Ластағыш заттар бөлетін көздер | Скачать Курстық жұмыс

0
153

Мазмұндама

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..3
1. ЖЭО Казсабтон ЖАҚ-на
мінездемесі … … … … … … … … … … … … … …5
1.1 Степногор қаласының географиялық
жағдайы … … … … … … … … 9
1.2 Пайдаланылатын газ тазартқыш қондырғыларға
қысқаша
мінездеме … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … ..12
1.3 Өндірістік даму
перспективасы … … … … … .. … … … … … … … … … 15
1.4 Апаттық же дүркін лақтырыстар
мінездемесі … … … … … … … … .18
2. ЖЭО-ның күл-қоқыс қалдықтарының п балу
же орналасу мөлшерін
есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… .20
2.1 2002 жылдың 1 қарашасына байланысты күлтөккіштердің техникалық
қалпына есеп
беру … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
…21
2.2 Қалдықтардың
мінездемесі … … … … … … … … … … … … … … … … ..
25
3. ЖЭО-ғы өндіріс қалдықтардың улылығын
анықтау … … … … … … … … … 28
3.1 Өндіріс қалдықтарын
орналастыру … … … … … … … … … … … … … 29
3.2 Атмосфераға стационарлық көздерден
лақтырыстар … … … … … …3 1.
4. Лақтырыстарды ретке келтіруге арналған іс-
шаралар … … … … … … … … .34
4.1 Санитарлық – қорғаныс аймағын
ұйым … … … … … … … … … … … ..34
4.2 Санитарлық-қорғаныс аймағының көлемін
анықтау … … … … … … 35
4.3 Кәсіпорындағы ПДВ нормативтерінің
сақталуына бақылау
жүргізу … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … ..37
4.4 Ластағыш заттар лақтырысының лимиті … … … … … … … . 44
5. Еңбекті
қорғау … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … .46
6. Табиғатты қолдану
экономикасы … … … … … … … … … … … … …49
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … …51
қосымшылар … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … ..53
Қолданылған
әдебиет … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 73

Кіріспе

Адамның өмір сүру жағдайына қарай, өнеркәсіптің, энергетиканың және
транспорт құралдарының дамуына байланысты биосфераның ластануы үздіксіз
өсіп отырды. 20 ғасырдың бірінші жартысында, әлемнің әр аймағында кір-
қоқыстың биосфераға әсер етуі онда болып жатқан табиғи процестерге
байланысты десек, ал кейінгі жылдары адамның іс-әрекетінің көлемі
биосфераны экологиялық күйземіске әкеліп соқтырды. Адамдардың тығыз
қоныстануы және оның урбанизациясы жер жүзіндегі экологиялық кризисті
қиындата түседі.
Ауа құрамында күкірт, азот, көміртегі, көмірсутегі, шаң
түйіршектерінен құралған өнеркәсіп қалдықтарымен ластанады. Су қоймалары
мен өзендерге органикалық және минералды заттардан шыққан мұнай және мұнай
өнімдерінің қалдықтары, ал жер қабатына – күл-қоқыс, өнеркәсіп қалдықтары,
қышқылдар, ауыр металдардың қосындылары т.б. келіп түседі.
Көптеген технологиялық процестердің дамуы уландырғыш заттардың
санының өсуіне әкеліп соқты, ал ол қоршаған ортаға түсті.
Адамның өмір сүретін ортасы – қоршаған орта – физикалық, химиялық
және билогиялық факторлардың қосындысы болып есептеліп, белгілі бір
жағдайда адамның іс-әрекеті мен денсаулығына тікелей немесе жанама, шұғыл
немесе алыстан әсер етеді.
Қоршаған ортаның дамуына байланысты мәселелермен экология айналысады
– ол тірі ағзалар мен олардың өмір сүретін орталарының қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым.
Табиғат пен қоғамның тиімді қарым-қатынасы болған жағдайда ғана
экология мәселелері тиімді шешім табады, кең көлемде практикалық іс-шаралар
өткізу мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде ғылыми зерттеулер арқылы бір
жағынан табиғат күшін қорғауды және қайтадан қалпына келтіруді қамтамасыз
етеді.
Өз диплом жұмысымда мен атмосфераға лақтырылатын қалдықтары мен
оларды азайту шараларын ұсынамын.

