Мәліметтер базасы типі | Скачать Дипломдық жұмыс

0
271

МАЗМҰНЫ

І
КІРІСПЕ
7
1.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тұрғызу
8
1.1
Студенттердің оқу үлгерімін қадағалаудың ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты
8
1.2
Жобаның есеп тапсырмасын талдау
9
1.3
Жобаны құрудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
10
ІІ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
16
2.1
Жобаны құрудағы мәліметтер базасы
16
2.2
Арнайы программалық қамтамасыз етуді таңдау
16
2.2
Мәліметтер базасын жобалау
18
2.3
Инфологиялық модельдердің құрамы
19
ІІІ
Delphi-де программалау ортасы
20
3.1
Модульдің проектісі немесе файлын құру және сақтау
26
3.2
Проектіні сақтау және ашу
33
IV
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
35
4.1
Программаны құруға және енгіруге кеткен шығындарды есептеу
35
4.2
Алгоритмді құруға кеткен шығындарды есептеу
35
4.3
Бағдарлама жазуға және түзетуге кеткен шығындарды есептеу
36
4.4
Техникалық құралдар кешеніне кеткен шығындарды есептеу
36
4.5
Бағдарламаны ендірумен байланысты шығындарды есептеу
38
4.6
Ақпарат тиімділігінің есебі
39
V
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМ
41
5
Еңбек қорғауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері
41
5.1
Еңбек, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік
41
5.1.1
Бағдарламашының жұмыс орнының ұйымдасуы
42
5.2
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы
43
5.2.1
Ауа баптау
43
5.3
Зиянды өндірістік факторлар және өндірістік санитария бойынша шаралар
44
5.4
Өртке қарсы шаралар
48
5.4.1
Техника қауіпсіздігі
49
5.4.2
Адам ағзасына электр тогының әсер етуі
50
5.4.3
Электр тогымен зақымдалған кездегі алғашқы көмек
51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
52

ҚОСЫМША
53

Кіріспе

Әлемдегі миллиoндаған пpoграммистеp Delphi-де жұмыс жасайды және oлаpдың көбісі Delphi-де мәліметтеpді өңдеуге және сaқтауғa арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB – парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Қазіргі кезде жиі қолданылаты белгілі бір программалау тілдері, олардың құрлымы, қазіргі кездегі программалардың дамуының негізгі тұжырымдамалары қарастырылады. 80-жылдардың ортасында программалауда жаңа бағыт орын алды, оны объектілі- бағытталған программалау(ОБП) деп аталады. Delphi – қазіргі кездегі жеке қолданбалы Windows программаларын құруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар интернетте және корпоративтік жүйелерде жұмыс жасауға арналған күшті жүйелердің бірі. Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
oo Машиналық кодта жоғары өндіруші компилятор;
oo Құрауыштың объектілі- бағытталған үлгісі;
oo Қолданбаларды көрнекті тұрғысы;
oo Мәліметтер қорын тұрғызу үшін масштабталған орта;
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Delphi-де мәліметтер қорын құру принципінің теориялық негізін зерттеу және студенттердің үлгерімін автоматтандыру мен мәліметтер қорын құру ерекшелігін қарастыру, Database Desktop көмегімен мәліметтер қорын құру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – қазіргі ақпараттық технологиялар қарқынды дамуы кезінде қуатты мәліметтер қоры мен жұмыс істеу қажеттілігі мен өзектілігі артып келе жатыр. Сондықтан мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын бағдарламалар ішіндегі танымал нұсқаларынң бірі Borland Delphi ортасында мәліметтер қорын ұйымдастыру, басқару, ондағы мәліметтердің өңдеу және сақтау мамандардың пікірі бойынша тиімді.

