Массагеттен мәзір: «Пицца» бутерброды

0
128

Массагеттен мәзір:

Отбасы мүшелерін дәмді тағаммен қуантқыңыз келсе, «пицца» бутербродын жасауға болады. Ол еш уақытыңызды алмайды, қамыр басуды қажет етпейді және дәмі пиццаға қатты ұқсайды. Наны қытырлақ, салындысы шырынды ыстық бутербродтың дайындалу жолын ұсынамыз. 

Қажетті азық-түліктер:

– 4-5 тілім шұжық;
– 1 қызанақ;
– 70 г ірімшік;
– аскөк;
– 2 ас қасық майонез;
– 7-8 бөлке нан тілімі.

Шұжықты төртбұрышты етіп тураймыз.

Қызанақты да төртбұрышты етіп тураймыз.

Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

Аскөкті ұсақтап тураймыз.

Барлық ингредиенттерді ыдысқа салып, 2 ас қасық майонез қосып, жақсылап араластырамыз.

Бөлке нанды бөліктерге кесеміз.

Салындыны нанның бетіне қойып шығамыз. Оларды 200 градуста қыздырылған пеште 10-15 минут пісіреміз.

«Пицца» бутерброды дайын!