1. ЖЭО Казсабтон ЖАҚ-на мінездемесі

ЖЭО Казсабтон ЖАҚ-мы Степногорск қаласындағы тұрғын үй аудандары
мен өнеркәсіп объектілерін жылу және электр қуатымен қамтамасыз етуге
арналған.
ЖЭО-да БКЗ-160-100 – түрлі 4 қазандық, БКЗ-220-100 – түрлі 3
қазандық және КВТК-100-150-түрлі қазандықтар орналасқан. Ал жанармай
ретінде Екібастүздың жоғарыкүлді, СС-марканы тас көмірі пайдаланылады. Ал
қосымша жанармай ретінде мазут қөлданылады. ЖЭО-ға келіп түскен көмір осы
жерде тас диірмендерге салынып ұсатылады. Алғашқы ауамен оттық арқылы
қазандықтарға түсіп, жағылады. Химиялық дайындықтарға арналған реагенттік
шаруашылықтар бар (күкірт қышқылы, аммиак және гидразин ыдыстары, әктің
жабық қоймасы, ас тұзының қоймасы).
Қондырғыларды шағым жөндеуден жүмыстарына арналған бірқатар өткізу
көмекші өндірістер бар (ағаш өңдеу, дәнекерлеу, электрлі жөндеу цехтары,
ұста). Жалпы өндірісте газтазалағыш құралдармен 6 шығарып тастау көзі
орналасқан. Шаң мен газдан сақтау құралдарының жұмыс тиімділегі 80-99 пайыз
мақайында, бұл жалпы алғанда техникалық деңгейге сәйкес келеді, 2001 жылы
апатты жіе дүркін лақтырылыстар тіркелшеген. Санитарлық-қорғау аймағы 2000
метрді құрайды.
ЖЭО-ға техникалық су диаметрі 500 мм-лік екі су құбыры ардылы келіп
түседі. Жеміс, айналмалы сумен қамтамасыз ететін қысымсыз каналға және
негізгі корпусқа жалғанатын, тұйық ретінде орындалған. ЖЭО-ның айналмалы
сумен қамтамасыз ету жүйелері мен жылу жүйелерін толықтырып отыруға
жұмсалатын судан басқа салқындату және станцияның техникалық
қажеттіліктеріне керек техникалық судың қоры ескерілген. Шаруашылық-ішетін
су ЖЭО-ға 300 мм-лік екі жер асты құбырымен және 400 мм-лік сыртқы су
құбырымен келіп түседі.

1 таблица. ЖЭО-ның ластайтын заттарды лақтыру динамикасы
(мың тоннамен)

Ластайтын заттар 1997 ж. 1998 ж. 1999 ж. 2000 ж. 2001 ж.
Барлығы 18,548 17,382 18,25 18,13 16,96
Оның ішінде: 12,701 11,081 11,24 11,17 9,924
Қатты заттар
Азот қышқылдары 1,551 1,603 1,651 1,63 1,48
Күкіртті ангидрид 4,246 4,648 5,322 5,3 4,852
Көміртен қышқылы 0,049 0,049 0,038 0,036 0,595