1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тұрғызу

0.1 Студенттердің оқу үлгерімін қадағалаудың ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

Қaндай бoлмасын aвтoмaттaндырылғaн ақпараттық жүйенің мақсаты техникалық базасына байланыс ұстап тұратын, ақпараттарына қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Ұстаздар мен студенттердің жұмысын автоматтандыру ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан тұрады: ұстаздардың қажеттілігін енгізу мен студенттердің оқу үлгерімін қадағалаудың жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:
– ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;
– ұстаздардың қажеттіліктерін енгізіп, қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;
– ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын енгізу;
– программалық жұмыстың техникалық тиімділігін арттыру;
– ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
– қызметкерлер мен студенттердің жұмысы және үлгерімі туралы берілетін ақпараттарының жеделдігін арттыру.
Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша мәліметтер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыта түсу үшін керек.
Ақпараттық жүйені (АЖ) құру мақсаты- ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл бөлімше қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі анықтама-қағаз, мәліметтер және басқа құжаттарды толтыруға, студенттердің оқу ақысын, студенттердің оқу үлгерімі бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.
АЖ-ің негізгі мақсаты – нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасының жабдықтары және экономика әдістерімен дамыта түсу. АЖ-ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайда қолдану болып табылады. АЖ-ні жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті қажет ететін кезең. Кезең – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Жүйені енгірудің негізгі мақсаты:
oo өңдеу, іздеу және мәліметтерді сақтау, анақтамаларды көру түрінде автоматтандыру;
oo алынған дұрыс ақпараттарды қабылдау үшін қолдану;
oo есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
oo бірегей МБ құру.
Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:
oo жұмыс жеделділігі;
oo ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
oo қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.
АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.
Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РСПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модуль құрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.
Студенттік бөлімшенің ақпараттық жүйесін құрғанда оған жүйелі позиция тұрғысынан келу керек. Мәліметтерді өңдеудің орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану болып табылды. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ -ді қолданушының қатынасын рационалды етеді.

0.2 Жобаның есеп тапсырмасын талдау

Студенттердің оқу үлгерімін қадағалау процесінің бақылаудың, басқарудың және шұғыл немесе статистикалық ақпараттардың шығаруын автоматтандыру кешенін жасау қажет.
Бұл жүйе келесі есептердің автоматтандыруын қамтамасыз ету қажет:
1. студенттердің аты-жөні, туған жылы, жеке күәлігі, жынысы, мекен-жайы, ұлты, мамандығы, сертификат номері, оқуға түскен жылы;
2. студенттің жеке коды, топ №, зачетканың №;
3. оқытушылардың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, жеке коды,
е-mail, телефон;
4. кафедра менгерушісі, оқытушылар тізімі, пәндер аты;
5. сессия мерзімі, пәндер аты, алған бағасы, орташа бағасы;
6. пәндер аты, топ №, алған бағасы.
Есеп 1 – Студенттердің кодын, зачетканың №, жынысын, тұрғылықты мекен-жайын, өшіру, іздеу, түзету процесстерін автоматтандыру;
Есеп 2 – Студенттердің оқитын тобы, тобының номері, топтың аты процесстерін автоматтандыру;
Есеп 3 – Пәні, студенттің аты-жөні, бағасы, тобы процесстерін автоматтандыру;
Есеп 4 – Пәндер аты, семестр, бөлімше, емтихан процесстерін автоматтандыру;
Есеп 5 – Аты, мамаңдығы, меңгеруші процесстерін автоматтандыру;

1.3 Жобаны құрудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпарттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені (АЖ) құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
Ақпарат жүйесінің құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік – уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз – бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.
Ақпарат жүйе ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:
* техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
* программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
* ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
* Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар;
* Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар;
Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.
Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады. Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.
Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.
Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;
Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;
oo Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;
oo Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.
Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:
oo есептеу техникасының құралдары;
oo телекоммуникация мен байланыс құралдары;
oo ЛЕЖ жабдықтау құралдары;
oo Студенттік бөлімшенің қызметін автоматтандыру;
Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау, ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.
Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.
Студенттердің оқу үлгерімін есепке алуда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
oo Процессор: Pentium II 500 МГц және одан жоғары;
oo процессор жиілігі (оперативная память): 16 Мб және одан жоғары;
oo Зерделі сақтаушы құрылғы: 10 Mb және жоғары;
oo Windows 10 операционды жүйе;
oo Принтер.
Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет.
. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты жұмыс істейтін форма болып табылады.

