Мақпал Жүнісова тойына шақырмаған Медеу Арынбаевқа ренжіп қалды
Осыдан біраз уақыт бұрын өзінің су жаңа әндерінің тұсауын кесіп, өнер адамдарын бір дастархан басына жинаған Медеу Арынбаев Мақпал Жүнісованы тойына шақырмай қойған деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған nur.kz.
«Ол кісі ауырып, келе алмады», — деген Арынбаев журналистің сұрағынан оңай құтылмақ болған.
Алайда Жүнісова өзін бөлектететін әріптестері жайлы айтып, Арынбаевтың өз тойына шақырмағанын жайып салды.
«Мені шақырған жоқ. Ашық айта аламын. Медеужан, Мақпал Исабековамен шатастырған шығарсың, Мен желіден көрдім де, «апалап жүріп шақырмағаны несі», — дедім де қойдым.
Мүмкін оған солай жеткізген шығар. Қазір әншілердің көмекшілері, кімді көргісі келмесе, «ол кісі ауырып қалды» деп айта салады екен», — деді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мақпал Жүнісова өзінің жолын кесіп, конкурсқа қатыстырмай қойған отандық әнші жайлы ашып айтқан болатын.