ЖЭО-да әртүрлі канализация жүйелері қамтылған: шаруашылық-тұрмыстық,
нөсерлік, канализациялық, ластанған ағындық.
Шаруашылық-тұрмыстық канализация өзі ағып кететіндей етіп жасалған.
Оның ағындары тазалау құбырларына шығарылған.
Нөсерлік канализация жүйелері жауын және еріген қар суларына
арналған. Ағын коллектор арқылы өздігінен буланатын шалшықтарға
бағытталады.
Ласталған ағындар канализациясына құрамында мұнай бар, химиялық су
тазартудың тұзды сулары, жаңармайалдырғыш жолдарды тазалаудан қалған сулар
бағытталады. Су сорғыш станциясы бұл ағындарды, одан әрі күл төгетін жерге
ағызады. Күл-қоқысты шығару жүйесі-гидравликалық күл-қоқыстан энергиталық
бөлікті бөліп алатын автономдық гидрокөлік пен су жылытқыш қазандық
айналымы. Күл-қоқыс қойыртпағы багерлік сорғышпен күл-қоқыс төгілетін жерге
шығарылады.
Қазіргі кезде ЖЭО-ның тұрған жерінен 2 км солға қарай орналасқан 4
күл-қоқыс төгетін орын бар. №1 және №2 күл-қоқыс төгетін орындар өнделген
және культиваторланған, №3 және №4 жұмыс істеуде, №5 күл-қоқыс төгетін орын
салынып жатыр.
Степногор ЖЭО 1996 жылы іске қосынды. Станцияның өндіріс алаңы
Степногор қаласынан 157 километр салға қарай орналасқан.
Жылу Электр Орталығы КазСабтон жабық акционерлік қоғамының
өндірістік объектілеріне, Степногор қаласының өндірістік кәсіпорын-дарының,
тұрғынүй же қоғамдық қорларын жылу мен электр энергиясымен қамтамасыз
етуге арналған.
Қазіргі кезде 1532 Гкалсағат жылу қуаты мен 150МВт электр қуаты бар
Степногор ЖЭО-да төмендегідей құрал-жабдықтар орнатылған:
– Энергиталық қазандар:
– әрқайсысының өнімділігі 190тсағат саны – 4БКЗ-190-100
– әрқайсысының өнімділігі 220тсағат саны – 3БКЗ-220-100
– Су жылытқыш қазандар:
– әрқайсысының өнімділігі 100 Гкалсағаттан саны – 5КВТК-100-150
– Турбикалар:
– ВПТ-25-4, әрқайсысының өнімділігі 25МВт – саны 2.
– ПТ-2590-10, әрқайсысының өнімділігі 25 МВт – саны 2.
– ПТ-6090-13, өнімділігі 60 МВт – саны 1.
Отын ретінде сапасы жоғары Екібастұз көмірі қолданылады. Жобалау және
құрылыс кезінде резервтік отын ретінде мазутты қолдану жоспарланған, бірақ
қазіргі кезде Екібастұз көмірі пайдаланылады. Қазанда көмірдің жақсы жануы
үшін мазут қолданылады.
Түтін газдарын қатты бөлшектерден тазалау мен күкірт қостатығының
болар-боллары бар, сулы типті скрубберлерде жүзеге асырылады.
Күлді ылғалдандыру қондырғыларын тазалаудың бабалау дәрежесі 36-97%
құрайды. Тазалаудың пайдаланым дәрежесі, сынақ бойынша 95,6% тан 96,2%
құрайды.
Күл аулағыш құрал-жабдықтардың жұмысн, ЖЭО-тың негізінде құрылған,
қоршаған ортаны сақтау лабораториясы бақылайды. Ал ірі жөндеуден кейін күл
аулағыш құрал-жабдықтарды жөндеу мен сынау жұмыстары ЖЭО-ның жөндеу тобының
және (ООС) лабораториясының мамандарымен жүргізімді. Әрбір қондырғыға
пайдалануға қабылдау актісі бар, (ООС) Басқармасында тіркеуге алынған,
төлқұжат толтырылады.
(ООС) Бақармасында тіркеуге алынған, төлқұжат толтырылады.
Степногор ЖЭО-ның ауа қорғау қызметінің мекемелік бақылау орыны цех,
қызмет және станцияның басқа бөлімдерінің құрал-жабдықтарды (қазан
агрегаттары, күлаулвғыштар, күлтөккіш, жанармай қоймалары) қолданған кезде
техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақтаулуына және техникалық
параметрлердің жұмыстарына жүйелі жүрді бақылау жүргізеді. Бақылау,
мүмкіндік шегі барынша жақындатылған лақтырыс нормативтері құрастырылатын,
құрамға түгел жүргізіледі.
Зиянды заттардың лақтырысын бастапқы кіштерге дайындық және керекті
құжаттардың дер кезінде толтырылуы арқылы жүргізілетін лабораториялық ООС
жүргізіледі.
Соңғы жылдардағы зиянды заттардың атмосфераға барлық лақтырыстары 2-
таблицада көрсетілген.
Лақтырыстар көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, жыл сайын зиянды
заттар лақтырысының төмендегенін көруге болады.
Оған себепкер болып отырған Степногор қаласындағы өндіріс күшінің
азаюы, яғни ЖЭО-ның өнімдерін тұтынушы кәсіпорындардың толық не

2 таблица. Соңғы жылдардағы зиянды заттарды атмосфераға
Барлық лақтырыстары
Ластайтын заттар 1997 ж. 1998 ж. 1999 ж.
Барлығы 17,395 16,733 13,657
Қаттысы 11,580 11,082 8,707
Сұр қототық 4,830 4,648 3,949
Азот төтығы 0,985 1,003 1,001

жартылай тоқтап қалуы. Отынның (көмірдың) шығыны жылдан жылға азаюда.
Степногор ЖЭО-ы үшін мүмкіндік шегі барынша жақындатылған лақтырыс
(ПДВ) нормативі дайындалып, экологиялық тексерістен өткізіп, 1997 жылдың
желтоқсанында келісілген. Бірақ ПР және ООС Министрлігі берген, зиянды
заттардың атмосфераға лақтырылуына рұқсат етілуі туралы мәліметтер,
пайдалану мерзімі 1997 жылы біткен мүмкіндік шегі барынша жақындатылған
лақтырыстың ескі тонынан алынған.
Мүмкіндік шегі барынша жақындатылған лақтырыстық (ПДВ) нормативтер
жобасымен қамтылған іс-шаралардан басқа, ЖЭО-да атмосфераға зиян заттар
лақтырысын қысқарту сияқты қосымша шаралар дайындалған.
Сонымен, соңғы жылдары күлаулағыш қондырғыларды кезекті және ірі
жөндеуден өткізу шығыны төмендегідей:
– 1997 жылы – 9,856 млн. теңге;
– 1998 жылы – 220 млн. теңге;
– 1999 жылы – 180,390 млн. теңге.
Қәсіпорынға күлаулағыш қондырғылардан кейін құбырлар арқылы
қойыртпақтар түсебарлығы, жалпы ауданы 228,6 гектарды құрайтын, 4 күл
төгетін орын бар.

