты арналған болады.
Психолог тәжірибесінде әдеп пәндерінің оқытушысы басқа пән
мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық талдау жасау жүргізу де қажет
болады.
Сонымен қатар психолог оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қалыптасқан
қатынас ерекшеліктерін де зерттеп, қажет болған кезде олардың арасында
дәнекерлік қызметінде атқарады. Психологиялық қызметті алдын-ала жоспарлау
барысында осы ерекшеліктердің барлығын түгел қамтып көрсету мүмкін емес.
Сондықтан күнтізбелік жоспарда көптеген мәселелер нақтыланып, толықтырылып
беріледі.
Мектеп псхологиялык қызметі жылдық жоспары
(үлгі)
Психологиялық қызметтің мақсаты: оқу-тәрбие процесінің тиімді жүруіне
ықпал жасау, мектеп оқушыларына, педагогтарға және ата-аналарға
психологиялық көмек көрсету.
Міндеттері:
– бала мектепке қабылданған күннен бастап оның жас және жеке даралық
ерекшеліктерін диагностикалау;
– оқу жасына келген балалардың оқытуға даярлығын анықтау;
– дамуында ауытқуы бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын және
тренингтер жүргізу;
– баланың үлгерімін қадағалап, олардың сабақта шығармашылық
қабілетінің дамуына ықпал жасау;
– оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің
қалыптасуына көмек көрсету;
– балаларға кәсіби бағдар беріп, болашақ мамандығын таңдап алуға
үлесін қосу;
– педагог мамандардың кәсіби жағынан өзін-өзі тануына арналған
зерттеулер жүргізу;
– мұғалімдерді оқу процесі барысында баланың жеке тұлғалық өсуін, ақыл-
ой дамуын зерттейтін диагностикалық құралдармен дұрыс жұмыс істеуге үйрету;
– ата-аналардың психологиялық сауаттылығын жетілдіру;
– ата-аналарға балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін ескеру
жолдарын үйрету;
– сұраныстар бойынша көпшілікке психологиялық қызмет көрсету.

