Массагетпен болашаққа бір қадам…!

0

Массагетпен болашаққа бір қадам...!

Сәлеметсіздерме !

Мен өзім 10-шы сыныптың оқушысымын. Алтын ұя мектебіммен де қоштасар уақыт таяды. Қазіргі таңдағы ең басты мақсатым Ұлттық Біріңғай Тестілеу деп аталатын үлкен сынақтан сүрінбей өту, осы уақытқа дейінгі алып жатқан білімімнің нәтижесін көрсету және үлкен өмірге алғашқы қадамымды анық басу. Негізгі бала кезімнен бергі арманым- көгілдір экранның жұлдызы болу, тележүргізуші болу. Арманымның орындалуы барысында көп еңбек етіп, еңбегімнің жемісін көргім келеді. Әрине, арман жолында қаншама қиындық кезігетінін білемін. Сол қиындықтарға төтеп беруге әзірмін. 

Жоғарыда айтып өткенімдей ҰБТ-ға дайындықты қазіргі уақыттан бастап кеттім. Неше-түрлі әдеби кітаптар оқып жүрмін, газет-журналдарға мақала беріп, әр түрлі тақырыпта шығармалар жазып жаттығу үстідемін. Ең бастысы, менің мақалаларымды  ғаламтор желісінен өзім секілді, шығармашылыққа жаны құмар адамдар оқиды. Ол қалай дейсіз бе? Ол – Массагет сайты арқылы Массагет біз үшін таптырмас, бірден-бір мүмкіндік деп білемін. Өз арманыңа жету үшін нақты қадам! Әсіресе, оқушыларға өте қызық, керекті дүниелер көп! Бұрынғы уақытта көп кірмейтінмін, енді жиі-жиі кіріп тұрамын,әрқашан сіздермен біргемін!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз