Курстық жұмыс: Тарих | Ежелгі түркілердің дипломатиясы
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….
І-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы.
1.1 Аттиланың (Еділ хан) дипломатиясы……………………………………………….
1.2. Түркі қағанатының ұйығу кезеңіндегі дипломатиялық……………………..
1.3. Тарихшылар түркі дипломатиясы туралы…………………………………………
IІ-тарау.
2.1. Мұсылман ойшыл ғұламаларының дипломатиялық өнер
туралы пікірлері……………………………………………………………………………………
2.2. Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген
дипломатиясы……………………………………………………………………………………….
IIІ-тарау.
3.1 Алтын Орда дипломатиясы және Алтын Орданың Египетпен,
Осман империясымен қарым-қатынастары……………………………………………
3.2. Әмір Темірдің жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастары………..
Кіріспе
Әлeмдe, оның мәдени apнaлapындa тapиxи өлшем бoйыншa aйтapлықтaй маңызды, бipaқ coғaн қapaмacтaн aдaмзaт үшін әлі де жұмбақ болып қалып oтыpғaн, лaйықты дeңгeйдe бaғaлaнбaғaн құнды құбылыcтap көп. Oлap көбiнe-көп тapиx қoйнayының шыpғaлaң қaтпapлapындa шыpмaлып, өpкeниeт дaмyының capaбдaл жoлдapынaн түpлi ceбeптepмeн тыc қaлып қoйды.
Kөшпeлi өpкeниeт – aдaмзaт тapиxындa бoлғaн дeceк, oндa oның өзiндiк epeкшeлiктepiмeн тoлacтaй түcкeн бaйтaқ aймaғы Ұлы Дaлa aтaлaтын, жep шapының Opтaлық-Aзиялық бөлiгi caнaлмaқ. Coл кeздeгi ocы aймaқтaғы eлдepдiң этникaлық құpaмын нeгiзiнeн түpiк тeктec xaлықтap құрады, coндықтaн дa, бұл дaлaны мәдeни-этникaлық мaғынaдa Tұpaн. Tүpкicтaн Түркі елі дап aтaғaн. Қaзaқтың көнe тарихы және дипломатиясы — ұлaн-ғaйыp «epкін» aймaқтa opнaлacқaн, түpкi тiлдi көшпeлi өpкeниeттiң белгісі.
Қaзipгi Қaзaқcтaн ayмaғын мeкeндeгeн xaлықтap өмipiндe көптeгeн ғacыpлap бoйы acтaн-кecтeн oқиғaлap жәнe өзгepicтep бoлды. Ocындaй қилы тapиx шыpмayынaн көнe дәyipдiң мұpacы peтiндe ұpпaқтap үшiн қaзaқтap eкi мәңгi құндылықты caқтaп қaлды — oл Cөз құдipeтi мeн Зaң құдipemi.
Елдің ел болуында дипломатияның, дипломатиялық қарым – қатынастардың маңызы өте зор.
Дипломатия – мемлекет пен мемлекет басшыларының, сыртқы саясат саласындағы саяси іс — әрекеттері. Бұған қоса дипломатияға халықар. ынтымақтастықты орнау, кеңейту, сақтау да жатады. Билеуші өз мемлекетінің дипломатиялық бағыт – бағдарын белгілейді. Дипломатия алғаш рет шығыс елдері (Мысыр, Вавилон, Қытай, т.б.) мен Ежелгі Грецияда пайда болды. Түркі елдер, оның ішінде Ғұн, Сақ, Үйсін, Қаңлы, Оғыз, Хазар мемлекеттері, Шыңғыс хан империясы, Алтын Орда, Қазақ хандығы тарихында әлемнің әр қиырындағы елдермен жүргізілген дипломатиялық қызметі туралы деректер көп. Ежелгі Қазақстан туралы жазбалардың авторларының көпшілігі (Карпини, Рубрук, Ибн Фадлан, т.б.) – осы өлкеге дипломатиялық келіссөз жүргізу шеберлігінің сан түрлі үлгілері туралы деректер мол. Әсіресе, Қаз дауысты Қазыбек бидің Абылай ханды жоңғар ханының тұтқынынан босатуы осындай мәмлегерліктің жарқын үлгісі болып табылады. Ежелгі заманда дипломатиялық елшіліктер белгілі бір жағдайларға байланысты (бітімге келу, одақ құру, дау-дамайды шешу, т.б.) бір елден екінші елге барып, келісім жасалынғаннан кейін дереу елдеріне қайтып отырған.
Түркі дипломатиясы қай ғасырда болмасын түрлі қиындықтармен жүргізілген. Ел болуымыз тек қылыш қағысып, найза шаншысқан ерлікке ғана қатысты болмаған. Ел болуымыздың астарында жықпылы көп саясат, қалтарысы салың дипломатия жатты. Хандардың ақылы жетпеген, жүрегі дауаламаған істерді қарадан шыққан билер мен жыраулар айта білді. Ақылды хандар оларды тыңдады. Сөзге құлақ қойды. Бұл – сол кездегі демократиялық бастауы болды.
Түркі қағанатының билеушілері, өкілдері осындай бірнеше ғасыр бұрын көптеген елдерде елшілік қызметтер атқарған. Дербес мемлекет болып тұрған кезде түркі қағанаты басқа елдермен барыс – келіс жасасқан, елшіліктер алмасқан. Жазба деректердің аздығынан түркі қағанатының басқа елдерімен жүргізілген елшілік қарым – қатынас орнын, тарихын зерттеп, анықтау қиын соғуды. Сондықтан кейбір елшіліктердің уақыты ғылыми зерттеулерге тек тұспалдап қана көтерілуде. Болашақта тың материалдардың айналысқа енуі бұл мәселе туралы көзқарастарды түбегейлі өзгертеді деп ойлаймыз.
Аттиланың, Бумынның, Истемидің, Боғра – ханның көптеген елдермен жүргізген мәмілегерлік қызметтерін терең зерттеу тарих еншісіндегі нәрсе. Бір ғана Аттиланың саясаты, әскери және дипломатиялық шеберлігі, басқа мемлекеттермен қарым – қатынастарға байланысты істері өте қызықты және келер тарихқа қажетті.
І-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы.
1.1 Аттиланың (Еділ хан) дипломатиясы
Түркілердің ежелден-ақ дипломатиялық саясатты толық меңгергендігі тарихи жазбалардан белгілі. Түркі дипломатиясы түрлі қиындықтармен жүргізіліп отырған.
Әйгілі ғұн империясының билеушісі диплолматиялық шеберлігі ерекше сөз етуге тұратын жағдай. Аттила – аса айлакер саясатшы, тамаша дипломат, мәмілегер. Ол көптеген мәселелерді келіссөздер арқылы шешіп отырған. Аттиланың тарихта алатын орны, дипломатиялық таланты айрықша.
Аттила (Еділ хан) — әйгілі Ғұн империясының билеушісі.
Аттила, Еділ — әйгілі Ғұн империясының билеушісі. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы термин қалыптасты. Алайда оның есімін әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланысты болған герман тайпалары тілінде оны Еңіл (Еtzеl), дат тілінде Артала , испан тілінде Атила (Аttila), қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ — деп аталады. Әрине Аттила есімінің түбірі Еділ (орысша Волга) өзені атымен байланысты. Себебі түркі тілінің қайнар бұлағы болған ғұн тілінде Ател, Итил, Еділ деп осы өзенді айтқан болса, Днестр өзенін Уар (Вар) деп атаған [1].
Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінде көп білім алған, бірнеше жыл Рим қаласында оқыған. Ғұн мен Рим империялары арасындағы достық қатынас яғни герман тайпаларына қарсы одақтастық Аттила туылмастан бұрын басталған еді. Римді Ғұн әскері вестготтардан әлденеше рет құтқарған себепті Рим басшылары Паннония (қазіргі Венгрия) провинциясын Ғұн ордасына 420 ж. сыйлыққа берген болатын. Сондықтан Ғұн ордасы астанасы сонда көшірілді және сол қала герман тілінде Еңілбург (яғни Еділқала, Аттилабург) деп аталды. Жас та болса Аттила Ғұн ордасының бір көл әскерін басқарды. 425 ж. оның ескері Батыс Рим қолбасшысы Ағцийге (Эций) вестготтарды талқандауға көмектесті. Сол жылдарда талантты қолбасшы ретінде Аттила жаңа көріне бастады. 434 ж. Ғұн империясының атышулы королі Руғила өлгенде мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. Руғиланың өз балаларынан мемлекет басқаратындары болмаған себепті ол барлық үмітті Аттиладан күткен еді. Аттила оның інісі Мыңзықтың баласы болса, Бледа Ақтар деген інісінің баласы еді.
434-442 ж., яғни Аттила мемлекет басына келгеннен бастап Рим империясы мен ғұндар арасында тек бейбітшілік қатынастар болды. Аса айлакер саясатшы Аттила Римнің екі империясымен де достық қатынас жүргізді.
Ғұн империясының күннен күнге күшейе бастағаны Римнің екі империясын және герман тайпаларының корольдерін тыныш жатқызбады. Римнің әсіресе, Батыс Римнің өз әскері аз және әлсіз болғандықтан негізгі күштері жалдамалы герман жауынгерлерінен тұрды. Ал, герман тайпалары корольдеріне Рим империясының барлық байлығын иелеу үшін Ғұн империясы бақталас болды. Айлакер Рим басшылары империяны қалпына келтіру үшін ғұндар мен германдарды бірі-біріне айдап салу саясатымен айналысты.
442 ж. ғұн әскерлері римдік көп жерлер мен қалаларды басып алды. Римдіктер достық қатынастарды және келісімдерді бұзып, Ғұн империясынан қашқандарды паналатқан еді. Сол жылы Аттила сақадай сай көп әскермен дайын отырып Константинопольдегі Шығыс Рим императорына хат жіберді. Ол өктем түрде «қашқындарды тез арада қайтып бер, салықты уақытымен төле және алдағы салықтың мәселесін шешуге елшілерінді жібер» — деді. Римдіктер бұл талапты орындамаған соң, ол көп әскермен баса көктеп кіріп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. Артын ойлайтын аса айлакер саясатшы Аттила Константинопольге жақыңдап келсе де қалаға кірмеген. Мәселені келіссөз арқылы шешіп, тиісті салығын алып кейін қайтты.
447 ж. ғұндар мен римдіктер арасында үлкен қақтығыстар болды. Аттиланың атты әскері Дарданел бұғазына жақын жердегі Херсонес қаласы түбінде Рим әскерін оңай талқандап бытшытын шығарған. Осы жағдайдан соң римдіктер келісімге келіп, ғұн королінің талаптарын орындауға мәжбүр болды.
448 ж. Атилла Константинополые Едикон (Эдико, Едіге) бастаған елшілерді жіберді. Едикон белгілі қолбасшы, дипломат, Ғұн империясындағы министрлердін бірі және Аттиланың туысқаны болатын.
Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады. Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. 448-449 ж. Рим басшыларының елшілері арқылы Аттилаға жасаған қылмыстары ашылып қалды. Аттила сонда Римнің екі империясымен де достық қатынаста тұруға болмайтынын түсінді. Ал герман тайпалары ше? Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады. Осындай жағдайда Аттила қалай қарап жатсын. Ғұндар жорыққа шығатын болғасын Рим басшылары қатты састы. Ал Аттила болса әлсіз Рим империяларын бағындыруды кейінге қалдырып, алдымен Еуропаның қалған бөліктеріндегі германдарды тізе бүктіруге кірісті [2].
