Математика 4 сынып. Тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар

0
Пәннің атауы математика Мектеп Ж.Құдайбергенов атындағы ОМ Күні: ……………. 2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Скабылова Г.Н. Сынып: 4 Қатысқандар: Қатыспағандар: Тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру, разрядтық қосылғыштарға жіктеу туралы алған білімдерін пысықтау; мыңдар класының бірліктерімен таныстыру; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызу, есеп шығаруға деген қызығушылығын ояту; ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру Сараланған мақсаттар: Барлық оқушылар орындай алады: Үш таңбалы сандарды оқиды және жазады, салыстыра алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:1.Мың көлеміндегі сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктей алады.2.Әр кластың бірліктерін анықтай біледі. Кейбір оқушылар орындай алады:Санды шығарып алудың тәсілін анықтайды және өз пікірін дәлелдей алады. Бағалау критерийлері 1. Үш таңбалы сандарды оқиды және жазады, салыстырады.2. Мың көлеміндегі сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.3.Әр кластың бірліктерін анықтайды.4.Санды шығарып алудың тәсілін анықтайды және өз пікірін дәлелдейді. Құндылықтарды дарыту Оқушылардың ұйымшылдық, достық, адамгершілік құндылықтарын дамытуға мүмкіндік туғызу Ойлау дағдыларының деңгейі Түсіну, білу, қолдану, талдау Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу Бастапқы білім Көп таңбалы сандар Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурс Сабақтың басы5 минут І.Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық «Бұзылған телефон» әдісі (2 минут)ІІ.Өткенді пысықтау кезеңі (3 минут)Ауызша есептеулер жүргізу Тез есепте! (жалпы сыныппен орындалатын жұмыс)(49:7×5+1):9×3 (7×8+7):9×3:7 28:7×4:2×3:6ҚБ «Бағдаршам» әдісі

слайд

слайд

Сабақтың ортасы 28 минут 1.Миға шабуыл (жеке оқушымен жұмыс) 1 минутАрасында қалып қойған сандарды атау545, 546, 547, 549, 552, 553, 555, 558, 559, 560,563, 565. 2.Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты мен міндетін түсіндіру; бағалау критерийлерімен таныстыру (2 минут)2. Дәптермен жұмыс3.Оқулықпен жұмыс; бекіту жаттығуларын жүргізу(3-5-беттер ) (22 минут)

слайд

Тапсырмалар Дескриптор Балл «Бір минуттық тапсырма» әдісі (1 минут)1-жаттығу (жеке жұмыс). Ең кіші екі таңбалы санды, ең кіші үш таңбалы санды, ең үлкен екі таңбалы санды, ең үлкен үш таңбалы санды атау және жазу ҚБ «Бас бармақ» әдісі

«Қорытынды пікір» әдісі (жеке оқушымен жұмыс) 3 минут4-жаттығу. А) Кез келген бір таңбалы сан жазып, сол санның соңына бір нөл, тағы бір нөл тіркеп жазу; шыққан сандарды оқу және салыстыру; қорытынды жасау

Ә) Бірліктері де, ондықтары да нөлге тең кез келген үш таңбалы санды жазу және оқу; соңындағы бір нөлді және тағы бір нөлді алып тастау; шыққан сандарды оқу және жазу; қорытынды жасауҚБ «От шашу» әдісі

«Ақиқат пікір» әдісі 5-жаттығу. Берілген пікірлерді оқып, дұрыс, бұрыстығын дәлелдеу (ауызша орындау) 5 минут9 санының соңына бір нөл тіркеп жазғанда, ол сан 10 есе кемиді; 700 санының соңындағы екі нөлді алып тастағанда, берілген сан 100 есе артады.

6-жаттығу. Сандардың қалып қойған цифрларын атау; осы сандарды кему ретімен жазу; кестедегі сандарды оқу және оларды өсу ретімен жазу (топтық жұмыс) 3 минут

4.Жаңа ақпарат. Орындалған тапсырмаларды жүйелеп, қорытынды жасату (5 минут)Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты құрайды. Оны бірліктер класы деп атайды. Мың – екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.

