Массагеттен мәзір: Майшабақ қосылған неміс салаты

0

Массагеттен мәзір: Майшабақ қосылған неміс салаты

Майшабақ қосылған неміс салаты түрлі әдіспен жасалады. Оған кейде қышқыл алма қосады. Майшабақ қосылған салат креатинге бай. Майшабақтың құрамындағы креатин бұлшықетті нығайтады. Бұл салат өзінің қышқыл дәмімен және тойымдылығымен ер адамдарға міндетті түрде ұнайды. 

Қажетті азық-түліктер:

— 1 кішкентай пияз;
— 1 ас қасық сірке суы;
— 1 ас қасық су;
— 3 картоп;
— 3 тұздалған қияр;
— 1 майшабақ (селедка);
— аскөк;
— қара бұрыш;
— 2 ас қасық лимон суы;
— 2 ас қасық өсімдік майы.


Пиязды ұзынша етіп турап, маринадтап қою керек. Ол үшін 1 ас қасық су мен 1 ас қасық сіркені араластырып, пиязға құямыз. Қасықтың ұшымен аздап қант қосып жіберіңіз. Пияз маринадта 15-20 минут тұруы керек.


Суға піскен картопты суыған соң, төртбұрышты етіп тураймыз.


Тұздалған қиярды төртбұрышты етіп тураймыз.


Тазартылған майшабақты төртбұрышты етіп тураймыз.


Аскөкті ұсақтап тураймыз.


Барлық ингредиенттерді бір ыдысқа салып, оған өсімдік майы мен лимон суын құямыз. Аздап қара бұрыш саламыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Майшабақ және қияр тұздалған болғандықтан, салатқа тұз қоспаған жөн.


Салат дайын! Салатты жеңіл сорпамен ұсынуға болады.