Кесте 1.
Техникалық құралдар кешені

Техникалық құралдар атауы
Физикалық модуль
Сипаттамалары
ДЭЕМ Intel Pentium 4
Процессор
Зерделік сақтаушы құрылғы
Дыбыс картасы
МҚДЖ
Бейне картасы
Аналық плата
Қоректендіру блогы Жазатын дисковод (CD-RW)
Иілгіш дисктерге арналған дисковод (FDD)
Монитор
Батырмалар тақтасы
Тышқан
Intel, 2.4MHz

512Mb
120Gb
17 дюймдік
102 батырмалы
2 баспалы
Перифериялық құрылғылар
Принтер
Сканер
Ксерокс
HP LaserJet
Факс – модем
Факс – модем
Sony – 42S
Телефон
Телефон
Panasoniс

Ескерту: Windows 10 программасында жұмыс істегенде, жүйеде Microsoft Internet Explorer немесе одан жоғары версиясы орнықтырылған болуы керек. Техникалық құралдар кешені 1-кестеде көрсетілген. Программалық қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады
Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
oo МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;
oo МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;
oo Оқудағы қаржы функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;
oo МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;
oo шығу мәліметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.
Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:
oo диалогтың икемді болуы;
oo абсолютті түсінікті болуы;
oo қолданудың қарапайымдылығы;
oo үйренуге жеңіл болуы;
oo жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;
oo тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.
Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық қамтамасыз ету келесі талаптарға сәйкес келуі керек: Microsoft Windows 10 операциондық жүйесі, Microsoft Windows NT Server 4.0, Microsoft Windows Office, Delphi ЕХ3. Программалық жабдықтау 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2.
Программалық жабдықтау

Тип
Атауы
Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
ОЖ
Mіcrosoft Wіndows 10 Server 4.0
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT
Дербес ЭЕМ үшін күшті

Workstatіon 4.0
MS Offіce XP
32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП
Delphі ЕХ3
Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
МББЖ
Paradox 7
Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.
Қорғау
ОЖ поролі
Желіге енуді бақылайды.
МББЖ поролі
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
Вирусқа қарсы программа
Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.

Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау ақпаратты жатады.
Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету үшін төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:
oo Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;
oo Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпараттың толық болуы керек;
oo Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
oo Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;
Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құрлдардан тұрады.
Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпаратты жабдықтау 3-кестеде көрсетілген.

Кесте 3
Ақпараттық жабдықтау

Элементтер
Сипаттамалар
Ақпараттық технология
Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі
Реляциондық
Кодтау жүйесі
Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау
АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Математикалық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйе есептерін шешудегі, ақпараттық жүйені өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны .
Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
oo Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;
oo Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
oo Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;
Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады:
oo формулалық,
oo таблицалық,
oo блок-схема,
oo жазбалық.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар. Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның енгірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру – әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдықтау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

2 Жобаны құрудағы мәліметтер базасы

2.1 Арнайы программалық қамтамасыз етуді таңда

Бүгінгі күнде пайдаланушы ДҚБЖ – ның көп түрлері белгілі, ал бірақ солардың ішіндегі ең таңымал деп dBase, Paradox, FoxPro және Access білеміз.
Осы МББЖ жеке түрде қарастырып шығайық.
Ең алғашқы МББЖ-ның өндірілген версиясы dBase — dBase II (сол кездегі Ashton-Tate компаниясына тиісті болған, кейінірек Borland компаниясына өткен) 80-шы жылдардың басында пайда болған. Пайдалануда қарапайымдылығына, компьютер ресурстарын қажет етпейтінділігіне, өндіруші-компанияның маркетингілік саясатының ұқыптылығына байланысты бұл өнім үлкен дәрежеге жетті.
dBase-те мәліметтерді сақтау бір кесте — бір файл принципіне негізделген (бұл файлдар кеңейтілуі *.dbf болады). MEMO-өрістер және BLOB-өрістер (кейінірек dBase версияларында кездеседі) жеке файлдарда кездеседі (көбіне *.dbt кеңейтілумен). Кесте үшін индекстер де жеке файлдарда сақталады. Бұл ДҚБЖ алғашқы версияларында ағымдағы кестенің жағдайына сәйкес индекстерді келтіру үшін реиндексациялаудың арнайы операциялар орындалуы қажет еді.
Visual dBase қазіргі уақытта dBase, Inc. Компаниясына жатады. Оның соңғы версиясы — Visual dBase 7.5 келесі мүмкіндіктерге ие:
oo dBase және FoxPro барлық версияларының деректеріне манипуляция құралдарын қолданады.
oo Extended Systems және ODBC-драйвер фирмасының Advantage Database Server деректер негізіне ену осы ДҚБЖ деректеріне енеді.
oo Сұраныстарды визуальды құрудың құралдары.
80-шы жылдар соңында — 90-шы жылдар басында Paradox, Borland International компаниясына жататын, сол кездері біздің елімізде өте таңымал еді, мәліметтер базасының қосымшаларын құру құралдарының рыногында тұрақты позиция ұстап отырды.
Paradox-ғы мәліметтерді сақтау принципі dBase — те мәліметтерді сақтау принципіне ұқсас, әрбір кесте өзінің файылында сақталады (кеңейтілуі *.db), MEMO-өрістері және BLOB-өрістері жеке файлда сақталады (кеңейтілуі *.md), және индекстер (кеңейтілуі *.px).
Бірақ, dBase-ке қарағанда, Paradox мәліметтер форматы ашық болмайды, сондықтан осы форматтағы мәліметтерге кіру үшін арнайы кітапханалар қажет. Мысалы, C немесе Pascal – да жазылған қосымшаларда, Paradox Engine бір кезде болған танымал кітапхана пайдаланылған, кезінде Borland Database Engine (BDE) негізі болған. Бұл кітапхана қазіргі кезде Borland (Delphi, C++Builder) құру құралдары бойынша құрылған қосымшаларда қолданады. Қазіргі уақытта бұл кітапхана құру құралдары бойынша құрылған кейбір есеп беру генераторларында (мысалы, Crystal Reports) және Paradox-тің өзінде де қолданылады. Осы ДҚБЖ-ның версиясы бойынша жасалған мәліметтер базасына ODBC-драйверлері қолданылады.
Paradox 7 версиясы қабылдайды:
oo Paradox және dBase мәліметтер базасындағы мәліметтермен манипуляция жасау құралдары қолданылады.
oo сұраныстарды визуальды құрудың құралдары.
oo серверлі ДҚБЖ-ның деректеріне кіру үшін SQL Links драйверлерінің қолданылуы.
Айталық, соңғы уақыттарда бұл өнімнің құру құралы ретінде танымалдылығы төмендеп кетті, дегенмен де басқа елдерде ол арқылы құрылған ақпараттық жүйелер әлі де пайдалануда.
МББЖ Access алғашқы версиясы 90-шы жылдар басында пайда болған. Бұл версия 16-разрядты версияның Windows үшін қолданбалы реляциялық МББЖ еді. Access-тің Microsoft Office құрамына МББЖ-ны қосқаннан кейін таңымалдылығы арта түсті.
Қосымшаларды құру құралы болып кеткен Visual FoxPro-дан Access – тің айырмашылығы, ол ең бірінші Microsoft Office пайдаланушылары және программалаумен таныс емес пайдаланушылар үшін бағытталған. Осының бәрі арнайы мәліметтер базасына қатысты мәліметтер, дәлірек айтқанда кестелер, индекстер (қабылдайтын), бүтіндік ережелері, бизнес – ережелер, пайдаланушылар тізімі, сонымен қатар формалар және есеп берулер бір файлда сақталады, ал ол өздігінен жаңадан үйреніп жүрген пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы.
Осы МББЖ-ның соңғы версиялары – Microsoft Office Professional кірген Access , өзінше бір жеке өнім ретінде өте ыңғайлы. Access құрамына кіреді:
Access және ODBC көмегімен алыған мәліметтермен (соңғылары қосылу Access мәліметтер базасында орындалады) манипуляция жасау құралдары қолданылады.
Формалар, басылым және қосымшалар құру құралдар; ал басылымдар Microsoft Word немесе Microsoft Excel экспортталуы мүмкін, ал қосымшаларды құруда Microsoft Office барлық құрамды бөлшектері үшін Visual Basic for Applications қолданылады. серверлі МББЖ-ның мәліметтеріне OLE DB көмегімен кіру құралдары.
Microsoft SQL Server үшін клиент қосымшаларын құру құралдары.
Microsoft SQL Server администрациялау құралдары.
Access-те COM қабылдау Access көмегімен құрылған ActiveX басқару элементтерін формаларда және Web-беттерінде пайдаланумен ерекшеленеді.
Басқаша айтқанда, Microsoft Access бір жағынан пайдаланушы МББЖ ретінде және офистік пакеттін құрамды бөлігі ретінде, ал екінші жағынан Microsoft SQL Server-дің администрациялануын, оның мәліметтерімен манипуляция жасауын және осы сервер үшін қосымшалар құруын қамтамасыз ететін клиент ретінде жүреді.
Енгізілген ішкі SQL мәліметтермен максималды жұмыс істеуін және сыртқы мәліметтерге кіруін жылдамдатады.
Access реляциялық мәліметтер базасымен аз ғана уақыт таныс болған пайдаланушыға өзінің құрылымы бойынша кілтті өрістермен байланысқан күрделі кестелерді бірнеше кестелерге бөлуге мүмкіндік береді.
Басқа құру құралдарынан айырмашылығы МББЖ Access орыс тіліндегі интерфейсі бар және контексті көмегінің файлы жартылай орыс тіліне аударылған.
Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйеніп, жасалып жатқан жүйенің МББЖ болып MS Access таңдалып алынды. Біздің жағдайда МББЖ мына құралдардың (OLE DB көмегімен серверлі МББЖ мәліметтеріне кіру мүмкіндігінің, барлық мәліметтердің бір файлда сақталуы және т.б.) болуы, соңында бұл біздің жасап отырған мәліметтер базасының кішігірім өлшемді болғандығына әкеледі.

2.2 Мәліметтер базасын жобалау

Инфологиялық модельде мәліметтердің әрбір жазбасы нақты детальды білдіреді. Жазбалар арасында түпкі-туынды қатынасы бар, бұл қатынас детальдарды, олардың келіп бірігетін бөлімдерін байланыстырады.
Мәліметтер базасында қамтылған мәліметтерге қатынас құру мүмкіндігін алу үшін, программа мынадай мүмкіндіктерді қамтиды:
* Студенттердің нөмірі бойынша табу;
* Бірінші туынды бойынша төменге көшу;
* Жоғарғы түпкіге көшу;
* Қапталға басқа туындыға көшу.
Төменде мәліметтер базасын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар берілген. Түрлі программистерге түрлі логикалық файлар қажет. Бұл файлдар мәліметтердің бір жиынына ие. Сақталатын мәліметтердің элементтері арасында түрлі байланыстар болуы мүмкін. Кейбір мәліметтер базасына күрделі өзара байланыстарға ие болуы мүмкін. Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі осы өзара байланыстарды ыңғайлы көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етіліп, оларға енгізілген өзгерістермен жылдам келістірілуі қажет. Мәліметтерді басқару жүйесі бұрыннан бар мәліметтерден және олардың арасындағы байланыстардан талап етілетін логикалық файлдарды алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Қолданбалы программалардағы логикалық файлдарды көрсетулер арасында және деректерді физикалық сақтау тәсілдерінің арасында аздаған болса да ұқсастық болу керек.
Мәліметтер базасын құруға және эксплуатациялауға кететін шығынды азайту үшін сыртқы жадыға деген талапты минимизациялайтын ұйымдастыру тәсілдері таңдалады. Бұл тәсілдерді қолданған кезде жадыда мәліметтерді көрсету қоданбалы программист қолданатын көрсетуден күшті ерекшеленеді. Бір көрсетілімді басқа көрсетілімге түрлендіру программалық қамтама жүзеге асырады, егер мүмкіндік болса бұл мүмкіндікті аппараттық жабдықтар жүзеге асырмақ. Бұл жағдайда түрлендіру алгоритміне кететін шығын мен жадыны үнемдеу арасында таңдау жасау қажет. Минимальды артықшылық. Мәліметтер базасын басқару жүйесін қолдануға дейінгі өңдеу жүйелерінде ақпараттық қорлар артықшылықтың өте жоғарғы деңгейін қамтыды. Ленталық кітапханалардың көпшілігі артық деректердің көп санын қамтыды. Мәліметтер базасын Интегралданған мәліметтер базасына бірігетін ақпараттардың өсу шамасы бойынша қолданған кезде артық мәліметтердің пайда болуына байланысты потенциалды мүмкіндік біртіндеп ұлғаяды. Артық мәліметтер жадының көлемін көбірек алады, және жаңартудың бірнеше операциясын талап етеді. Мәліметтер базасын ұйымдастырудағы мақсат тиімді жерде артық мәліметтерді жою және артық мәліметтердің пайда болуын шақыратын қарама-қайшылықтарды бақылау. Іздеу мүмкіндіктері. Мәліметтер базасын қолданушысы оған сақталған мәліметтер жөнінде түрлі сұрақтармен жүгіне алады. Қазіргі уақыттағы коммерциялық қосымшалардың көпшілігінде сұраныстар типтері алдын ала анықталған, және мәліметтердің физикалық ұйымдастырылуы талап еткен жылдамдықта өңдеу үшін әзірленеді. Алдын ала жоспарланбаған сұрақтар мен жауаптарды өңдеуде жүйеге деген талап өсіп отыр. Егер мәліметтер базасында көптеген қолданушылар пайдаланатын мәліметтерді қамтыса, мәліметтер элементтері және олардың арасындағы байланыстардың бұзылмауы үлкен маңызға ие болады. Қателердің және түрлі кездейсоқ бұзылулардың пайда болу мүмкіндіктерін ескеру қажет. Жүйе ақаулар пайда болған кезде мәліметтерді еш жоғалтпастан қалыпқа келтіру үшін мәліметтерді сақтау, оларды жаңарту, мәліметтерді қосу процедуралары осы талапқа бейімделіп ұйымдастырылуы керек. Есептеу жүйесі онда сақталатын мәліметтердің бүтіндігіне кепілдік беру қажет. Мәліметтер базасы жүйелеріндегі мәліметтер құпия сақталуы керек. Сақталатын ақпараттар оны қолданатын мекеме үшін кейде өте маңызды шара болып табылуы мүмкін. Ол жоғалмауы керек және ұрланбауы керек. Мәліметтер базасындағы ақпараттың өміршеңдігін ұлғайту үшін оны аппараттық және программалық бұзулардан, қылмыстық оқиғалардан, дұрыс есем қолданатын қаскүнемдерден қорғау қажет.
Мәліметтердің қауіпсіздігі дегеніміз мәліметтерді арнайы құқығы жоқ адамдардың оған кездейсоқ немесе қасақана қатынас құруынан қорғау, мәліметтерді рұқсатсыз өзгертуден немесе оларды жоюдан қорғау.
Құпиялылық жеке тұлғаның немесе мекеменің құқығын анықтап, ақпараттың қашан және қандай көлемде басқа адамдар мен мекемелерге берілгенін анықтап отыру.

