Латынша диктант | | Ortalyq.kz

0


Оқылды:
9

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігін баса атап өтті. Әлбетте, латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістіктеріне бағытталған стратегиялық маңызы зор үрдіс. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

Солардың бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатындағы мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты түрде жүргізілетін Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзін оқу-талдау жұмыстары. Мұндай іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – ұлы тұлғаның философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген шығармасымен етене танысу, талдау, қазіргі заман ойларымен ұштастыра білу, сонымен қатар, латынша жазып үйрену.

Латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін жасалған маңызды қадам екенін түйсінген мемлекеттік қызметшілер Абайдың отыз бірінші қара сөзін латын әріптерімен диктант түрінде жазды. Диктанттың жазылу дұрыстығын Ресурстық тіл орталығының Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің маманы қадағалады.