Математика 1 сынып «Сағат»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Математика 1 сынып «Сағат»

Автор: Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-08


Материал туралы қысқаша түсінік

Сағат тақырыбына құрылған ұзақ мерзімді сабақ жоспары




Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Шамалар. Уақытты бағдарлау.

Күні:

Сынып:1

Мұғалімнің аты-жөні:Сандибаева Ж.К.

Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Сағат.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.5 циферблат бойынша 12 сағаттық форматта уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай, жыл; 1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;
Сабақ мақсаттары 1) циферблат бойынша уақытты анықтайды, минут пен сағаттың айырмашылығын ажыратады;

2ақыт шамаларын ажыратады, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды ;

3)Уақыт өлшемдерін салыстырады, өлшемдер жүргізеді;

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология.• минут, сағат, циферблат• бұрын кейін, содан соң, ары қарай, нәтижесінде• қанша уақыт/қаншалықты ұзақ, қашан, дейін

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:Оқушылар 1 минут, 1 сағат, секілді уақыттың белгілі бір шегінде орын алатын жағдайларды талқылайды;

1 минут пен 1 сағаттың айырмашылығы неде?үгін нешеде ояндың?Сағат- часы-

Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық:топтық,жұптық жұмыста көрінеді.

Еңбек пен шығармашылық:циферблат арқылы аталған сағатты құрастырады.

Пәнаралықбайланыстар Көркем еңбек: сағат моделін құрастыру
Бастапқы білім Уақыт өлшембірлігі минутты біледі.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтажоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі:«Атом, молекула» ойыны арқылы топқа бөлу (молекула, молекула 3,4 ,6 адамнан қосылған бойда топтарға бөліп ,отырғызу.)

Өткенді қайталау «Ыстық орындық» әдісіОқушылардың есімдері жазылған таяқшаларды таңдап ыстық орындыққа отырады, қалған оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Бұл әдісті басқа пәндерге де қолдануға болады.Ширату кезеңі «Қара жәшік»1. Жәшікке сағатты жасырып, ол қандай зат екенін мұғалім жанамалап сипаттайды. (металда, пластмассадан жасалады. Тілдері бар, сандар жазылған т.с.с.) Оқушылар не жасырылғанын табу керек.2. Жеңіл сұрақтар-балалар ұйқыдан тұрғанда қандай әрекет жасаймыз, сосын қайда қараймыз?-сабақтың басталатын уақытын қайда қарап білеміз?-түскі ас мезгілін, кешкі ас мезгілін қалай білеміз?-бір жаққа баратын болсақ қайда қараймыз?-сонымен бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?Сабақтың мақсатымен таныстырамын:-Бүгін уақыт өлшембірліктерінің тағы бір түрі сағатпен танысамыз.

сағаттың түрлері

Сабақтың ортасы

2 мин

7 мин

2 мин

4 мин

4 мин

2 мин

7 мин

5 мин

Жаңа сабақ: Нұсқау беру және айту арқылыбірдей екі мaйшaммен eкi құмсағат алып, eкі майшамды біpдeй уақытта жағамын. Бір минут өткен соң бірінші майшамды сөндіремін, екінші мaйшaм сaбaқ бaрысында жaнып тұра береді. -1 минуттa қaншa жaнды?-жaңa мaйшaмнан aйырмaсы бaр мa?Tәжірибe арқылы минут пен сағаттың ұзақтығы туралы aйтaмын.Жеке жұмыс. Көрсетілім және модельдеу арқылы «Bilimland.kz» сайтынан уақыт өлшембірліктері туралы бейнефильмді көрсету.1. Тест тапсырмасы.Әр оқушыға A, В, С, D жазылған стикерлерді таратамын. Әрбір сұрақты тақтадан оқығаннанкейін 20сек. кідіріп, тест жауабына сәйкес әріпті көтерулері сұралады.Тест сұрақтарына жауап алу арқылы кері байланыс орнатылады.1.Бейнефильм не туралы екенін көрсетіңізА)уақыт өлшембірліктеріВ)ұзындық өлшем бірліктеріС)масса бірліктеріД)көлем бірліктері2.Бір жарым сағат қанша минут болатынын көрсетіңізА)60 минутВ)90 минС)120 минД)150 мин3.Екі тәулікте қанша сағат бар екенін табыңызА)24 сағВ)26 сағС)48 сағД)44 сағ4.Бір жылда қанша ай бар екенін көрсетіңізА)60 айВ)24 айС)7 айД)12 ай5.қатені көрсетіңізА)2 мин =120секундВ)3 сағ = 180 секундС)2 апта= 14 тәулД)1 тәул = 24 секунд2. Артығын алып тастау3.Сәйкес жалғасын табу