2.3 Инфологиялық модельдердің құрамы

Мәліметтер базасын жобалау барысында ең бірінші ақпараттық-логикалық модельдеу іске асырылады. Ақпараттық-логикалық модельдеу тек мәліметтер базасын құруда ғана емес, шешілетін проблеманың заттық облысты сипаттау барысындада қолданылады. Бұл модельдің ерекшелігі, оның кейінгі программалық іске асырылуымен абсолютті түрде тәуелсіз болуы.
Инфологиялық модель – бұл заттық облыстың құрылымы мен динамикасының сипаттамасы, жүйені қолданушылардың ақпараттық қажеттілігінің сипаттамасы, қолданушы түсінетіндей және жүйені белгілі бір МББЖ-де іске асырудың ерекшеліктеріне байланысты емес.
Инфологиялық модельдің құрылымын қарастырамыз, оның схемасы 1-суретте көрсетілген.

Инфологиялық моделі
Объектілер және олардың өзара байланысы
Қолданушылардың ақпараттық қажеттеліктері
Лингвистикалық қатынастар
көрсеткіштер арасын дағы алгоритімдік байланыстар

Бүтіндікке шектеулер
Инфологиялық моделі
Объектілер және олардың өзара байланысы
Қолданушылардың ақпараттық қажеттеліктері
Лингвистикалық қатынастар
көрсеткіштер арасын дағы алгоритімдік байланыстар

Бүтіндікке шектеулер
Сурет 1.1. Инфологиялық модельдің негізгі құрамы.