Жұмыс мазмұны Жүргізілетін
мерзімі
1 2 3
1 бағыт. Психодиагностикалық жұмыс
1. Мектеп жасына келген балалардың оқуға даярлығын Мамыр –
анықтау. тамыз
2. Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды Тамыз –
психо-диагностикалық минимумнан өткізу: қыркүйек
– баланың ата-анасымен танысып, отбасындағы
материалдық, психологиялық-педагогикалық жағдайын
анықтау;
– мектепке келген баланың таным процестерін зерттеу,
интеллектуалдық дамуын анықтау;
– баланың оқу мотивациясын анықтау;
– баланың өзіне және қоршаған ортаға көзқарасын
қалыптастыру;
– оқушының мектепішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін
зерттеу;
– баланың майда және ірі қимыл әрекеттерінің
қалыптасуын анықтау;
– баланың қоршаған орта туралы мағлұматтылығын
анықтау және білімінің ақтаңбалары бойынша
коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру;
– ата-аналарға арналған семинар жүргізу;
– сұраныстар бойынша жұмыс.
3. Мектепке қабылданғандардың ішінде оқу мазмұнын Қыркүйек –
меңгеруге шамасы келмеген балалардың таным қазан
процестері мен жекелік қасиеттерін терең зерттеп,
себебін анықтау.
Қажеттілік туғанда дамуында дағдарыс бар балаларды
МПК тексеруіне жіберу.
4. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерік,
жекелік қасиеттерін және мектепішілік қарым-қатынас
ерекшеліктерін зерттеу.
5. Бесінші, алтыншы сынып оқушыларын қараша, Қараша –
психодиагностикалық минимум бағдарлама желтоқсан желтоқсан
Бойынша зерттеуден өткізу. Гимназиялық сыныптарды
таңдап алуға көмек көрсету.
6. Орта буын оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін Қараша –
зерттеу. Топішілік қатынас желтоқан
ерекшеліктерін бағалау.
7. Орта буын оқушыларының мотивациялық сферасын Қаңтар,
зерттеу. Оқу барысында табысты болу немесе ақпан
сәтсіздіктен бас тарту мотивацияларының қайсысы
жетекші екенін анықтау.
8. Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу Жыл бойы
(өзін-өзі бағалауы, талап ету деңгейі, топ ішіндегі
мәртебесі, эмоционалдық жағдайы).
9. Жас өспірімдер мінез-құлқында акцентуацияның Қаңтар,
Көрініс беруін талдау. Акцентуация түрлерін. ақпан
Анықтау әдіс-тәсілдерін қолданып балалардың
мінезіндегі ауытқуларды жан-жақты талдау.
10. Оқытушылардан, ата-аналардан шағым түскен балалардыңЖыл бойы
жекелік ерекшеліктерін тереңдетіп зерттеу. Қажеті
болған кезде әлеуметтік-диспетчерлік қызмет атқару.
11. Сегізінші, тоғызыншы сынып оқушыларын Ақпан,
психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша наурыз
зерттеуден өткізу.
12. Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін Анықтау Ақпан,
және мамандықты таңдау наурыз
Мотивациясын зерттеу.
13. Мектеп бітіруші сыныптар оқушыларын қажеттілігіне Мамыр
байланысты оларды жан-жақты психодиагностикалық
зерттеулерден өткізу.
14. Бітіруші сынып оқушыларын мамандыққа мамыр, Мамыр,
баулу және мамандық бағдар беру маусым
Шараларын жүргізу.
15. Педагогтардың қалауы бойынша олардың жеке Жыл бойы
тұлғалық қасиеттерін және мамандық құзырлылығын
анықтау және басқа психо-диагностикалық кызмет
көрсету.
16. Ата-аналардың қалауы бойынша оқушылардың Жыл бойы
жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең зерттеу
2 бағыт. Психологиялыө түзету – дамыту жұмысы
1. Бастауыш сыныптарға қабылданған балаларды мектеп Тамыз,
күнтәртібіне бейімделуіне арналған сауықыру қыркүйек,
іс-шаралары. қазан
2. Мектепке даярлығын зерттеу барысында таным Тамыз
процестерінде ақаулық бар және оқуға даярлығы төмен
балалармен дамыту машықтарын және ойындарын жүргізу.
3. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін Қыркүйек,
түзету-дамыту іс-шараларын және шығармашылық ойлауынқазан
дамыту сабақтарын ұйымдастыру.
4. Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға Қазан,
арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру. қыркүйек,
Үлкен үзілістер кезінде балаларды сауықтыру, жыл бойы
ойындарын жүргізу
5. Орта сынып оқушыларының жеке тұлғалық жағымсыз мінезҚараша,
көрсеткіштерін өңдеу-түзету жұмыстарын ұйымдастыру. желтоқсан,
жыл бойы
6. Талапкерлерге арналған өзін-өзі психологиялық Жыл бойы
талдау мектебін ұйымдастыру. Оқушылар көмегімен
психология апталығын өткізу.
7. Жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық Жыл бойы
кеңес беру орталығы жұмысын ұйымдастыру.
8. Мектеп бітірушілердің карым-қатынас мәдениетін Жыл бойы
қалыптастыруға арналған тренинг және түзету
іс-шаралары мен ойындар ұйымдастыру.
9. Проблемасы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізу. Жыл бойы
Сұраныс бойынша мінез-құлқы қиын балаларға арналған
жаттығулар ұйымдастыру.
Психологиялық түзету-дамыту
Жұмыстарын және тренингтер жүргізу.
3 бағыт. Кеңес беру жұмысы
1. Баланы мектеке даярлау барысында отбасы мен Маусым,
мектептің бірлескен жұмыстары туралы ата-аналарға тамыз
кеңес беру. Ата-аналарға арналған психологиялық
кеңес пункті жұмысын ұйымдастыру.
2. Ата-аналарды психодиагностикалық зерттеу Тамыз,
нәтижелерімен таныстыру. Психокоррекция қыркүйек
және арнайы дамыту жұмыстарды талап ететін
балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасымен
таныстыру.
4. Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін Жыл бойы
оларға арналған лекциялар және басқа арнайы сабақтар
жүргізу.
5. Ата-аналар мен олардың балалары арасындағы Жыл бойы
түсініспеушіліктер туралы кеңес ұйымдастыру.
Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.
6. Жоғары сынып оқушыларының мамандык таңдау проблемасыҚаңтар, Ақпан
туралы кеңес беру.
7. Болашақ отбасы өміріне дайындау және жыныстық тәрбиеЖыл бойы
мәселері бойынша.
8. Оқушылар алдында тұрған проблемалары бойынша топтық Жыл бойы
және жеке-дара кеңес беру.
4 бағыт. Ғылыми-әдістемелік жұмыс
1. Оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу жолдары және Қыркүйек
оны қалыптастырудағы мұғалімнің орны. Әдістемелік
семинар.
2. Семикарлар тақырыптары: Жыл бойы
– Жеке тұлға дамуында кездесетін ауытқулар және
олардың пайда болу себептері.
– Шығармашылық қабілеттілікті тәрбиелеу.
– Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мақсаты мен
міндеттері.
Сұраныстар бойыпша анықталған мәселелер.
3. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық Жыл бойы
білімін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру.
Ата-аналар жиналыстарына баяндамалар даярлау,
әртүрлі саладан мамандар шақыру.
5 бағыт. Әлеуметтік-диспетчерлік қызметі
1. Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды Қажеттілік
дәрігер мамандарға көрсету, олардың құжаттарын бойынша
медициналық-психологиялық комиссияға дайындау.
2. Медициналық-психологиялық комиссияның шешімі бойыншаҚажеттілік
психологиялық дамуында патологиялық дамуында бойынша
патологиясы бар баланы арнайы мектепке орналастыру
т.б. қажеттілікке байланысты көмек көрсету.

