мақалдар жүрек жайлы, жүрек, мейірімділік

0
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.

Жүректің жолы — ыстық,
Білектің жолы — суық.

Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді.

Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы — жүрегінде.

Жүрек сүю үшін жаралған,
Көңіл түю үшін жаралған.

Тілі басқа — тілегі бір,
Түрі басқа — жүрегі бір.

Жүрек — ер, бас — кемеңгер.

Бас – кемеңгер,
Жүрек – ер,
Құлақ – бұлақ,
Аяқ – пырақ,
Қол – мұрап,
Тіл – тілмаш,
Кілтін тап та сырын аш.

Жүректің сырын
Көздің нұрынан байқа!

Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Ерлік білектен емес, жүректен.

Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.

Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.

Бетінің ашық реңі –
Тұнып тұрған жүрегі.

Жүрек қалаған жер — пейішің.

Аяшының жүрегі күйеді,
Даяшының етегі күйеді.

Бұл білектің ісі емес, жүректің ісі.
Жүректен шықпай,
Жүрекке кірмейді.

Кілемнің түгі көшсе де,
Жүректің дығы өшпейді.

Жүрек туласа –
Кірпік буланады.
Шетте отырғанның жүрегі кең соғады.

Сұлулық – жүрек кілті.

Жүрек жүрекке жол табады.

Жүрек тілесе жүрдек аяқ жүгірер.

Жүрегім жүрексінсе,
Қалшылдайды да, тоңады.

Соқырдың көзі – тілегі,
Екеу берсең – жарылмайды жүрегі.

Тулады жүрек, кетті бас,
Тоқтады жүрек, қайда бас.

Мейірімділік — Жүректен.