Шығармашылық жұмыс (жеке оқушымен жұмыс)7-жаттығу. 999 санында әрбір разрядтың неше бірлігі бар екенін анықтау; жүздік, ондық және бірліктің қосындысы түрінде жазу; осы санға 1-ді қосып, мәнін анықтау; қорытынды жасау(3 минут)

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

Ойлан, тап! Шығармашылық тапсырма (жеке оқушымен жұмыс) 5 минут18888 санынан қалай 10000 санын шығарып алуға болады? Өз пікіріңді дәлелде.

Ең кіші екі таңбалы және ең үлкен екі таңбалы санды жазады.

Ең кіші үш таңбалы санды және ең үлкен үш таңбалы санды жазады.

Екі және үш таңбалы сандарды оқиды.

Бір таңбалы санды жазады.

Бір нөл және тағы бір нөл тіркеп жазады.

Шыққан санды оқиды және жазады, салыстырады.

Қорытынды жасайды.

Бірліктері де, ондықтары да нөлге тең кез келген үш таңбалы санды жазады және оқиды.

Санның соңындағы бір нөлді және тағы бір нөлді алып тастайды.

Шыққан сандарды оқиды және жазады.

Қорытынды жасайды.

Сандардың қалып қойған цифрларын атайды.

Сандарды оқиды.

Сандарды кему ретімен жазады.

Санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар екенін анықтайды.

Санды жүздік, ондық және бірліктің қосындысы түрінде жазады.

Санға 1-ді қосады және мәнін табады.

Қорытынды жасайды.

Санды шығарып алудың тәсілін таңдайды.Өз пікірін дәлелдейді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Сабақтың соңы7 минут І. Кері байланыс (3 минут)«Екі шындық, бір өтірік» тәсілі бойынша сабақты қорытындылайды.ІІ. Бағалау (3 минут) Критерийлерге сәйкес бағалауБағалау шкаласы 18-20 балл – бағасы «5»15-16 балл бағасы «4» 13-14 балл – бағасы «3»12 — 0 балл – бағасы «2»ІҮ.Үйге тапсырма беру 10. 5-бет (1 минут) Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?Тапсырмаларды оқушының жас ерекшелігіне және қабілетіне қарай «Спиральді оқыту» жүйесі бойынша жеңілден күрделіге қарай дайындаймын. Білім деңгейі әр түрлі оқушының деңгейіне қарай («Ойлан, тап» тәсілі ) шығармашылық тапсырма беруді жүзеге асырамын. Әрбір тапсырмаға уақыт бөлу арқылы оқушыларды жылдамдыққа, қарқынды жұмыс істеуге үйретемін, уақытты ұтымды пайдалануын қадағалаймын. Оқушылар топтық жұмыс барысында (6-тапсырма) бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға, бірлескен оқуға, яғни бір-біріне көмек көрсетіп, қолдауға үйренеді. Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Оқушы білімін бағалауды, оқу үшін бағалау, ішкі уәжін ояту, ынталандыру, белсенділігін арттыру, оқу нәтижесін анықтау мақсатында критериалды бағалау жүйесінің қалыптастырушы бағалау түрін жүргіземін.Бағалау критерийлерін құрастырамын, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырма құрастырамын, әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастырамын. «Отшашу», « Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістерін және бір-бірін бағалауды пайдалана отырып, кері байланыс («Екі шындық, бір өтірік») тәсілі жүргізу арқылы білім алушылардың білімін әр тапсырма сайын (жеке, топтық, бүкіл сыныппен орындалатын жұмыс) бағалап отырамын.Оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы кері байланыс алып, соған сүйене отырып, келесі сабақта қысқа мерзімді жоспарға өзгеріс енгізіп отыруды және оқушының қажеттілігіне қарай тапсырмалар дайындауды жүзеге асырамын. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуыОқушылардың партада дұрыс отыруын, оқулық пен көздің ара қашықтығын сақтауды, оқу құралдарын дұрыс пайдалануын қадағалаймын.