Сол кезде Шығыс Рим императоры Теодор өледі, оның орнына жаңа император Марсиан отырады. Ол империяны германдықтардан, ғұндар мен Аттиладан қорғау үшін көптеген шаралар қолданды. Империяның басқа проблемалары мен өз жоспарларын ысырып тастап күшті Батысқа жібереді. Сондай-ақ ол 15 жылдан бері резервте ұстап отырған Батыс Рим императоры Валентианның қарындасы Онорияны Аттилаға қарсы пайдаланбақшы болды. Онория көп жылдан бері Аттилаға ғашық болатын. Не істерін білмей жанталасқан Марсиан, шешесі мен ағасының және Римнің талай төрелерінің қарсылығын біле тұра Онорияның неке сақинасын құпия түрде Аттилаға жеткізеді. Ал, Онория болса аса бай қалыңдық болатын. Ол шын мәнінде Батыс Рим империясының жартысына жуық (яғни Италияның жартысы) территориясының мұрагері еді. Әрине бұл жағдайлар Валентианға ұнамады. Аттила герман тайпаларын және вестготтарды жазалауға жорыққа шықты. Сол кездегі аңыздарға қарағанда Аттиланың қол астында 500000 әскер болды дейді.
Ұлы қолбасшы жер қайысқан әскермен Рейн өзеніне дейін келіп, одан өтті. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті. Айлакер Атилла «Мен тек вестготтарды ғана жазалаймын. Империяны тек солардан тазалаймын» деп жариялады. Көп қалалармен бірге Галлияны түгел алды. Көптеген қалаларға ғұн әскерлері кірген жоқ. Алайда олардың қорқыныштары мен үрейінің шегі болмады. Париж қаласы тұрғындары қаланы тастап қашпақшы болған еді.
Атилла вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке қарай асықты. Жол бойындағы көп қалаларға көңіл бөлмей Ремстен Орлеанға сапар шеккенде Шальн-Марле, Троя, Санс сияқты үлкен қалаларға тіпті қол тигізбеген. Ол өз мақсатын жақсы білгендігі соншалық, барлық нәрседен бұрыннан хабардар болса керек. Өз әскерін азық-түлікпен және басқа керек жарақпен ұқыпты қамтамасыз етіп отырған. Орлеан стратегиялық аса қажетті қала болатын. Халқы мен әскері бес аптадан артық қорғана алмады, қақпасын ғұндарға өздері ашып берді. Осы кезде Галлияны билеуге Рим императоры жіберген белгілі қолбасшы Аэций келе сала көп шаралар қолданып жатыр еді. Мұның ақыры әйгілі Каталуния шайқасына жалғасты. Римнің белгілі қолбасшысы Аэций вестгот, алан, франк корольдерімен тіл табысып, Аттилаға қарсы көп әскер шығарды. Бұл шайқас бұрын сонды болмаған үлкен қырғын еді.
Шайқастан соң майданда 165 мың жауынгердің өліктері қалды. Оның үстіне франк пен гепидтердің 15 мың жауынгер қаза болды. Рим жағында соғысқан вестготтар бұл шайқаста шешуші рөл атқарды, алайда оларға аса қымбатқа түсті. Олардың королі Теодор шайқас кезінде қаза тапты. Шайқас кезінде Аттиланың басына да көп қауіп төнді… Бұл шайқасты көзбен керіп, басы-қасында болған грек тарихшысы Прискінің жазбалары бізге жеткен жоқ алайда бір ғасыр кейін өмір, сүрген вестгот жазушысы Иордан жазбалары осы оқиға туралы негізгі дерек болып қалған.
Римдіктер мен вестготтар әскерінің қалдығы кейін шегінді, ғұндар үлкен жеңіске жетті. Енді Рим империясы жерінде Аттила басқарган ғұн әскерлеріне қарсы тұрар күш қалмады. Сондықтан Аттила келесі көктемнен бастап Италия қалаларын емін-еркін ала бастады. Алдымен Аквилей қаласын біраз уақыт қоршаудаң соң алды. Одан соң ешқандай қиындықсыз басқа қалаларды алды. Шығыс Рим императоры кәрі Марсиан ең болмаса мәңгі астана Рим қорғанын қорғау үшін жанталасып біраз әскер жинады. Аттиланың қалың әскері Римге жақындап келгенде, қарсыласуға дәрмен жоқ империя басшылары, ғұн басшысына елші жіберіп аяғына жығылады. Кезінде Аттиламен келіссөз жүргізуге көнбеген өзімшіл Рим басшылары, жау іргеге келгенде, не сұраса да беруге, қандай талап қойса да дайын болды.
Бірақ Аттила қасиетті Рим қаласына кірген жоқ. Аттила Рим түбінен аттанғанда барлық шартқа көнетін болған римдіктер оған император Валентианның қарындасы әйгілі сұлу Онорияны өздері әкеліп беретініне сенген болатын. Ол келесі жылдың қысын Дунай жағасындағы өз ордасында өткізеді. Әскерін толықтырып, Орда күшін күннен күнге нығайта берді. Онорияны римдіктердің оған әкелуі ұзаққа созылды.
452 ж. Атилла Дунай бойындағы ғұндар астанасы Этзелбургке (сол кездегі герман тілдерінде осылай аталады, біздіңше Еділқала) үлкен салтанатпен келді. Себебі оның жеңімпаз әскері соңғы жылдары қаншама жеңіске жеткен еді. Аттиланың кеңесшілерінің бәрі келесі жорықты Шығыс Римге жасау керек деп ұсыныс жасады. Әсіресе, оның үлкен баласы Эллақ осынау жорықтың аса қажеттігін қызу қолдады. Эллақ Еділ-Жайық пен Днестрге дейінгі территорияның билеушісі аса талантты қолбасшы болатын. Аттиланың Галлия мен Италия жорықтарына ол шешуші рөл атқарған еді.
Осылай келесі жорық туралы, яғни бұрын Шығыс Римге қараған Кіші Азия жерін түгелдей бағындыру туралы дайындық жүріп жатты. Герман тайпаларын бағындырып жүргенде Аттила бургундия принцессасы Идилка атты қызға ғашық болып қалған еді. Жігіттің сұңқары ғұн короліне ғашық болған талай принцессалар болды. Бірі Рим принцессасы Онория болатын. Алайда Идилканың асқан сұлулығы әсер етті ме, әйтеуір Ғұн королі оған үйленбей тынбайтын болды. Осы мерекеге көп дайындық жасап, Идилкаға арнап сарайлар салғызды. 453 ж. Идилкаға үйленген соң Аттила яғни Еуропаны түгелдей бағындырған ғұн королі кенеттен қайтыс болды. Оның қайтыс болған жылын зерттеушілер бірде 453 ж., бірде 454 ж. деп жазады. Оның артында жеті баласы қалған еді. Олар: Эллақ, Денгизик (Теңіз), Емназар, Ұзынтұра, Өте Есқалма, Ернақ (Ирнақ). Үлкен баласы Эллақ белгілі қолбасшы Еділ-Жайық пен Днепрге дейінгі үлкен территорияны билеген және Аттила тірі кезінде оны өзінің мұрагері етіп белгілеген. Оның шәкірттері ішінде тарихта аты қалғаны Одоакр Едігеұлы 476 жылдан 493 жылға дейін Италияны жалғыз өзі биледі.
Аттила жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастар және жорықтары. Біздің жыл санауымыздың 434 жылы Руғила аяқ асты қаза болды. Ол өзінен кейін таққа Аттила мұрагер болып қалуын өсиет еткен. Аттиланың әділ патша боларын білген халық Руғиланың бұл шешімін түгелдей қолдады.
Руғила өмірден қайтқаннан кейін ғұн ордасы мен Рим империясы арасындағы жаңадан басталып келе жатқан келісімдер бітпей қалған еді. Алайда бұл игілікті істі Аттила толырымен аяқтады. Арада елшілер біраз қатынаған соң екі ел келісімге келген. Ол келісім тарихта «Маргус келісімі» деген атаумен қалды. Маргус қаласы Шығыс Римнің Иллирия аймағында, Моравы өзенінің Дунайға құятын тұсында орналасқан [3].
Маргус келісімі 434 жылдың соңы, 435 жылдың басында болды. Оның негізгі мазмұны мынадай:
1. Екі ел арасындағы қашқындарды түгелдей қайтарып беру, яғни оларды ешқашан жасырмау.
2. Екі ел арасында тең дәрежелі сауда-саттық жасау, яғни екі елдің саудагерлері шекарадан кедергісіз өте алады.
3. Шығыс Рим ғұн ордасына жыл сайын 700 фунт алтын салық төлейді.
Міне осы келісімнің негізінде Шығыс Рим ғұн ордасына Мами, Атакам атты ғұн басшыларының қашқын балаларын қайтарып берді. Оларды Аттила мен Бледа өлім жазасына бұйырды [4].
Римнің қос империясында да ғұн жігіттері ержүректілігіне қарай басқа жауынгерлерден жоғары бағаланды. Римдіктер тұтқынға түскен ғұнды ойланбастан әскер қатарына алған. Ал готтардың тұтқынға түскен адамдары құлдықта ұсталған. Осыған қарап ғұн жауынгерлерінің империя үшін аса қажетті әскер санатын толықтыратын теңдессіз адамдар болғанын білуге болады. Мысалы, тұтқынға түскен Хелхал атты ғұн жігіті Рим әскерінің қолбасшысына дейін көтерілген еді.
Рим басшылары жақсы жауынгерлерінен айырылып қалмау үшін әр түрлі сылтаулар айтып, ғұн қашқындарын қайтарып бере қоймады. Осылайша созбалақтатып жүргенде арада бірнеше жыл өтіп кетті. Ғұндар сол кездері Рейн өзенінің алқабындағы герман тайпаларымен, оның ішінде Бургунд корольдігімен қарым-қатынастарын реттеген. Содан соң барып Шығыс Римге көңіл бөле бастаған. Ал римдіктер келісімді орындамағанымен қоймай, ғұн жігіттерін әр түрлі жағдайлармен қызықтырып, араларына іріткі салып, өз жаңтарына тартуын тоқтатпады.
Алайда шыдамның да шегі бар емес пе? Оның үстіне Шығыс Рим бір оспадар қылық, кешірілмес күнә, сүйекке таңба болар қылмыс жасады.
442 жылы Маргус қаласының епископы ғұн батырының зиратын тонайды. Батыр зиратында алтын заттар мен қымбат бағалы бұйымдар көп болған. Діндар болып жүрген аяр адамның бет пердесі осылай ашылады. Бұл оқиға ғұндардың ашу-ызасын келтіреді.
Аттила Рим халқын аяймын деп жүріп, өз қол астындағы қалың елді өкпелетіп алатын түрі бар. Сондықтан ол Маргус қаласы мен оның төңірегіндегі аймақты басып алып, ғұн ордасының құрамына кіргізді. Ғұн империясының құдіреті мен күші одан бетер ұлғая түсті.
Сол уақыттарда Аттиланың ағасы Бледа аяң астынан қайтыс болады. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Біреулері оның өлімінің жаласын Аттилаға жапса, ал ғұндар бұл қастандықты римдіктерден көрген. Себебі Рим елшілері тек Аттилаға ғана емес, Бледаға да барып жүрген. Ал Бледа Аттила секілді ақылмен шешіп, дипломатиялың жолды ұстанатын адам болмаған, сондықтан римдіктерге қауіп төндірген. Римдіктердің ғұндардың көзге ілігер беделді адамдарына қастандың жасауы жалғыз бұл емес. Ертеректе, яғни 412 жылы олар ғұндардың қолбасшысы Донатусты өлтіріп, Аттиланың өзіне де әлденеше рет қастандың жасаған.
Римдіктердің өз қашқындарын бермейтінін біліп Аттила Иллирик пен Фракия аймақтарының біраз жерін басып алады. Содан кейін ол Қара теңіз жағалауындағы Одесса (Одесса қаласы VII ғасырдан бастап ғұн тілінде Уарна делінді. Қазір Болгария жерінде болғандықтан, болгар тіліне ыңғайластырылып Варна деп аталады) қаласында Шығыс Рим елшілерін қабылдайды. Осынау дипломатиялық келісімнің арқасында ғұндар шабуылы біраз уақытқа толастады. Алайда бір жылға жетпей келісім қайта бұзылды.
Фракия аймағына қарасты Херсонес қаласы маңында 447 жылы Шығыс Рим әскері мен ғұндар арасында үлкен шайқас болды. Аттила басқарған ғұндардың атты әскері Шығыс Рим әскерін оп-оңай талқандайды. Бұл римдік әскер деп аталса да, әр түрлі тайпалардан жасақталған құрама болатын.
Аттила, егер қаласа, Римнің астанасы Константинопольді де оп-оңай басып алар еді. Алайда ол ешқашан Рим империясының астаналарына шабуыл жасаған емес, тіпті қалаларға кірмеді де.
Міне, осы шайқастан кейін барып екі ел тағы да келісімге келді. Бұл келісім-шарт Шығыс Рим үшін өте ауыр болды. Баяғыдан бері жасаған қылмыстары үшін және 435 жылғы Маргус келісімін орындамағаны үшін, яғни 435 жылдан бері жылдық салығы 700 фунт алтынды төлемегені үшін Аттила Константинопольге 8 жылдық салықты біріктіріп өтеуге қатаң талап қойды. Демек, Шығыс Рим ғұн ордасына тез арада 6000 фунт алтын және әр жылғы салықты үш есе көбейтіп, 700-дің орнына 2100 фунт алтын төлейтін болып келісті. Бұл келісім-шарт Константинопольдің қабырғасын қайыстырып-ақ кетті. Салықтан басқа олар ғұндарға қашқындарын қайтарып беруге тиісті болды.
Сол кездері Батыс Риммен дипломатиялық қатынастарды жалғастырған ғұн ордасының елшісі Есіл болса, ал Шығыс Римге, яғни Константинопольмен елшілік қатынастарға Едіге барып жүрді. Едіге — Аттиланың туысқаны әрі ұстазы, белгілі қолбасшы, ғұн ордасындағы министрлердің бірі.
Жыл өткен сайын ғұн империясы әбден күшейді. Оған керісінше Римнің екі империясы да күннен күнге нашарлай берді. Бұл кездегі екі Рим империясының басшыларының үміті — герман тайпаларын, яғни империяның талай жерін (Африканы, Испанияны, Галлияны қазіргі Франция) басып алған жауынгер корольдіктерді ғұндарға қарсы қойып, варварларды бір-бірімен қырқыстырып, жан сақтау еді. Сондай-ақ Аттила сынды әйгілі патшаны есебін тауып өлтірсе, ғұн империясы тарап кетеді деп те ойлады.
Шығыс Рим басшысы Феодосий II ғұн патшасы Аттиланы өлтіруді бірнеше рет ұйымдастырды. Біраң ешқандай нәтиже болмады. Бірде феодосий ІІ-нің досы Христафий ғұн ордасының елшісі Едігені Аттиланы өлтіруге көндірмек мақсатымен ұзақ үгіттейді. Оған сыйлыққа алтын береді және одан да көп сый уәде етеді. Алайда олар Едігенің қулығына түсінбеді. Едіге алдап көп сыйлықтарды алған соң, олар құрған жоспарды Аттилаға баяндап береді. Осылай Константинополь басшыларының ғұн ордасына жасаған және бір қастандығы ашылып қалды [5].
Едіге римдіктер мен ғұндар арасындағы қарым-қатынасқа өз үлесін қосты. Мысалы 448 жылы ол Константинопольге барған сапарында мынадай келісімдер жасады. Біріншіден, Дунай өзенінің алқабы, яғни Паннония аймағынан Фракияға дейінгі жерлер ғұн ордасы иелігінде болғандықтан, римдіктерге ол жерлерде егін егуге тыйым салынды. Екіншіден, ғұн ордасынан азғырып, өз жағына шығарып алған жауынгерлерді тез арада……..