Лондонда 305 метрлік қызғалдақ-мұнара орнатылады

0

Лондонда 305 метрлік қызғалдақ-мұнара орнатылады

Танымал архитектор Норман Фостер басқаратын Foster + Partners архитектуралық бюросы Лондонда 305 метрлік қызғалдақ-мұнара орнатпақ.

Мұнара Лондонның Сити шағын ауданында атақты Мэри-Экс аталатын зәулім ғимаратқа жақын жерде орналасады. Жаңа нысан расымен гүлге ұқсайды. Панорамалық кеңістіктен басқа, оқу орталығы мен мейрамханалар және ойын-сауық аймағы жоспарланған. «Қызғалдақ» ғимаратының қасбетін айнала бұршақ тәріздес арнайы шыны капсула орнатылады.

Норман Фостер: «Бұл нысан Лондон тұрғындары мен қонақтарына пайда әкелері анық, болашақ ұрпақ үшін керемет білім беру ресурстары бар мәдени және әлеуметтік бағдарға айналады», — дейді. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталады. Ал, 2025 жылы жаңа ғимарат өз есігін айқара ашады деген жоспар бар.