1. Степногор қаласының географиялық жағдайы

Степногор қаласы географиялық жағдайы бойынша Ақмола облысының
солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала мен оған қарасты поселкелер
аумағында, негізгі бөлігі қазіргі кезде жұмыс істемейтін, 140 табиғатты
пайдалану орына бар. Оның ішінде 58 өнеркісіп орындары мен мекемелер, 17
ақылы автотұрақ, 14 жыл мөлшеріндегі 14 КАЖС (КАЗС), 25 КСК, 11 сауда
саттық кәсіпорыны, 8 бау-бақша қоғамы, 4 гараж кооперативі, 13 ауыл
шаруашылығы, оның ішінде 3 жұмыс істейді.
Қаланың ең ірі кәсіпорындары КазСабтон ЖАҚ-ы, АҚ Казақстан, СПЗ
Ақ-ы, СУС ААҚ-ы, ЖШБ ЦБК, Акватранс ААҚ-ы, Биопрепарат ААҚ-ы, ЖШБ
Кридано.
Еңірі кәсіпорын болып КазСабтон ЖАҚ-ы есептеледі. 1999 жылы ол
мынандай бөлімшелерге бөлінді:
– Гидрометаллургиялық зауыт;
– Химиялық зауыт;
– Степногорлық ЖЭО;
– № 1 кен басқармасы (Сандықтау ауданы);
– Теміржол тасымалдау цехы;
– МТС базасы;
КазСабтон ЖАҚ-ғы қоршаған ортаға ықпалының 1999 жылдың 1 қаңтары
бойынша жасалған талдаудың көрсеткіші
а) Атмосфералық ауа:
– атмосфералық ауаны ластайтын объектілер саны-6;
– лақтырыс көз саны – 124; оның ішінде станционалық – 124; оның ішінде
ұйымдастырылғаны – 101, ұйымдастырылмағаны – 23;
Жалпы станциоарлық арнадан шыққан лақтырылыс саны 10360,77 тоннаны
құрайды.
б) Жер, қалдық.
Барлығы 24230,3 мың тонна қалдық жиналған
в) Гидросфера
Барлығы 10,21 млн.м³ су жұмсалды
г) Радиация.
Барлығы активтілігі 27,996 кюриді құрайтын 23834 тонна радиоактивті
қалдықтар жиналды.

3 таблица. Атмосфераға лақтырылатын ластағыш заттар тізімі 2001
жылғы көрсеткіш бойынша (қысқартылған сөздер
аударылған жоқ)

Заттың Ластайтын заттың ПДК, млгм³ ОБУВ Қауіп Заттың
козы аталуы млгм³ классы лақтырысы
тжыл
М.р. С.с.
1 2 3 4 5 6 7
Мүмкіндік шегі барынша жақындатылған концентрация ПДК, м.р.
0143 Марганец 0,01 0,001 – 2 0,018
0301 Азот қостотығы 0,085 0,04 – 2 1066,734
Дүркін лақтырыстар
0301 Азот қостотығы 0,085 0,04 – 2 2,863
0304 Азот тотығы 0,4 0,06 – 3 0,465
0328 Күйе 0,15 0,05 – 3 1,57
0330 Күкертті ангидрид0,5 0,05 – 3 23,876
0337 Көмірте 5 3 – 4 13,266
2904 Мазуттық күл – – – 2 0,626
(ванадиймен
есептегенде)
Барлығы 42,666
Өндіріс бойынша 17517,7
Оның ішінде жылжымалы коздерден шығатын лақтырыстар 7,422
Қосарланған топтар:
6009 Азот қостотығы + күкіртті ангидрид
6039 Күкіртті ангидрид + фторлы
6041 Күкірт қышқылы – күкіртті ангидрид
6043 Күкіртті ангидрид – күкіртсутегі
6303 Өмиенген заттар қосындысы: темір тотығы + кальций тотығы +
хлорлы натрий + күйе + өмиенгег заттар + шаң: неоорганикалық
(20-40% же 20%-дан төмен кремний қостотығы

