Курстық жұмыс: Туризм | Туризм саласы

0

Мазмұны

Кіріспе
I-.Тарау. «Туризм» Қазақстандағы басты сала.
1.1.Туризмнің ерекшеліктері.
1.2. Қазақстандағы туризм жағдайы.
II-Тарау.Туризм саласын дамыту жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Туризмнің негізгі анықтамасы 1963 жылы Рим конференциясында қабылданған.Турист барған елінде 24 сағаттан астам уақыт болатын уақытша саяхатшы.Егер уақытша саяхатшы барған елінде 24 сағаттан кем болса онда оны экскурсант деп атайды.Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді,яғни бос уақытты тыс жерде өткізу.
Туризмнің көптеген түрлері болады.
Ішкі туризм деп – бір елдің териториясында өздерінің туристерінің қатысуын жүзеге асыратын қызмет.
Халықаралық туризм деп – бір елдің туристерінің басқа елдің териториясында қатысуын жүзеге асыратын қызмет.Туристік қызметтерді басқа басқа елдің териториясында ұсыну шығу туризімен байланысты, ал басқа елден келген туристерге елдің белгілі бір териториясында туристік қызметтерді көрсету немесе ұсыну келу туризімімен байланысты.
Жоспарлы туризм ұйымдастырылған тур-агенттіктер мен тур-операторлардың көмегімен жүзеге асырылатын кез-келген туризмнің түрі.Жоспарлы туризм арнайы заңдардың, нормативті актілердің негізінде мемлекет деңгейінде реттеледі және жаппай туризімнің әлеуметтік индустрияның негізін құрайды. Кез-келген туризмнің негізін қалаушы, брондау, тасымалдау, тамақтандыру, орналастыру, көңіл-көтерусияқты шаралар алдын-ала туристке белгілі болады.
Өз бетінше жүзеге асырылатын туризм егер туристер өз саяхатын ұйымдастыруда белгілі бір кәсіби ұйымдастырушыға сұраныс жасамайтын болса ,онда оны әуесқойлық немесе өз бетінше жүзеге асырылған туризм деп атайда.Бұл туризмнің түрін жүзеге асыру барысында турист туристік маршрутын кез-келген уақытта өз қалауынша айналада қалыптасқан жағңдайға байланысты өзгертіп отырады. Әуесқойлық туризмде турист өз қалауынша жасай алады.
Жоспарлы және әуесқойлы туризмдер топтық және жеке-дара болады.
Әлеуметтік туризм дегеніміз қоғамдағы мектеп оқушыларының, жастардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің, соғыс және еңбек ардагерлерінің демалысын ұйымдастыруда қайырымдылық, мемлекеттік, мемлекеттік емес қорлардың есебінен жүзеге асырылатын кез-келген әлеуметтік сипаттағы туризмді атаймыз. Негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттың денсаулығын жақсарту, адам ресурстарының сапасын жақсарту.
Жалпы көптеген өз жерінен ештеңе өндірмесе де тек туриз мен саяхатты дамытудың арқасында ғана байлыққа белшеден батып отырғаны баршаға белгілі. Бұл орайдағы еліміздегі осы бағыттағы үрдіс кейінгі жылдары қайта өркендеп, қанат қаға бастады. Алматы қаласындағы
« АТАКЕНТ » сауда орталығында « Туризм және саяхат », « КИТФ – 2004ж » қазақстандық төртінші халықаралық жәрменкенің өтуі осы сөзіміздің айғағы. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Үкіметі, Бүкіләлемдік Туристік ұйым ( WTO ), Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Алматы қаласының әкімі қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ұлыбританияның халықаралық көрме компаниялары мен оның Қазақстандағы әріптестері де белсене атсалысты.
Соңғы он жыл ішінде қазақстандық саяхатшылардың жағрапиялық ауқымы кеңейе түсті. Сонымен қатар өз еліміздегі де экологиялық, мәдени – танымдық , емдеу- сауықтыру, шытырман туризм, Ұлы Жібек жолы бағыттарына да басқа ел азаматтарының қызығушылығы артып келеді.1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық туристік ұйымға толық мүшесі болып ендіп «Ұлы Жібек жолын» Қазақстан тариториясында дамыту туралы жоспар қабылданды.Қазақстандық туристік « КИТФ » жәрменкесінің WTO шаралар жоспарына енуі де осыны айғақтайды. WTO Бас хатшысы Ф.Франжиаллидің айтуынша, Көрме Қазақстанның туристік күш қуатының молдығына аңғартады. Оның негізінде көркем де көрнекті, көне тарихи мұраға байлығы және қазақ халқының игі салт-дәстүрлері жарқырай көрінедітін қонақжайлылығы жатыр.« АТАКЕНТ » сауда орталығында өткен жәрменкенің ашылу рәсімінде WTO- ның аймақтық өкілі Луйджи Лабрини, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агентігінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов және басқа аймақтардан келген ресми өкілдер қатысты. Келген қонақтар жәрменке бағдарламасына сәйкес еліміздің бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізіп, қала қонақжайлылығына куә болды. Олар сонда өткізілетін WTO аймақтық комиссияның кезекті мәжілісі өткізілетін орында таңдалды. Аталмыш басқосуға біздің елден басқа Украйна мен Португалия қатысуға ниет білдіре отырып жәрменкенің ашылуына еліміздің тиісті орындарының тыңғылықты дайындалғандығы байқалады.Қонақтарды « Қазақстанның туристік картасы » театрландырылған қойылымы таң-тамаша етті. Мұнда ұлттық киім үлгісін паш еткен қатысушылар қазақ халқының тарих белестерінен нақты көріністер жеткізіп, ұлттық мәдени орталық өкілдерінің концерттері арқылы 100 – ұлттың басын қосқан жомарт еліміздің бүгінгі келбетін кескіндей білді. Мыңға жуық өнерпаз қатысқан бұл тамашаға келген қонақтар риза болды.
I-.Тарау. «Туризм» Қазақстандағы басты сала.
1.1.Туризмнің ерекшеліктері.
Туризмнің әрбір елдің экономикасы мен әлеуметтік – қоғамдық өмірінде орны ерекше.Оны өркениетті елдер әлде қашан ұсынып, осынау үлкен мәселеге айналдырып көңіл бөліп отыр.Кез-келген мемлекеттің халықаралық байланыстар мен экономикасын дамыту барысында ұстанар бірден-бір жолы – туризм. Мұны деректер мен дәйектер дәлелдей алады. Мысалыға, бүгінгі таңда туризм саласы бүкіл әлемде мұнай өнімдері мен автокөлік сатудан түсетін табыстан
( пайдадан ) кейінгі үшінші орынды иеленеді екен.Демек, ішкі жиынтық өнімді орнықтыру, сыртқы сауда байланысын арттыру,жұмыс орындарының анағұрлым молырақ ашылуы секілді мәселелерде аталмыш сала жетекшілік рольде. Туризм мәселелеріге біздің Қазақстанда да мейлінше оңды көзқарас қалыптасып келеді. Еліміз бүкіл дүниежүзілік туристік ұйымға 1993 жылдан бері толық мүше. Мемлекетімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Оған нақты айғақ ретінде мысал қарастыра аламыз. Мәселен, соңғы екі- үш жыл ішінде республикамызға туристік сапармен келуші шет ел азаматтары екі-үш есеге артты десе болады. Бұл өзіміздің еліміздегі туризм саласы өркендеп белгілі бір сатыға келгенін көрсетеді. Мысалы, « Дауыл » туристік фирмасы 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Туристік оператор ретінде арнаулы лицензияға ие. Шет елдік туристерді қарсы алу, бір айға виза беру, өте жоғары маманданған туризм жөніндегі менеджерлер қызметін ұсыну кешенді күйде жүзеге асырылады. Фирманың өз жолбасшылары яғни басшылары шет ел азаматтары өз аудармашылары бар. Олардың кәсіби білім-білігі кез-келген талап талған деңгейінен шыға алады. Келген туристі қарсы алып, қонақ үйлерге орналастыру, мезгілімен тамақтандыру, қаланың көрікті серуен-саяхат жасату кәсіби шеберлікпен негізделген. Қаламызда және оның маңайында қаншама әсем жерлер бар. Міндетіміз – оңтүстік астанаға туристік сапармен жолы түскен шетелдік қонақтарды кереметтей әсер сезімге бөлейтін көрікті нысандармен таныстыружәне келген туристерді жоғары сапамен күтетін орта құру
(бірнеше жұлдызды қонақ үйлер, демалыс үйлері,ойынсауық орындары,т.б.).
Шетелдік туристерге Алматы қаласының көрікті жерлері мысалы: «Шымбұлақ »,« Медеу », «Көктөбе» және еліміздегі табиғаты айрықша жерлер: Көкшетау. Тау-түрген, Қапшағай, Шарын каньоны секілді қайталанбас ғажап демалыс орындары таныстырылды. Сондай-ақ, қаладағы келбетті орындар, тарихи маңызды зор сәулеттік жайларға саяхат жасау жүзеге асырылады.Осындай шаралардың арқасында туристік сапармен келген азаматтарының саны екі есеге өсті,табыс ауқымы да ұлғайды.Негізінде, елімізде қазіргі кезеңде жұмыс жүйелеуші туристік ұжымдар саны бес жүз алпыстан астам.Ал биылғы жылы мемлекетіміз туризмді дамытуға қомақты қаржы (32 млн 604мыңға жуық теңге) бөліп отыр.Бұл шара іс көлемінің ауқымдана түсуіне сөзсіз ықпал етеді.Енді еліміздің аймақтары арасынан Алматыға қатысты мәселені бөліп қарастырсақ,ару қаламызда көркем жерлер өте көп десек болады.Мысалы жоғарыда айтқан «Дауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туристік фирмасының бас директоры Б.Б. Тоқожаев былай деген екен:«-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі сан мәрте тиімділіктері мен басымдылықтарын сөз еткен туризм – ел экономикасына мейлінше пайда түсіретін сала. Сондай-ақ,Үкіметіміз қабылдаған «2003-2005 жылдардағы туризмді дамыту бағдарламасы» туризмнің қаншалықты маңызды екендігін анықтап отыр.Алматыға туристерді көптеп тарту. Ол үшін кез-келген игілікті шараларды ұйымдастыруға әзірміз,біз нақты, кешенді қызмет көрсете аламыз »,-дейді.Осы сияқты фирмалардың арқасында елімізде туризм саласы өркендеп келеді.Сондай-ақ еліміздегі, қаламыздағы туризм саласының дамуыүшін барлық мүмкіншіліктердің жасалып жатқаны сөзсіз.Бұны біз нақты деректермен айта аламыз.Қазір Алматыда 320 туристік компания іс жүйелейді.Қазақстанға,оңтүстік астанамызға деген туристер қызығушылығының арта түсуі әбден байқалады. Қаладағы тур-фирмалар туристік-саяхаттық қозғалыстың арта түсуі үшін әртүрлі шараларды қолға алуда.Мәселен, «Алтын күз» атты бірінші қалалық туристер слеті өтті.Жоғары оқу орындарында туристік факультеттер соңғы бағдарламалармен білім беруде.Қалалық Туризм департаменті туристік ұйымдар басшылығының білімін көтеретін кәсіптік курстар ұйымдастыруда, «Туризм және саяхат» көрмесін өткізу дәстүрге айналды.
1.2 Қазақстандағы туризм жағдайы.
Бүкілдүниежүзілік туризм ұйымы бас хатшысының орын басары Давид де Вильюс «Қазақстанның табиғаты өте керемет, экзотикалық болып табылады. Сондықтан, осы елде жергілікті туризмді жан-жақты дамытуды қолға алу керек»,-деп айтып еді елімізге келген кезде.
Қазақстанның адам қолы тимеген мөлдір табиғаты Батыста батыста талай адамдарды қызықтыратыны, таңдандыратыны сөзсіз. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарды көру, мөлдіреген бұлақтың салқын суына ләззаттану, биік шыңдарды бағындырыу шетелдік турист үшін табылмас олжа екені рас. Тіпті, Бурабай елде қайталанбас әсем табиғаты үшін « Қазақстанның Швйцариясы » деген ат алған. Сол сияқты оңтүстік өңірі көне тарихи қалалар мен ескерткіштерге бай өлке
Оңттүстік Қазақстан (Алматы обл. Жабыл обл. Оңтүстік-Қазақстан обл. Қызылорда облыстары.) – тарихи, мәдени ортағасырлық ескерткіштер (Айша-Биби мавзолейі,Қарахан, Бабаджа – Хатун мавзолейлері Тараз қаласындағы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тағы басқалар), Жетісу (Алматы обл.) жеріндегі көне қорғандар,қалалар және осы аймақта ғарыш кемелерін ұшыратын Байқоңыр космодромы орналасқан,тағы айта кететіндей осы аймақ өте керемет табиғаты мен ерекшеленеді бұл жерде дем алуға, аңшылық жасауға,тауларында шаңғы спортымен т.б. қызықты спорт түрлерімен айналысуға болады.
Батыс Қазақстан (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) Каспи маңы ойпатында орналасқан екінші дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен төмен жатқан Қарақия қазан шұңқыры бар.Сондай-ақ табиғаты аңшылық жасауға,су спортымен шұғылдануға және балық аулуаға әбден қолайлы.
Солтүсті Қазақстан (Қостанай, Солтүстік Қазақстан,Павлодар облыстары) – бұл аймақтың ландшафтсы, табиғи мүмкіндіктері көптеген туризмнің салаларына қолайлы мысалы: автокөлікпен, велосипет және суда демалу салалары сияқты. Көкшктау, Баянауыл, Мұялды курорттары емделіп демалу мүмкіндіктерін береді,Қорғалжын, Наурызым қорықтары ғылыми туризм жағынан қызығушылық туғызады.
Ал Орталық Қазақстан (Қарағанды облысы)дүние жүзіндегі ең үлкен көлдердің бірі — Бахаш көлінің, керемет Қарғалы таулы-орманды оазисінің маңында орналасқан.Бұл аймақта көптеген ескерткіштер сақталған онда археологиялық және этнографиялық объектілер сақталған.
……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!