Курстық жұмыс: Саясаттану | Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
Мазмұны
Кіріспе.
І. Тарау. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары………………………3
1.1 Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі…………………………………………..9
ІІ. Тарау. Қазақстан дипломатиясы.
2.1 Қазақстанның дипломатиялық және экономиялық қатынастарының алғашқы қадамдары……………………..14
2.2 Қазақстан дипломатиясының кезеңдері………………………………………………25
Қорытынды………………………………………………………………………………………………..37
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констетуциялық заң жарияланады. Мемлекетіміздің алдында халықаралық құқықтың жас субьектісі ретінде басқа мемлекеттермен әріптестік қарым – қатынас, байланыс орнатуға кең көлемді мүмкіндіктер ашылды. өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты – халықаралық құқықтың субьектісі болып табылатын әлемнің кез келген мемлекетімен әріптестікғ пен әділеттілік ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көп мақсатты ынтымақтастықтың мәнін «…Мұндай ынтымақтастықты дамыта отырып, біз жасанды түрде басқа дүниеден оқшауланбаймыз және ешқандай идеологиялық , конфессионалдық блоктарға кірмейміз, керісінше, Қазақстанның Шығыс пен Батысты жалғастырушы континенталды көпір ретіндегі ерекше рөлін пайдалануға ұмтыламыз», деп атап көрсетті.
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ – ның бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар — әлемдегі қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау… Бұлар ХХІ ең басты проблемалары ретінде айрықша аталып өтті.
Бірінші проблема – қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай – ақ оларды жеткізу құралдарын (зымырандарды) тарату – ғаламдық және аймақтық деңгейде зор қауіп қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық ылаңкестердің жаппай қырып – жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша қауіп төндіретіні сөзсіз.
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылықтың негізі болып келіп еді. АҚШ – тың 2001 жылғы желтоқсандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі Ресей, Қытай т.б. елдер тарапынан наразылық тудырды.
Ядролық қарудың таратпау туралы келісімге қол қойған 187 мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К.Аннан АҚШ – тың ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін, ядролық қарусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ – тың бұл әрекеті ядролық қарусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, оны таратуға ықпал ететін болады.
БҰҰ – ның көп жылғы жұмысының нәтижесінде 2001 жылы жеңіл қару жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда – саттыққа жол бермеу жөніндегі іс қимыл бағдарламасы қабылданды.
Азия құрлығының ерекшелігі – мұндай ядролық мемлекеттер және осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр.
Қазіргі заманның қауіпті қатерлері – халықаралық ыланкестік (тероризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностық қақтығыстар, қару – жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.
2001 жылы қыркүйектің 11 – күні АҚШ – қа өзінің қатігездігі жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың басына төнген қауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді. Бұдан бұрын да ыланкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен Дар – Эс Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты,
300 – і жараланды.
Осы заманғы халықаралық ыланкестік өзінің сипаты жағынан ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің №1373 шешіммен (қатар, 2002 ж) терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі қатысады, олар ыланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, ыланкестер мен оларды қолданушылардың қаржылық құралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тиым салынады. Ыланкестерге баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі мәлісдемесінде былай деп атап көрсетілді: «Бір жыл бойы әлем мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 қарарының және басқа да тиісті Қараларының негізінде ыланкестікке жан – жақты қарсы тұрудың екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын түбегейлі нығайтып, кеңейтті. Осынау ортақ серпінді күш — жігердің арқасында ыланкестікке қарсы күрес шын мәнінде жаҺандық сипат алды. Ыланкестікпен, сепаратизммен және экстремизмен күрес туралы Шанхай Конвенциясын бекіту рәсімін аяқтады, ШЫҰ – ның Аймақтық ыланкестікке қарсы құрылымы туралы келісімге қол қойылды».
