Ластауыш заттардың атмосфераға таралуы | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 3
І тарау. Экология және экологиялық қауіпсіздік проблемалары … … … .6
1.1. Зеренді шипажай аймағының сипаттамасы. Топырақтық
климаттық
жағдайы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … ..9
2. Жылу жүйесі орналасқан Зеренді шипажай аймағының климаттық
сипаттамасы … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … …15
1.3. Атмосфераны ластайтын көздері. Қоршаған ортаға, адам
ағзасына, өсімдіктерге, жануарларға тигізетін зардабы.
… … … … … 16

1.4. Жылу беру құрылғысының қалдықтарының адам денсаулығына тигізетін
әсері. Газды, шаңды тазалау
тәсілдері … … … … … … .. … … … … … 22

ІІ тарау. Шаң тазалау камералары мен
циклондар … … … … … … .. … … .26
2.1. Зеренді шипажайының жылу
жүйелері … … … … … … … … … … … 31

2.2. Кәсіпорыннің қауіптілік категориясының есебі.
… … … … … … …34

2.3 Кәсіпорынның қауіптілік классын
анықтау … … … … … … … … … .36
2.4 Санитарлық қорғау зонасын
есептеу … … … … … … … … … … … … 36
ІІІ тарау. Ауаны тазартатын аппараттарды таңдау
және оны
дәлелдеу … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … .39
3.1. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың негативті түрде әсер етуін
төмендету шаралары.
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … 42
3.2 Жұмыс істеп тұрған жылу жүйесінен шыққан жылдық және максималды
қалдығы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … .43
3.3. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптің тазалығын
сақтау … … … … … 44
3.4
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..51
Қолданған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … .52

Қосымшалар … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .54

Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары білім жылдары және мүлдем жаңа
мемелекеттік жүйенің қалыптасқан кезі — экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғауды басқару және табиғатты қолдау
жылдары болды.
Мемлекеттің негізгі саясатында қоршаған ортаны сақтау саласы
Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 жылдың 30 сәуірінде қолданған
тұжырымдамасы мен жарлығында өз қолдауын тапты. Осы тұжырымдаманы
қолданғаннан бері Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуында байыпты
өзгерістер басталды. Мемлекеттің дамуына стратегиялық құжаттар өңделіп,
табиғатты қорғау заңдары жарыққа шығып, қоршаған ортаны қорғау жөнінде
халықаралық шартқа қол қойылып, қоршаған ортаны қорғау басқармашылық жүйесі
қызметі жасалды.
Табиғи ортаның ластануымен байланысты қазіргі кезде экологиялық бағыт
қарқынды түрде зерттеліп, өркендеп келеді.
Тұрақты дамудың тұжырымдамасы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету шаралар жүесін ұсынады.
Экологиялық қауыпсіздік – ол биосфера мен адам қоғамын қорғау жағдайы,
ал мемлекеттік деңгейде – антропогендік және табиғи әсер ететін қауіптерден
қоршаған ортаны қорғау.
Экологиялық қауіпсіздік түсінігіне атқару және реттеу жүйесі жатады,
болжам жасау, болдырмау, пайда бола қалса — төтенше жағдайдың дамуын жою.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тұрақты
дамудың жаңа жолына түскен кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
маңызы арта түсуде. Себебі табиғат – қоғам – адам жүйесіндегі қарым
қатынастың шиеленісуі жылдан жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі
тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған орай, 1997 жылы Қоршаған ортаны
қорғау, Экологиялық сараптама, 1998 жылы — Радиациялық қауыпсіздік,
2002ж — Атмосфералық ауаны қорғау және тағы басқа заңдар проблеманың
көкейкестілігін айқындайды. Сондықтан, қазіргі таңда экологиялық
қауіпсіздік болдырмау үшін нақты жүйелі іс әрекет жасауға мүмкіндік бар.
Зерттеу мақсаты – экологиялық қауіпсіздіктің қоршаған ортаға тиетін
жағымсыз жағын теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу объектісі: — Зеренді шипажай аймағы.
Зерттеу пәні — шипажай аймағындағы экологиялық қауіпсіздік деңгейін
анықтау.
Зерттеу болжамы: — шипажай аймағында экологиялық қауіпсіздікті
болдырмау тиімді болуы мүмкін, егерде экологиялық қауіпсіздікті болдырмау
жолдарына бағытталған жүйе қамтамасыз етілсе.
Зерттеу міндеттері: Экологиялық қауіпсіздікке жету үшін келесі
міндеттерді шешу керек:
1. Жердің озонды қабатынының күйзелісін және ауа райының өзгеруіне
әкелетін антропогендік әсердің ықпалын төмендету.
2. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтың жиналу көлемін қысқарту.
3. Биотүрлерін сақтау, шөлді жерді болдырмау және оның құлдырауын
сақтау.
4. Экологиялық апатты зоналарды қалпына келтіру.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы – біздің жұмыстың маңыздылығы
қоршаған ортаға залалы заттардың әкелетін зиян деңгейін анықтау теориясы.
Зерттеу көздері: Экология ғалымдарының еңбектері, Қазақстан ресми
құжаттары, Қазақстан Республикасының конституциясы – 1995, Ел президентінің
Қазақстан халқына жолдауы – 2030, Қазақстан Республикасының Атмосфералық
ауаны қорғау заңы – 11.03.2002 ж.., Қоршаған ортаны қорғау заңы –
15.07.1997ж., Зерттеу проблемасы бойынша жазылған ғылыми еңбектер, іс
тәжірибені зерттеу, оны қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу негізінен үш кезеңде жүргізілді.
— Айқындаушы кезеңде қазіргі зерттеу проблемасының теория жағдайын
анықтау.
— Тақырыпты анықтау, экологияға қатысты әдебиеттерді талдау негізінде
шипажай аймағында байқау жүргізілді.
— Экологиялық қауіпсіздікті болдырмау тәсілдерін есепке алып
эксперименттік жұмыстар өткізілді.
Зерттеу жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
— экологиялық қауіпсіздіктің мәні
— экологиялық қауіпсіздік теориялық негізіне анализ беру және
тәжірибелік құжаттар арқылы экололгиялық қауіпсіздік деңгейі,
өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
тұжырымнан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі анықталады, зерттеу
жұмысының мақсаты, міндеттері, зерттеудің объектісі, пәні сипатталады.
Әдістері мен ғылыми жиналығы, теориялық – практикалық маңыздылығы қорғауға
ұсынылатын қағидалар қарастырылады.

