Майқұдық жолдары жөнделеді | | Ortalyq.kz

0


Оқылды:
305

Келесі жылы Майқұдықтағы Карл Маркс және Магнитогорская көшелері жөнделеді. 10 шақырым жол қабаты жаңартылады деп жоспарлануда.

Қалалық әкімдікте «Көгілдір тоғандар» ықшамауданынан бастап, 14-ші ықшам ауданға дейінгі жол бөлігін жөндеуге жобалықсметалық құжаттама жасалды. Билік басындағылар жол қабатын, бағдаршамдар, жиектастарды ауыстырып, оң жақ жол құламаларын, техникалық және жаяу жүргіншілер жолдары мен қауіпсіздік аралдарын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Қала әкімдігінде мәлімдегендей, аталмыш жобаның құны шамамен 12 млрд. теңгені құрайды. Оның жүзеге асыру мерзімі – 2019-2021 жылдар аралығы. Қазір жоба мемлекеттік сараптама қарауында.

Сондай-ақ, Майқұдықта 2019 жылдың жазында 14-ші ықшам ауданнан республикалық маңызы бар «Шығыс айналма жолы» трассасына дейін апаратын 5 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Ол үшін 1,5 млрд. теңге қажет. Аталмыш жобаны Үкімет құптаған.

Бұған қоса, қазіргі таңда көлік жүру жүктілігін ұлғайту үшін М14 трассасы мен Тәттімбет көшесінің қиылысын жөндеуге ЖСҚ жасалып жатыр. Тәттімбет көшесінен Республика даңғылына дейін де жол салынады. Жаяу жүргіншілер жолы және суағарлар жасалады. Ұзындығы 1,45 шақырымды құрайтын тағы бір жол 134 есептік орамда М14 трассасына параллельді түрде салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.