Мақалдар мәтелдер, мақтану туралы, мақтаншақ жайлы

0
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Жапа шегіп, жай жату,
Жасқаншақтың белгісі.
Аспандағы айды ату.
Мақтаншақтың белгісі.

Мақтаншақты мақтасаң,
Басыңа секіреді.

Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.

Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.

Мақтаншақ міншіл келеді,
Қызғаншақ күншіл келеді.

Мақтаншақтың қазаны бос қайнайды.