Мектеп психологі күнтізбелік жоспары (үлгі).

Айлар Жұмыс мазмұны
Тамыз 1. Жылдық жұмыс жоспарын жасау.
2. Жұмыс жоспарын педагогикалық кеңесте бекіту.
3. Мектепке қабылданатын балалар тізімін алу.
4. Мектеп алды тобымен жүргізілетін жұмыстардың
ерекшеліктерін ескере отырып оларды режимдік кезеңнен
өткізу іс-шараларын анықтау.
5. Мектепке қабылданған балалардың оқытуға дайындығын
диагностикалау.
6. Мектепке қабылданған балалар ішінде даму деңгейі орта
және төмендермен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.
7. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын
психодиагностика нәтижесімен таныстыру.
8. Дамуында дағдарыс бар балалармен түзеті-дамыту
жұмыстарын жүргізу.
9. Гимназиялық сыныптарға оқушыларды іріктеп алуға
қатынасу.
10. Басқа мектептерден ауысып келген балалармен танысу.
Оларды мектеп режимімен таныстырып, мектепте қалыптасқан
салт-дәстүр, әдет-ғұрып ережелерімен, талаптармен
таныстыру.
11. Бұрынғы оқыған мектебінен алып келген жекелік
психологиялық карточкасындағы мағлұматтармен танысу, жаңа
келген оқушыға психологиялық қызмет көрсету
тактикасы мен стратегисын анықтау. Сынып оқушыларымен
таныстыру.
Қыркүйек 1. Бірінші сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум
зерттеуінен өткізу.
2. Бірінші сынып оқушыларының мектеп режиміне бейімделу
мәселесі жайында мұгалімдерге кеңес беру.
3. Таным процестері нашар және орта дамыған балалармен
түзету-дамыту жұмысын жүргізу.
4. Бірінші сынып оқушыларын мектеп режиміне үйрету
іс-шараларын жүргізу.
1. Баларды диагностикалау нәтижелерін өңдеу және оларды
ереже бойынша тусіндіру.
2. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу
және қажеттілікке байланысты екінші, үшінші сынып
оқушыларына арналған коррекциялық сабақтар жүргізу.
3. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін
зерттеу.
4. Дамуында ауытқу белгісі бар балалармен түзету-дамыту
машықтарын ұйымдастыру.
5. Бастауыш сыныптар оқушылардың таным процестерін
жетілдіру және дамыту жұмыстарын жүргізу.
6. Ата-аналардың сұранысымен жеке-дара психологиялық
қызмет көрсету (жеке кеңес беру, терең психодиагностикалық
зерттеулер жүргізу т.с.с).
Қараша 1. Жоғары буын оқушыларына арналған шығармашылық ойлауды
дамыту курсын ұйымдастыру.
2. Жеке тұлғаның жағымсыз мінезін түзету тренингтерін
жүргізу.
3. Орта буын оқушалырымен психологиялық білімге баулу
апталығын ұйымдастыру.
4. Ата-аналар жиналысында балардың жекелік ерекшеліктері
туралы баяндама жасау және педагогикалық кеңесте сөз
сөйлеу.
5. Орта буындарда жүргізіліп жатқан психсдиагностикалық
минимум көрсеткіштерімен оқытушыларды таныстыру.
6. Психологиялық қызмет көрсету туралы сұраныстарды
талдау.
7. Сұраныстар бойынша кеңес беру.
Желтоқсан 1. Орта буындағы психодиагностикалық минимум бағдарламасы
бойынша зерттеуге анықталған сынып оқушалырын толық
зерттеуден өткізіп, нәтижесін оқушы карточкасына түсіру.
2. Оқушылар ұжымының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу.
3. Матрица және социограммасын жасау арқылы әр баланың
мәртебесін анықтау.
4. Зерттеу барысында көрсеткіштері төмен болған балалармен
түзету-дамыту жұмысын жүргізу.
5. Оқушылар сұранысы бойынша жыныстық тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру.
6. Педагогтар сұранысы бойынша оларға психологиялық қызмет
көтсету.