Oқулықпен жұмыc: (20 бет)Жұптық жұмыста көрсету арқылы тапсырманы орындайды.1-тапсырма.Сaғaттaр қай уaқытты көрсетіп тұр? Атап бер.Есте сақта: 1 сағ=60 мин Жарты сағ=30 минҚБ: мұғалімнің қолпаштауыЖеке жұмыс: Қорытынды бoйыншa сaрaлaу.Бағалау критерийлері:-Уақыт шамаларын ажыратады;Сұрақ қою және талқылау әдісінде «Дұрыс, дұрыс емес» ойынын ойнатқанда оқушылар егер жауап дұрыс болса жасыл нүкте, ал қате болса қызыл нүкте салады.1)Уақыт өлшембірліктері секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр.2)Минут-ең қысқа уақыт өлшембірлігі.3)Бір сағат дегеніміз 60 секунд4)Минутта үлкен уақыт- сағат.Дескриптор:-уақыт өлшембірліктері; секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр;-минут-ең қысқа уақыт өлшембірлігі емес;-бір сағат дегеніміз 60 секундқа тең емес ;-минуттан кейінгі үлкен уақыт-сағатТоптық жұмыс.Дәптepмен жұмыс: (16 бет) Сұрақ қою және талқылау арқылы орындату.Сағат моделін құрастыр. Сағат моделіндегі сағат тілдерін жылжыта отырып, мыналарды көрсет: -Ceн бүгін нeшeдe oяндың? Бiрiншi cабақ нешеде бacтaлды?— Сүйiктi тeлeбaғдарламаң caғaт нешеде басталады? Ол сағат нешеге дейін болады?— Сабақ нешеде басталады, неше сағаттан кейін аяқталады?ҚБ техникасы: Әр жұп бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бутерброд» әдісі арқылы бағалайды. Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;Сергіту сәті: Барлық оқушылар циферблат болып тұрып, ортада 5 оқушы кезектесіп шығып аталған 7:00, 5:00, 1:00, 18:00, 10:45 уақыттарын екі қолымен сағаттың минуттық және сағаттық тілін жасап көрсетеді . Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:Бағалау критерийі • уақыт өлшемдерін салыстырады• циферблат бойынша уақытты белгілейді 1-тапсырма.Бір сағатты және жарты сағатты минутқа айналдырып жаз.1 сағ = мин жарты сағ = мин Дескриптор -1сағатта 60 мин бар;-жарты сағатта 30 мин бар;1-топ Тапсырмасы мен дескрипторын құрастыр.Жазылған уақытты циферблатта белгілесағ 5:00 сағ 7:00 сағ 12:30Дескриптор -циферблат бойынша сағат 5:00 көрсетеді;-циферблат бойынша сағат 7:00 көрсетеді;-циферблат бойынша сағат 12:30 көрсетеді;

2-топтапсырмасына байланысты суретін салып, дескрипторын құрастыр:Сағат қанша болды? Циферблаттағы көрсетілген уақытты жазыңызДескриптор:минуттық тіл толық сағатты көрсетіп тұрған уақытты анықтайды және жазады; минуттық тіл жарты сағатты көрсетіп тұрған уақытты анықтайды және жазады. 3-топ тақырыпқы байланысты қалыптастырушы бағалау құрастырыңыз4-топ«Дұрыс, дұрыс емес» ойынның дескрипторын құрастыр:Критерий:-Уақыт шамаларын ажыратады;Тапсырма:1)Уақыт өлшем бірліктері : секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр2)Минут-ең қысқа уақыт өлшем бірлігі.3)Бір сағат дегеніміз 60 секундқа тең4)Минуттан үлкен уақыт- сағат.Дескриптор:-уақыт өлшембірліктері; секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр;-минут-ең қысқа уақыт өлшембірлігі емес;-бір сағат дегеніміз 60 секундқа тең емес ;-минуттан кейінгі үлкен уақыт-сағат«Сымсыз телефон»Топ мүшесіне сабаққа байланысты бір сөз айтылады, олар тізбекпен бірінен бірі сыбырлап айтып, соңғы мүшесі сөзді жазады. Солай бірнеше рет қайталанады. Барлық топқа бірдей сөздер айтылады. Соңында сөздер оқылады. (секундтық тіл, часы, секунд т.с.с.)

Майшам,

Минуттық және сағаттық құмсағаттар.

  • Сабақтың соңы5 мин Қорытынды жұмыс:Екінші құм сағатқа қарап, жанып тұрған майшамды сөндіріп, нәтиже шығару. Екі майшамды салыстырып, уақыттың ұзақтығы туралы ойларын жетілдіру.Бір сағат көлемінде оқушылар қандай жұмыстар атқарғандығын айтып, талқыға салады.ҚБ: Өз ойын толық жетілдіріп, майшамдарға қарап нәтиже шығарағаноқушыны «жұлдызша» арқылы мұғалімнің бағалауы.«Серпілген сауал»оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы уақыт өлшембірлігін айтады, келесі оқушы сол уақытта қандай әрекеттер жасауға болатынын айтады.Секунд- көзді ашып жұмамынМинутсүт піседі,Сағат- ет піседі.-1 сағатта неше минут бар?-1 сағаттың жартысы неше минутқа тең?

    Рефлексия:Смайликтерге «түсіндім» «сұрақтарым бар» «түсінбедім» қыстырғыштарды қыстыру арқылы өз-өзін бағалайды.Түсінбеген смайликке қыстырған оқушылармен келесі сабақта қосымша тапсырмалар беру арқылы жұмыстанамын.

    Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
    «Бутерброд» әдісі арқылы бір-бірін бағалау;«Шапалақ» арқылы әр топ бір-бірін бағалау;«Жұлдызша » әдісі арқылы мұғалімнің бағалауыДескриптор арқылы өзін-өзі бағалау; Сергіту сәті;Партаға дұрыс отыру ережесі;







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.