Маймен жуынудың пайдасы |

0

Бетті өсімдік майымен жуудың көптеген артықшылықтары бар: біріншіден, кез келген типтегі бет терісін жақсы тазартады; екіншіден, теріні кебуден қорғайды; үшіншіден, теріні жұмсақ, икемді, нәзік етеді. 

Майды бетіңізге жағып, уқалап, сәл ыстықтау сумен жуып тастаңыз. Неге май теріге пайдалы? Біздің теріміз әрдайым май бөледі. Тіпті құрғақ терінің өзі тері май бездерінен кенде емес. Теріні тек сумен ғана жуып, біз қателесеміз, өйткені майды сумен кетіре алмайсыз. Ал майға маймен әсер етуге болады, яғни ерітіп, артығын кетіруге мүмкіндік туады. 

Сумен жуынудың (көпіршіктер мен гельдерді пайдалансаңыз да) тағы да бір кемшіліктері бар. Біріншіден, көпіршік туғызатын барлық құрылғылардың құрамында химикаттар бар. Екіншіден, сумен жуыну кірленген терінің майлы бездерін толық кетіре алмайды, сол себепті терінің ұсақ тесіктері бітеліп, қара нүктелер пайда болып, бөртуі мүмкін. 

Сіздің теріңізге қандай майлар пайдалы: 

— жажоба майы барлық типтегі терілерге жарай береді, әсіресе жиі бөртетін терілерге аса пайдалы. 

— тәтті бадам майын майлы теріге қолдануға болады; 

— жүзім сүйектерінен жасалған май да барлық теріге пайдалы, әсіресе майлы теріге. 

— авокадо майы құрғақ теріге, әжім түсе бастаған теріге пайдасы мол. 

— күнбағыс дәнінің майы және зәйтүн майы барлық типтегі терілерге жарайды; 

— өрік сүйегінің майы қалыпты теріге және құрғақ теріге аса пайдалы; 

— арган майлары да барлық типтегі терілерге жарайды, әсіресе солып қалған теріні қайта қалпына келтіруге ықпал етеді.

Дереккөз: Reactor

reactor.inform.kz