2. Пайдаланылатын газ тазартқыш қондырғыларға
қысқаша мінездеме

Булы газдарды қатты бөлшектерден, жартылай, күкірт қостотығынан,
тазалау әрбір ЖЭО қазандықтарының, вентури құбырымен алдын ала қосылған
күлаулағыш қондырғылар мен МПВТИ типті тамшыаулағыштары бар, сулы
күлаулағыштарда жүзеге асады.
Әрбір қазанға қатар 4 аппараттан қосылған.
Сулы күлаулағыштар вентури сушашқыш құбырлармен тамшыаулағыштардан
тұрады.
Шаңдатылған газ ағымы конфузорға келіп түседі. Ол жерде оның
жылдамдығы бірден жоғарылайды. Диффузорда, керісінше, газ ағымының
жылдамдығы азалды, статикалық қысым бөлімдері қалпына кее бастайды же күл
бөлшектерінің жылдамдығы азалды. Орташа диаметрі Вентури құбырларының
ауызындағы құрылысымен, судың қысымымен, газдардың жылдамдығымен
анықталатын ұсақ тамшыларға айналатын, механикалық форсункалардың көмегімен
берілетін, бүркелмелі су конфузор аумағына беріледі. Су тамшылары мен
бөлшектері әртүрлі жылдамдықта болады. Сондықтан олар Вентури
құбырларының бойымен ағу кезінде соқтығысады же коагуляцияланады. Ауланған
күлді тамшылар тамшыаулағышта тұнады.
Пайдаланылған су пульпа күйінде гидрокүлтазарту (ГЗУ) жүйесіне
лақтырылады, ал күлден тазартылған түтінде газдар түтінсорғыш арқылы
атмосфераға шығарылады.
Күлаулағыштардың техникалық жағдайы жақсы. Олардың жұмысын станция
қызметкерлері үнемі қадағалап отырады. ЖЭО-ның күлаулағыштарыны
мінездемесері же олардың эксплуатациялық көрсеткіштері таблицада
көрсетілген. Түтін газдарының күлден тазартылуының орташа эксплуатациялық
дәрежесі 92-96% құрайды. Күкіртті ангидридтің аулану дәрежесі, бүркұлетін
су сілтісінің төмен болуына байланысты, үлкен емес, орта есеппен станция
бойынша 3%-ды құрайды.
Атмосфераға көміршаударының лақтырысына жол бермеу мақсатымен көмір
төгілген жерлерге, ЦП7-40 типті желдеткіштер мен Ротоклон типті
шаңаулағыштардан тұратын, вакуумды-аспирациондық қондырғылар қарастырылған.
ЖЭО жүйелерінің аспирациондық шаңаулағыштарындағы орташа тазарту дәрежесі
паспорт көрсеткіші бойынша 68-78%-ды, ал сынақ көрсеткіші бойынша 56,7-тан
99,8% құрайды. Лақтырысты есептеу кезінде паспорт көрсеткіштері
пайдаланылады. Біріккен қосымша корпустың ағаш шеберхана учаскесінде ағаш
маңынан тазартатын, ЦН маркалы циклон жалғанған қабылдағыш бункері бар,
жасанды циклон орнатылған. Қондырғыларға сынақ жасалмаған. Берілген участок
бойынша тазалау дәрежесі 60%-дан аспайды.

3. Өндірістік даму перспективасы

Өндірістің перспективтік дамуы жағынан 2002-06 жылдар аралығында ЖЭО-
да жоспарланып отырған жұмыс ауқылы, қысқы максимум тәртібі бойынша, 2001
жылғы жетістіктер деңгейінде қалады.
Жазғы минимум тәртібінде жұмыс істеу кезінде қосымша КИ-2 қазанының
іске қосылуы көзделіп отыр. Тапсырыс берушілер лақтырыс нормативін
белгімген кезде КИ-2 қазанын № 2 түтін құбырларына ауыстыру
мүмкіншіліктерін ескеруді ұсынды.
ЖЭО-ы 2002-06 жылдар аралығында жанармайды пайдалану бағдарламасында
энергетикалық комплекстің көмірді пайдалануын 538 мың тоннадан бастап, 2005-
06 жылдары 866 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сужылытқыш
комплекс осы уақыт аралығында көмірді пайдалануды 11 мың тоннадан 24 мың
тоннаға дейін өсіреді.
Жанармайды пайдалану мөлшері ЖЭО-ғы шығаратын электр энергиясын тарату
рыноғының кеңейуін ескере отырып анықталды.
Жылдық пайдаланудың өсуіне байланысты ашық қоймада сақталатын көмірдің
көлемін 50 мың тоннаға дейін өсіру.
Болашақта қосымша жанармайдың пайдаланыуын өсіру де жоспарланып отыр.
2002-06 жылдар аралығында ЖЭО-да жанармайдың пайдалану бағдарламасы
қосымшада келтірілген.

2003 жылғы ЖЭО-ның қазандарының лақтырысы, кәсіпорының жылдың 6 айы
боынша көрсетілген жанармайдың нағыз мінездемелерін ескере отырып,
есептелген.
Ал келесі есеп үшін, ең нашар көрсеткіштері бар, өткен жылдың
мінездемелері алынды.

4. Апаттық же дүркін лақтырыстар мінездемесі

Щаңаулағыш мазут қазандықтарының жұмыс тәртібінде жүзеге асатын дүркін
лақтырыстар КазСабтон ЖАҚ-ның Степногор ЖЭО-дағы технологиялық
процестерінің құранды бөлімі. Қазандықтар жұмысқа күнделікті және,
белгіленген график бойынша жасалатын, ірі жөндеулерден кейін қосылады.
Қазандықтар жылу дәрежесі номиналдылығы 30% шамасына жеткенше
жағылады. Жылу беру мерзімінің басталуына байланысты алғашқы жүргізу
операциясының ұзақтығы 2 сағатты құрайды. Су жылытқыш ВК-4 қазандығын
жіберу операциясының ұзақтығы 4 сағат. Ылғалды сақтау бөлімдеріне өз
бетімен келіп түсу жұмыстары кезінде жіберу операцияларының ұзақтығы 8-10
сағат аралықтарында. Сақтау кезінде лақтырыстар, тұздар болмайды. Түсіру
кезінде шаң, натрий хлориды бөлінеді.
Сұйық реагенттер қоймасында аммиак суы же күкірт қышқылы жабық
ыдыстарда сақталады. Ластайтын заттар лақтырысы болмайды.
Степногорлық ЖЭО-ның ашылғаннан бері 4 күлтөгетін орыны бар. №№ 1-2
күлтөккіш орын культиваторланған. № 3 – сумен толтырылған. № 4 күлтөккіш
орын қазір қолданылады. Оның жөндеуден кейін іске қосылған уақыты – 2000
жылдың шілдесі. Жоба бойынша толтырылу уақыты – 2006 жылдың шилдесі.
Күлтөккіш орынның ауданы 624 мың м². Күлтөккіш орынның бетін сумен толтыру
ауданы 90%-дайды құрайды. Күлтөккіш орындар ЖЭО-нан 3 км-дей батысқа қарай
орналасқан. Күлтөккіш орындар бір жерде шоғырланғандықтан, инвентаризация
кезінде ЖЭО-нан бөлек орын белгіленбеген, оған 6024-ы нөмірмен белгіленген.
КазСабтон ЖАҚ-ның Степногор ЖЭО-дағы өндіріс аумағында орналасқан
лақтырыс көздерін инвентаризациялау 2002 жылдың 1 қаңтарында жүргізілген.
Инвентаризация кезінде 24 ұйымдастырылған же 24 ұйымдастырылмаған ластағыш
заттар лақтырыс көздері анықталған. Барлығы осы аумақта 115 бөліп шығару
көздері бар.
Жалпы лақтырыстар ішінде 21 ластағыш заттар және, зиянды заттарды
біріктіретін қасиеттері бар, 5 заттар тобы кездеседі.
Атмосфераға лақтырылатын ластанған заттарға тжыл сандық мінездеме
негізгі 2001 жыл бойынша орта есеппен алынған жанармай мінездемесі бойынша
анықталды.
Апаттық жанармайды және күлаулағыш қондырғыларды тоқтатуды қолдануға
байланысты болатын апаттық лақтырыстар ЖЭО-да орын алмаған.
Степногор ЖЭО-да қазандықтарды және шырақтарды жағу үшін, Павлодар
мұнайхимиялық зауыты ЖАҚ-ы шығарған, жағуға арналған мазут қолданылады.
Мазуттың жану процесі мазуттық күлдің, күйенің, азот же көміртегі
тотықтарының, азот қостотығы мен күкірттің бөлінуімен қатар жүреді. Жану
қалдықтары түтін мұржалары арқылы шығарылады.

2. ЖЭО-ның күл-қоқыс қалдықтарының п балу
же орналасу мөлшерін есептеу

ЖЭО-ның күлтөккіштегі қалдықтардың пайда болуы мен орналасу мөлшерін
есептеу үшін мынандай мәліметтер алынды:
– шығарылатын отын күлінің үлесі – 95%;
– шығарылатын отын (шлак) қоқысының үлесі – 5%;
– шығарылатын күлдегі жанармай құрамы – 6,6%;
– шығарылатын қоқыстағы жанармай құрамы – 11,8%;
– көмірдің күлденуі (Ан) – 44,1%;
– электростанциядағы отынның газдық шығыны – 731 мың т.;
– күлаулағыштағы ауланатын түйір бөлшектер үлесі (С – 0,96);
– Мпр = Мобр :
– Күлтөккіштегі жиналған күлтотығының толық мөлшері (Мнас) 9216,3 мын
тоннаны құрайды.
– Мисп = 0;
– қалдықтардың тиісті мөлшердегі орналасуын жонге келтіруді жүргізу
жылы – 2001 жыл
– күлтөккіштегі күл-қоқыстарды қоймалауды бастаған жыл – 1996 жыл;
– Ластағыш заттардың көшуін төмендету коэффициенттері;
– Жер асты суларға (кв) = 0,81;
– Топыраққа (Кn) = 0,73;
– Күлді атмосфераға тарату (Ка) = 0.87.
Есептеу бөлімі
1. Күлдің жалпы жылдық шығуын анықтаймыз:
Мжалпы = = 327,9 мың тонна.
2. Жылдық күл аулау:
Мкүл = 327,9 * 0,96 = 314,8 мың тонна.
3. Бөктерлердің жылдық шығысын анықтаймыз:
Мбөктер = = 18,3 мың тонна.
4. Күл-қоқыстық материалдардың пайда болуының жылдық мөлшері:
Мп болу = 314,8 * 18,3 = 333,1 мың тонна.
5. ОП нормативтік санын анықтаймыз:
Мнорм = 13 * 333,1 * (0,81 + 0,73 + 0,87) * 1,0 = 267,6 мың
тонна.
6. 2001 жылдың басына сәйкес, жиналған өндіріс қалдықтарының нақты саны:
Мнак.ф = 9216,3 – 0 = 9216,3 мың тонна
7. ОП жылдық орта жиналған сан есебінің коэффициентін есептеп шығарамыз:
Кхр = 1 + = 1,079 мың тонна
8. Қалдықтарды қоймалаудың нормативтен жоғары саны:
Мжоғары = (333,1 – 267,7) * 1,079 – 0 = 70,56 мың тонна
Шешім: сонымен, жоғарыда көрсетілген есеп бойынша, қоршаған орта
компоненттер ластану деңгейінің өсуі келесі жағдайды тудырады: жинақтауға
берілген күл-қоқыстың жылдық көлеміне қарағанда орналастыруға рұқсат
етілген қалдықтар көлемін төмендету қажет.
2.1 2002 жылдың 1 қарашасына байланысты күлтөккіштердің техникалық қалпына
есеп беру.
№ 2 күлтөккіш
Іске қосылған мерзімі – 1972 жыл
Алып жатқан ауданы – 61,0 га
Көлемі – 3,4 млн.м.куб
Қоймалау – 1878,5 мың тонна
Толтырылған уақыты – 1982 жыл.
№ 3 күлтөккіш
Іске қосылған мерзімі – 1982 жыл
Алып жатқан ауданы – 57,3 га
Көлемі – 4,33 млн.м.куб.
Қоймалау – 2392,3 мың т.
Толтырылған уақыты – 1989 жыл
№ 4 күлтөккіш
Іске қосылған мерзімі – 1982 жыл қыркүйегі.
Алып жатқан ауданы – 67,3 га
Көлемі – 5,47 млн.м.куб.
Қоймалау – 3116,4 мың т.
Толтырылған уақыты – 1996 жыл наурыз
№ 3 күлтөккіш (жөндеуден кейін)
Іске қосу мерзімі – 06.03.96 жылы.
Көлемі – 1,306 млн.м.куб.
Қоймалау – 1270,4 мың т.
Толтырылған уақыты – 15 шілде 2000 жыл
№ 4 күлтөккіш (жөндеуден кейін)
Іске қосылған мерзімі – 2000 жыл шілде
Көлемі – 2,4 млн.м.куб.
Қоймалау – 114,009 мың т.
Толтырылған уақыты –2000 жыл шілде.
2002 жылдың қараша, желтоқсан айлары бойынша ЖЭО-ы 139124 т. Көмір
жақпақшы 2002 жылдың үшінші кварталы бойынша күлдену Ар = 41,7% құрады.

Қалдықтарды (күлдер мен қоқыстарды) қоймалаудың жалпы саны 58015
тн. құрайды.
2003 жылдың қараша, желтоқсан айлары бойынша шығарылатын күл-
қоқыстарды қоймалау үшін қажет көлем 65003 куб.м-ді құрайды.
№ 4 күлтөккіштің толтырылмаған көлемі 2320,597 мың куб.м.
2004 жылға ЖЭО 731008 тонна көмір жағуды жоспарлап отыр. Күлдену Ар =
44,1%.
Қоймаланатын күл-қоқыстың жалпы саны 333100 т. құрайды.
2004 жылы шығарылатын күл-қоқыстарды қоймалау үшін қажет көлем
373221,3 куб.м-ді құрайды.
№ 4 күлтөккішті толтырған кезде 2002 жылдың шілдесінен бастап 2003
жылдың алғына дейінгі аралықта қалатын бос орынның көлемі 1947,4 мың куб.м.
(бұдан 243214 куб.метрді құрайтын, шандорлы құдықтың алатын көлемін алып
тастағанда Күлтеккіштердің жобалануы же құрылысы анықтамасынан).
Күлтөккіштің жаппай толтырылуы жұмыс істеу тәртібіне байланысты 2003 жылдың
жоспарына пара-пар болмақ-күлтөккіш 4-5 жыл аралығында күлмен толтырылады.

