Мейірімділік туралы өлең жолдары, Мейірімді жүрек

0

 

Мейірімді жүрек.
(Тренинг жаттығу)
Қатысатындар: Үйден оқытылатын оқушы және 9 сынып оқушылары.
Мақсаты: Үйден оқитын баланың достарымен араласуына, көңіліндегі кірбіңді жоюға, мейірімділікке өмір сүру бақытты екенін түсіндіру және балалардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, суреттер., А3 — А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер.
Тренинг міндеттері:
— бір — бірін тыңдау;
— уақыт үнемдеу;
— белсенділік таныту;
— достық қарым — қатынас;
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— сәлемдесу.
— топқа бөлу.
— шаттық шеңбер. «Амандасу»
ІІ. Тренингтің мақсат — міндеттерін хабарлау.
ІV. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе.(«Балалық шақ» күй ойналып тұрады.)
Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының балаларға деген мейірімі орасан зор екенін білесіңдер. Әр уақытта балаға мейіріммен, шуақты көңіл күймен, адамгершілік рухани байлықты асқақтататыны бәрімізге аян.
Қайтер едім жақсы адамдар болмаса,
Бақыттысың сенім гүлі солмаса.
Шыңыраудан алып шықты жарыққа,
Адал достар арманымды қолдаса.
«Мейірімді жүрек» атты тренинг жаттығуымызға қош келдіңіздер!
«Мейірімді жүрек» тақырыбындағы тренингімізді бастамас бұрын Мирасты ортаға шақырамыз! Ал Мирас саған алдағы өмірде жақсылық тілеймін, бүгінгі тренингімізде жақсы – көңіл күйде отырып сыныптастарыңмен бірге ойын жаттығуға белсене қатыс. сыныптастарыңның саған арнаған жақсы тілектері бар соны қабыл ала ғой.
Оқушыларды 2 топқа бөлу.
І топ «Жан жылуы».
ІІ топ. «Күн шуақ».
І жаттығу «Мәтінмен жұмыс».
Сіздерге парақ таратылады соған мына 3 сұраққа жауап жазыңыздар. Соңында әр топ түсіндіріп қорғайсыздар және әр топ бір — екі шумақтан мейірімділік туралы өлең жолдарын айтып береміз.
1. Мейірімді дегенді қалай түсінесіздер?
2. Өздерің мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде боласыңдар?
3. Сіздер үшін кім мейірімді? І топ екінші топтан ең мейірімді оқушыны айтыңыздар.
ІІ топ «Жан жылуы» тобынан ең мейірімді оқушыны айтыңыздар.
ІІ. жаттығу «Менің жақсы істерім».
Жақсы болу өзіңнен, Жаман болу өзінен. Өзіңді өзің аяда, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла!
Сонымен сіздермен 2 жаттығуымызды бастайық «Менің жақсы істерім» сіздерге ватман беріледі сіздер өздеріңіз жасаған жақсы істеріңізді, жақсылықтарыңызды жазыңыздар н/е сурет бетіне салыңыздар. Жақсылық жасау үшін сіздерге не кедергі жасайды?. Кімге мейірімділік көрсеттіңіз?
ІІІ. Психологиялық ойын.
Біз өзіміздің мейірімді болу үшін өзімізді жақсы білуіміз керек және өзімізді жақсы жаққа қарай тәрбиелеуіміз керек екен. Олай болса сіздермен өз бойымыздағы кейбір ерекшіліктерді айқындау үшін бірнеше психологиялық жаттығулар жасаймыз:
А) Бірнеше рет екі саусақтарымызды айқастырып, біріктіріңіздер. Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғары қалып отырады. Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда Сіз эмоционалды адамсыз, ал егер оң қолдың бармағы жоғарыда қалса Сіз аналитиксіз (талдау сипаты басым).
Ә). Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз. Егер жоғарыда оң қолыңыз тұрса, онда Сіз қарапайымдылық пен мейірімге жақын адамсыз, ал егер жоғарыда сол қолыңыз тұрса сіз мақтанғанды жақсы көресіз.
Б). Қол шапалақтағанда оң қолыңыз «соғушы» болса, онда Сіздің мінезіңізде жігер басым, ал сол қолыңыз белсенді болса, онда Сіз шешім қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.
Енді сіздермен 3 тест жаттығу алынды, сіз өзіңіздің мінезіңізді саралап қорытынды жасаймыз. Осы тестпен келісеміз ба?, ұқсастық бар ма екен?.
IV. «Күлмес қыз». Логикалық ойын.
«Баяғыда бір ханның қызы болыпты. Ол ешқашан да күлмейді екен Сол себепті хан қызы Күлмес қыз атаныпты. Сіздерге 1 — ші сұрақ «Неліктен ханның қызы ешқашан күлмеген» деп ойлайсыздар? 30 сек. уақыт, 2 — ші сұрақ «Күлмесханның күлуі үшін не істеуі қажет?» (30 сек.).
V. Сергіту сәті. «Қарын мен төбе»
Мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін сіздерге жаттығу жасау керек.
Жаттығу ережесі сол қолмен қарындарын сипалап, оң қолдарыңызбен төбелеріңізді шапалақтайсыздар. Мен сіздерге баста деп белгі беремін. Жаттығуды 3 рет жасаймыз, бірінші рет жай жасаймыз қалған екеуін тездетеміз. Мен қолдарымызды ауыстырамыз деп белгі беремін сіздер ауыстырасыздар.
VІ. 10 айырмашылықты тап.
Сіздерге суреттер беріледі сіздер айырмашылықты табуларыңыз керек.
VII. Есімнен сөздер құру.
І топқа. Бағдат. ІІ топ. Бақытжан.
VІI. Қорытынды.
Ортаға Мирасты шақырайық өзінің тілектерімен бөліссін, ал енді сыныптастарыңның саған арнаған жақсы тілектері мен сыйлықтары бар соны қабыл ала ғой.
Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе. Деген екен халық даналығының дәйек сөзіне сүйене отырып тренингімізді қорытындылайын.
Осымен біздің тренингіміз аяқталды.
Әр қашанда мейірімді болыңыздар!
Назарларыңызға рахмет!

Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы,
«Қуат Терібаев атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
педагог — психологы
Габидуллина Гульмира Хамитовна