Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

0

Мазмұны

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу әдісі, тілдік материалы, маңыздылығы
1-бөлім
Термин. Терминология. Термин жасаудың принциптері
1.1. Терминдік атаулар мен ұғымдар және терминология ғылымы
1.1.1. Қазақ тіл білімінің терминдері жайында
1.1.2. Қазақ тіл білміндегі терминологиялық сөздіктер жайында
1.2. Қазақ терминологиясын жасаудағы академик Ә.Қайдаров ұсынған принциптер
2-бөлім
Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері
2.1. Тіл біліміндегі терминдер жайында
2.2. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық статистика ғылымы және ондағы терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері
2.3. Лигвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің сипаты
2.4. Лингвостатистикалық терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін топтау, жіктеу, саралау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша. 1. Әліпбилік сөздік; 2. Қысқаша түсіндірме сөздік

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.
Жұмыстың маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың орындалуы – мектепте терминдік ұғымдағы сөздерді оқытуда не жоғары оқу орындарында «Қазіргі қазақ тілі» ғылыми курсының «Лексикология» тарауын өткенде, сондай-ақ осы тақырыпта арнайы курстар жүргізгенде маңызды.
1-бөлім
Термин. Терминология. Термин жасаудың принциптері
1.1. Терминдік атаулар мен ұғымдар және терминология ғылымы
Термин латын сөзі: terminus. Қазақша мағынасы –бірдеменің шегі, шекара, шекаралық белгі. Терминдер – тілде ғылым мен техникада, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздер, яғни, терминдер – белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулар, ал олар жайындағы ғылым теринология деп аталады.
Терминдердің тіл лексикасындағы басқа сөздер түрлерінен басты айырмашылығы: ол көп мағыналы емес, бір-ақ нақты мағыналы болып келеді. Егер термин деп аталған сөзде әр түрлі мағыналық ұғымдар байқалған болса, онда ол термин болмағаны. Сондай-ақ, терминдерде эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды.
Бірақ бұл айтылғандардан қандай болмасын терминдердің бәрі де тек дара мағынада қолданылады, көп мағына білдіретін термин жоқ деп тұжырым жасауға да болмайды. Кейбір терминдер көп мағыналы да болып келеді. Ол – терминдердің кемшілігі. Егер белгілі бір термин көп мағыналы болса, одан кейде қате түсінік тууы да мүмкін. Сондықтан да екі ұштылық тудырмау үшін әр уақытта да терминдердің дара мағыналы болуы көзделеді. Қысқасы, термин болатын сөздердің мынадай сипаттары болады:
1. Терминдер көбінесе дара ұғымды, бір мағыналы болып келеді.
2. Терминдерде өз мәнінде стильдік эмоциялық мән болмайды.
3. Терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түкпілікті қызмет атқарады.
Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Мәселен, белгілі бір ғылым мен техниканың бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет. Өйткені ол салаға тән терминологияны жете білмей тұрып, ол ғылымды меңгеруде мүмкін емес. Айталық, біздің дипломдық жұмысымызда қаралатын жай – тіл білімі, оның бір саласы лингвистикалық статистикаға қатысты атаулар мен ұғымдардың терминдік сипаты жайында.
Сондай-ақ, термин сөздердің ішінде тек бір саладағы терминологияға қатысты терминдер де әр басқа терминологияға бірдей қатысты терминдер де кездеседі. Мысалы, метатеза, флекция, аффикс, префикс, идиома деген терминдер тек тіл білімінде – лингвистикада ғана қолданылады. Ал морфология, операция, ассимиляция деген терминдер әр түрлі саладағы терминологияда жұмсала береді.
1.1.1.Қазақ тіл білімінің терминдері жайында
Белгілі бір тілідң (мысалы, қазақ тіл білімі) өзіне ғана тән терминдері мен терминологиясы болады. Мәселен, жұрнақ, сөз түбірі, үндестік заңы, зат есім, сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, құрмалас сөйлем, оңашалаған айқындауыш т.б. — қазақ тіл білімінің терминдері.
Қазақ тіл білімінің терминологиясы бүгінде біршама қалыптасып, орныққан. Оның қалыптасу тарихы, даму жолы да бар (Ә.Т.Қайдаров, Ө.А.Айтбаев. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы, қазіргі жайы және міндеттері. –Қазақ терминологиясының мәселелері. Алматы, 1986).
Қазақ тіл білімінң терминологиясын қалыптастыруда көптеген тілші ғалымдарымыз еңбек етті, тер төкті. Олардың қатарында: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев, Ә.Әдірахманов, Ғ.Мұсабаев, Б.Қалиев т.б. аттарын атауға болады.
1.1.2.Қазақ тіл біліміндегі терминологиялық сөздіктер жайында
Терминдер – белгілі бір тілдегі ғылым мен білім, техника салаларындағы арнаулы атаулар дейтін болсақ, олардың жинастырылып, бір ізге түсіріліп, белгілі бір жүйеге келтіріліп берілуі – терминологиялық сөздікті жасайды.
Қазіріг кезге дейін қазақ тіл білімінде қырыққа жуық үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көрген. Бұған лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психлогия, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт-физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, темір жол қатынасы, биология, химия, археология, механика мен машиналар, ЭВМ және компьютерлік техника, мал дәрігерлік, әлеуметтік-экономикалық, анатомиялық, өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы. Қоғамдық-саяси терминдер т.б. енгізілген. Бұлардың қатарынан 1966 ж. шыққан І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтардың «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігін», А.Салқынбай мен Е.Абақандар шығарған (1998) «Лингвистикалық түсіндірме сөздігін» т.б. жатқызуға болады.
Әр тілдің өзінің терминологиялық сөздіктерін жасауға өз ісіне жетік деген маман иелері қатыстырылады. Алайда, жарық көріп жатқан ірілі-ұсақты терминологиялық сөздіктерде ана тілінің өзіне тән сөзжасам тәсілдерін әрдайым сарқа пайдаланып келе жатыр деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Оны академик Ә.қайдаровтың «Қазақ терминолоиясына жаңаша көзқарас» (1993) деген еңбегінен-ақ көруге болады.
1.2.Қазақ терминологиясын жасаудағы академик Ә.Қайдаров ұсынған принциптер
Академик Ә.Қайдаров өзінің «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» деп аталатын еңбегінде: «Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болған Қазақстан Республикасы бүгінде өзінің жұлдызды сағатын бастан кешуде. Өркениетке қадам басқан қазақ халқының қара басына жеткілікті қауырт та қарбалас тіршіліктің қалың ортасында тағы да тіл тағдыры тұр. Өйткені толыққанды ұлттың тілсіз дербестіктің күні қараң, тәуелсіздіктің мәні жоқ. Сондықтан да егемендік алып, еңсесін көтере бастаған елдің ең алдымен әспеттейтін қастерлісі де, түгендейтін асыл дүниесі де ана тілі болмақшы.
Мемлекеттік мәртебеге ие болып оотырған қаақ тілінің де төрт құбыласы тең емес екені белгілі. Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны –
1) жазу сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алытн көпір)
2) ономастикасы (жер бетіндегі ескерткіші)
3) терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындаған жөн», — дей келіп, бұл мәселені сөз етудің себептеріне тоқталып, түсіндіреді:
«Осы үшеудің белгілі дәстүрге ие, алды-арты айқындалған, тілімзде бір шама қалыптасқан делініп жүрген терминология мәселесіне бүгінде қайта оралуға үш түрлі себеп бар:»
Бірінші себеп: -әрбір өркениетті ел ғылыми-техникалық прогрестің айнасы іспетті терминологияның тап-тйнақтай сындарлы болуына ерекше мән беріп, заман талабына сай оқтын-оқтын оның бағыт-бағдарларын анықтап, үрдісін байқап, ширатып-шынықтырып отыруға тиіс, біз де енді сондай ел санатына жатамыз.
Екінші себеп: -қазақ әдеби жазба тіл – мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі – оның жөн ауасы, бүкіл рухани-мәдени өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, дәл сол ыңғайда өзгеріп оотыруға бейімді құбылыс, сондықтан да мемлекеттік әдеби тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңі терминолоияның ретілігімен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді.
Үшінші себеп: — қазақ тілі терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр, оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың рнына артта қалып, термин практикасы аяқ аяты болып бара жатыр.
Осының нәтижесінде әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыру тәрізді бейберекет «буқаралық» әрекетке (анархияға) жол беріле бастады, оны ең алдымен Мемлекеттік терминология комиссисының (Мемтерминкомның) өз міндетін жөнді атқара алмай отырғанына деп білген жөн.
Міне, осы себептерге байланысты бүкіл терминология жүйесінқайта қарауға тура келеді. Оның бүгінгі мүмкін халін біле отыра, көре отыра зиялы қауымның бұл мәселедей сырт қалуы мүмкін.
Ал оны бұрынғыдай Қазмемтерминкомның ғана құзырына тапсырып, бір топ адамынң анда-санда бір басып қосып ат үсіт, жүрдім-бардым қарстыруымен шешем деу — өзімізді-өзіміз алдағанмен пара-пар……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!