Курстық жұмыс: Психология | Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Практикалық психодиогностиканың теоретикпалық сұрақтары.
2.Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
3.Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдбиеттер тізімі
Психодиагностикалық мәселелерді шешу тәсілдері
1.Практикалық психодиогностиканың теоретикпалық сұрақтары.
Психодиогностика-теория,метафлогия, әдістемені өңдеуде, индивит немесе топ күшімен психологиялық деңгейінің дамуына байланысты, дәл баға беруге қасиетті белгілі білімдер жүйесі. «Психодиогностика» деген сөз психологиялық диогноз қою дегенді білдіреді немесе адамның психологиялық күйдеболғанда квалификациялық шешім қабылдау не болмаса қандай да бір жеке алынған психологиялық қасиетіне қатынасты шешіліп жатқан мәселе бір жақты емес және психологияда оның екі түрлі түсінігі пайда болады. Психодиогностика түсінігінің нақтылауының бірінде оның арнайы психологиялық білім төңірегіне қатысты.бұлар психодиогностикалықәр түрлі амалдарды өңдеуде және пайдалануда іс-тәжірибеге қатысты психодиогностика осы түсінік бойынша ғылым болып қалыптасып келесіарнада жалпы сұрақтар қалыптасады:
1. Психологиялық құбылыстардың және оның ғылыми бағалануының принципияльды мүмкіншілігі қандай?
2. Қазіргі уақытта психологиялық құбылыстардың санаулы бағалануында және принципияльдыбағалануда жалпы ғылыми негізделуінің қалыптасуы қандай?
3. Қабылданған жалпы ғылымиметодологиялық тараптарға қазіргі уақытта пайдаланып жүрген амалдар қандай дәрежеге сай келеді?
4. Әр түрлі психодиогностикалық амалдарға қандай негізгіәдістемелік талаптар қойылады.
5. Практикалық диагностиканың нәтижесінің дұрыстығының негізделуі қандай? Психодиогностиканы жүргізуде қойылатын шарттар мен талаптар оны өндіруде алынатын нәтижелер және интераритациялау амалы қандай?
6. Тестерді қоса есептегенде психодиогностиканың ғылыми әдістерін тексеру және құрастыру процедурасының негізі қандай?
Психодиогностиканың 2-ші айқындалған термині психологияның спецификалық іс-әрекет сферасынабағыштайды. Ол психологиялық диагнозды іс-тәжірибе жүзіне қоюымен байланысты. Мұндай теориялық сұрақтарға қарағанда іс-тәжірибелік сұрақтар шешіледі. Бұл сұрақтар психодиогностиканы жүргізу және құрастыруға байланысты. Олар:
1. Психодиогностика ретінде психодиогносқа психологқа қойылатын кәсіптік талаптардың нақтылануы.
2. Өзінің жұмысы табысты орындау үшін білім деңгейін, санын, қабілетін және дағдысын орнату және арттыру.
3. Психологтың психодиогностиканың әсерін табысты және кәсіптік мөлшерде меңгеруде іс-тәжірибелік шарттың минимуминың анықтау.
4. Психологтың психодиогности төңірегіндегі іс-тәжірибелік әдістері мен амалдары. Бағдарламаны өндіруде дайындығын анықтау және бағалау. Психиканың даму деңгейіне баға беру, іс-тәжірибеде бір немесе бірнеше мәселелердішешуге байланысты индивит немесе топтың көмегімен жүргізіледі:
1. Белгілі қасиеттің даму деңгейін анықтау:
2. Белгілі уақыт кезеңінде өткен динамикасымен дамуын анықтау.
3. Оқу-тәрбиелік ықпалмен ұйымдастырылған индивит немесе топтың тәртәбәнде шындыққа жанасатын өзгерістерді белгілеу.
4. Өткен кезден анализ заңдарын, даму деңгейінің динамикасын, жеке адамның қасиеттерінің даму деңгейінің перспективаларын анықтау.
5. Анықталған адамдар немесе топтар категорияларын дифференциалдық жұмыстар жүргізу нәтижесінде даму өзгерістері байқалғандарды бөлу.
