Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жолдасына деген сезімін білдіріп, алғысын жаудырды.
«Менің жігітім — жігіттердің төресі. Мені қасымен отырғызып, қасымен тұрғызады қасына. Өзімді Ұлы Қытай қорғанының арғы бетінде тұрғандай сезінемін. Көңілдеріңіз көтерілсін деп қалжыңдап жатқаным ғой, егер шын айтар болсам, мен Қайрекеңе өмірімдегі барлық тыныс белгі үшін рақмет айтамын. Мені бақытқа бөлеген шақтарың үшін, маған арнаған әдемі мақтауың үшін, дені сау қос ұлым үшін, отағасынан бөлек достығың үшін, қамқор болған көңілің үшін, бізге барлығымызға арнаған өмірің үшін рақмет!»-деп жазған.