Курстық жұмыс: Саясаттану | Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
Мазмұны
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
2.1. Ерлі – зайыптылардың отбасындағы арақатынастары, құқықтары мен міндеттері.
2.2. Ата – ана және балалар арасын құқықтық реттеудегі әйелдің орны және ролі.
2.3. Бала асырап алу және қамқорлық жасау мәселелері және әйелдің құқықтық мәртебесі.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Ерлі – зайыптылардың отбасындағы арақатынастары, құқықтары менміндеттері.
Қазақ ұғымында отбасы өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына тартқан жан балқытар жылуы. Отау қазақ дәстүрі бойынша тұңғыш ер баланың үйленгеннен кейін өз алдына шаңырақ көтеріп, өз үйінің түтінін түтеуі, жеке қазан асуы. Қазақ өмірінде баласына отау тігіп, бөлек шығару ата-ананың борышы саналады және жүзеге асқан адамдық арманы. Мақсаттың орындалуы жеке отаудың шаңырақ көтеріп, ошақ асуы. Соның арқасында өмірде жаңа бір үй еңсе көтереді де, қоғамнан өзінің орнын иемденеді. Мұны жұрт өздерінің орталарында бір үйдің қосылғаны деп, мейірлі қуанышпен мақтаныш етеді.
Екі үш баласы бар отағасы тұңғышы бас құрғаннан кейін жағдайына қарай енші беріп,отаулап шығарады. Балаларына енші беріп бөлек шығару әдеті негізінен олардың үйленуіне байланысты болды. Жаңа түскен келін әдетте бір-екі жыл ата енесімен бірге тұрып, әр нәрсеге үйреніп, өз бетінше өз алдына отау болып бөлінетін де еншісін алатын. Отбасылық әрекет соған бағындырады. Ержетіп үйленген балаларды енші беріп жеке шығарудың зор саяси-шаруашылық маңызы болды. Бұл әсіресе, әкенің қоғамдық ықпалын көтеруге себін тигізетін. Оның үстіне қазақ жанұясында әкенің бірнеше үйленген балалары, оладан туған немерелерімен бірге үлкен семья қалпында тұра беру көпке созылмайтын. Өйткені бөтен елден өз отауымен, төсек-орнымен, киім-кешек, ыдыс-аяқ, мінер ат, сауар сауын және көлігімен түскен келіндер арасындағы келіспеушіліктерге байланысты және ауылындағы түтүн санын көбейтіп, жаңа қатынастарға ие болу үшін шамасы келген әрбір әке үйленген балаларын бірінен соң бірін бөліп отыруға өзінің борышы санайтын. Ол болса,үйленген, өз шаруашылығын өзі басқаруға жараған балаларды отау иесі ретінде жараған балаларды отау иесі ретінде бөлу,күнделікті өмір,талабына сай қалыптасқан қажеттілік және әр баласын жеке ауыл етуде етуі ірі байлар жұрт алдында мақтан ететін.
Көп әйел алған қазақ байлары олардың әрқайсысын балаларымен бөлек ұстайды, әрқайсысына енші бөліп береді. Мұндағы мақсат әке өлген соң, әр әйелдің балалары бір-бірімен тату, тыныштық сақтап тұрсын деген тілек еді. Әдетте бәйбіше балалары тоқал балаларына қиянат жасауға тырысатын. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, үй қожасы әр бір әйеліне өзі жеке-жеке шаруа бөліп беретін де, оған әрбір әйелдің кенже балалары мұрагерлік ететін әр әйелдің үлкен балалары өз шешесінің еншісінен үлес алып бөлек шығады. Кенже балаларға тиісті үлес, басқа балаларға қарағанда екі есе артық болады. Өйткені, бірі өз үлесі болса, екіншісі шақырақ үлесі, яғни үлкен үйдің сыбағасы болып есептеледі. Қазақ дәстүрінде бәйбіше балалары мен тоқал балалары әке мұрасына байланысты салмағы бірдей болмайды. Сондықтан әкесінің нағыз қара шаңырағыра бәйбішеден туған кенже бала ие болу керек. Кенже баланы бөліп шығармай, оның қолында болу дәстүрі тіпті осы кезге дейін сақталып келеді.
