Курстық жұмыс: Тарих | Хз.Омардың тұсындағы шайқастар

0

Мазмұны

І Кіріспе…………………………………………………………….3
ІІ Негізгі бөлім.
2.1. Хз. Омардың тұсындағы шайқастар…………………………………………………………..6
2.2. Хз. Османның халифтік кезеңі…………………………………………………………………10
2.3. Хз. Алидің тұсындағы оқиғалар……………………………………………………………….16
2.4. Омейядтар кезеңі…………………………………………………………………………………………25
ІІІ Қорытынды………………………………………………………………………………………………..29
IV Сілтімелер……………………………………………………………………………………………………30
V Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………………..31

Кіріспе
Алғашқы халиф кезінде Аравияның көптеген аудандарында жалған пайғамбарлар басқарған сепартистік бүлік араб қоғамындағы тайпаның қатардағы мүшелерімен феодал ақсүйектерінің арасындағы әлеуметтік қарама — қайшылықты көрсетті. Араб бұхарасын татуластыруда жаңа жерлерді басып алу саясаты басты құрал болды. Сонымен қатар халыкаралық жағдайда араб шапқыншылығына жақсы әсер етті. 602-628 жылдары бір мезгілде Иран мен Византиямен соғысты. 640 жылы Палестинаны, Сирияны, 640-642 жылдары Египетті, 649 жылы Карфагенді басып алды. 634-651 жылдары ИКанды бағындырып, Сасанид мемлекетін жойып жіберді. VII ғасырдың ортасында араб өскері Хазар жеріне дейін жетті. VIII ғасырдың басына дейін арабтар басып алған жерлерде жергілікті тәртіптің сақталуына мүдделі болды. Себебі күшті қарсылыққа тап болар еді.
Шапқыншылық барысында араб халқының көпшілігі жаңа жерлерге қоныс аударып, ол жердің халқын арабтандырды. Мысалы, Ирак, Сирия, Египет және Солтүстік Африкада осылай болды. Ал Закавказье, Иран және Орта керісінше арабтар жергілікті халыққа сінісіп, тілін, мәдениетін қабылдады.
Үлкен территорияны басып алу, одан түске байлық мүлік теңіздігінің тереңдеуіне және араб қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтың өсуіне жағдай жасады.Ол әсіресе, үшінші халифа -Османның кезінде қатты байқалды. Осман меюселік Омейял руынан болатын. Оның билігі кезінде жерді басып алу қолдау тауып, бар байлық ақсүйектердің қолына көшті. Оған халық қарсы болды. Оппозицияның Мұхаммедтің немере інісі әрі күйеу баласы Әли басқарды. Олардың шиттер (шиа — араб тілінде топ, партия) деп аталады. Олардың басты талабы халиф атағы пайғамбардың күйеу баласы Әлиге өту керек, содан кейін оны Әли ұрпағы мұралануы тиіс. 656 жылы шииттер Османды өлтіріп, Әлиді халиф етіп сайлайды. Омайядтарға қарсы болып, елде азамат соғысы (656-661) басталды. Әлиді араб халқының төменгі бөлігі қолдады.
Жұмыстың мақсаты:
Араб шапқыншылытарының мәнін ашу.
Жұмыстың мақсатына қай төмендегі міндеттер алға қойылады:
— Хз. Омардың тұсындағы оқиғаларға тоқталу.
— Дінге кішкене түсініктеме беру.
— Қадисия Нехавена шайқастарын ашу.
— Мемлекеттің ішіндегі қарама — қайшылықтары
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, үш тараудан, қорытынды, сілтеме, пайдапаньшған эдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың тарихнамасы.
Профессор жэне доктор Сабри Хизметли осы жылға деген көзқарасында жазған сөзінде: аббасидтер тұсында Араб мемлекеті. өзінің іпыркау шегіне жетті. Араб мемлекетінін гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансүр (754-755), Харун-ар-Рашид (786-809), Аль-Мамун (813-833), Мұтадид (892-902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың құлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер эуелде халифтың меншігі болып есептелді.Ол елді наместниктері аркылы басқарды. Наместник өзі кызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік пен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болады еді. «Сусыз жер — өлі жер», — дейді араб мақалы, Үлкен суландыру құрылыстары салынды.
Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу жұмыстарында істеді. Батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар еді. Халиф өз әскер басыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін онын иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын балды. Бұқара халық ұшыр (құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.
Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен да арабтарға ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне қосымша салықтар салды және өз әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.
Жұмыстың өзектілігі:
Омеиядтар билігіне дейін мемлекеттік аппаратта тегі араб емес — грек парсылар ерекше роль атқарады. Омайядтар ендігі жерде қызметке тек арабтарды алды. Барлық құжаттар араб тілінде жүргізіп Батыс Азияның, Солтүстік Африканың көптеген аймағы және арабтық Испания халқы үшін араб тілі халықаралық тіл болып саналды.
Омейядтар билігіне қарсы әртүрлі формадағы діни қозғалыстар етек алды. 680 жылы Әлидің баласы Хусейи және пайғамбардың қызы Фатима бастаған шииттер қозғалысы қатаң басып тасталынды. Хариджтердің де бірнеше бас көтерулері болды. XIII ғасырдың екінші жартысында көтеріліс халифаттың барлық аймағын қамтыды. 728-737 жылдары Мауераннахрда соғдылықтар, 734 743 жылдары Магриб пен Испанияда берберлер, 710 жылы Куфада шииттер , 744-747 жылдары Қосөзенде, Батыс Иранда, Оңтүстік Арабияда шииттер көтеріліс жасады. Омейядтар әскері талқандалыл, билікке Аббасидтер династиясы (пайғамбардың немере ағасының ұрпағына) ие болды. 749 жылы Аббасид Абуль-Аббас-ас-Саффах халиф болып жарияланды.
Аббасидтер билікке ирандық егінші ақсүйектерінің қолдауымен келгендіктен, мемлекеттік билікте олар маңызды орындарға ие болды. Аббасидтердің Омейядтардан айырмашылығы олар белсенді басқыншылық саясат жүргізбеді. Керісінше халифат құрамындағы Испания, магрибтың бір қатар облысынан айрылды. Кавказда, Орта Азияда азаттық қозғалыстар құлаш жайды.
Аббасидтер халық үмітін ақтамағандықтан елде көтеріліс етек алды. 751 жылы Бухарада , 755 жылы Нишунур Рей ауданында 766-778 жылдары Мауеренахрда Муканна бастаған, 778-779 жылы Гурганда (Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауы), 815-837 жылы Оңтүстік Азербайджанда Бабек бастаған көтерілістер болды.
869-883 жылдары зинджилер (негр құлдар) көтеріліс жасап, Оңтүстік Иран және Хузистанда өз халифаты орнатты.
2.1. Хз. Омардың тұсындағы шайқастар.
Хз. Омардың халифтік кезеңі (13-23/634-644) Хз. Омар Хз. Абу Бакирдің өсиеті (халифтікке ұсынуы) бойынша мұсылмандардың ант берулерінің (халифтігін қолдауының) арқасында халиф болып сайланды. Ауыруы асқына түскен Хз. Абу Баккрге орнына кімді халиф ретінде ұсынатындығы туралы сұрақ қойылғанда, ол орнына Хз. Омарды ұсынатындығын айтқан болатын. Сахабалардың да көз-қарасы бір жерден шыққан еді.
Хз. Омардың халифтік кезеңінің маңызды ерекшелігі «әскери ерекеттер» еді. Сасанидтер мен Византия империясына қарсы соғыс жүргізіп, әскери және саяси жетістіктерге қол жеткізу дегеніміз Сирия, Ирак және Иранның Ислам әлеміне толығымен қосылуы (деген сөз алестина, Алжир мен Египет сиякды мемлекеттерді жаулап алу барысында екі үлкен империяның Сасанидтер мен Византияның болмысын жою Хз. Омардың тұсында жүзеге асты. Алайда, Хз. Омар халиф бола салысымен Халид ибн Велидті өскер басшысы қызметінен алып тастап, орнына Абу Убейдені » тағайындады. Хз. Абу Бакирдің бастатқызған Ирак пен Ираяды жаулап алу саясатын жылдамдата түсіп, халықгы Ирак шайқасына қатысуға шақырды.
әа. Хз. Омардың тұсындағы әскери әрекеттер
а) Ирак пен Иранның жаулануы: Хз. Абу Бакирдің тұсында Иракқа қарсы бағытталған әскери әрекеттері толығымен өзінің салғасын тауып отырды. Ирак пен Иран шайқастарын әуеліде Мүсенна ибн Харисе басқарған еді. Мүсеннаның әскері Хирада әскери орталықтарын бекіткеннен кейін Шахриярдың басшылығындағы Иран әскерімен Вавилон қаласының маңында кездесті. Қиян-кескі шайқастың нәтижесінде Бехмен басшылығындағы сасанидтердің әскері жеңіліске ұшырады. Ислам әскері Медайн маңына дейін барды. Мүсенна кейін Хираға қайтып оралды. Бұл жерде сасанидтердің жаңа бір әскер жарақтап жатқандықтары туралы хабар — алғаннан кейін бұл мәселе жөнінде науқастанып жатқан халиф Хз. Абу Бакирмен сөздесу мақсатымен Мәдинаға аттанды. Осы аралықга Хз. Абу Бакирдің қайтыс болып, орнына Хз. Омардың халиф жарияланғандығынан хабардар болған Мүсенна өз ойындағы мәселелерді жаңа халифке жеткізді. Хз. Омар болса Абу Убейденің басшылығымен Иракқа әскер жіберді.
Сасанидтер тағына отырған хатун Азер Мидхат мұсылмандарға қарсы дайындаған әскердің басына Рүстемді тағайындады. Болған шайқастарды Абу Убейде жеңіп шықты. Ал Рүстемнің әскерлері жеңіліске ұшырады. Алайда, Рүстем жеңілуіне қарамастан Бехмен Джазуяның басшылығындағы жаңа әскери бірліктерді өзі орналаскдн жерге келуін қамтамасыз етті. Абу Убейде бүл әскерлерге де шабуыл жасады. Сасанидтер әскерін алдына салып куаласа да, дұшпан әскерінің құрамындағы пілдер Ислам әскерінің жеңіліске ұшырауын негізгі себеп болды. Евфрат өзенінің бойындағы көпірдің бұзылуына байланысты мұсылман әскерлері қайта алмай, Евфрат өзеніне батыи өлді. Мүсенна да шейіт болды.
ә) Қадисия шайқасы (14/635): Хиджраның 14 жылы болған маңызды оқиғаларының бірі Сағд ибн Абу Ваккастың Иран майданындағы әскерлердің қолбасшысы болып тағайындалуы мен Кадисия шайқасы болып табылады. Сағд қолбасшы бола салысымен Сейраф маңына келгенде Мүсенна көпір оқиғасында өзенге батып өлген болатын.
Сейрафқа жеткен Сағд (р. а.) әскерді шайқасқа дайындап, Куфи қаласынан 30 км ұзақтықта орналасқан Қадисия жерінде өз әскери орталығын құрды. Сөйтіп, Иран әскерінің келуін күтумен айналысты Бұл тұста Иранның басыңда Шахриярдың баласы Йезду Джерд еді 120.000 адамдық әскерді дайындап, Рүстамнің басшылығымеп мұсылмандарға қарсы жіберді.
Йезду Джерд халиф Омардың бейбітшілік ұсыну мақсатымен алдына келген елшілерін сыпайысыздықпен кері қайтарып жіберген еді. Соғыспау мүмкін емес еді. Кахка әскерлерімен қосып есептегендлі Ислам жауынгерлерінің жалпы саны 45.000 адамды құрады. Сағд шайқастан бұрын Раби ибн Амирді оның өзінің қалауы бойынша елші ретінде Рүстемге жіберді. Раби қарулы және аттың үстінде «Рүстемнің шатырына кірді. Оларды Исламға шақырды. Ойланып толғанулары үшін үш күндік мерзім беретіндігін айтып, қайтты Рүстемнің қалауы бойынша бір күн өткеннен кейін Мүғире ибн Щуғба елші болып жіберілді.
Дегенмен де жоғарыда аталған мерзім өтіп, шайқас басталды Денесіне жара шыққан Шағбе төсегінде жатып әскерін басқарды. Иран әскерінің құрамындағы пілдер мұсылмандарға көп зиян келтірді. Кахка ибн Әмір ат-Темимидің басшылығындағы 10,000 адамдық резерв көмекке келіп үлгерді. Соғыстың ұстасы болған Кахка «әр шабуылында ирандықтардың бахадырларын өлтірумен болды. Шайқас толассыз төрт күнге созылды. Нәтижесінде мұсылмандар жігерлі шабуылға басып, ирандықтардың қолбасшысы Рүстемнің шатырына дейін жетті. Хильаль Алькаме, Рүстемді өлтірді. Иран әскері он мыңдаған жауынгерлерінен айырылды. Мұсылмандар үлкен мөлшерде табысқа қол жеткізді. Иранның ең үлкен және ең әйгілі туы болып табылатын «дрефшигавиани»-ді де қолға түсірді.
Хз. Омардың тұсында болған шайқастардың ең маңыздысы Йермук шайқасы болып табылады. Барысында Халид ибн Велидтің үлкен ерлік танытқан Йермук шайқасынан кейін мұсылмандардың әскері Фихль жерлеріне дейін жетті. Византия әскері жеңіліске ұшырап, Шам мен Хымыс жауланды.
Кадисия жеңісіне қол жеткізуде астана Мәдинадан бұйрық үстінен бұйрық жіберіп отырған Хз. Омардың ролі үлкен еді. Хз. Омар әр уақытта сахабалармен ақылдаса отырып, Сағдқа бүйрықтар жіберуде еді. Пілдерді алдыңғы шепке тізіп, шабуыл жасаған сасанидтердің әскерінің алдында көптеп шейіт болған мұсылмандар беріскен жоқ. Шамның маңында соғыс әрекеттерімен әлек болған Халйд ибн Велидтің жауынгерлері түйенің үстінде көмекке келіп, дұшпан пілдерін жүргізуші жауынгерлерді жерге түсірулерінің нәтижесінде шайқастың даму барысы мұсылмандардың пайдасына күрт өзгеріске ұшырады.
Жеңіске жеткеннен кейін Кадисияда жүктерімен және әйеддерімен бірге қалдырған әскерінің бір белігімен Сағд ибн Абу Заккас, Вавилонға қарай әрекет етті. Кадисия шайқасында жеңіліске ұшырап, қашқан жауынгерлер мен қолбасшылар осы жерде жиналған. Бұл жерде болып өткен шайқасқа Фирузаи, Хүрмұзан, Фахиран, Мехриджан сияқты әйгілі қолбасшылардың қатысуына қарамастан ирандықтар жеңіліске ұшыраған еді. Олардың бір бөлігі Эхразға, бір бөлігі Нихавендке қашты. Біраз уақыт Вавилонда кідірген Сағд болса, Медайнді жаулап алу мақсатымен Иранның ішкі аудандарына кірді.
Джелула мен Кадисия шайқастарындағы жеңілістер Медайнның жаулап алынуын жеңілдете түсті, Медайн жауланып алынғаннан кейін аль-Джазира мұсылмандарға қаратылды. Аль-Джазираның жаулануымен қоса Ирак арабтарымен Сирия арабтары бірікті. Иран мәселесі мен Сасанидтер мемлекеті Нихавенд шайқасының нәтижесінде жойылды.
әә. Византия жеріндегі әскери әрекеттер
а) Шам мен Құддыстың жаулануы: Сирияны жаулау барысында бірнеше шайқас жүзеге асты. Византия әскерлеріне қарсы жасалынған бұл шайқастар мен әскери әрекеттердің ең негізгілер болып Йермук шайқасы (хиджраның 13 немесе 15 жылы), Шамның (Димашықтың) жаулануы (хиджраның 13 немесе 14 жылы), Фихлі шайқасы (хиджраның 13 жылы), Мерджур-Рум шайқасы (хиджраның 14 жылы), Хаманың жаулануы (хиджраның 15 жылы), Лазкияның жаулануы (хиджраның 15 жылы), Киннесрдің жаулануы (хиджракы 15 жылы), Халеб пен оның маңындағы жерлердің жаулап (хиджраның 15 жылы), аль-Джазираның жаулануы (хиджраның жылы), Эджнадейн шайқасы (хиджраның 13 жылы), Құлдық жаулануы (хиджраның 15 немесе 16 жылы) есептелінеді.
Йермук шайқасының нәтижесінде жеңіліске ұшыраған Рум Византия әскерлерінің негізгі бөлігі Шам ауданындағы Фихль мен Кихль жерлеріне шегініп, бекінді. Сол себептен Шам ауданын жаулануына үлкен мән берілетін болатын. Хз. Омардың тұсын жүзеге асқан алғашқы жаулау әрекеті де Шамның жаулануы ед Халид ибн Велид, Абу Убейда, Амир ибн аль-Ас сияқты қолбасшыла Димашықта танытқан қаһармандықтарын Сирия-Палестің аудандарын жаулап алу барысында да көрсетті. Димашықтың жаулануы қалай (соғыс арқылы ма, бейбіт арқылы ма?) жүзеге асқандығы туралы және осыған байланып соғыстан кейінгі жағдайда қалаға қандай статус беріліп, халқын қандай қарым-қатынас жүргізу керектігі туралы мәселе тартыстың тақырыбына айналған болатын.
Палестина өңірін жаулау міндеті Амир ибн аль-Асқатапсырылған тын. Керек болған жағдайда Ирак пен Сирия жерлерінде Абу Убейдаға әскери көмек көрсеткен Амир әуелі қаланың әкімі Аробонмен келіссөздер жүргізді. Бейбіт жол арқылы жаулап алуды жүзеге асыра алмайтындығына көзі жеткен ол құбылысты қоршауға алды. Бір жыл бойы Құддысты қорғаған фистиандар нәтижесінде ресми түрде қаланы халиф Омарға қалыптасырды. 16/637 жылы Ислам мемлекетіне қосылған Құддыс қаласына халифтің кіріп баруы мен қаланы ресми түрде қабылдауы да тарихта маңызды орын алды.
Хз. Омардың екінші мәрте Шамға баруының түсында, 18/639 жылы Ирак, Сирия мен Египет жерлерінде оба ауруының пайда алуы байқалды. Хз. Омар әскердің қолбасшыларына хабар жіберіп, құрудан сақтану мен аталған жерлерден ұзақ болуларын бұйырды. Алайда, атақты сахабалар мен қолбасшылар: Осылайша, Шам мен Палестина жерлері Хз. Омардың тұсында Египеттің жаулануына назар аударылды.
ә) Египет пен Александрияның жаулануы: Хз. Омар Египетті жаулау міндетін Амир ибн алъ-Асқа тапсырды. Египеттің жаулануы Ирак пен Сирияны жаулап алу әрекеттерінің жалғасы ретінде бағаланады. Египетті жаулап алу үшін халифтің рұқсатын алтан және үлкен әскердің басшысы імілған Амир Египетке бағыт алып, Ферема жерінде шайқас бастады. Кыптилер мен румдықтардың арасында қалыптасқан келіспеушілікті өз пайдасына шешкен ол Фереманы тез арада өзіне қаратып, артынан жаулап алып, Онан қаласын қоршауға алды. Халиф Омар һгипетке Микдад ибн аль-Есвед пен Үбаде ибн Самиттің басшылығында үлкен бір әскерді тағы жіберді. Мұсылмандардың біріккен әскери күштері бір мерзімнің ішінде (20/640) жаулауды ойдағыдай жүзеге асырды.
әб. Хз. Омардың өлтірілуі
Нихавенд шайқасында қолға түскен тұтқындардың арасында Абу Луғлу деген лақап атымен белгілі Фируз есімді христиан бір құл болған. Мәдина қаласында тұрған Фируз Басра қаласының уәли Муғира ибн Шуғбаның құлы еді. Бірнеше мамандықтың иесі болуына байланысты қожайыны оның тапқан табысынан белгілі мөлшерде салық алып отырғантын. Алайда, ол алынған салықтың көп екендігі сылтауратып халиф Хз………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!