І тарау. Экология және экологиялық қауіпсіздік проблемалары
Экологиялық қауіпсіздік — ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде
жүзеге асырылады.
Экология терминін алғашқы болып атақты биолог Эрнест Геккель
(грекше эйкос-үй, мекен, және логос-білім,ғылым) шығарған. Экологияны ол
табиғатқа қатысты білімдер қосындысы деп түсінген.
Экология биологияның бөлігі болып (биологиялық жүйенің экологиясы)-
тірі ағзалар мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
Экологияның басқа да шарттары қалыптасқан анықтамасы бар. Мысалы,
экологияны – ағза тіршілік әрекетінің заңдылығын зерттейтін ғылым деп
санайды. Экология бірнеше бөлімдерге бөлінеді: аутэкология және
синэкологияға. Егері бөлек ағза зерттелсе, оның ортамен жеке байланысы,
өмірлік қызметі және тәртібі, онда ол басқа жүйе құрамынан бөлектенеді,
онда бұл жүеден тыс қаралады (аут — сыртта). Сонымен, аутэкология орта мен
басқа түрдің қарым қатынасын зерттейді. Кейде, аутэкология кеңінен
қарастырады
Жалғыз бір ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, организмдердің
мінез — құлқын зерттеп, сыңар жүйеден жекелесе, ол осы жүйеден тысқары
зерттеледі (аут-шетте, сыртында). Сөйтіп, сонымен аутэкология дара, жеке
түрдің қоршаған ортамен қарым — қатынасын зерттейді. Кейде аутэкология кең
түрде қарастырылады.
Бірақ мұндай зерттеу жеткіліксіз. Түрдің биологиялық ерекшелігін
түсіну, болжамдау және өзгермелі қоршаған ортаның санын және адамға
ықыласпен меңгеру қарым — қатынасын түсіну мүмкін емес.Сондықттан ағаш
түрлерімен жануарлар әлемін білмей ағашты қалпына келтіру жұмыстарын
жүргізу мүмкін емес. Бірақ бұл үшін өсімдіктер мен жануарлардың
ерекшеліктерін білу керек. Бұндай белгілі бірлікті құратын ағза тобы
осындай білім жиынтығы синэкологияға қызмет етеді. Экология нақты
объектілермен және зерттеу ортасымен жйелінеді. Мысалы, микроағза
экологияны айырып көрсетеді.
Ғаламдық экология — қоршаған орта мен биосфераның өз ара әсерін
зерттейтін ғылым (табиғи жиынтықтың бірлігі).
Адам экологиясы — табиғи және әлеуметтік ортаның қарым — қатынасын
зерттейтін ғылым. Басқаша айтқанда, адам экологиясы — биосфера мен
антропожүйенің жалпы заңдылықтарын зерттейтін, табиғи ортаның кісі мен
адамдар тобыны; өзара ықпалын зерттейтін құрама пән.
Әлеуметтік экология — адам қоғамы мен табиғи ортаның қарым —
қатынасын зерттейтін ғылым.
Урбоэкология (қала эколгиясы) -адам мен төңіректегі қаланың өз ара
әсерін зерттейтін ғылым.
Инженерлік экология — қоғамдық өндірістің табиғи ортаға тигізетін
зардаптарына қолданатын тәсілдерімен амалдарын қарастыратын ғылым.
Экология биологияның әртүрлі салалары сияқты(физиология, генетика,
биофизика) ғылымға негізделіп, биологиялық емес ғылыммен байланысты
(физика, химиямен, геологиямен, географиямен, математикакамен және тағы
басқа). Осыған байланысты соңғы жылдардарда географиялық экология,
ғаламдық экология, химиялық экология, математикалық экология және
тағы басқа түсініктер енгізілген.
Бүгінгі таңда адамдар мекендейтін ортасын күрт кеңейтті: оған жер
төңірегінен де басқа, ғарыш кеңістігі де жетерлік.
Бұл жағдай бірнеше қатар жаңа мәселелер туғызады, экологиялық
медицинамен және ғарыштық антропологиямен тығыз байланысты.
Өнеркәсіп мекемелер жағдайында адам мен машиналардың өзара қатынасы
қиын және әр алуан түрлі, өйткені өзіне тән температура, шу, куәләндыру
және басқа экологиялық факторлар пайда болады.
Адаммен машинаның өзара әрекеті эргоэкономика деген атау алды, ол
еңбекті қорғаудың бір бөлшегі болады.
Осы бір бірінен алыс көрінетін білім салаларды бір жалпылық
біріктіреді: олардың эколоиялығы. Олардың барлығын өзгешелік әліппемен
негізделеді, оған кіретін бірқатар терминдер, түсініктер, олардың
анықтамасы, жалпы заңдар және олардың ережелері. Әр маман бүгінгі күні бұл
әліппені білуге, оны қолдануға міндетті.
Экологиялық қауыпсіздік ол — міндетті шарт, қалыпты дамудың және
табиғи жүйенің негізін сақтайтін және қоршаған ортаның сапасын үлесімді
қолдайтын.
Облыстағы бастапқылық бағыттың бірі биотүрлерін сақтап қалу – ерекше
қорғауға алатын табиғи аумақ.
Жергілікті басқару деңгейіне қалалар, аудандар, металлургия
кәсіпорындары, химиялық, мұнай өңдеу өнеркәсіптері, тау-кен өндірістері мен
қорғаныс кешендері, сонымен қатар залалды заттардың шығуын бақылауы,
пайдаланған сулар және тағы басқалары жатады. Экологиялық қауіпсіздік
басқармашылығын жеке қалалық әкімшілігі, аудан, тазалық сақтау мәселесіне
жауапты және табиғатты қорғау әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Айқын жергілікті мәселені шешу мүмкіндігін анықтау мақсатына жету
-ғаламдық, аймақтық экологиялық қауіпсіздікті басқару. Басқару мақсаты
жергілікті жерден аймақтық және ғаламдық деңгейде қоршаған орта жағдайы
туралы ақпарат беру арқылы мақсатқа жетеді.
Экологиялық қауіпсіздік басқару деңгейіне қарамастан бақылау
объектісі болып міндетті түрде қоршаған табиғи орта болып табылады яғни
табиғи экожүие және социотабиғи экожүиелер.
Сондықтан қандайда болмасын деңгейдегі экологиялық қауіпсіздікті
басқару схемасында міндетті түрде экономиканың, қаржының, қордың, құқықтық
сұрақтардың, әкімшілік шаралардың, білім және мәдениеттің анализі беріледі.