Инфологиялық модельдің негізгі құрамы:
oo объектілерді және олардың байланысын сипаттау
oo қолданушылардың ақпараттық қажеттеліктерін сипаттау
Бұл модельді сипаттау үшін, сипаттау тілін таңдап алу, және қолданушыға түсінікті болу қажет.
Бұл құрамдас бөлікке жауап беретін – лингвистикалық қатынастар..
Сонымен қатар, инфологиялық модельде көрсеткіштер арасындағы алгоритмдік байланыстар сипатталады.
Инфологиялық модельдерде есептеу формулалары мен санау алгоритмдері орын алады. Модельді семантикалық тұрғыда дұрыс жағдайда сақтап тұру үшін, модельдің құрамына бүтіндікке шектеу кіреді.

3. Delphi-де программалау жұмысы

Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Delphi XE терезесінің орталық бөлігі – дизайнерлік терезе (дизайн-формасы) (2-сурет). Пішіннің дизайнерлік терезесінің артында код редакторы (3-сурет).

Сурет 2. Терезе ортасында жаңа жоба

Код редакторының терезесіне белгішені басу арқылы кіруге болады -немесе F12 пернесін басу арқылы көруге болады.

Сурет 3. Код редакторының терезесі
Менюдің әрбір пунктінде командалар жинағы бар. 3-суретте File пунктінің ашық менюі бейнеленген.

Сурет 4. Жаңа терезе ашу

Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.
Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі,экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес обьектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events ( Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.

Сурет 5. Object Inspector қойындысындағы терезе Properties нысанның сипаттарын көрсетеді және Events қойындысында – нысан жауап бере алады.

Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар 5- суретте Delphi ЕХ3 терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.

Сурет – 6. Standard қойынды құрамдас бөліктерден тұрады,
пайдаланушының бағдарламамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету

Сурет 7. Project Manager терезесі жобаның құрылымын көрсетеді

Форма қасиеттері:
Name (Атау) ─ формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объктіні осы атау бойынша ажыратып таниды
Caption (Тақырып, бетіне жазу) ─ форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиеттеріне тақырып үшін Form 1 енгізіліп қойылған. Оны «Redactor» не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару , енгізу) клавишін басып қойған жөн).
Cоlor (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімді көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биіктігі) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Position- Экрандаға бірінші рет пайда болған кезде терезенің орны (PoCenterScreen – экранның ортасында, poOwnerFormCenter – ортасында ата-аналық poDesigned – терезенің орны анықталды
Top- Пішіннің үстіңгі шекарасынан экранның жоғарғы жағына дейінгі қашықтық.
Left- Экранның сол жақ шекарасынан нысанның сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық
Оқиғалар. Програмалық код терезесі.
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, форманы не формада орналыстырған компоненті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі.
Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады
Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі (қосымшасы) тіркестіліп жазылған. 4- Суретте – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

Сурет 8. Оқиға атауының жанында оқиғаларды өңдеу рәсімінің атауын енгізу

Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Оқиғаға байланаысты құрылатын процедура оқиғаны өндеуіш не оқиғаны өндеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Pocedure атау ( Sender : TObject);
сипаттау бөлімі
begin
поцедура денесі
end;
мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды.
Жалпы, Delphi – де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.
Жаңа форма және оған сәйкес модульдің терезесін ашады және активті проектіге қосады.
PROJECT1.DPR проектісінің файлынан және екі файл: UNIT1.PAS модулі және UNIT1.DFM формасының файлынан тұратын жаңа проект құрамыз. Бұл кезде IDE форма проектілеушісі және код редакторының терезелерін бейнелейді. Проектілеушінің терезесі ағымды болады, одан кейін жаңа проектіге атын беріп сақтауымыз керек.
Ашылатын файл таңдалатын Open Project сұхбаттық терезесін ашады.
Ағымды файлдарды өз аттарымен сақтаймыз. Егер файл алдын ат беріліп сақталмаса, онда Delphi файл атын көрсету қажет болатын Save As сұхбаттық терезесін ашады.
Бұл команда проектіні басқа атпен, қажет болған жағдайда, басқа каталогта сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл команданы таңдағаннан кейін программа кодының файлын сақтау үшін сқхбат терезесі пайда болады. Файлға бірден PAS кеңейтілуі Файл типі терезесінде беріледі. Өз файлыңызға ат беріп, OK батырмасын басыңыз, ары қарай файл проектісін сақтау үшін келесі (DPR – Delphi Project кеңейтілуімен) сұхбат терезесі ашылады. Проект атын беріп, ОК басыңыз.

