Мақала «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мақала «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі»

Автор: Дуйсебекова Араилым Омаровна

Бағыты: Информатика Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-08


Материал туралы қысқаша түсінік

Болашаққа бағдар ретінде жаңа технологияларды, робот техникасы және жаңартылған білім беру бағдарламалары, үш тілдік бағдарламасы, латын әліпбиі қолданысқа енгізіліп жаңартылу мақсатында




Дуйсебекова Араилым Омаровна А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Н.Ә.Назарбаев

«Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет» деген Елбасымыздың үндеулерін басшылыққа алып, біз ұлттық салт- дәстүрімізді жаңаша жаңғыртып, жандануына үлес қосуымыз керек. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады, осыған сәйкес мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгеріп отырады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаҺандық бәсекеге қабілетті Ұлт тәрбиелеу, Ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы жаңғырудың маңыздылығын алға тартады. Сондай-ақ, тарихтың өткеніне көз жүгіртіп және жаңа тарихи кезеңдерді жан-жақты бағалап, түбегейлі жаңғыру мүмкіндігін беріп отыр. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен Ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш және мемлекеттік тіліміз бен мәдениетімізді, Ұлттық рухымызды жаңғырту екендігін айта кету керек. Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді. Рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Сонымен қатар, рухани жаңғыру ұлттық сананы қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуы, — деп, елбасымыздың сөзіне сүйене отырып, Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Болашаққа бағдар ретінде жаңа технологияларды, робот техникасы және жаңартылған білім беру бағдарламалары, үш тілдік бағдарламасы, латын әліпбиі қолданысқа енгізіліп жаңартылуда. «Еліміздің әрбір азаматы латын тіліне көшу – бұл әлемдік өркениетке қол жеткізудің басты жолы екенін білуге тиіс. Өйткені латын тілі – адамзатты дамытуда ең күшті тілдердің бірі. Бұл – ғылым мен техниканың, ХХI ғасырдағы интернет пен IT – технологияның тілі» болып саналады. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Білімді адам әрқашан ақылымен ерекшеленеді. Ал ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ал рухани жаңғыру үшін білім берудің рөлі өте маңызды. Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру. Осы тұста қазіргі жаңару заманында Қазақстанның барлық мектептеріне жаңадан жаңартылған білім беру бағдарламалары және үш тілділік енгізілуде. Қорыта айтқанда, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптар, жұмыстар, үш тілдік білім алу, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізу – өскелең жас ұрпақтың тәрбиелі және білімді болуы, Елбасымыздың ұсынылып отырған талаптарға сәйкес деп ойлаймын.>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.