Марста дыбыс қалай шығады?

0

Марста дыбыс қалай шығады?

Ғалымдар Қызыл ғаламшарды жақсы біледі. Әсіресе, оның сыртқы бейнесін бірнеше жылдан бері зерттеп келеді. Ал Марстағы табиғи дыбыстарды анықтауға қазірше біздің технологияның мүмкіндігі жоқ. Ол үшін мүмкіндігі жоғары микрофондар жасалу керек. Англияның Раскин және Эксетер университетінің ғалымдары осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Марстағы бастапқы мәліметтерді қабылдаған компьютерлік алгоритм арқылы ғаламшардағы табиғи дыбыстарға ұқсас дыбыстарды біріктіріп музыка жасап шығарды. 

Ғалымдардың еңбегінің арқасында төмендегідей ғажайып музыка жаратылды. Оны сіз де тыңдап көруіңізге болады: 

Марстағы дыбысты жарату үшін ғалымдар Марс бетін солдан оңға қарай сканерлеп, Қызыл ғаламшардың жарығын, түсін, ой-бедерін мұқият зерттеген. Содан кейін алгоритм әрбір элемент үшін белгілі бір сарын мен әуен тағайындаған. 

Аталған жоба SC18 суперкомпьютері арқылы жасалған. Оны Далластағы конференция қонақтары қарапайым дыбыс ұлғайтқыш арқылы алғаш болып тыңдады.