3.1 Модульдің проектісі немесе файлын құру және сақтау

Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүкте үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi – дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:

Сурет 9. Unit1-де программа кодтары

Программаның қажеттілігіне байланысты программа кодынның терезесіне қосымша мәліметтерді енгізеді. Программаны құру үшін программа кодын өзгерту қажет болады, сондықтан төменде код терезесімен жұмыс істеудің әдістерін қарастырамыз.

Сурет 10. Код терезесінің келесі жазбалар болады:

Сурет 10. Құрастырудың нәтижесі (бағдарламада қате жоқ)

Delphi автоматты түрде код терезесіне орналастырады. Код терезесінің ішіне жаңа жазба орнату үшін тінтуір пернесімен шертіп курсорды қажетті жерге орналастырыңыз, содан кейін пернелік тақта арқылы текстті енгізіңіз. Әдетте программа кодының тексті бірнеше жолға орналасады.
Келесі жолға көшу үшін Enter батырмасын қолданыңыз. Егер жазбаны енгізу кезінде қате жіберсеңіз, қате жазылған символды Backspace батырмасы арқылы өшіріңіз.
Егер терезеде код жазбалары көп болса, әдетте код терезесімен бірге кодтың Навигаторы іске қосылады, ол қажетті элементтерді іздеуге көмектеседі.
Delphi-де программа визуальді түрде жазылатындықтан, барлық осы компоненттер форма жазықтығында өзінің графикалық көрінісіне ие болады, олармен тиісті түрде операциялану үшін қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған программаға көрініп тұрған тек визуальді копонент болып қалады. Компонент қызметі бойынша палитра беттерінде топталған. Жолдарының арасына қажетті мәтінді қоямыз.

Сурет 11. Кодтардың арасына қажетті мәтіндік сөздерді қоямыз.
TreeView – мәліметтерді шығару компоненті болып табылады. Одан қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таңдай алады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Items. Ол индекстелген түйіндер тізімінен тұрады. TreeView компонентінде 2 рет шерту немесе батырманы шерту арқылы жасалады. Нәтижеде төмендегі 12-суретте түйін жасау терезесі экранға шығады.
Сурет 13. Қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таңдай алады.

Нәтижеде кестесінің мазмұны Speed Button 5 click- ке шығады. Ашылған кестені редакциялауға, жазба қосуға және жазбаны жоюға болады.

Сурет 14. ДҚ жасалған кестесін Delphi-де ашу

Сурет 15. Delphi-де Енгізілген мәліметтерді бейнелейтін
Microsoft Exel-дегі толық нұсқа

Сурет – 16. Жобаның орындалу нәтижесі

Кестедегі деректер бейнелеу үшін формаға DataAccess парағынан DataSource компонентін орналастыру қажет. Бұл компонентке бейнеленетін кестені көрсету үшін компоненттің DataSet қасиетінде ашылатын тізімнен ADOTable1 кестесін таңдау керек. Деректерді формада нақты бейнелеу үшін DataControls парағынан DBGrid компоненті орналастырылады. Бұл компонент деректерді кесте түрінде бейнелеуге мүмкіндік беретін тор- компонент. Бұл компонентте кесте жолдарын қосуға, жоюға және редакциялауға болады. Қосымша жасаудың соңғы этапы компонент торларын кестені бейнелеу компонентімен байланыстыру болып табылады. Ол үшін DBGrid1 компонентінің DataSource қасиетінде DataSource1 мәнін көрсету қажет.

Сурет 17. Сабақ аттары, әр сабақтың аудиториялары және саны кестеде берілген. Әр сабақтың жалпы кредиты.

Жолдар мен бағандардан құралған деректерді бейнелеуге мүмкіндік береді. Delphi-де кестемен жұмыс істеу үшін ТStringGrid компоненті қолданылады. Бұл компонент мәтіндік деректерді редакциялау үшін арналған. Кесте өлшемін longint типті ColCount және RowCount қасиеттері анықтайды, олар сәйкес кестедегі жол және баған санын береді. Олардың саны 15- ке тең және ол өлшемі 6х6 кестеге сәйкес келеді. Кестедегі бекітілген жолдар мен … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz