Мамандық топтары, мамандық иелері, мамандық таңдау
Дөңгелек үстел
Мақсаты:
• Оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
• Жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту;
• Оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу
1. Кіріспе бөлім.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»
Мамандық таңдау – ертеңді ойлау
Қандай мамандық иесі екенін табу (тренинг)
Кім болам? (сұрақтар)
Мамандық – табыс көзі
Дұрыс таңдау жасау — өмірлік мұратың
Мамандық топтары (жалғастыр)
Адам – адам: педагог, дәрігер, психолог…
Адам – табиғат: агроном, бағбан, диқан….
Адам – техника: ұшқыш, жүргізуші, тігінші…
Адам – жануар: ветеринар, атбегі, шопан…
Адам – белгі — жүйе: программист, оператор…
Адам – өнер: актер, суретші, сазгер…..
Адам – зерттеушілік:
Адам – экономика:
Адам – саясат:
Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:
«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады
Профессия — мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
2. «Білеміз бе?»
Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар
І. Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар
ІІ. ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ. Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз
3. Әр оқушы осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой — пікірлерін дәлелдейді.
Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарының ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
4. Оқушыларға сауалдар жолдау
Сұрақтар:
1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
5. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
6. Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
7. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
10. Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
11. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
12. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
5. Бір — бірімізді жақсы тани аламыз ба?
Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады.
6.«Мамандықты тап» сергіту сәті.
«Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. Жауабы сурет арқылы көрсетіледі
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын.
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрылысшы)
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да, мамандық (Дәрігерлік)
Денсаулығын баланың,
Денсаулығын ананың.
Денсаулығын қарттың да,
Қамқорлыққа алады.
Өндіріске көптеген
Өрісі мол ток берген.
ГРЭС, ГЭС — тер жұмысын
Мен арқылы өткерген. (Инженер)
Бойында шымыр алаулаған жалын,
Жақсылық жайы толғандырған жанын.
Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,
Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Полиция)
Елім деп соғады жүрегім,
Ұлы Отанның түлегі.
Ол ел – қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )
Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.
Жақсылық хабар әкеліп,
Алыс — жақын туыстан..(Пошташы)
Оқу — білім арнасы,
Кім ол — оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл — ойын, санасын.(Ұстаз)
7. «Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата — анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата — анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата — анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
9. «Ең жақсы мамандық» ойыны. Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп мамандық
Ең жасыл мамандық
Ең тәтті мамандық
Ең жауапты мамандық
Ең салмақты мамандық
Ең қарым — қатынасы күшті мамандық
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Әр оқушы өздерінің таңдаған мамандықтары туралы слайд жасап, қорғайды.
11. Осы жөнінде оқушылар пікірі
— Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?
Осы кештен не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
12. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынамыз.
13. Рефлексия. «Тілектер ағашы» Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына»ілеміз.
Бүгінгі алған әсерлерің.
Болашақтағы жоспарларың
Алға қойған мақсаттарың, бір — бірлеріңе тілектерің
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Жарқын болашақтың кепілі — жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап, өз — өздеріңді, бір — бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін
Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп — гимназиясының
технология пәнінің мұғалімі
Ешпанова Лиза Шынәліқызы