Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары

0

2018 жыл: Техастағы ғарыш айлағының құрылысы

 

Компания өзінің Falcon 9 және Falcon Heavy Launch қондырғыларын іске қосу үшін ғана емес, сондай-ақ оның даму прототиптерін сынақтан өткізу үшін де өз ғарыш айлағына мұқтаж. Илон Масктың ғарыш орталығын Техаста салының бірнеше тиімді жағы бар.

Біріншіден, SpaceX зымыранның үлкен бөліктерін Панама каналы арқылы ғарыш алаңына тасымалдай алады. Әйтпесе, бөлшектерді ұшақ немесе жүк көлігімен тасымалдауға тура келеді, ал ол айтарлықтай қымбатқа түседі.

Екіншіден, эксперименттік ғарыш аппаратын түрлі жарылғыш сұйықтықтармен толықтыруды жоспарлап отырған компания үшін ғарыш айлағы орналасатын жер (Бока Чика кенті) өте қолайлы: ол аумақта ешкім өмір сүрмейді.

Үшіншіден, ғарыш айлағының құрылысы Техас штатының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады, себебі ғарыш айлағы штаттағы жұмыссыздықты азайтуға сеп болайын деп тұр. Сонымен қатар, адамдарға және табиғатқа зиян тимеуі үшін іске қосу алаңы суда болады.

 

Техас штатында ғарыш айлағын салудың тағы бір себебі: 

• Ғарышқа ұшатын зымыран экватор сызығына жақын болған сайын отын үнемдейді; 
• Жер шарының айналуы зымыранның жоғары көтерілуіне көмектеседі.

 

 
2019 жыл: Big Falcon Spaceship зымыранының дебюті 

SpaceX-тің Президенті және атқарушы директоры Гвинн Шотвеллдің айтуынша, 2019 жыл компания ғарышқа ұшатын зымыранның нұсқасын тәжірибеден өткізеді. Зымырандар іске қосылғанымен ғарышқа шықпай қайта қонады. Осы арқылы мамандар болашақ саяхаттар үшін кеменің кем-кетігін біліп алмақшы.

 

 
2020-2021 жж.: BFR зымыранының толыққанды жүйесін сынақтан өткізу және ғарышқа ұшыру

Satellite 2018 деп аталатын ғарыштық құрылғылардың халықаралық көрмесінде Шотвелл 2020 жылы BFR зымырандары ғарышқа ұшатынын айтқан еді. Бірақ, Масктың айтуынша, олар ғарышқа адамдарды ұшырудан бұрын, бірнеше зымыранды ғарышкерсіз ұшырып көрмекші.

 

2022 жыл: Марсқа қажетті жүктер бар екі зымыранды ұшыру (ғарышкерлерсіз)

Маск 2022 жылдары BFR зымыранының көмегімен Марсқа қажетті жүктерді жіберуді көздеп отыр. Марсқа жету үшін бірнеше айдан бір жылға дейін уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан Илон Маск 2022 жылдың жазында ұшырылатын зымырандар Қызыл ғаламшарға сол жылдың соңы немесе 2023 жылдың басында жетіп барады деген мәлімдеме жасады.

 

2022-2023 жж.: Марсқа алғашқы Big Falcon ғарыш кемесінің қонуы

Маск Марсқа ұшатын алғашқы зымырандарды бос жібергісі келмейді. Алғашқы кемелер Қызыл ғаламшарға қосымша миссиялар үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды жеткізеді деп күтілуде. Алғашқы кемелер Марсқа баратын адамдар үшін қажетті қуат көздері, су іздейтін құрылғылар, марстықтардың қоныстануы мен Жерге оралуы үшін қажетті жанармай мен оттегіні апарады.

2018 жылдың тамыз айында SpaceX Mars миссиясының жетекші инженері Пол Вустер Қызыл планетаға алғашқы кемелер қалай ұшырылатыны жөнінде кейбір мәліметтермен бөлісті. Вустердің айтуынша, алғашқы екі ұшқышсыз жүк миссиясы қазірде су бар деп болжам жасалған планетаның солтүстік аймағына қонады. Ондағы роботтар болашақта ұшып келетін кемелер үшін қону алаңдарын салатын болады.

 

2023 жыл: адамды BFR зымыраны арқылы ай маңына ұшыру

Қыркүйекте Айға алғаш болып ұшатын туристің есімі белгілі болған еді. Жапондық миллиардердің қанша төлегені әзірге құпия. Бірақ оның бірнеше миллион доллар төлейтіні анық. Сонымен бірге Юсаку Медзава айға ұшатын BFR бортындағы барлық орынды сатып алған. Өзімен бірге 6-8 өнер адамдарын алып ұшпақшы. Бұл саяхат – BFR зымырандарының шынымен де жұмыс істейтінін дәлелдейтін саяхат болмақшы.

«Ол соншама ақшаны бекерге төлеп отырған жоқ. Юсаку болашақта адамдар басқа ғаламшарға ұшу үшін де алғашқы қадамды жасап отыр», – деген еді Маск.

 

 

2024 жыл: Марсқа алғашқы адамды ұшыру 

Қажетті жабдықтарды жеткізгеннен кейін SpaceX Қызыл ғаламшарға 1 немесе 2 ғарышкерді ұшырмақшы. Вустердің айтуынша, 100 тоннадан жүк жеткізген алғашқы екі кеме марстықтар Қызыл ғаламшарда қалып кеткен жағдайда, қолайлы өмір сүру үшін барлық мүмкіндікті қарастырады. 

 

2025 жыл: алғашқы марстықты Қызыл ғаламшарға қондыру

Марсқа сапар 6-9 ай аралығында болуы мүмкін. Соншама уақыт ғарыш кемесінде өмір сүру ғарышкерлерге оңай тимесі анық. Вустер бұл туралы: «Осы жылдың тамызынан бастап Марсқа ұшатын кеменің прототипінде ғарышкерлер тәжірибе үшін өмір сүруді бастап кетті»,– деп мәлімдеді.

 

2028 жыл: Mars Base Alpha базалық құрылысын аяқтау

Маск осы жылдың наурыз айында Mars Base Alpha базасын Марста 2028 жылы салып бітетінін мәлім етті. «Бұл ең негізгі инфрақұрылымды құрудан басталады: отын өндіру станциясы, электр станциясы, азық-түлік өсіру үшін жылыжайлар т.б – бұларсыз Марсианиндықтың өмір сүруі мүмкін емес»,– деді Маск твиттер парақшасында.

 

 

2030 жылдар: алғашқы Марсианиндықтар үшін қала құрылысын бастау

Егер, Масктың жоспарлары жүзеге асса, болашақта ол Қызыл ғаламшарда қала құрылысын бастамақшы. Масктың, айтуынша адамдар Марсианин атануы үшін құны 200 мың доллар тұратын билеттерді сатып ала алады. Шамамен болашақта мұндай билеттің миллион данасы сатылу көзделіп отыр.

Масктың мәліметінше, болашақта Марста бәрі болады. Үлкен зауыттардан бастап, ойын-сауық демалыс орындарынан дейін салынады екен.

 

2100 жылдар: Марсты Жерге ұқсас планетаға айналдыру

Болашақта миллион тұрғыны бар Марс ғаламшарын Жерге ұқсату жоспары түзіліп жатыр. Марста Жердегідей ауа қалыптастырып, онда бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар ма, жоқ па, белгісіз. NASA агенттігінің айтуынша, бұл мүмкін емес. Қызыл ғаламшарда оттегі қалыптастыру үшін қажетті деңгейде магниттік өріс пен газдар жоқ. «Бірақ тәжірибе жасап көру керек» дейді Маск. Тек тәжірибе ғана оның болатынын немесе болмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Кім біледі, мүмкін Маск немесе оның ізбасарлары алыс болашақта осындай тәжірибелерді жүзеге асыруы ғажап емес.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз