Күз балалары туралы қызықты фактілер

0

Күз балалары туралы қызықты фактілер

Көптеген зерттеулер қарашада дүниеге келген бала бақытты билет ұтып алғандығын айтады. Күз балалары туралы қызықты ғылыми фактілер ұсынамыз.

1. Олардың денсаулықтары мықты

Күздің ортасында және соңында дүниеге келген сәбилер көктемнің соңы мен жазда туылған балаларға қарағанда ірілеу болып келеді. Early Human Development журналында бұл айырмашылық жасы өсе келе де сақталатындығын жазады: күз балалары 7 жасында да орташа есеппен өз құрдастарына қарағанда ұзын немесе ауыр болып келеді.

Ғалымдар оны анасының жүкітілік уақытымен байланыстырады, оның жүктілік кезеңі нағыз шуақты уақытқа келеді. Анасы да, іштегі нәресте де Д дәруменін артық мөлшерде алады. Ал бұл дәруменнің ағзаға пайдасы туралы білеміз. Баланың туылған кездегі салмағы оның ары қарай дамуына және болашақтағы денсаулығына үлкен әсер береді.

2. Олар құрдастарына қарағанда күштірек

Мектеп оқушыларының спорттық қабілетін зерттеу барысында қарашада туылған балалар сәуір, мамыр және маусымда дүниеге келгендерге қарағанда орта есеппен физикалық жағынан күштірек екені анықталған. International Journal of Sports Medicine журналында олар құрдастарына қарағанда физикалық дайындық тестін 10-15%-ға жақсы тапсырғандығы жазылды.

3. Олар жиі «бозторғай» болып келеді

Итальян ғалымдарының зерттеулері бойынша, қараңғы мерзімде, яғни күздің аяғы мен қыстың басында дүниеге келген балалар басқаларына қарағанда ерте ұйықтайды екен. Сонымен қатар, олар ерте тұрып алады.

4. Олардың арасында солақайлар көп

Вена (Австрия) Университеті зерттеулерінің нәтижесі бойынша, қараша мен қаңтар аралығында туылған ұл балалардың солақай болу ықтималдылығы жоғары екен.  

5. Оларда ұзақ өмір сүруші болуға барлық мүмкіндік бар

Чикаго Университетінің зерттеулері бойынша, 100 жас немесе одан көп жасаған адамдар қыркүйек-қараша айларында дүниеге келген.

«Қаншалықты ұзақ өмір сүресіз, бойыңыз қанша, мектепте қалай оқисыз және т.б ерекшеліктер – мұның барлығы жұлдыз жорамалға емес, жылдың қай уақытында дүниеге келгеніңізге байланысты», — деп түсіндірді Оксфорд Университетінің қызметкері, атақты нейробиолог Рассел Фостер.