Көп балалалы ата-аналар ержеткен балаларын мезгілінде үйлендіріп, енші беріп, бөлек шығарып отырады. Әдетте кенже бала ержетіп үйленгенше, тіпті одан кейін де шаруашылыққа қартайғанша әкенің өзі басшылық етеді. Кей жағдайда, әсіресе, әке-шеше мүгедек болып, кенже ұлы ержетіп үйленгенше, шаруаға үйленген үлкен ұлы қарайтындықтан, ол әкесінен бөлінбей көп уақыт бірге тұрады. Халық дәстүрі бойынша кенже інісі үйленіп, шаруашылықты өз қолына алғанша қартайған әке-шешесінің шаруасына үлкен бала мен келін көмектесу керек.
Мұндай жағдайда әкенің басшылығымен бір семья болып үш ұрпақ(әке шеше, үйленген бала әйелімен және немерелер ) бірге тұрады. Бұл семьяда әкенің үйленбеген інілері мен кіші балалары да бірге тұруы ықтимал. Кейбір өзгеше жағдайларда, мәселен бұрыңғы өлген әйелінен туған балаларын үйлендіріп, енші беріп, бөлек шығаруда,онымен бірге үйленген ірілерін бірге шығарып оларға да енші беретін. Қазақ ғұрпы бойынша мұндайларды еншілес аға, іні дейтін. Әдетте ағасымен еншілес болған ініге қалындық айттырып, қалың мал төлеу әке мойнында болады. Кейде қалың малды еншісіне қосып та беруі, не өзінде қалдыруы да мүмкін. Мұның бәрі тікелей әке еркімен семьядағы әр әр түрлі жағдайларға қарай шешілетін. Үйленген баласына енші беріп, бөлек үлкен баласының қолына жіберудің өзі, жоғарыда айтылғандай, екі не көп қатын алған байлардың немесе әйелі өліп, екінші әйел алған кездегі жағдай. Өйткені алғашқы әйелден туған үлкен балаласы үйленіп бөлек шыққанда онымен бірге туған жас інісі кей уақытта соның қолына шығады да, оған енші бөледі. Мұндай балалар біріншіден, ағасының шаруашылығына себін тигізсе, екіншіден, тоқалдан туған басқа да баласы бар әкеге жеңілдік туғызады. Мұның өзі көбінесе өгей шеше және оның оның балаларымен сыйыспайтын жағдайда істеледі.
Отау иесі атанатын жігіттің барлық іс-қимылы, жүріс-тұрысы, пайым-парасаты үміт күткен әкенің сынағынан күнбе-күн өтіп жатады. Көңілі толса, отаулап шығарады. Алда-жалда баласының қылығынан шалғайлық тауып, шаруаға қырсыздығын байқаса, бөлек шығарып, жеке қазақ астыру ниетін орындауды кешеуілдетеді. Оған күнбе-күн жол сілтеп, тәрбиелеуді жалғастырады. Бұл болашақ отаудың іргесі берік, тұрмысы толыққанды болуының қамы.
Қазақ қай баласына болсын енші беріп, бөлек шығарарда ағайын туыстарын жинап, малың сойып кішігірім той жасайды. Әке шама шарқына қарай отандың еншісін атайды.Ол ешқандай дау тудырмауы керек. Қария адамдар жас отауға береке бірлік тілеп, мал мен бастық көп болуы туралы батасын береді. Әке шаңырағынан туыстары өз әлінше мал мен мүлік қосады, оны халық тілінде “тамыздық”, “жылу”, “немеурін” деп атайды. Бір әдеттің бұлайша үш түрде аталуы бертінде, көмектін аз көптігіне қарай қалыптасқан. Оның ең көбі “жылу”. Отауға берілетін барлық меншікті малға жаңа ен салып, бата берісетін.
Отау көтергенде ең алдымен ұлдың әкесі бір түйе береді. Мұнысы ел көшкенде жүртта қалмасын, шаңырағын артқын дегені. Шешесі бұзаулы сиыр береді. Бұл бала шағасына сусын болсын, ақтан қақтықпасын дегені. Осы екеуін білсе отаудағылар көліктен де, құрт, майданда тарықпайды.
Әке үйінен бөлінетін еншісінің негізгі түрі мал, шабындық, қора болатын. Еншіге салт мінетін ат, жүк артатын көлік, сауын сиыр, сауын бие және қой түліктерінен бөлінетін. Әкенің бергені балаға құт саналады. Бұл шара енші алған баланың бұдан былайғы жерге әкеге иек артуы тоқтатылады деген әдет-ғұрыптық келісім. Отау иесі бұдан әрі өзіне берілген малға өзі қожалық етеді. Ыстығына күйіп , суығына тонады, қиындығын иығымен көтереді Сөйтіп, үй шаруасын өз бетімен жалғастырады.
Тағы бір ерекшелігі үлкен үйден, яғни әке отырған үйден кейінгі беделді үй болып саналады. Сондықтан тұнғыш отаудың иесі өзінен кейінгі інілеріне үлгі көрсетіп, қамқорлық жасайды. Әдет-ғүрып бойынша бұл да бірінші отаудың өтеуге тиісті міндеті.
Қазақ өміріндегі бала өсіріп, тәрбиелеу ісінің мақсаты ұрпағының қызығын көрумен бағаланады. Отауға енші бөліп беру, сол мақсаттың орыңдалуы.
Жанұяда әке үкімі шексіз болған. Халық әдебиетінде отбасында әке сөзі “заң” еді. Ол соғанлайық болуға тырысты. Әкесінің іс-тірлігі балаларына үлгі болаты, ол қандай қиын қыстау кезенде де дінін сақтап, имандылық қасиеттерге үйрететін шариғат заңдарың насихаттап отбасындағы тазалық, ыңтымақарқылы салиқалы-салдарлы үлгілі ұрпақ өсіруге талпынды. Балалары әке тілегін, беделін жоғары ұстайтын. Ал әке өлген соң оның орнына семья бастығы боп қалған үлкен ағаның үкімі барлық басқа семья мүшелері үшін заңды болған. Жеке семья болып кеткен ұлдарына әкесінің не үлкен ағасының белгілі мөлшерде ықпалы жүретін. Шаруашылығы, яғни мал мүлкі бөлек болғанымен, барлық балалары әкесіен ақылдасып, оның айтқанын, көпшілік жағдайда, екі қылмайтың. Кейде, тіпті, әр түрлі жағдайларға байланысты малсыз қалған отауларға әкесі тарапынан екінші рет бөліну сияқты жағдайлар да кездесіп тұратын. Революцияға дейінгі қазақ қауымында қоғамдық мәселелерге байланысты әйелдердің орны еркектерге қарағанда әлде қайда кем саналатындығы кімге болса да аян. Ел арасындағы әр түрлі мәселелер мен ауыл, отбасы тағдыры лөбінесе ерлер арасында, онда да ақсақалдар шешетін. Ел арасындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге былай қойғанда ерлердің өзі тел қатысқан жоқ, әр тайпаның өзіндегі белді ақсақалдарыөзара ақылдасып, ұйғарым жасайтын болды.
Қазақтар басқа шығыс халықтарына қарағанда әйелге өте бір ілтипатқа бөленген кеңдікпен қарағаны белгім. Сондықтан да көшпелі қазақ өркениетінде Томирис, Зарина Домалақ ана, Нарғыз, Бопай ханым, Топшай, Зере, Айғаным, Ақын Сара тағы басқалар даналық қасиеттерімен еліміздің намысын асқақтатқан ақылына көркі сай жандар шыққан. Әйелге деген құрметтін бастауыда әрі көрінеді. Л.Гумилев кезіндегі даланы мекен еткен ухуаңдар мен сәнби жұртында әйел қатты құрметтелген: оған қол жұмсауға болмаған, қыз сүйгенімен тұрмыс құрған және қалың малына өзі қожайын болған, әскери іс-әрекеттен басқа жұмыстың бәрін әйел шешкен дейді. Бұл дәстүрді басқа да сол кездерде қазақ жерін мекендеген тайпалардың, елдердің тарихынан аңғаруға болады. Ғұн елінде әйел сонымен қатар кең тараған “бейбітшілік пен іліктілік” келісімінде ел мен елді бітістіруші, жақындастырушы, татуластырушылық қызметін атқарған. Жалпы, қазақ әйелдері, теңсіздікте жүрген десек те, бұлар әртүрлі тарихи кезең перзенттері ретінде, ел мақтанышы болып, ер жүгін көтере білгендеріне тарихтың өзі куә.
Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары бойынша әйелдерді масқаралау, оларға өсек таңу, кемсіту қылмыс саналады. Өйткені, әйел ана, ұрпақ жалғастырушы, бала тәрбиелешісі. Сондықтан да әдеттік заң қағидаларында олардың құқықтары жан жақты қорғалады. Мысалы, әйелдің күрек тісін сындырушы, емшегіне зиянкестік жасаушылар қатаң жазаланады. Өйткені, әйелдің тісі-тігін ісінде құралы, емшегі-нәрестенің тамағының қайнар көзі. Кейбір зерттеушілер анаға деген ықыласты теріс аударып, олардың халі құлдардан да жаман болған, куәлікке қатыстырылмаған, ерінен қалған сарқытпен ғана күнелткен,-деп заңсыз күйе жағуға тырысады. Әрине бұл барды көрмеушілік. Көптеген зерттеушілер Орта Азияның басқа отырықшы халықтармен салыстырғанда, қоғамдық өмірде қазақ әйелдерін салыстырмалы дербестілігі және еркіндігі атап өтеді. Ері жоқта кез-келген қазақ әйелдеріқонақ күтіп оның қонақасын, сый-сияпатын өздері жасай берген. Екі әйел бір еркектің барлық құқықтарына ие болған. Кезінде мұндай қылықтарға әйелдер үшін еркектермен бірдей айып салынған,-деген Л. Ф. Баллюзактің дерегінің жөні бар. Ал, Н. Гродеков ”әйелдер әлсіз, нәзік болғандықтан, өз намысын арашалай алмайды,”-дейді. Сол себепті билер еркектерге қарағанда әйелдерге қарсы қылмыс жасаушыларға айыпты көбірек салатынын жазады. Қалай десек те, қазақ халқы басқа туыстас түркі халықтарына қарағанда әйелдердің елдің анасына балаған, қадір-қасиет тұтқан, ұстамды, тұрақты, ақылды болуын талап етіп, барынша нркіндік беріп ерлермен тең құқықта ұстағанын біз әдет-ғұрып заң нормаларының кез-келген тармақтарынан көре аламыз. Тіпті, өлең-жырлар, қиссаларда әйел образын, әсіресе қазақ әйелдерін жағымсыз кейіпкер ретінде көрсетпейді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар т.б. жырларда қазақ әйелдері ерлермен терезесі теңдес, кейде олардан асып түседі. Қазақ әйелдері мұндай құқықтарға өздерінің аналық мейірімімен, мінез-құлқымен, жүректілігімен ие болғаны даусыз. Отбасында ана орны мәртебелі болған. Оған: “Жаман еркекті жақсы әйел есіктегі басын төрге сүйретеді”, “Әкесі өлсе жарты жетім, анасы өлсе толық жетім” тағы басқа мақал-мәтелдер куә болады.
Революцияға дейінгі әдебиеттердің көпшілігінде қазақ әйелдерінің қоғамдық қатынастарда правосыздығын орыды баяндаумен бірге, олардың семьядағы орнын, Орта Азия халықтары әйелдерімен салыстырғанда әлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетеді. Мысалы, Х. Сүлейменовтың “Уголовное закодательство в Казахстане в период интервенции и гражданской войны “ атты идссертациясынан біз мыманы оқимыз: “как местные суды жестоко карали узбечек, которые осмеливались открыть свое лицо или же одевать европейское платье. Следует указать на присуждение женщины за появление на улице с открытым лицом к к тюремному заключению, иногда на несколько месяцев. Такое же наказание назначалось за ношение сортянками русского платья. “
Байқап қарасақ, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Б.Сырттанов, Ғ.Қарашев сияқты қазақ зиялылары өркениетті ел болудың негізгі нышандары қатарына әйел бостандығын қойды. Соның бірі Барлыбек Сырттанов әйел бостандығының нағыз жыршысы ретінде танылады. Әйел құқы мен бостандығын еркектің құқымен теңеу республика құрудың негізгі қазақ қоғамына ауадай қажет екені ақиқат. Осының айғағы- оның қаламынан туған “Қазақ елінің уставы.” Осы “Уставтың” 12-бабында: “Қазақ елінде ер адам мен әйел тең. Қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады”-деп көрсетіледі. Барлыбек Сырттанов ғасырлар бойы қазақ қоғамында қалыптасқан әмеңгерлік, көп әйел алушылық сияқты әдеттік-құқық нормаларын бірден бірден жоққа шығармайды. Жаңа заманда ата салты әлеуметтік практикада сапалық өзгеріске ұшырап, аталмыш институттардың бәрі тек қана әйелдің келісімімен іс жүзіне асырылуы тиіс. Тек солай болған жағдайда ғана әйелдің бостандық құқы шектелінбейді. Б. Сырттановтың мұндай реформаторлық пікірлері 19-ғасырдың соңы 20-ғасырдың басында қазақ қоғамында Билер съезінде қабылданған Ереже нормаларынан да анық байқалған еді. Яғни, эволюциялық даму барысында заман талабына сай келмейтін әділеттік-құқық нормалардың біршамасы жеке адамның өз пікірін ескеруі, келісім арқылы іске асырылуы қазақ этносына, оның құқықтық санасына сіңе бастағаны қазақ қайраткерлерінің бостандықты көксеген қимыл-әрекеттерінің тікелей нәтижесі деп тануға болады.
