Мақала Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мақала Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар

Автор: Жаркеева Еркежан

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2018-12-25



Материал туралы қысқаша түсінік

Оқушылар арасында тәжірбие алмасуға өте көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар атты мақаласын презентация түрінде сынып сағаттарында қорғады.Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.







1 бет

Дайындаған:Өмірзақова Айжан

2 бет

Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 12  сәуір 2017 жылы қалың бұқараға жол тапқан еді. Бір жыл уақыт  аралығында  Елбасы басты мақсат еткен бағыттарды орындау  аясында  кең ауқымды жұмыстар атқарылды.  Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім,  әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашан да өзекті мәселе болып келген.

 

3 бет

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында қалғып кеткен құлдық сананы ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелді. «Ұлттық  код», «білім культі», «эволюциялық жол» жаңғыру терминдерін  көпке жол сілтеуші  темірқазыққа  айналдырды.

4 бет

Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады..

5 бет

Жаңғыру дегеніміз- даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отрады. Онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенеді жаңғыруларды қабылдайды.

6 бет

Рухани жаңғыру аясында Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақаласында айтып кеткен еді.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақ тілі әліпбиінің тарихы тереңнен тамыр тартатынын  айтып өтті.

7 бет

«Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Елбасы жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

8 бет

9 бет

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.

10 бет

Елбасымыз: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуымыз керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деп атап өтті.

11 бет

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

12 бет

Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

13 бет

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады.

14 бет

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

15 бет

Сонымен қорытындылай келе айтарым, бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

16 бет








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.