Курстық жұмыс: Психология | Эмоциялар мен сезімдер
Мазмұны
І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы түсінік
ІІ.2 Сезімнің ерекшеліктері және сапарлары
ІІ.3 Жоғарғы деңгейдегі сезімдер
ІІ.4 Эмоциялар. Эмоциялардың дамуы және қалыптасуы
ІІ. 5 Эмоциялық жағдайлар
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажст.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалық қажеттерінің өтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады.
СЕЗІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ САПАРЛАРЫ
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін – «сезім» немесе «эмоция» деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз — «еңбек, оқу, ойын», оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде «түйсіну», «сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, «мен қорқынышты түйсінемін», «ауырғанымды сезіндім» дейміз, оны дұрысында: «қорқынышты сезіндім», «ауырғанымды түйсіндім», — деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен кұбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға қатынасын керсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі — түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңгы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық эсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, кажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Эмоциялар Сезімдер
1 Эмоция адамның турлі органикалық, қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы 1. Сезімдер — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыяыргы тұрақты процесс. Достық, адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса коймайтындығы белгілі. Бұларға жаллыламалық сипат тән. Мәселен, ата-ананы, атамекенді, Отанды сүю секілді патриоттық сезімдер.
2. Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады 2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
3. Эмоциялардың қызметін лимби жуйесі мен (ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (дененің зат алмасуын, температурасын реттестірстін нерв орталығы) басқарып отырады. Мәселен, осы нервтік орталықтарға зақым келсе адам тойғанын білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайга ұшырайды 3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, динамикалық стереотиптердің жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінін басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектік, эстетикалык, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кен жол ашылады
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасындп кездеспейді 4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады. Мәселен, адамдардың жолдастық, адалдық, борыштық жауапкершшік сезімдері буржуазиялық қоғам өкілдерінің осындай сезімдеріне мазмұны жағынан қарма-қарсы бағытта келеді.
Адам — қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде — оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады.
Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан көрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктерін, негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Тереңірек қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі — мұның бәрі де адамның күнделікті мұқтаждығын, қажеттілігін канағаттандыру не қанағаттандырмау талаптарымен байланысты адамның қылықтары мен әрекетінде ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі деп танылуы керек. Психологияда сезімдердің мұндай сапасын қарама-қарсы сапалықтар деп атайды. Мәселен, көңілдің күйлері — наразылық пен ризалык, шаттық пен кайғы, көңілдену мен қамығу, махаббат пен өшпенділік т.б. — қарама-қарсы сезімдер. Адамның сүйсіну не сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлерге ғана емес, кісінің даралық психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты
Кейіп — біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күйі. Өмір-тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып, оған қуанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен, кейіп дегеніміз — адамның белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы көңіл-күйі. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге байланысты болады. Мәселен, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле бастаса, оның бойын куаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда шаттықтың лебі бірнеше күнге созылады. Ал біреудің дауыс көтеріп, қаттырақ айтқан сөзі, түксиюі, жек көрген интонациямен күлуі, ұнатпаған жымиюы сияқты болмашы себептер адамның көңілін жабырқатады, оның шарпуы, салдары көңілде дақ болып қала береді.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, онын, кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі кетеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойынұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік етеді.
Аффектілер. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып, олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы, қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапқы сатысы — тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі ұшып, абдырайды.
Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты- Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе,……….