Революцияға дейінгі қазақтың көшпелі және жартылай көшпелілікке сай үй шаруашылығының көпшілігі – ақ әйел еңбегіне байланысты болды.
Үй-ішінің тағдырына әр қазақ әйелі белсене қатысып отырды. Үй-ішінің көптеген тіршілігі әйел әрекеті мен еңбегіне байланысты жүрді. Сондықтан олар үй-іші мәселесінде өзін еркін ұстайтын да, өз бетімен жұмыстарын атқарып, ерлерінің нағыз көмекшісі болатын. Қазақ отбасында әйелдің үй ішіндегі еркіндігі ол отбасының атына нұқсан келтірмей, қайта намысын қорғайтын болса, ел аузына ілініп, өзгеге үлгі ретінде айтылып, үлкен мадақ пен сыйға бөленетін.
Тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабап, киіз басу, жіп иіріп, алаша, кілем тоқу, әр түрлі үй бұйымдарын тігу, мал сауу, кір жуып, үй жинау, көші-қонның кезінде тең буып, оны шешу, үй жығып, оны тігу, жас балалар мен қартайған ата-енесіне қарау, отбасы әулетіне моральдық-психологиялық қолайлы ахуал қалыптастыру, тағы басқа үй-ішінің уақ-түйек шаруасы түгелдей әйелдер мойнында болды. Үй шаруасына жалшылар ұстайтын ірі байлардың әйелдері мұндай шаруалар істемейтін. Олар, тек басшылық етіп, жеңіл-желпі киім тігіп, бала бағудан басқаға араласпайтын. Ал, орта шаруалар мен кедейлердің әйелдерінің жұмысы тіпті көп болатын. Олар өз шаруасына қоса бай туысының үй шаруасына да көмектесетін. Қысқы күні үйде тұрған малға қарау да көбінесе әйелдер мен бала-шағаның міндетіне жататын.
Революцияға дейін қазақ отбасындағы әйелдердің құқығы ерлермен тең болмады. Олар рұқсат етілмеген қылықтармен айналыспайтын. Оны мынадан көруге болады. Төңкеріске дейін Қазақстанда отбасында, тұрмыста, қоғамда әйелді басыбайлы ету үстем тап өкілдері бай-феодалдардың мүддесін көксейтін шариғат заңдарының нормалары бойынша жүрді. Қазақ әйелдерінің құқықсыздық жағдайын патша үкіметі де заңды етті. Сол кезде шығыс әйелдерінің қоғамда алатын орны жөнінде мақал-мәтелдерден анық көруге болады: “ Әйелдің күніне үш рет соқ, егер күшің жетпесе, әйелің отырған жерді күніне үш рет ұр. Алтын басты әйелден, бақыр басты ереке артық.”
Бұл мақал-мәтелдер әйелдің орнын отбасында қалай көрсетсе, қоғамда солай бейнелейді.
Енді әйелдің мүліктік қатынасқа құқы туралы сот процесіндегі әйел құқы туралы мәселені қарастырып көрейік.
Қазақ әйелі бүкіл қоғамдық-саяси өмірдің салаларында құқысыз болған. Заң бойынша шығыс әйелі ерінің қамқорлығында болды. Әйел ешқашан өз мүлкін пайдалана алмады. Әдетпен шариғат семья басының мүддесін көздеп, әйелді мүліктік қатынас құқынан айыырып, оны құқысыз және іс-әрекетке қабілетсіз етті.
Әйелдердің келісімі олардың иелерінсіз жарамсыз болды. Сонымен шариғат бойынша, “ әйел өз күйеуінің тапсырмаларымен еркін орындап, бүкіл үйінің мүлікткерінің түгелдігін қорғауға міндетті. Ерінің келісімінсіз әйел ешқандай мәміле жасай алмайды.”
Әйелі мен бөлек шықпаған балаларында мүлік болмайды. Егер әйел күйеуімен бірігіп тұрса мүлікті бірігіп пайдалана алады, алайда өз бетімен мүлікке өктемдік жүргізе алмайды. Күйеуі үйде жоқта мүлікті басқарады, мысалы, күйеу – досының талабы бойынша, егер ол сенімді болса, дүние-мүлкін ұстай тұруға немесе сыйға береді. Оралған күйеуі келіспейтінін айтуы мүмкін. Ол жоқта әйелі сатқан зат қайтарылады, егер күйеуі қарсы болса, Имам Ағзам қағидасында: иесі соңынан ризалығын білдірсе, онда жасалған келісім заңды болады деп санайды.
Қазақ қоғамында, көп әйелі бар отбасында бәйбішенің орны тоқалға қарағанда салмақты болды. Бәйбішенің үйі ерінің үйімен бір. Оны ері де, басқалары да сыйлауға тиіс. Қалған әйелдері тоқал, нақсүйер деген аттарға ие болды. Солай бола тұрса да, олар да ерінің сүйікті жары болатын. Бәйьішенің үйіне тоқал тек шақырумен кіретін және бәйбішенің рұқсатымен отыратын. Тоқал үйдің төріне рұқсат еткенше, шықпайтын, тек жартысына дейін бара алады. Еншісі бөлек тоқал, үлкен үй төріне өле-өлгенше шықпай кетуі мүмкін, бұл олардың үлкен үйге көрсеткен құрметі. Көп әйел болған жағдайда үй шаруасы тоқал мойнында еді, ал бәйбіше тек басшылық жасайды. Тоқал үйі бәйбіше үйінен 2-3 үй кейін тігіледі. Егер бәйбіше шайпау, қызғаншақ болған жағдайда, тоқал үйі 15-шақырымдай ілгері тігіледі. Ерін тоқалына жібермейтін болса ел-жұртқа естіртіп айқай шығаратын айлалы күндес бәйбішелер де болды.
Тоқалға қарағанда бәйбіше қазақ қоғамында ертеден-ақ көп құқыққа ие болып, тіпті ерлермен бара-бар, тең жағдайға дейін жеткен. Ал, тоқал сол үйдің күңі дәрежесіне дейін жеткені жасырын емес. Оған мысал ретінде Бөкей ордасын зерттеген А.Харузин: “Егер қазақ бөкейліктің бірнеше әйелі болса, онда біріншісі үлкені болып саналып “бәйбіше” деп аталады, оған тек күйеуі ғана әмір ете алады, бәйбіше жұмысты басқа әйелдеріне бөліп береді, олар кіші деп есептеліп, “тоқал” деп аталады деп тұжырымдайды.
Рулық қатынас күш алғанда тоқалдыққа жас қыздар алу шаруашылықты жүргізер денсаулығы мықты қарулы күңнің керектігінен шыққан. Қазақ тәжірибесінде көп әйел алғандардың әр әйелі көбінесе өз еншісімен бөлек тұрғанымен, өзге әйелдердің бәріне бәйбіше үстемдік жүргізетін. Бәйбішені күйеу тіпті сүймеген күннің өзінде өзге әйелдеріне қарағанда ерекше праволы болған. Егер іс насырға айналғандай жағдай болса, бәйбіше балаларымен төркініне кетіп қалуға дейін ерікті болатын. Тоқалдарда мұндай ерік болмайтын. Бәйбіше мен тоқалдың отбасындағы теңсіздігі туралы бұрын-соңды жарық көрген әдеби мұралар осы айтылғандарды растайды. Бір еркек алған әйел екі-үш әйелдің біреуі бәйбіше аталады да, оның отбасындағы ықпалы, үстемдігі, әлеуметтікорны басқа тоқал саналатын әйелдерден жоғары тұрды. Некенің осы құрылымы қазақ арасында ұзақ өмір сүрді.
Негізінен бәйбішелер отбасындағы ішкі-сыртқы істерге араласып, бала-шаға, келін-кепшік тәрбиесі сияқты жауапты жұмыстарды атқаратындықтан күйеудің көңіл-күйіне, қас-қабағына қарауға жас тоқал әперген. Ал мұндай құрметке отбасына, бала-шағасына беделі бар еркек қана ие болған. Бұл өзін сыйлап сенімінен шыққан ақылды күйеуге деген бәйбішенің сый-сияпаты іспеттес. Бәйбіше болса тоқалдыққа жүрісі жеңіл, есік көрген әйелден гөрі, текті жердің беті ашылмаған қызы…….