2.2 Қалдықтардың мінездемесі

А) Қалдықтардың (өнімнің) аталуы:
– күл мен қоқыс
Б) Қалдықтар пайда болатын технологиялық процесс:
-күл мен қоқыс СС маркалы Екібастұздың тасты көшірін энергетикалық
же сужылтқыш қазандықтарда жағу процессінде пайда болады.
Сапасы жайлы куәлік АР негізінде.
2002 жылдың қазан айы бойынша Екібастұз көмірінің күлденуі 44,1 %-ды
құрады.
Материалдық балансты есептеу үшін күлденуді 44,1%-ға тең деп аламыз.
Көмірдің күлденуі (44,1%) + ыстық қоспа (55,9%) = көмір (100%).
В) Физикалық мінездеме (өрттіқ қауіпсіздігі, агрегаттық қалпы,
ерігіштігі, булануы, ылғалдылығы же т.б.):
– күл-өртке кауіпсіз, буланбайды, ерімейді, жарылмайды.
Арақатынасы Ж:Т = 30:1 диаметрі 377 мм күлқұбыры бойынша
гидротранспортпен тасымалданады. Көлеу кезіндегі сусыздандырудағы қалған
ылғалдылығы 20-25%-ды құрайды.
Булануы: фракция құрамының пайызы 0,1 мм – 90% қалдықтардың ұсақ.
Г) Қалыптасуының, пайдалануының, қауіпсізденуінің же сақталуының
жылдық көлемі:
– жылдық көлем тоннамен:
2003 жыл:
барлығы 333100 т
оның ішінде күл 314800 т
қоқыс 18300 т.
Қолдану, қауіпсіздендіру көлемі – жоқ, сақтау – 100%.
Д) Пайдалану мен қауіпсіздендірудегі қолданылатын технологиялар
жайлы қысқаша мәліметтер:
– пайдалану мен қауіпсіздендіру технологиялары жоқ.
Е) Қалдықтарды жинау, тасымалдау же сақтау жүйелеріне мінездеме:
– қоқыс ванналарында жиналады, күл Вентури МС-ВТИ тұрбалары арқылы
өтіп, скрубберларда тұнады. Күл мен қоқыс каналдар арқылы қабылдағыш
камераға түсіп, одан 377 мм диаметрлі бес күлқұбырлар арқылы багерлік
сорғыштармен № 4 күлтөккішке жіберіледі.
– Су тұндырылып, тазартылғаннан кейін күл алу жүйесіне одан эрмен
пайдалануға беріледі.
Ж) СС маркалы Екібастұз көмір жаққаннан пайда болатын, РИТЦ
лабораториясы анықтаған қалдықтардың толық химиялық құрамы:
1. алюминий (оксид Al2O3) 26,16%
2. барий (оксид BaSO4) 0,04%
3. ванадий (оксид V5O5) 0,05%
4. темір (оксид Fe2O3) 6,27%
5. кальций (оксид CaO) 1,66%
6. кобальт (оксид CoO) 0,0006%
7. кремний (оксид SiO2) 62,4%
8. магний (оксид MgO) 0,69%
9. мыс, жез (оксид CuO) 0,0008%
10. машбден (оксид MoO) 0,0007%
11. қорғасын (оксид PbO2) 0,0003%
12. титан (оксид TiO2) 0,41%
13. фосфор (оксид P2O5) 0,21%
14. хром (оксид Cr2O3) 0,0003%
15. цирконий (оксид ZrO2) 0,02%
16. тескен кездегі шығындар 1,7%
17. В,С 0,000045%
18. В 0,00067%
19. Sn 0,0027%
20. Ni 0,0011%
21. марганец (оксид MnO2) 0,06%

3. ЖЭО-ғы өндіріс қалдықтардың улылығын анықтау

Соңғы қоспаларда ең қауіпті элементтер болып мышьяк, молибден,
сульфат – ион болып саналады. Пульпаның сұйық фазасында олардың құрамы 30
млгл, 50млгл же 25 млгл – жетеді. Сұйық түріндегі уранның орташа құрамы
ауыз суы үшін (0,25 млкг) мүмкіндік шегі барынша жақындатылған
концентрациядан (ПДК) көтерілмейді, сондықтан территорияны уранмен ластау
мүмкіндігі шамалы. Дегенмен, өнім ерекшелігін есепке ала отырып, уранның
анализ көрсеткіші таблицада келтіріліп отыр.
Таблицадан көріп отырғандай, топырақтағы мышьяктан басқа,
элементтердің орташаланған мағыналы концентрациясы мүмкінндік шегі барынша
жақындатылған концентрациядан (ПДК) аспайды.
Мышьяктың топырақты ластау деңгейі (d)
d = = =1,18 құрайды.
Мышьякпен жалпы ластау деңгейі (d)
dn = 1 + ахd = 1 + 1 * 0,18 = 1,18 құрайды,
мұнда: d – деңгейдің мүмкіндік шегі барынша жақындатылған
концентрациядан (ПДК) жоғарылады.
а – бірінші класты қауіптілік үшін тиімділік коэффициенті 1 тең

(мышьяк қауіп класы).
Мышьяктың топыраққа ауысу дәрежесін есептейтін төмендетілген
коэффициент:
Кn = = = 0,92 құрайды.
Жиналған қалдықтардың жылдық массасы
Мхрн = = = 14292812 т. құрайды.
Қоймалауға (Мскл) жөнелтілетін ОП жыл бойғы көлемі, берілген
жағдайда, қалдықтардың жыл бойғы пайда болуына сәйкес болады.
Мскл = Мобр – Мисп … жалғасы