Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстарын жүргізу
Мазмұны
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мазмұндаманың негізгі мақсат, міндеттері
2.2. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру
2.3. Сурет бойынша мазмұндама
2.4. Кино, диафильм бойынша мазмұндама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланган әдебиеттер
Кіріспе
Бастауыш мектепте жазу жұмыстарының жүйесін белгілеу өте маңызды. Онсыз оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге де, сауатты жазуға да үйрету мүмкін емес.
Жазу тілі сауаттылықты қажет етеді. Бастауыш мектеп оқушыларын дұрыс жазуға үйрету үшін, олардың есту сезімдеріне, сөйлеу аппараттарына, көру сезімдеріне, қол қимылы мен ой қызметтеріне ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, жазуға үйретуде олардың әрқайсысының маңызы зор. Мысалы, белгілі бір сөзді қатесіз, дұрыс жазу үшін оны ести де көре де, айта да, жаза да білу керек және оның қалай дұрыс жазылатындығын есте сақтай да білу қажет.
Бастауыш сынып оқушылары әліппе кезеңінен бастап, естіген сөздерінің дыбыстық құрамын ажыратып, әр дыбыстың әріптерін қағаз бетіне дұрыс түсіріп бере алатындай дәрежеде болулары керек. Егер ауызекі сөздерді дұрыс ести білуге дағдыланбаса, оқушыларға емле ережелерін үйрету қиынға соғады. Сондықтан есту арқылы жеңіл сөздерді дұрыс жазу бірінші сыныптан бастап қолға алынады. Бұны сауатты жазуға үйретудің алғашқы кезеңі деп қарап, сол мезеттен бастап әрбір сөзді дұрыс айтып, дұрыс ести білуге ерекше мән берген жөн.
Сөздердің естілуі бойынша жазғанда, көбірек кездесетін қателердің бірі – әріп қалдырып жазу. Сондықтан сөздерді естілуі бойынша дұрыс жазуға үйретудің ең басты әдісі – сөздің буын және дыбыс құрамын талдатып, буындарын және дыбыстарын айыра білу. Сондықтан да оқу, жазуға үйрету кезеңінде балаларға жазуға берілетін сөздерді ең әуелі ауызша талдатып шығу қажет. Сонда оқушылар оқылған сөздерді қатесіз жазып үйренеді.
Оқушылар орфрграфия ережелерін дұрыс меңгеріп алулары үшін олардың білім алу дағдыларын дұрыс ұйымдастыру қажет. Мысалы, орфография ережелерін әдетте, мәтінді талдатып барып түсіндіру, бір грамматикалық форманы екінші грамматикалық формамен салыстыра отырып, олардың араларындағы өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету, мәтін ішінен зерттеліп отырған емле ережелеріне жататын сөздердің қалай жазылуына оқушылардың көңілін айрықша аудару, тиісті орфограммаларды анықтата отырып, морфологиялық форманың мағынамен байланысты болатынын ескерту, жаттығу материалын, әсіресе, оның сөздік материалын әр сыныпқа сәйкес етіп алу, үйретілетін орфограммаларды жеңілден бастап бірте-бірте күрделендіру қажет болады.
Кей жағдайларда оқушылар ережені біледі, бірақ жазып отырған материалының ішінен осы ережеге сәйкес келетін сөзді таба алмайды, сондықтан ережеге сүйеніп жазылатын сөзді айтылуы бойынша қате жазып қояды. Бұл сияқты қатені жаттығу арқылы ғана жөндеуге болады. Ол үшін грамматикалық-орфографиялық талдау, қатемен жұмыс жүргізу, терме диктант, т.б. сияқты жаттығулар жүргізіледі.
Сөздің морфологиялық бөлшектерін дұрыс ажырата алмайтын оқушыға мұғалім жалғау мен жұрнақтың айырмашылығын немесе олардың атқаратын қызметін түсіндірмек болған жағдайда оған қиынға соғары сөзсіз. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру үшін әр түрлі жазба жұмыстары жүргізіледі.