Осы үлгілер бойынша жасалынған жылдық жоспар негізінде күнделікті
немесе күнтізбелік жоспарды әр аптада жасап отыру қажет.
Үлгі ретінде күнтізбелік жоспардың бірінші жарты жылдыққа жасалған
түрін келтіріп отырмыз. Бұл жоспардың мазмұны мектеп қажеттілігіне
байланысты толықтырылып немесе басқада өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Күнтізбелік жоспарды әр айға бөлек немесе тіпті әр аптаға бөлек жасауға да
болады. Айлық немесе апталық жоспар жасаудың көптеген ыңғайлылы жерлері
бар. Ондай жоспар жасау барысында өмірдің күн тәртібіне қойып отырған
мәселелерін толық ескере отырып, олардың мазмұнын толық ашуға мүмкіндік
туады.

2 бөлім. Оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін психодиагностикалау

2.1. Оқушылардың темпераментін анықтау әдістемелері.

Психолог қызметінің негізгі салаларының бірі – психологиялық
қасиеттерді диагностикалап, таным процестерін зерттеп, оларды түзету-дамыту
жұмыстарын жүргізу болып табылады. Оқушылардың жеке-даралық
және жас ерекшеліктеріне, психологтың алдында тұрған мақсаттарына
байланысты психодиагностикалық жұмыстың мазмұны, оны жүргізу барысында
қолданылатын әдістемелері анықталады.
Жоғары сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдап, оған даярлықтан өту
алдында тұрғандықтап олардың жекелік психикалық қаситеттерін анықтап,
таңдап алған мамандығына қажетті қасиеттерді қалыптастыру жолдарын
көрсететін маңызы өте үлкен.
Психолог осы жас кезеңіндегілерге қызмет көрсету барысында әр баланың
темпераментін, оқушылар ұжымындағы статусын, қарым-қатынас мәдениетінің
даму деңгейін, мамандыққа икемділігін т.с.с. жекелік қасиеттерін түсініп
алғысы келеді. Олардың осы қажеттілігін қанағаттандыру үшін психолог
көптеген әдістемелерді бір-бірімен ұштастырып қолданылады.
Дипломдық зерттеу барысында Шымкент облысының Сайрам ауданындағы № 22
Жұлдыз орта мектебі жоғары сынып оқушыларының жекелік қасиеттерін
психологиялық диагностикалау жұмысын жүргіздік. Зерттеу барысында
оқушылардың темпераментін анықтау, әр баланың топтағы статусын бағалау,
таным процестерін зерттеп, интеллектуалдық коэффициентін анықтау
жүргізілді.
Балалардың темпераментін анықтауға Стреляу тестін қолданып, зерттеу
нәтижелерін оның нәтижелерін талдауға арналған ереже бойынша жүйеге
келтірдік.

Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті

Максаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін
анықтау.
Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы
темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін
анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру
керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы
өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан,
қойылғақ сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант
жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек
қолданған жөн.
Сауалнама.
1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?
3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз
жеткілікті ме?
4. Ыңгайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?
5. Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді
пайдаланасыз ба?
6. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс,
каникул)?
7. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
8. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?
9. Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық
уақытты бірдей жеңіл болады ма?
10. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
11. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз
ба?
12. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?
13. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?
14. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді
ме?
15. Күшті тебіренудең кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
16. Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?
17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
18. Ашуынызды басқалаға көрсетпеу сізге оңай ма?
19. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?
20. Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне
икемдейсіз бе?
21. Ерекше жауапкегішілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз
ба?
22. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
23. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
24. Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз
бе?
25. Күтпеген жерде күн тіртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?
26. Қажетті жауапты тез табасыз ба?
27. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете
аласыз ба?
28. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?
29. Тапқырсың ба?
30. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?
31. Дем алуғп жатқанда тез ұйықтансыз ба?
32. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?
33. Ашулануыңыз оңай ма?
34. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?
35. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?
36. Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?
37. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?
38. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?
39. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап
отыасыз ба?
40. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
41. Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол
әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?
42. Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
43. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте
аласыз ба?
44. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?
45. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз
келеді ме?
46. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
47. Кедергі кездескенде жоспарлаған көрседен тез бас тартасыз ба?
48. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?
49. Тез оянасыз ба?
50. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?
51. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?
52. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?
53. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?
54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?
55. Жаңалыққа құмарсыз ба?
56. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы
жеткілікті ме?
57. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін
жұмыстан бас тартасыз ба?
58. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?
59. Өзіңіз сөйлеуден бұрып басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?
60. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға
әрекет жасайсыз ба?
61. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?
62. Ескерту жасау артық болып тұрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?
63. Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?
64. Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?
65. Маңызді шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып
көресіз бе?
66. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
67. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай
ма?
68. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?
69. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?
70. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?
71. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?
72. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
78. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?
79. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
75. Қиын кезеңде ұстамдылық көрсетесіз бе?
76. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?
77. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін
сабырмен күтесіз бе?
78. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді
жалғастырасыз ба?
79. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?
80. Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?
81. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?
82. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?
84. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?
84. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай
жұмысыңызды аяқтайсыз ба?
85. Төтенше сұрақтарға тез жауап бересіз бе?
86. Тез сөйлейсіз бе?
87. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?
88. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?
89. Шыдамдысыз ба?
90. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?
91. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді
жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?
92. Көңілді компанияда қобалжығаныныз басылады ма?
93. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?
94. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куагері болсаңыз, өмірге деген
сеніміңіз сақталады ма?
95. Нақты қимылдарды таңдап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
96. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын қандылық көрсетесіз бе?
97. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?
98. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін
сезінесіз бе?
99. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба (жиналыс, кино,
спектакль басталғанда)?
100. Басқалардың жұмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?
101.Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?
102. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызға аласыз
ба?
103. .Жағдай көтермейтін кезде күліңізді баса аласыз ба?
104. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?
105. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?
106. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз кетеді ме?
107. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз
ба?
108. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай, күте аласыз ба (мысалы, кезекті)?

109. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?
110. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсізбе?
111. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?
112. Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?
113. Сізде өтініш жасамай ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?
114. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге дараярсыз ба?
115. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?
116. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?
117. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?
118. Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді
ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?
119. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
120. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің кәрінісін қадағалайсыз ба?
… жалғасы