2002 жылғы 4 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті болып, онда Алматы актісі, ыланкестікті аластау және өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Онда былай деп көрсетілді: «Біз қайда, қашан және кімнің жасағанына қарамастан, ыланкестіктің барлық түрлері мен көріністерін жазықсыз жанжардың өмірі мен игілігіне алалаусыз кезелген тағылық қол сұғушылық пен қылмыстық әрекет ретінде бағалап, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне қатер төндіретін әрекет ретінде айыптаймыз…
Ыланкестіктің қатері оның есіркінің заңсыз айналысымен, жеңіл атыс қаруын астыртын сатумен және оны кез келген пошымда ыланкестік топтарға берумен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратисттік ұйымдармен ыланкестік қызметі қаржыландырудың және адам күшімен толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық көріністері мен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түседі. Сепаратизм – мемлекеттердің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, егемендігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына төнген негізгі қатер мен қауіптің бірі… Біз дінді ыцланкестік және сепаратисттік қозғалыстармен топтардың өз мақсатына жету үшін сылтау ретінде пайдалануын жоққа шығарамыз». Американ ғалымы Самуэль Хантингтон: «ХХІ ғасыр «өркениеттер тоғысуы» емес, «өркениттер қақтығысы» ғасыры болады, мұсылман және христиан өркениеғттері арасындағы қайшылық тек күшпен шешіледі» — деп болжады. Ондаған жылдар бойы АҚШ – пен көптеген араб елдері арасындағы шиеленістер қордаланған. 1980 жылдан бері АҚШ ислам елдеріне қарсы 19 рет қару жұмсаған, әскери интервенциялар ұйымдастырған. 11 қыркүйектегі терродың себебін араб елдерінен іздеудің де негізі бар.
Дегенмен, Ислам конференциасы ұйымына кіретін 54 мемлекет исламды желеу етуге тырысқан ылаңкестікті өздерінің қатаң айыптайтынын әрі ылаңкестіктің кез- келген пошымының исламға қарсы жоқ екенін батыл мәлімдеді.
1999 жылғы қарашада Ыстамбулда өткен Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының бас қосуына ислам конференциясы ұйымы да шақырылып, олардың арасында үндесу форумы өткізілді.
БҰҰ Таяу Шығыстағы қақтығыс мәселесіне айрықша назар аударып, №1397 шешімді қабылдап, «күш қолданумен ыланды тоқтатып, екі мемлекетті (Израйль және Полестина) танылған шекара шегінде қатар өмір сүруге» шақырған болатын. Бұл шешімде Полестинаның мемлекеттігі айтылады.
Екінші проблемасы – кедейшілікпен күрес. Дүние жүзіндегі 6 млрд халықтың 3 млрд – қа жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүруде, 100 млн – дай бала баспанасыздар санатында. Қазіргі кезде әлемде 800 млн адам аштық азабын тартып отыр. 1996 жылы бүкіләлемдік аштықпен күрес туралы халықаралық конференция өтті. 2002 жылғы маусым айында Римде 182 ел өкілдері «бес жыл өткен соң» деп аталатын азық – түлік бас қосуында деклорация қабылдап, 2015 жылға дейін ашаршылыққа ұшырағандар саны екі есе қысқарту жөніндегі өз міндеттемелерін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев әлемдік саммиттің мінберінен былай деді: «Мен осыдан 10 жыл бұрын БҰҰ – ңың бас ассамблеясында барлық мемлекеттердің әскери шығындарын бір пайыз қысқарту және үнемделген ақшаны аса кедей елдердің дамуына аудару жөнінде жасаған ұсынысымды қайталап айтқым келеді». Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаев БҰҰ- ын жаһандық экологиялық проблемалардың тізімін жасай бастауға шақырды. «Біздің ойымызша, айналадағы ортаға келтіретін зиянды күн тәртібіне барынша өткір қоймай болмайды» деді Елбасы.
Үшінші проблема – қоршаған ортаны қорғау. 2001 жылғы ақпан айында Кения астанасы Найробиде БҰҰ – ңың қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесінің мәжілісі өтті. Онда қазіргі кезде қалыптасып отырған жағдайда атмосфераға түрлі газдардың ұшуынан пайда болатын парник әсерінен келетін зиянның мөлшері орасан екендігі аталды. Әлемнің жүздей елінен келген лауазымды шенеуніктер, ғалымдар, мамандар ғаламдық жылудың салдарын азайтудың жолдарына тоқталды.
Бұрын атмосфераға парник әсері тудыратын көмірқышқыл газының жіберілуін азайтуға көбірек назар аударылса, бүгінде сол газдардан пайда болған ғаламдық жылудың салдарына ұшыраған аймаққа көмек көрсету мәселесі де айрықша маңыз алып отыр.
Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелері ұшырылған сайын да озон қабаты тесілуде. Нәтижесінде сол аймақтың ауа райы бұзылып, желдің жылдамдығы артып, кейбір уақытта шілде айында бұршақ жауа бастады.
Демек, барлық мемлекеттер ХХІ ғасырдың күрделі проблемаларын шешу үшін БҰҰ көрсеткен міндеттерді нақты орындау жолында қызмет етуге тиіс……