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатындығы оқушыларға жете түсіндірілсе, ол дыбыстарды жазу оқушыларға соншалықты қиындықтар келтірмес еді. Сондықтан алғашқы рет жазуға үйретуде сөйлеу мүшелерінің қызметіне көңіл бөлудің айрықша маңызы бар.
Сөздерді жазуда жүйелілік болуы керек. Сөздердің біркелкі жүйелілікпен жазылуын орфография қарастырады. Оқушыларға орфографиялық ережелерді үйретпейінше, оларды дұрыс жазуға дағдыландыруға болмайды. Әрбір орфограмманы жақсы ұғынып, есте сақтауға үйреткен жөн.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету үшін, диктантта оқылған мәтінді жақсылап тыңдап отыруға, көшіріп жазатын мәтін бойынша талданған орфограмманы жақсылап түсініп алуға, не жазса да оны түсініп жазуға, жазбаша орындайтын жұмыстың мәнін түсініп барып орындауға дағдыландыру керек. Әсіресе жаттығулардың мәнін түсінбей орындауға болмайды.
Оқушыларды орфографиялық дағдыларға үйретуде кітаптан, тақтадан оқыған сөздерді ұқыптылықпен байқап қарап оқудың пайдасы зор. Бұл әдіс сөздердің жазылуын есте сақтап отыруға септігін тигізеді.
Сонымен, есту, көру,сөйлем мүшелерінің қызметі, ой қызметі – осылардың барлығы оқушыларды сауатты жазуға үйретуде қосымша қызмет атқарады.
Оқушылар жуан айтылатын дыбыстарды жіңішке айтылатын дыбыстармен, ұяң дыбыстар мен қатаң дыбыстарды, қатаң дыбыстар мен үнді дыбыстарды шатастырмау үшін, әліппе кезеңінің өзінде оқушылардың қате жіберетін сөздеріндегі дыбыстарды соған ұқсас екінші бір сөздердегі дыбыстармен салыстырып көрсетіп отыру керек.
Оқушыларға жазба тілді үйретуге жеңіл-желпі қарауға болмайды. Жалпы жазба тілдің жүйелілігі, біртіндеп қалыптасады. Оқушылар орфографиялық ережелерді меңгермейінше, қатесіз, дұрыс жаза алмайтыны мәлім, бірақ қатесіз жазу үшін тек орфография ережелерін ғана біліп қою да жеткіліксіз. Сондықтан орфографиялық ережелерді іс жүзінде бірден қолдана білу дағдысын іске асыруды ерекше назарда ұстаған жөн.
Жазба тілде орфографиялық ережелерді дұрыс пайдалана білу жаттығу жұмысының түрлерін таңдап ала білумен және әрбір ережені оқуға, түсінуге байланысты жаттығулардың ретін тауып қолдана білумен тығыз байланысты болады. Орфографиялық жаттығудың мынадай түрлері бар: орфографиялық талдау, оқушылардың өз беттерімен істейтін жұмыстары, мазмұндама, шығарма жұмыстары, көшіріп жазу, жатқа жазу, диктанттар, т.б.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мазмұндаманың негізгі мақсат, міндеттері
Мазмұндама жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға іске асыруға жол бермеу керек.
Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдісі арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді. Көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуге тиіс. Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздейді.
1. Оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету;
2. Оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар, шеберлікті қалыптастыру;
3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алатын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу;
4. Қазақ тілі ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну;
5. Мазмұндама мәтіндері арқылы балаларды өз отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, қозғалуымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.
Осы жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары.
1. Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптарға негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет.
2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы, балалардың жазған мазмұндамалар орфографиясы жағынан ғана емес, мазмұнды жағынан да ойдың реңін білдіру, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарында бағалануға тиіс.
3. Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндалуы тиіс, яғни алдын – ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алады.
Сөз сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп, сөздерді материалдың ішіндегі негіздерін, таңдап қолдануға тиіс. Мәтін анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Бас артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
6. Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болса,яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын («Мен тауға бардым. Күн ыстық болды»).
7. Жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдыланбау керек. («Там төбесін қар басып қалды», «Жейдесі су болды», «Азанда бүлдірген теруге кетті»).
8. Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының орфографиялық функциялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап, тексеріп кейбір қате қарастырылған сөйлемдерді жөндеуге де жол беріледі.
Міне бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.
Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың мазмұнын ауызша не жазбаша түрде баяндап беру.
Бұл оқушының алған білімін тиянақтап, тілін дамыту, жазуға төселдіру мақсатын көздейді.
Мазмұндама 1 – сыныпта оқу жылының екінші жартысынан басталып, 2 – 4 сыныпта бірте – бірте күрделендіре жүргізіледі.
Бастауыш мектеп оқушыларына мазмұндама алдымен дайын мәтін бойынша жаздырылады.
Мазмұндама мәтіндері жеңіл әңгімелерден басталып, бірте – бірте қиындай түседі. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы. Оларды адамгершілікке, достыққа, ерлікке, еңбекке, Отанын сүюге тәрбиелейтіндей мазмұны белгілі бір сюжетке құрылған оқиғасы тартымды әр сыныптағы балалардың ұғымына лайық болғаны дұрыс.
Білімділік жағынан оқушыларға таныс құбылыстарды аңғарту, байқату арқылы бірте-бірте таныс емес құбылыстарды да таныта алатындай мағлұматтар беретін композициялық құбылысы жағынан мәтіннің жеке бөлімдері оңай ажыратылатын болғаны жөн. Мәтіннің көлемі 1 – сынып үшін 40 – 50 сөз, 2 – сынып үшін 50 – 60 сөз, 3 – сынып үшін 60 – 80 сөз, 4 – сынып үшін 80 – 90 сөз болғаны дұрыс.
Бұл сыныптарда мәтіннің әңгімелеу түрінде болғаны дұрыс, өйткені баяндау, хабарлау түріндегі мәтін балаларды тез жалықтырып жібереді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап – тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: «Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің берік игерілуі, идеялық – саяси және адамгершілік тәрбиенің этикалық және дене тәрбиесінің жақсартылуы қамтамасыз етілсін. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын» — делінген.
Оқу – тәрбие жұмысының негізгі әдісі дидактикалық заңдарын толық қолданып жаттықтыру, яғни білімді мазмұнынан туғызып, дағдыға айналдыру екенін әр кез есте ұстаған абзал. Мазмұндама жұмысы үшін әрбір мұғалім озат, тәрбиелі ұстаздардың іс – тәжірибесімен санасып, өз ізденісі туған жемісті әдіс – тәсілдерімен ұштастрып отыруы керек. Мазмұндама білімді жаттығуға негіздеп дүйелеп өткізуді талап етеді.
Мазмұндаманы сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетк білуі тиіс. Сонда оған сабақтың теориясы мен практикасы айқын болады. Сонымен қатар мұғалім педагогика, психология әдістемелеріне сүйенеді.
Ал дидактиканың мәні – бір ғана тәрбие жұмысы емес, оқудың теориясы мен жүйесі. Оны қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин «Біртұтас әдіс» деп атаған. Сондықтан мұғалімнің мұны да ескермегені жөн.
Мазмұндаманы жазу әрі теориялық, әрі практикалық ұғымда қолданылады, яғни бұл әдіс мазмұндама жазу кезінде теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім – тәрбие берудің амалдарын саралайды. Соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді. Оқушылардың білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс түрі оқыту әдістерінің құрылымына тікелей байланысты. Сонымен бірге мұғалімнің басшылығымен орындалатын мазмұндама жұмысының мазмұнына қатысты болады. Мазмұндама жазу әдістері мәтінмен жұмыс жүргізудің теориялық материалдарын психикалық функциялары негізінде меңгертіп, оны қалыптастыруды және практикада шығармашылықпен қолдана білуді үйрететін тәсілдер жиынтығы болып табылады.
А. Байтұрсынов: «Әдіс – кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», — депті. Орыс жазушысы Л.Толстой: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ….