Курстық жұмыс: Тарих | Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………….3
І – тарау. Жоңғар — қазақ қатынастары…………………………………………………………4
1.1. Ту ұстаушы батырлар (Қожағұлұлы Қабанбай, Құттынбетұлы Наурызбай)….7
1.2. Сырымбетұлы Хангелді, Хангелдіұлы Райымбек…………………………………………10
ІІ – тарау. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар.
2.1. Қырбасұлы Жауғаш, Толыбайұлы Олжабай, Тоқтыбайұлы Саңырық……………13
2.2. Өтеғұлұлы Өтеген, Өмірұлы Жасыбай, Бердәулетұлы Жәнібек…………………..17
Қорытынды……………………………………………………………………………………………………..21
Пайдаланыған әдебиеттер………………………………………………………………………………22
Сілтемелер тізімі……………………………………………………………………………………………..23

Кіріспе
Жонғар экономнкасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0,5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалдардан тұрды. Оток , сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы ұйымы қазақ жасақтарының әскери ұйымының құрылымна ұқсас болды. XVIII ғасырдың басына қарай Жоңғарлардың негізгі қауымдары Торғауыттар мен дербенеттермен Тарбағатай, Монғол Алтайы Ертістің жоғары ағысы жаңындағы қолайлы жайылымдары алып жатты. Бұл жерде Коряков форпосына дейін қоныстанды Қара ертіспен оның салалары бойында, сондай – ақ Қобда өзенінің алқабында хойоттар тұрды. Чоростар Іле өзенің жоғарғы және орта ағысы мен оның салаларымен алқабын мекендеді. Чоростардың шығыс жағында, Жоңғар алатауының беткейлерінде Хошоуыттар көшіп жүрді. Жоңға хандығының әлеуметтік — таптық құрылымы қатаң ирархиялық сипатта болды. Қоғамның саяси құрылымы рулық бөлініске сәйкес келеді. Жоңғар қоғамының үстемдік етуді сослвиесі хандар мен тайшылар еді. Руларды немесе әр түрлі қауымдық бөлімшелерді басқарған жайсандарда елеулі рол атқарды. Жоңғар хандығының мен саясаты өмірінде ламалық дін басылары ерекше ықпал етті. Ламалық діннің орталығы Лқаса болатын. Діні жағынан жоңғарлар қазақ қауымдарына қарама – қарсы тұғырда болды. Ұзаққа созылған соғыстар кезеңі ішінде Жоңғар жайсандары ұрыс қимылдарын жүргізудің өзіндік тактикасын жасап алды. Олар ұрысты ашық жерде дала бетінде жүргізуді артық көрді. Бұл орайда сан басымдылығын пайдаланды. Олардың өздері құс саңырығы мен күкірттен оқ дәрі өндіріп, қылышты сауытты , кіреукені дулығаны және басқаларын өздері дайындады.
І – тарау. Жоңғар – қазақ қатынастары
Қазақхандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі ишеленісуі туғызған аса ауыр хәлді бастан кешірді.Тәукехан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден кауіпсіздендірді. (1) Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша,:оның қарама-ғында 80 мынға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күреспен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды (2) оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Онтүстік батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Онтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандыктарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақхалқына шығыстан күшібасым, басқыншы әскери-феодалдық Жонғар хандығы тарапынан төңген еді.
Қазақ және жоңғар әміршілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді. Мал санынын өсуіне қарай көшпелілер мал шаруашылығы өндірісі үшін қажетті аумақты ұлғайтуға мәжбүр болды.5
Жоңғар қонтайшыларын жайылымдық жерлер мен оңтүстік Қазақстанның сауда-қолөнер орталықтарын қызықтырды. Оңтүстік Қазақстан қалаларын басып алу арқылы жонғар феодалдарына сауда-колөнер орталықтарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен байланыстырып жатқан керуен жолдары өтетін аумақты да иелену мүмкіншілігі ашылды.
Казақ және жонғар хандықтары арасындағы күрес барған сайын кескілескен және қан төгісті сипат ала берді.
Жоңғар хандығының XVII ғасырдың 90 жылдардағы Цин империясына қарсы соғысы жоңғарларға біраз құрбандықтар жасауға әкеп соқтырды. Бұл аумақтық мәселелерге адам ресурстарына , Галдан – Бошокту ханның қаза табуына байланысты еді. Оның орнына көрнекті мемлекет қайраткері дипломат қолбасшы Цеван – Робдан келді (1697 – 1727), қазақ халқының ауыр қысым көріп қасірет шегуі соның есімімен байланысты. Ол жиырма жыл бойы Мачжур әулетінің билеушілерімен , Циндік Қытаймен қақтығыстардан ебін тауып жалтара білді, және де ол Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күш жүгерін қазақ қоныстарын Тянь Шань қырғыздарын жерін, шығыс Түркістанды Саян Алтай ортасында және Барабин даласын қоныстанған халықтарды жаулап алуға бағыттады (3).
Сонымен Ұлы империя қысым көрсеткен Жоңғария өзінің басқыншылық ниетін Қазақстанға бұрды. Жоңғар феодалдары қазақтарға үсті — үстіне шапқыншылық жасап тұтқындармен малдарын айдап әкетті, жайылымдарымен мүлкін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы қайшылықтар мен ішкі алауыздықтар бытыратып әлсіреткен қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор қайғы қасіреті бастан кешірді.
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт озгерді: Қытай императоры Қанси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды (4). Ертіс бекініс шебінң құрылуына оайланысты Ресей үкіметі кандай да болсын нактыталап-тар коймады) Оқиғалардың қүтілмеген бетбұрысын жоңғар контайшылары мен тайшылары қазақжеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандықтарының бытыранқылығын пайдатанып және атындағы соғысқа мықтап дайындалып алған жонғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды.
Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жок, ол қазақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жонғарлардың бұл тендесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұкият дайындағаның мойындау керек 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындату барысында жоңғар ханы Цеван-Рабтанның елеулі рол атқарғаны да көрінді (5). Қазақтардың көптеген рулары мен қауымдары көшпелі шаруашылық үшін өмірлік мазмұны бар жұмыстар басталған сол бір ерте көктем кезінде жонғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзіремеседі. Оның үстіне, жонғардардың жеке деген жасастарының шйрек ғасыр ішіндегі жыл сайын деуге болатын шабуылына ұшырап халықтың-өзі моральдық, жағынан күйзеліс жағдайында болатын, ал көптеген сұлтандар мен рубасыдары бір-бірінен барған сайатын оқшауланып алғанды. Қазақстандың ауыздан — ауызға тарап келген аңыздарында бұл кезең “Ақтабан шұбырынды”, Алқакөл сұлама” деп аталады. Сөйтіп жонғар феодалдары қазақтарға қатты соққы беруге және қазақ жеріне, одан әрі Орта Азияға басып кіруге ұйғарды. Шабуыл жасауға 1723 жылдың көктемі таңдап алынды, қыс қыстаудан жүдеп шыққан қазақ ауылдары жайлауға көшуге дайындалып жатқан кез еді. Сол жылы қатты жұтболды.
1.1. Ту ұстаушы батырлар (Құттымбетұлы Наурызбай, Қожағұлұлы Қабанбай)
Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер.
Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарлы, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан болса керек (6).
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Торы ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды-солды ұрады деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.
Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінің, жау қолында қалған жерді азат етуге болатының анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс-тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым-қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім ақтар атақты батырларының біріне айналады.
Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-52 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұраннан асыра куып тастайды.
Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.
Қожағұлы Қабанбай (1703-1781) — жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе — жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі — Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен. Оның атасы Мәмбетте, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Ел ауызындағы әңгімелер дерегіне қарағанда, Күшік батыр Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына ұлы найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады.
Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери ірі қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы. Бұл — осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белесі.
Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді. Бұл кезде оның есімі ел арасының бітімгершілігінде жүрген дана, би ретінде айтылады.
Қабанбайдың Үмбетай, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атайды. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді.
Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762 жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін, Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеп жерленген көрінеді. Елі жақында аяулы батырының басына сәулетті күмбез орнатты….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!