6.Топ немесе индивиттің кез-келген мәселелердішешуге, мысалы: өзінің мамандығының міндеттеріне байланысты кәсіптік дайындығын анықтау.
7. Индивит немесе топтың медициналық немесе әлеуметтік нормаларға психокорекциялық жұмыстың сәйкес келетінін ,келмейтінінанықтау.
8.Топ немесе индивиттің өмір жолынтаңдауға (мамандық,неке) ұсыныстарды өңдеу жолдары.
Сонымен психодиогностика өмірдің бірінші айынан бастап, мектеп бітіргенге дейін жас кезеңнің дамуының психологиялық динамикасын (танымдық,интелектуалдық, жеке тұлғалық,жеке тұлға аралық) зерттейді. Бұл жағдайда оның әр бір ай мен әр жылда дамуын көрсететін әрбір балаға әдейі психодиогностиекалық карта толтырылуы тиіс.
— Әр бір баланың психикалық тәрбиелік дамуының, орташа стандартпен нормадан жақсы,жаманжақтары ауытқуының индивидуалдық ерекшеліктерін анықтау.
— Оқудың тәрбиенің үлгерімінің дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін дамытушы педагогикалықэксперименттерге жәрдем болатын психологиялық көмек.
— Баланың дарындылығын, берілгендерін,индивидуалдық ерекшеліктерін және осыөлшемдерді дамытатүсуі және мақсат көздеуінің бейімділігісонымен қатар ғылыми негізделген кәсіптік кеңестің, кәсіптік таңдау бағдар жұмыстардың жүргізілуі.
— Мұғалімдерге және ата-аналарға қажетті балалардыоқытуда және тәрбиеде барынша сәйкес келетін әдістерді таңдаумәселесі,баланың қалыпты жағдайдағы психологиясытуралы жан-жақтымәліметтерді қабылдау.
Балаларға психодиогноьстикалық зерттеу жүргізуде морольдық-этикалық мінездегі бірқатар сұраныстардың негізгісімыналар:
1.Психодиогностикалықзерттеулердің қорытындысы кез-келген жағдайларда балаларға зиянын тигізбеуі керек.
2.Балалардың психодиогностикасы ата-аналардың және балалардың келісімімен жүргізілуікерек. Нәресте яғни жас кезеңде мұндай шешімдерді ата-аналар қабылдауына болады.
3.Ата-аналар балалардың психодиогностикалық зетртеулердің қортындысын білуге тиіс.
4. Психодиогностикалық зетртеулерқортындысыбалалардың болашағын анықтауға негізбола алмайды, ол тек оның оқу мен тәрбиелеу мүмкіндігінің негізі болып табылады.
5.білім беру жүйесіндегі қызметтегі психолог, психодиогностикалық жұмысты мұғалімдермен тәрбиелеушілердің,олардың балалары жайлы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін психодиогностикалықжұмыстарды тығыз қарым-қатынаста жүргізуі керек.
Псходиагностикалық методикалардағы апробацияның негізгі өңделген топтары мыналар:
1.Берілген әдістеменің көмегімен зерттелген қасиеттер мен құрлымдар дәл анықталуы тиіс. Басқаша жағдайда әдістемені жалғастырудың қажеті жоқ, өйткені оның қартындысы шындыққа сәйкес келмейді.
2.Балалардың даму деңгейіне сәйкес қасиеттері мен құрамдарын обьективтік белгісінің таңдау жүйесінің негізінде анықталадыв. Бұл белгілер методиканың қатаң тәртібінебағынуы керек.
3.Таңдалған белгілерді операционализациялау операция күйіндегі әрекет жүйесіне жұмылдыру.
4.Әдістеме қолданғанда теоретикалық сұрақтарды өңдеу.
5.Әдістеменің дәлдігін, дұрыстығын,валиттілігін тексеру.
6.Практикалық тексеру мақсатымен әдістемені жүргізу, жастық нормалардың сәйкес екеніне көз жеткізу. Осының барлығының нәтижесінде практикалық психодиогностикалық әдістемелерді қолданудағы жұмыс мамандықты, кәсіпкерлікті, жауапкершілікті жоғары квалификацияны қажет етеді.
2.Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
Мектептегі оқушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарында да қолданылатын барлық психодиогностикалық әдістемелер қолданылады. Бірақ олардың көбісі арнайы апаратураларды керек етеді. Сондықтан да практикада көбнесе сұрақ жауап, байқау, документтер анализі, психодиогностикалық мәселелерді шешуде көмегі бар қарапайым тесттер жүргізіледі. Психодиогностиканың негізін тест құрайды. Олар келесі топтарға бөлінеді: индивидуальдық, топтық, вербальдық, вербальдық емес, сандық, сапалық,градуальдық, альтернетивтік, жалпы индивидуалдық тесттер әр зерттелушінің жеке өмірімен жүргізілетін психологтың жұмысы.
Тестерге байланысты сұраныстардың бірі жаңа жағдайларға: ел, мәдениет, тіл жасқа байланысты тесттің адаптациялануы. Бір елдің мәдениетіне, әлеуметіне, экономикалық жүйесіне байланысты өңделген тестер басқа елде қолданылуына болмайды. Тесттің бейімделуіне оның қай тілде жазылғанының маңызы зор. өйткені өзге тілде қолданылуына байланысты психологиялық терминдердің көптігіне байланысты аударылу мағынасы дәл болмауы мүмкін.
Дарынды бала әдетте:
— инфромацияланған
— сөз қорына бай
— өз бетінше жаңа материалды тез ұғады
— өзінің ойын білдіре алады
— информацияны синтездейді
— өз еркімен қиын есептерді шығаруға ұмтылады
— информацияны дұрыс пайдаланады
— күрделі ойдың мағынасын ұғады
— керекті информацияны іздестіруде альтернативтік жолдар пайдаланады
— кез-келген ситуацияда әрекетке түсінуден бұрын анализдейді
— берілген жұмыстың қортындысымен, жұмыс процесін бағалайды
— өзінің және басқалардың бастаған ісінің қортындысын жобалай алады
— іс-әрекетті ой-елегінен өткізе алады.
— шпотизаларды құрай алады
— идеаларды пратикада қолдана алады
— жылдам ойлайды
— қиялы жақсы дамыған
— агрессиясы нашар дамыған
— өзінің қабілетіне өз күшіне сенімділік.
Дарынды балалар қоршаған ортаға деген қызығушылықпен ерекшеленеді.
Баланың дарындылығын дамутуға және күшейтуге ата-аналардың келесідей ықпалы бар:
— баланың қойған сұрақтарына шыдамды және дұрыс жауап беру
— баланың жетістіктерге жеткендігін бағалау
— балаға сабақ орындауына бөлек басшы немесе бұрышпен қамтамасыз ету
— жастайынан баланы оқуға үйрету
— оның жеке басының дамуына ықпал ету
— баланың кез-келген жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге бейімдеу
— қызықты жерлерге экскурцияға шақыру
— балаға күнделікті көңіл аударып тұру керек
Бұл әдістердің негізгі талаптары:
1. Эксперемент жүргізбестен бұрын психолог зерттеуші оның барлық бөлшектерін, ситуацияларын, нұсқауларын зерттеушілерді бақылау жолдарын қарастыру крек.
2. Эксперементтік ситуациялар баланың даму деңгейін білу мақсатына байланысты орайластырылып, оны жан-жақты ойландыратындай етіп құрылуы керек.
3. Эксперементтік зерттеушілермен таныстырылатын нұсқау қысқа және түсінікті болуы керек.
3.Психодиагностикалық бағыттағы негізгі мәселелер.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектептегі практик –психологтың жұмысы 4 (төрт) негізгі бағыттан тұрады: — психодиагностика
— психокорреция
психологиялық кеңес беру
— психологиялық ағарту
Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі мен қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.
Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада:
біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату;
екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде мектеп психологының барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді……..