Жоғарыда келтірілген анықтамалардан экологияның ғылым ретінде
көпкескінділігі көрінеді:
— өмірді ұйымдастырудың заңдылығын зерттеу, соның ішінде табиғи жүйеге
және тұтас биосфераға антропогендік әсер етуі;
— биологиялық ресурстарды ұтымды қолдануға ғылыми негіз құру, адам
әрекетінің әсерінен ауа райының өзгеруіне болжау жасау, биосферада болатын
үдерісті басқару және адамдар мекендейтін ортаны сақтау;
— популяция санын реттеу
— химикалық заттарды зиянды түрлерге қарсы аз мөлшерде қолдануды
қамтамасыз ету шаралар жүесін дайындау
— экологиялық индикация кезінде ландшафтың элементтерін және басқа да
құрамын анықтау, соның ішінде табиғи ортаның ластану индикациясы;
— табиғи жүйенің бұзылуын қалпына келтіру, соның ішінде
ауылшаруашылықта пайдаланатын жерлерді рекультивациялау, жайылым жерлерді
қалпына келтіру, топырақтың құнарлығын, су қоймалардың өнімділігін арттыру;
— кәсіпшіліктен шаруашылыққа ауысу;
— биосфераның эталон жерлерін сақтап қалу;
Соңғы жылдары экологиялық қауіпсіздіктің жаңа түсінігі қалыптасты,
қоғамның экологиялық қауіпсіздігімен ластанған қоршаған ортадағы адамның
экололгиялық қауіпсіздігін біріктіретін, адамның және генофондқа қоғам
ретінде де, жеке адам ретінде де әсер ететін.
Тұтас айтқанда экология биологиялық (классикалық), ғаламдық,
әлеуметтік экология және адам экологиясын қамтып, дүние танымдық экология
болып, білімнің аймағын синтездейдеп, табиғи-ғылыми және қоғамдық білімді
интегралдап, адамның табиғатқа деген және өз денсаулығына көңіл бөлуі,
экономикалық және діни түсініктерді біріктіреді.
1.1. Зеренді шипажай аймағының сипаттамасы. Топырақтық
климаттық жағдайы.
Адам ауылшаруашылық әрекетімен табиғатқа қайшылық келтіретіні өткен
заманнан бәріне мәлім. Таяу Шығыс пен Солтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде
ауылшаруашылық нәтижесінде кәдімгі табиғи ландшафтар өзгергеннің арқасында
антропогендік бөлек шаралар қолданылды.
20 ғасырдың басынан осы күнге дейін жүзден астам мемлекеттерде 2,5
мың ұлттық саябақтар құрылған.
Қазақстан мен Сібір және Орта Азия, Заволжья шөлі мен Тянь-Шань және
Алтай тауларын түрлі ландшафтар алып жатыр.
Қазақстан Республикасының аймағында ландшафтың төрт географиялық
зонасы — далалы, дала, шөлді, шөлді — шөлейтті түрлері бар. Қазақстан
таулары соншалықты биік болмаса да алуан түрлі. Орта Азиялық Тянь-Шаннің
сырт келбеті Алтау тауына, сондай-ақ шөлді Манғышлақ пен қарағайлы Көкшетау
тауларына ұқсас. Түрлі табиғи жағдайымен Қазақстан басқа елдерге қарағанда
тек Ресейге жол береді.
Қазақстан аймағында табиғаттың тұтас байлықтарының көрсеткіші болып
түр-тұқым құрамы бойынша мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер: 165 аңдар,
495 құстар, 52 жорғалауыштар, 11 қосмекенді жәндіктер, 150 жуық балық,
бірнеше мың омыртқасыздар мен 5 мыңға жуық папаратник тәріздес, жалаңаш
тұқымдылар мен гүлді өсімдіктер бар.
Облыстағы бастапқылық бағыттың бірі биотүрлерін сақтап қалу – ерекше
қорғауға алатын табиғи аумақ.
Ақмола облысының аумағында Зеренді ұлттық саябағы орналасқан.
Зеренді көлінің жері граниттық сілем шегіне кіреді. Бұл — құрылысы
мен құрамы бойынша интрузивтік жиынтықтың едәуір айырмашылығы бар. Аймақтың
көп жерінде ірі түйіршікті қызғылт – сұр граниттар.
Құнды объектілерге көлдің оңтүстік шығысына шығатын жағажайдың жер
бетіндегі саты тәрізді рельефінде ірі түйіршіктенген қызғылт-сұр гранитін
жатқызуға болады. Жалпақ қой тасты үйінділерінің диаметрі 3м, 20-25º басып
жатыр, жалпақ жағы көлге қарай бұрылған, алыстан алыптар жағажайын
ескертеді. Учаске ауданы 0,5 км², қорғау тәртібі тапсырыс бойынша.
Рельефтің гранит бойынша қызықты пішініне көлдің батысынан 5 км жерде
орналасқан конус тәрізді жартасты жатқызуға болады. Учаске ауданы 1 км².
Геоморфологиялық тибиғи ескерткіштерге Малинов өзеніндегі ұсақ шоқы
сілемдерін жатқызуға болады, пішіні тізбектелген. Ауданы шамамен 3 км².
Зеренді көлі. Көлдің көпжылдық тәртібі өте құбылмалы, қысқа мерзімде
көтерілуі және ұзақ уақыт біртіндеп басылу деңгейімен мінезделеді. Осы
жердегі көл — су балансының ағып кететін науалардың жоқтығымен сипатталады.
Көп көлдерде шұңқырларының тектоникалық шығу тегі болады. Көлдің айна
көлемі су деңгейінің төмендеуімен күрт азаяды. Ал максималды тереңдігі 8м.
ден 3м. құрайды, судың көлемі салыстырғанда көп өзгермейді -көл ешқашанда
кеппейді және адамзат дүниесін сенімді сарқылмас сумен жабдықтау көзі болып
есептеледі. Су балансының барлық кіріс бөлігі 60% көлден су жинайтын науа
көлемін құрайды. Қар еру кезден мұз қатқанша көлдің бетіне жауатын жауын
-шашын жалпы су балансынан 25-35 % құрайды.
Көл Зеренді ауданының солтүстік — батысындағы Зеренді поселкесінде
орналасқан. Абсолюттік көрсеткіш деңгейі 370,4м. құрастырады. Жалпы су
жинау орнының ауданы 97,7км². Су жинайтын орын нашар толқынды жазық болып,
батысында төбелі жерге айналады. Су жинайтын бассейннің оңтүстігінде қайың
мен қарағай орманы. Су жинайтын жердің негізгі бөлігін егістік басып жатыр.
Көлдің ұзындығы — 5,3км, ең үлкен ені — 3,4км, көпжылдық мерзімде су
айнасының ауданы 10км², максималды тереңдігі — 8,5м құрастырады. Су
массасының ауданы көпжылдық орташа деңгейде 70 млн.м³ құрайды. Жаға
сызығының ұзындығы -21.3км.
Көлдің беті негізінен ашық болғанымен жағаның батыс бөлігі енінде 100
— 150м. жерді құрақ алып жатыр. Көлдің түбі тегіс, құмды, қой тасты және
малта тасты. Кейбір жерлерде лайланған учаскілердің қуаттылығы 1м. дейін
жетеді. Жағажай айналдыра борпылдақ таспен қоршалған.
Көлдің жағасы аласа және ормансыз (4м. дейін). Көлдің оңтүстік, кейбір
жерлерде оңтүстік — батыс жағалары ерекшелінеді, биіктігі 10-30м, кейде
құлама жар және шыққан жартас жыныстарымен .
Көлдің саласы жоқ. Көлдің оңтүстік жағасынан уақытша үш су ағымы келіп
құйылады, ұзындығы 0,3-1,5км, бұл ағыс тек көктемде және үдемелі жаңбыр
кезінде ағады.
Судың минералдануы көктемде 0,6-1,0гл , қысқа қарай 1,3 гл
көбейеді. Көлдегі су ішуге жарамды және шаруашылыққа қолданылады.
Жаз айларындағы газдық режимі жайлы. Сутегінің көрсеткіш көлемі (рН)
тұрақсыздық шегі 8,8 — 9,0 болғанымен, ерікті көмір қышқылы суда болмайды.
Еріген оттегінің тұрақсыздық мөлшер шегі 15,56 мгл. Тотығуы жоғары
болғандықтан (14,5-24,0мгл) поселок пен демалыс аймағында аммонияның тұзы
(0,69-0,37) және мұнай өнімдерінің (0,05-0,07мгл) жоғары деңгейі
байқалады. Жоғары табиғи фтордың мөлшері шектен 2-4 есе асады. 2005 жылы
жалпы минералдау әр жыл мезгілінде 668 — 758 мгл құрады.
Ауа-райы. Ауданның ауа райы суық, қыс айында қары қалың, жазы құрғақ,
ыстық. Ең суық – қаңтар айы, ыстық – маусым айы. Бұл жердің ауа райы
қарқынды жел қызметімен сипатталады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 5,5
мсек құрайды. Жылдың суық мезгілінде оңтүстік бағытта жел басым (О,ОБ,Б),
жылы кездерде жел қарқындысы солтүстік румбыларын жоғарлатады.
Топографиялық картаның үстемесін қажет етпейді.

Рельеф. Ұлттық саябақтың жері әр түрлі бет-бедерімен өзгешеленеді.
Жер рельефі жазық жер. 2 км радиуста ұзындық құламасы 1 км жерге 50 метрден
аспайды, рельефтің ықпал ету коэфициенті 1-ге тең.
Бұл аймақтың геологиялық құрылымы қазіргі рельефімен ерекшелінеді:
тау, төбе, жазық жерлер.
Зеренді көлінің ауданы. Көкшетау ұлттық саябақ ауданының учаскесі
ұсақ шоқылы алабымен суреттеледі.
Аккумуляцияланған жазық жер ретінде қолданылған солтүстік — батыс және
оңтүстік – батыс шалғайлар жолақтарының төмендеуі байқалады.
Рельефтің басым түрі ұсақ шоқылар.
Зеренді көлінің ваннасының ассиметриялық құрылымы — оңтүстік –
батыстан тік баурай және солтүстік – батыстан жайдақ баурай құрайды. Көлдің
баурайы екі жағажай және төрт жоғары жағажай жағалық белесімен бөлектенеді.

Зеренді поселкесінің оңтүстік-шығыс жағажай жағасының бетінде гранит
байқалады, алыстан алып жағажайға ұқсайды.
Жазық тегісбұрышты қой тастың көлемі диаметрде 1-3м , жазық жағымен
20º бұрышымен өзенге бұрылған. Бірінің үстіне бірі жатқан. Жағажайдың ені
20м., жиегінің биіктігі 0,5м, жоғарғы жағында ашық сұрлы, жұқа және ұсақ
түйіршікті кварц құмы тәрізді.
Бірінші көлдің террасасының биіктігі 1,5-1,8м, ені – 20м. түрлі
түйіршікті құмдармен басылған. Жоғарға қарай биіктігі 3-4м, ені 15-20м
үлкен қатты толқын болады. Үстіңгі қабаты тегіс, табиғи және жасанды
қарағай көшеттері орналасқан.
Топырақтың жамылғысы. Топырақты құрайтын жыныстар палеоген –
неогендік, төрттік жүйелі және қазіргі кездегі пайда болған жыныстар. Ең
кең тараған төрттік жүйелі жыныстар, аллювиалды және делювиалды, жоғарғы
қабаты сары топырақты саз бен құмнан тұратын тау жынысы.
Ұлттық саябақ топырақ жағдайымен екі табиғи зоналарға бөлінеді: дала
және орманды дала, соның ішінде өзіне тән таулы – шоқылар ауданын бөлуге
болады.
Орман учаскілерін ұсақ шоқыларға орайластырылған, олар қарағай,
қарағайлы – қайың орманы саналады.
Топырақты құрайтын жыныстар аллювиалды және аллювиалды-делювиалды,
гранит, порфирит, сланцев және т.б. өнімін құрайды.
Делювиалды жыныстардың (көп бөлшерде жарықшақталған тас қоспасымен
сазды топырақ және балшық) шоқылар шетінің қуаттылығы ең мол. Бұл жерде
қоңыр орман петроморфтік шым-күлі көп, топырақ қалыптасады. Шыңында және
жоғарғы баурайында құрғақ мүк – қынаның астында қарағайлы орманда қоңыр
патроморфтік топырағы дамиды. Құлама төбелердің ортаңғы және төменгі
жағында қайыңды — қарағайлы ормандарда қоңыр орман және петроморфтық
топырақтар – шым-күлгін топырақтар кешенін құрайды. Жайдақ баурайда және
әлсіз тегістелген денудациялық жазықтарда қарағайлы – қайың ормандарының
негізгі фонын сұр орман топырағы орман солодтарының жиынтығымен құрайды.
Нашар толқынды су айыратын далалы беті батыста, солтүстік пен шығыста
зерттелген учаскеге жатады. Аймақтық топыраққа жете толықпаған, жұқа
кәдімгі қара топырақ.
Зеренді аймағында сортаң топырақ табылмаған.
Айрықша жоғары потенциялды құнарлыққа ие болған кәдімгі аймақтық қара
топырақ және орташа жұқа сортаң оңтүстік қара топырағы. Олардың өзгешелігі
үстіңгі қабаты карбонатты емес, тұздалмаған, қарашілігі жеткілікті болады.
Агротехниканы дұрыс қолданған жағдайда жоғары және тұрақты өнім бергенде
топырақты егістік ретінде қолданады.
Сулы-физикалық қасиетінің нашарлауымен байланысты карбонатты қара
топырақтың құнарлығы едәуір төмендейді. Аталған топырақ ерекше қасиет
есебінде егін шаруашылығында қолданады. Петроморфті қара топырақ жете
толықпаған,егін шаруашылығында қолданбағанмен байланысты қуаттылығы нашар,
ұсақ тасты, жайылым ретінде қолданады. Қышқыл ортамен, жұқа, топырақтың
беті ұсақ тасты болуымен байланысты ормандағы қара топырақ жоғары
құнарлықпен көзге түспейді.
Жартылай гидроморфты топырақ, шалғынды-қара топырақ және шалғынды,
жоғары потенциалды топырағы құнарлыққа ие болады. Олар құрамында біраз
қарашілік және азот мөлшерінің ылғалмен жақсы тамтамасыз етілгенмен
сипатталады. Бірақ рельефтің жағымсыз элементтерінің орналасуынан жыл сайын
еріген қардың суы жайлып жердің бетінде көп уақыт тұрып қалады, сондықтан
топырақты өндеу уақыты созылады.
Бұл топырақты көкеніс дақылдарына пайдаланады.
Сулы-физикалық қасиетінің төмендеуі, қайта дымқылдану, сортаңданумен
байланысты гидроморфты батпақ топырақ, сор топырақ төмен құнарлықпен
сипатталады. Көбінесе оларды ұсақ операциядан кейін жергілікті егін
шаруашылығында қолданады. Қазіргі кезде пішен шабу және жайылым
пайдаланатын жер сияқты қолданады.
Антропогендік факторлардың әсерінен орманды және ормансыз
аудандарының табиғи өзгеруі әртүрлі. Топырақтың негізгі антропогендік
өзгеруі орман өсімдіктерінің жойылуы және басылып тығыздалған сыртқы
көкжиек топырақ қыртысына түскен күш өзгеруіне байланысты.

2. Жылу жүйесі орналасқан Зеренді шипажай аймағының климаттық
сипаттамасы.

Ауа-райы. Ауданның ауа райы суық, қыс айында қары қалың, жазы құрғақ,
ыстық. Ең суық – қаңтар айы, ыстық – маусым айы. Бұл жердің ауа райы
қарқынды жел қызметімен сипатталады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 5,5
мсек құрайды. Жылдың суық мезгілінде оңтүстік бағытта жел басым (О,ОБ,Б),
жылы кездерде жел қарқындысы солтүстік румбыларын жоғарлатады.
Бұл аймақ климатының көп жылдық метеорологиялық станциясының бақылауы
төменде келтірілген. (1 кесте)

Кесте 1. Ауаны ластайтын заттардың атмосфераға тарағанын анықтайтын
метеорологиялық сипаттамасы мен коэффициенті.
Атаулардың мінездемесі Мөлшер
Атмосфераның стратификациялық температурасына
байланысты коэфициент 200
А 1
Жер рельефінің коэфициенті 25,8
Ең ыстық айдың сыртқы орташа ауа температурасы -15,4
С
Ең суық айдың орташа ауа температурасы 8
С 8
Орташа жел бағытының қайталау % 10
С 30
СШ 21
Ш 11
ОШ 6
О 6
ОБ 12
Б
СБ 12,4
Тымық
Көп жылдық орташа мәлімет бойынша желдің (U*)
Қайталануы 5% мс асырады.

1.3. Атмосфераны ластайтын көздері. Қоршаған ортаға, адам ағзасына,
өсімдіктерге, жануарларға тигізетін зардабы.

Атмосфералық ауаны ластайтын мәселе ақырғы жүз жылдан бастап шыққан.
Көне заманның адамдары таза және ластанған жерлерді білген. Көрнекті грек
дәрігері Гипократ еңбектерінде ауаның, судың және мекендейтін жердің
қолайсыз жағдайларының әсерінен болатын аурулар туралы атап айтқан.
Атмосфераны ластайтын екі жол бар: табиғи және жасанды.
Табиғи жолмен ластанған ауа шаң дауылының, жанар тау әрекетінің,
орман өртінің және тағы басқаларының нәтижесінде болады. Атмосфераға қатты,
сонымен қатар газ тәріздес заттар кіреді.
Жер үстінен көтерілген шаң ұсақ тау жыныстарының бөлшектерінен,
топырақтың, өсімдіктер мен тірі ағзалардың қалдықтарынан тұрады. Шаң
бөлшектерінің көлемі шығуына байланысты 1 микроннан бірнеше микронға дейін
болады. 1-2км. жердің биіктігіндегі шаң тәріздес бөлшектер әдетте 0,002-
ден 0,02гм3 дейін құрайды, кейбір жағдайларда бұл шоғырлануы он есе және
жүз есе көбейюі мүмкін. Көбінесе атмосфераның ластануы шаң дауылы кезінде
ауадағы қатты бөлшектердің шоғырлануы 100гм3- және одан да көп болуы
мүмкін.
Атмосфералық ауаның құрамында сондай-ақ орман, дала және шым тезек
өртінің нәтижесінде болған шаңнан тұрады. Өз алдына шаң органикалық
қоспалардың өртенуінің нәтижесінде болған өте ұсақ күлді бөлшектерден
тұрады.
Жасанды жолмен ластанған ауа адамның іс-әрекетінің нәтижесінде
болады. Ауаға ең көп зиянды заттардың мөлшерін жылу электростанциялары,
қатты, сұйық және газ тәріздес отын жағатын мекемелер шығарады. Қара және
түсті металлдар, қышқыл, сілті, тыңайтқыш, цемент, сода, жасанды талшық,
аммияк, улы химикат, бояғыш зат, резина өнімі, органикалық еріткіштер және
тағы басқа өнеркәсіптері ауаға едәуір зиянды заттарды шығарады.
Айтарлықтай ауаның ластануын автокөлік пайдаланған газ да ластайды.
Автокөлік шығарған пайдаланылған газдың құрамына уытты заттардың үлкен
гаммасы, солардың ішінде ең бастысы көміртек тотығы, азот тотығы,
көмірсутектер, концерогенді заттары кіреді. Ауа бассейінін ластайтын
автокөліктердің автоқақпағының үйкелу нәтижесінде болған резина шаңын
кіргізуге болады.
Ластауыш заттардың атмосфераға таралуы. Бізді қоршаған ауа әрдайым
қозғалыста болады. Сондықтан атмосфераға зиянды заттардың үлкен көлемде
түсуі және қашықтықтарға тасымалдануы болады. Нәтижесінде ауаға түскен
зиянды заттардың шоғырлануы азайып, ластанған жер көлемі көбейеді.
Атмосфераның ластануына және зиянды заттардың таралуына
метеорологиялық жағдайлар (ауаның көлденең және тік орын ауыстыруы,
бұлттың, жауын-шашынның, қардың, температураның және ауаның ылғалдылығы)
ықпал жасайды.
Ауаның (желдің) тік орын ауыстыру салдарынан атмосфераны ластайтын
заттар ондаған, жүздеген, кей кездерде мыңдаған километр жерлерге орын
алмастырады. Міне сондықтан атмосфераны түзбегейлі қорғау залалды заттарды
атмосфераға биік құбырлар арқылы шашыратпай залалды заттардың шығарылуын
жою керек.
Желдің жылдамдығы ақырын болса залалды заттар ауаның аз көлемінде
жиналып, сол шыққан жерде қауіпті шоғырлаудың ұлғаюы мүмкін. Ауаның тік
орын ауыстыруына байланысты бұндай нәтиже температураның өзгеруіне әкеледі.
Ауа ортасының қолайлы сауықтыруна бұлттылық, жаңбыр, қар және ауаның жоғары
дымқылдығы әсер етеді. Жауын – шашынның әсерінен атмосфераны ластайтын
заттардың жайылуы тоқталады, өйткені олар атмосферадан жуылып жерге түседі.

Өз алдына атмосфераны ластайтын аэрозольдер су буының ядролық
конденсациясына тиімді қызмет етуінің нәтижесінде жауын-шашынды болдырады.
Сонымен, атмосферада өзін — өзі тазарту процесі болады, оның
ерекшелігі біраз кеңістікке таралады. Қатты найзағай кезінде атмосфераның
өз-өзін тазалауы стратосфераға жетіп үлкен биіктіктерде болады.
Атмосфераны ластайтын метеорологиялық факторлардан басқа жер бет-
бедеріне, залалды заттардың шығу көзіне жақын ормандар мен су айдыны ықпал
етеді.
Ауа массасының қозғалыс өзгешелігін есепке алмай қалаларды, өнеркәсіп
мекемелерін жоспарлау, жиі шамадан тыс газбен бүлінген қала атмосферасы
бәріне таныс сәтсіз оқиға. Қала жылу көзі және ауаның жоғары көтеру
ағымының нәтижесінде атмосфераны ластайтын үлкен өнеркәсіп орталықтарынан
шыққан заттар жоғарға көтеріліп шаң мен газдан тұратын өзіне тән қалпақ
жасайды. Осындай қалпақ көптеген километртен көрінеді.
Осы негізгі факторларды атмосфераның ластануын қарастырғанда есепке
алу қажет.

Атмосфераның қоршаған ортаға, адам ағзасына тигізетін зардабы.
Ең жағымсыз мәселелердің бастыларының бірі болып ауа бассейінінің
залалды заттармен ластануының адам денсаулығына әсерін тигізуі болады.
Сапасы және ауаның құрамының саны бұзылмаса, ол адам ағзасының толық
талаптарына сай болады. Адам өз өмірінде 600мың. м3 ауаны тұтынып, орташа
600миллион рет дем алады.
Қазіргі кезде ауаның құрамына кірген және ауаға таралған
ластауыштарға қауіпті шек реттін белгілеп, көп зиянды заттардың қасиеттерін
жақсы зерттеген. Атмосфераның құрамындағы және адам ағзасына ерекше зиянды
ықпал ететін зиянды заттарға: 3,4-бензипрен, азот тотығы, күкірт
тотығы,фтордың қоспасы, көміртек тотығы, хлордың қоспасы, қорғасын, фосфор,
мырыш, сынап қоспалары, күкіртті сутек, күкіртті көміртек, озон, қорғасын,
формальдегид, меркаптан және тағы басқа қоспалар жатады. Атмосфералық
ауаның ластануынан ең бірінші адамның тыныс алу мүшелері азап шегеді. Дем
алу жолдарының үстіңгі катары, өкпенің эмфиземасы, баспа, фарингит, өкпе
қабыну, тыныс жолдарының қабынып қызарып ауруы, демікпе, тонзиллит, өкпе
туберкулезы және өкпенің қатерлі ісігі сияқты аурулар атмосфераны ластайтын
серіктері.
Мырыш пен хром ісік ауруларын тудыру мүмкіндігі бар. Қорғасын шаңы қан
құрамын және кемік майын өзгертіп, бас миы зақымдап, бауыр мен бүйрект
ауруын туғызады. Сынап миға еніп нерв жүйесін бұзады, ақыл-ойы әлсірейді
және белсіздікті болдырады. Азбест шаңы өкпенің фиброзын келтіреді.
Ірі өнеркәсіпті қалалар мен көптеген аппаттың нәтижесі салдарынан
атмосфералық ауаның адам денсаулығына әсер етуінен толып жатқан
статистикалық мәліметтер жаппай көпшіліктің науқастануы көрнекті дәлел
болады.
Атмоcфералық ауаның өсімдіктерге, жануарларға тигізетін әсері.
Ластанған атмосфераның әсерінен өсімдіктерге тік және жанама
механизмді ықпалын тигізуіне көңіл қою керек.
Ластауыштардың тік механизмді әрекеті өсімдіктер мүшесіне функциялды
қызметін реттеуі әсер етеді. Бұл ластауыштар өсімдіктер жасушасына еніп
және жеке өсімдіктер сыңарымен химиялық реакцияға түседі. Бұндай әрекеттің
салдарынан өсімдіктердің болар-болмас өзгеруінен бастап бірен-сарандаған
немесе толық жойылу әр түрлі болады. Бірінші қалыпты ластауыштарға күкірт,
фтор, этелен, озон қоспаспалары, көміртек, хлор,көмірсутек тотықтары
жатады.
Өсімдіктер факторына өмірлік маңызды- күннің көзі радияциясы, су мен
топырақ ластанған атмосфераның жанама әсері деп санайды. Ластанған
атмосфера өзгерген факторларға әрекет етіп, қалыпты дамуының жағдайы
бұзылады және өсімдіктердің өмірі қысқарады. Екінші қалыпты ластауыштарға
әр түрлі суда ерімейтін қатты бөлшектер(шаңның, күлдің, қара күйенің және
тағы басқа) жатады. Бұл заттар өсімдіктерге сіңіп жарықтың, ылғалдың,
өсімдік жасушасына газдың енуінің төмендеуі және фотосинтезге әсерін
тигізеді. Өсімдіктер үшін ең үлкен қауіп-қатер төндіретін әр-түрлі зиянды
заттардың санына:күкіртті ангидрид, азот тотығы жатады.
Күкіртті ангидрид көпшілікке танымал атмосфералық ауаның
ластауыштарын таратушы және өсімдіктерге маңызды зиянын тигізетіндердің
бірі.
Өсімдіктерге бүлдіру әрекетін азот тотығы береді. Ауаның оттек іс-
әрекетінен және ауа, су буынан, азот тотығынан өсімдіктердің жапырақтарына
тиетін азот қышқылы түзеді. Азот қышқылымен жапырақтары зақымдан кезде
өсімдік жасушасының өлуіне әкелетін күйген қоңыр дақ пайда болады.
Жасыл өсімдіктер атмосфералық ластауыштармен зақымданғанда ауыл және
орман шаруашылықтарына зор шығын келтіреді.
Электростанция әрекет ететін жерлерде күкіртті көмірді және мазутты
жағатын, агломерациялық фабрика істейтін жерлерде күкіртті кенді пісіреді,
түсті металлургия кәсіпорыны және химиялық өнеркәсіптерінде өсімдіктерге
атмосфералық ауаның жағымсыз салдары әрекетін көруге болады. Өсімдіктерді
уыттандыратын хлор, аммиак, хлорлы сутек, сынап және тағы басқа ластауыштар
бар. Олар атмосфералық ауада қауіпті концентрация түрінде сирек
кездесетіндіктен өсімдіктердің күйзелуін нашар көрсетеді. Топырақтың
қышқылдануына байланысты өнім азаяды. Жапырақсыз тұрған бұталар мен
ағаштар, ұшы солған қарағай мен шыршалар, түрі өзгерген жапырақ, жерге
түскен қылқан-мұның бәрі ауада күкіртті заттың көп екендігінің белгісі.
Көміртек тотығымен аз мөлшерде этилен қосылса өсімдіктердің жапырақтары
түсіп, гүл түйнектері және өсімдіктердің өзі де қурап қалатыны белгілі.
Түрлі зерттеулер бойынша жануарлар, құстар мен жәндіктер адам сияқты
атмосфералық ауаның әсеріне ұшыраған.
Көпшілікке таныс оқиға жабайы жануарлармен, құстар және
жәндіктер(бұғы, қоян, құтан, аралар және тағы басқалары) атмосферадағы
зиянды заттардың болу әрекетінен уланған, мысалы, мырыштан, сынаптан,
күкіртті сутектен, фторлық қоспалардан. Жануарлардың, құстар мен
жәндіктердің өлімдері тыныс алу мүшелеріне және ағзаларына өсімдіктердің
бетіне тікелей улы заттардың тұнуынан болады. Уланудың екінші түрі — ас
қорыту мүшелері арқылы көп тараған және аса қауіпті.

1.4. Жылу беру құрылғысының қалдықтарының адам денсаулығына тигізетін
әсері. Газды, шаңды тазалау тәсілдері.

Шаң және аэрозольмен ластанған атмосфераның көлемі жыл сайын көбейіп,
қоршаған орта мен климатқа жағымсыз әсер етеді. Ауадағы шаң мен
аэорозольдер күннің көзі радиациясының көлемінің коэффициентін өзгертіп,
оның таралуын, токқа қарай бағыт беруін қадағалайды. Шаң мен азрозольдер
атмосфера ылғалымен байланысқа түсіп смог пайда болады. Адам денсаулығына
ластауыштардың әсер етуі ерекше алаңдатады (Бағдарлама-2030).
Адамдарға ластауыштардың ықпалы: зиянды заттардың химиялық құрамы,
судағы, тамақтағы, ауадағы құрамына байланысты.
Адам мүшесі және қанға әсер ететін заттарды айрықша зиянды заттар деп
атайды.
Көміртек, азот, күкірт тотықтары, хош иісті көмірсутектер орталық
нерв жүйесіне, тыныс алу мүшелеріне, қан айналым жүйесіне жағымсыз әсер
етеді. Күкіртті ангидрид бауырға, көру мүшелеріне әрекет етеді. Ол ақуыз
алмасу және көздің тітіркенуін, жөтелді болдырады.
Таза қара күйе аз уытты затқа жатады. Бірақ демді ішке жұтқан кезде
оның бөлшектері адамның дем алу мүше жүйесіне жағымсыз өзгерістерді
болдырады. Егер үлкен қара күйе бөлшектерінің шамасы 2-10мкм. болса адам
ағзасынан тез шығарылады, онда шамасы 0,5-2мкм болғанда адам өкпесінде
тоқтап және аллергияны қоздырады. Қара күйе ауада көп уақыт бойы өлшенген
күйде болуы мүмкін.
Көміртек тотығы СО адам ағзасына тамақ булау жолы арқылы және у
болып, денедегі жасушаға қажетті оттектен айырады. Көміртек тотығының
жоғары концентрациясы физиологиялық және патогендік өзгерістер мен
ойламаған өлімге жеткізеді. СО қан гемоглобинімен қосылып адамға қажетті
қан құрамындағы оксигемоглобин мөлшерін кемітеді. Жұмыс кезінде көміртек
тотығының мөлшері тым жоғары болғанда арнайы газ тұтқышсыз тыйым салынады.
Азот тотығы. Азот тотығы аимосфераны уыттандыратын ластауыштарға
жатады. Негізгі азот тұтығының шоғырлануы қаланың ортаңғы аудандарында
кездесетін фотохимиялық реакциясына байланысты болады, ол аспанда газбен
түтіннен тұратын тұманды құрайды. Бұл атмосфералық реакциялар тікелей адам
және өсімдікке әсер етуі жоғары деңгейдегі оксидиантпен мінезделеді, көзді,
тамақты тітіркендіреді және өсімдіктерді зақымдайды. Ондай тұманға нашар
көру тән келеді.
Азот тотығы көздің шырыпты қабығына әсер етіп, азот және азотты
қышқыл түрінде өкпеде қалады. Азот тотығының қауіпсіздік әсер қорытындысы:
ағзаның улануы тез арада көрінбейді , біртіндеп уланады, оның үстіне қандай
да бір тиімді залалсыздандыру әдісі жоқ.
Жағымсыз зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі және атмосфералық
ауада, өндіргіш ғимараттарда рұқсат еткен рауалы шекті (ПДК) белгілеу
мақсаты орындалды.
Атмосфераның ластануын төмендету шараларын жете зерттеу. Ластауыштар
деңгейін төмендету үшін ОНД-86 ең алдымен зиянды заттарды ұстайтын
аппаратқа ұсыныс жасайды.

Газды санитарлық жолмен тазалау тәсілі.

Ауа бассейінінің зиянды заттармен ластануын қорғауға негізгі
бағдарында тұйық цикл ді өндіріс және құрама шикізатты қолдану жаңа
қалдықсыз технология жасауы көрінеді. Қазіргі уақыттағы әрекеттегі
өнеркәсіптер ашық циклді өндірістер технологиялық процессін қолданады. Бұл
жағдайда шығарылатын газ атмосфераға тарардың алдында тазаруға душар
болады. Зиянды заттардан газды тазалау күрделі және қымбатқа тұратын шара.
Қазіргі деңгейде ғылымның дамуы және әртүрлі газдық жүйелерді тазалау
әдістерін өнеркәсіпте жетік қолданады. Газ тазалайтын техно-экономикалық
тиімділігінің барысы жұмыстың міндеті болып саналады.
Технологиялық әдіспен газды тазалау негізі газбен сұйықтың және қатты
сорғыштардың өз ара әрекет барысы, сонымен қатар улы заттардың жоғары
температураның әсерінен немесе катализатордың жоқтығынан ауысады. Осыдан
орай газды тазалау кезінде абсорбциалы, адсорбциялы және каталикалық тәсіл
кеңінен таралды.

Шаңнан газды тазалау тәсілдері.

Қазіргі химико-технологиялық процесстер ұсақтаумен, майдалаумен,
сусымалы материалдарды тасымалдаумен байланысты.

Осы материалдар бөлшегі азрозольді күйге ауысып, желдеткіш және
технологиялық газбен атмосфераға шығарылады.

Шаң бөлшектерінің жалпы үстіңгі қабаты үлкен болғандықтан химиялық
және биологиялық белсенділігі өте жоғары болады. Кейбір заттар азродисперлі
күйде жаңа қасиетке ие болады, мысалы, жарылу қабілеті артады. Өнеркәсіпті
шаңның бөлшектері әр түрлі түрде және көлемді болады. Тозаң аулау кезінде
тұну жылдамдығын анықтайтын бөлшектің мөлшерін сипаттау керек. Мұндай
мөлшерге седиментациялық диаметр жатады (шар диаметрі, тұну жылдамдығы және
тығыздық, тұну жылдамдығы мен салыстыратын бөлшектің тығыздығына тең).
Сонымен қатар бөлшекте ерік пішінді болады. Әр түрлі пішіндес тозаң
бөлшектері әр түрлі жылдамдықпен тұнады.

Өріс пішінге қанша жақын болса, соншалықты тез тұнады. Ең үлкен және
ең кіші осы бөлшек көлемі тозаңның шашырау мөлшерін сипаттайды.
Қазіргі кезде тозаңнан газды тазалау үшін бірнеше жүз әр түрлі
аппараттар конструкциясы белгілі. Әр түрлілікке қарамай барлығы дайындау
аппаратураларының түрлеріне жатады.
Табиғи қорғаушы күш барысында тозаң бөлшектерінің тұнуы ауырлық күші
және араласу ағымында пайда болады. Бірақ бұл күштер өздігінен газды
тазалауға жеткіліксіз. Ең үлкен ірі бөлшектер кейбірде гравитациялық алаңда
табиғи тұндырудың көмегімен қазіргі көптеген аппараттарда жасанды жолмен
шаң тазалайтын техникада интенсивті күшті алаң қолданады.
Шаң аулау үшін кеңінен инерциялық күшті қолданады.
Шаң аулау үшін коагуляция процессі өз қолдауын тауып,бірнеше
бөлшектерден тұратын агрегаттың ірілену болады.Бұл процесс
инерциялық,электрлік және термиялық күштерді күшейтеді. Шаң аулайтын
құрылғыларда негізгі бөлшектердің тұндыру үдерісі ұнамсыз жанама процесспен
қосақталады.
Газдан шаң тәріздес бөлшектерді бөліп алу үшін газды … жалғасы