Мегежіндерді азықтандыру | Скачать Реферат

0

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Шошқаны азықтандыру
2.2 Мегежіндерді азықтандыру
2.3 Шошқаның ас қорыту ерекшеліктері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I Кіріспе
Шошқаның, барлық топтарына арналған азық құнарлығы жағынан, қуаттылығы жоғары болуы қажет. Азық қуаттылығын анықтау кезінде, жоспарланған өнім өндіруді малдың тірілей салмағын, физиологиялық жағдайын ескерген жөн. Шошқа әсіресе протеин деңгейіне өте мұқтаж келеді. Бір азық өлшемінде қорытылатын протеин мөлшері 100 – 110 г деңгейінде болуы қажет. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар, энергетикалық коректілігі басым астық тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жугері, бидай, сулы, қара бидай, тары, сорго жатады. 12 пайыздық алғалдылықта олардың құрамында 9 – 13 пайыз протеин, 1,5-2 пайыз май, 2-3 пайыз клечатка, 65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл болады. Органикалық заттары 70 – 90 пайызға қорытылады. Қабандарға кажетті рацион қыс айында кабандар рационында 2,5 – 3,5 кг жем болуы керек. Олар негізінен астық тұқымдастардан күнбағыс сығындысы не шроттан, сонымен аздап ылғалды азықтан және 0,3 – 0,5 кг шен ұнтағынан тұрады. Жазда қабандар жеммен қоса көк балаусаны әсіресе жоңышқа, эспарцет, бұршақты емін – еркін жей алуы керек не жайылымға шығарылады.
Мал өнімдерінің қалдықтарынан жасалатын азықтар, яғни жануар тектес азықтар протеиннің қайнар көзі болып саналады. Ал В12 витамині олардың рационында міндетті түрде болуы тиіс. Буаз және шағылысқа дайындалған мегежіндер тек көмірсутекті жеммен азықтандырылуы тиіс.
Жер ерекшеліктеріне және шаруашылықтан жем жағдайына байланысты, шағылысқа түсетін және буаз мегежіндер рационының әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол рационның міндетті түрде нормаларда көрсетілген коректік заттар мөлшерін қамтуы керек.
Екі жастан асқан буаз мегежіндерге тірілей салмағының әр 100 кг – на 1,5 азық өлшемі шамасында бүкіл буаздық кезеңінде, ал өсіп келе жатқан жас мегежіндерге бірінші кезеңде 2,5 және буаздығының екінші кезеңінде 3 азық өлшемі шамасында азық беру керек. Буаздығының бірінші жартысында өсіп келе жатқан жас мегежіндер рационында корытылатын протеин 110 г, ал сақа мегежіндер үшін бұл шама 100 грам, буаздығының екінші жартысында 110 грамнан кем болмауы керек. Сонымен қөандай да малды азықтандырар алдын ол малдың жағдайын ескерген дұрыс болып саналады. Олардың рациондарына мұқият көңіл аудару қажет.

II Негізгі бөлім
2.1 Шошқаны азықтандыру
Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік (3 ай + 3 апта + 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10 — 12 торай тауып, олар 7 — 8 айлығында 110 — 120 килограмға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4 — 6 азық өлшемі жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі. Және ол азық талғамайды.
Шошқа бір қарынды болғандықтан ас қорытуы негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қарағанда ас корыту жолдарында микробиологиялық түзілу онда өріс алмағандықтан (олар тек соқыр және тоқ ішектерде орын алады) шошқаны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рациондарындағы қиын қорытылатын клетчатка мөлшерінің белгілі бір деңгейде (кұрғақ затында 10 — 12 проценттен) аспауын жіті қадағалайды.

Берілетін азықты алдын-ала өңдеуден откізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе ұнтақтап, ашытқылаған жөп. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.
Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді — картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75 — 80, жазда 85 — 90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20 — 30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұйы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.
Шошқа денесіндегі май негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан түзілгенімен, олардың рациондарын энергияға қанықтырып, ауыспайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етіп, ас қорыту барысына қолайлы жағдай туғызу үшін рациондарында шикі май мөлшері де жеткілікті болуға тиіс. Ауыспайтын май қышқылдары (линол, линолен, арахиден) линолен кышқылынан түзілуі мүмкін. Онын мөлшері торайлар рационының кұрғақ затында 1,6 процент, сака шошқалардікінде — 1,3 процент болуға тиіс. Сондай-ақ рационда (А, Д, Е, К) және суда (В тобынын) еритін витаминдер жеткілікті болуға тиіс.

2.2 Мегежіндерді азықтандыру

Мегежіндерді жасына (сақайған болып 2 жас саналады ),тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі)қарай азықтандыру белгіленген.
Екі жасқа жетпеген , әлі өсуін тоқтатпаған мегежіндерді буаздық кезеңінде тірілей салмағына қарамай 181-200 киллограмдық мегежіндер нормасымен азықтандырады. Буаздықтың алдындағы 3-14 тәулікте мегежіндерді ұрықтандыруға жақсы дайындау үшін нормасын 0,6 азық өлшеміне ұлғайтып береді.Рацион құрғақ затының әрбір киллограмында 1,5 азық өлшемі , 105г қорытылатын перотин, 6,0 лизин, 140г шикі клетшатка , 5,8 г ас тұзы , 8,7г кальций, 7,2г фосфор , 11,6 мг каратин , В1 7мг ,В2 23мг, В3 1,16мг,В4 29мг, В12 витаминдері болуға тиіс.

Торайларын емізетін кезде екі жасқа толмаған жас мегежіндердің дұрыс өсіп – жетіліп , төлім сүтке жарытуы үшін сақа мегежіндер нормасына 0,6 -0,8 азық өлшемі қосылып , рацион құрғақ затының әр бір грамында шикі , 145 г қорытылатын протен , 8г лизин , 4,8 г метионин мен цистин, 70г аспайтын клетчатка, 9,3 кальций ,7,6 г фосфор , 11,6 мг темір (басқа көрсеткіштер жоғарыда көрсетілген буаз мегежіндердікіндей ) болуы керек.Өндіріс технологиясы бойынша торайлары 60 тәуліктен ерте айырылатын болса, келтірген нормалық көрсеткіштер 0,2-0,3 (35-40 тәуліктен айырғанда )және 0,4-0,5 (26 тәуліктен айырғанда ) азық өлшеміне кемітіледі. Әр торай басына шығындалатын азық өлшемі 0,38-ден 0,35 пен 0,33-ке дейін азайтылады.
Жақсы күйлеп дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда азықтандыру деңгейін 25-30 процентке ұлғайтып, сақа метежіндердің әр 100 кг тірілей салмағына 1,5-1,8 кг, екі жасқа дейінгілеріне 1,8-2,4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Жануар тектес азықтар жеткілікті болса рацион қоректілігінің 3-5 процентіндей) көк сүт, сары су, ет, сүйек немесе балық ұнын, т.б.) енгізеді.
Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылған рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары болуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосу керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организміндегі энергиятикалық алмасу 25-45 процентке жоғарылып, туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.
Торайларын емізетін кезіңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі. Үшінші аптада тәуліктік сүттілік 5-7 килограмға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді (екі айда 200-300 кг жоғары майлылықтағы 9,6 процент- сүт өндіреді) сапалы қорытылатын протеинмен (1 азық өлшемінде 111-112г) минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек.

Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3,0-3,5 кг дән ұнтақтары ) бұршақ, күнбағыс шроты, кебек т.б. 1 к көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60 г прецититат, 30 г ас тұзы, 60 г премис қосындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыртүйнек жемістілерді … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз