Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары
Мазмұны
Кіріспе.
I. Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары.
1.1. Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы.
1.2. Адамгершілік тәрбиесі.
II. Тәрбиенің түрлері.
2.1. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыцқа, барлық халықтармен достыққа тәрбиелеу.
2.2. Бейбітшілікке тәрбиелеу.
2.3 Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2.4 Экологиялық тәрбие беру жолдары.
2.5. Діннің адамзат тарихындагы рөлін әділдік тұрғысынан ашып көрсету жолдары.
2.6. Қазақстан тарихын оқыту барысында окушыларга эстетикалық тәрбие беру.
Қорытынды.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады.
Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматгар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады.
Тақырыпты мақсаты:
Сондықтан да біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің мақсатын анықтағанда мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз.
Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге,- сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбек-ке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады.
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз — табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататын өзгерістердің де) белгілі бір зандылықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататьн өзгерістер, жаңалықтар т.б. құдайдың бүйрығымен, немесе басқа бір күштің әсерінен емес, даму зандылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу.
Тақырыптың міндеттері:
-Тәрбиенің маңызын жалпы ғылыми түрде түсінік беру
-Тәрбиенің турлерін толық баяндап өту.
Тәрбиенің түрлерінің арқайсысының қоғамға қажет екендігін кең түрде атап өту.
-Адамгершілік тәрбиесіне оның Қазақстанда алатын орны туралы айтып өту.
— Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, барлық халықтармен достыққа тәрбиелеу.
-Діни тәрбиенің қазіргі қоғамға қажеттілігін айқындау. Діннің адамзат тарихындагы рөлін әділдік тұрғысынан ашып көрсету жолдарын табу.
I.ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕУШІЛІК МҮМКІНДІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ.
1.1.Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы.
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине мектептік тарих курстарында құнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б.
Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім, тәрбие ретінде құнды, өйткені оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдыр-мау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады.
Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматгар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады.
Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірибесі көрсетті.
Сондықтан да біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылар-дың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге,- сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбек-ке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады. (1)
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз — табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататын өзгерістердің де) белгілі бір зандылықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататьн өзгерістер, жаңалықтар т.б. құдайдың бүйрығымен, немесе басқа бір күштің әсерінен емес, даму зандылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу.
Бұған Қазақстан тарихынан нақты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Әңгіме, қоғамда болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды оқушыларға түсіндіргенде мәселені нақты мысалдар келтіре отырып, сенімді түрде дәлелдеуде.
Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығында алғашқы адамдардың пайда болуы, олардың тіршілігі мен тұрмысы қарапайым тілмен, бірақ жүйелі баяндалады. Олар топ болып жүрді, одан руға бірікті, рудан тайпаға, одан әрі тайпа одақтарына бірікті.
Сол өзгерістердің бәрі қажеттіліктен, демек даму зандылығынан туды. Топ болып жүрмесе жыртқыш андардың шабуылына ұшырайтын болды, күнделікті тамақ табу үшін де топ болып жүру қажет еді.
Туыстық жақындығы бар адамдар ғана бірігіп үй салатын болды, мал жайылымдарын біріктіріп, оларға иелік етті, оларды бірігіп қорғау қажеттігі туды т.б.
Қазіргі заманғы сурет өнерінің тамаша туындыларының түп-тамыры ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тасқа қашап салған түрлі белгілері мен бейнелерінен басталады.
Сол сияқты осы заманғы биіктігі 150 қабатқа дейін жететін зәулім үйлер де өзінің бастауын ежелгі адамдар жасаған күркелер мен жеркепелерден алған. Адам баласының қол жеткізген жетістіктерінің бәрі тәжірибенің, сол арқылы ақыл-ойдың дамуының нәтижесі.
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру күрделі жұмыс. Осы мәселеге тікелей қатысты тақырыптарды алдын ала іріктеп, ондағы ғылыми көзқарасты қалыптастыруға қатысты білім мен үжымдарды анықтап, пайдаланылатын құралдар мен әдіс тәсілдерді белгілеп алса жұмыс нәтижелі болады.(2)
1.2. Адамгершілік тәрбиесі.
Адамгершілік (мораль) қоғамдық сананың бір формасы. Адамның қоғамдық өмірдегі өз орнын анықтауы, еңбекке, оқуға, ғылымға қатынасы, отбасындағы, қызметтегі т.б. тәртібі, іс-әрекеті осының бәрі оның адамгершілік қасиеттерінің-сапаларының қаншалықты дұрыс қалыптасуына байланысты. Адамгершілік адамшылық дегеннен шыққан. Яғни адам барлық іс-әрекетінде нағыз адамшылық қасиеттерді көрсетуі тиіс. Сондықтан да қай заманда да, қай ел болмасын, қай ұлт, отбасы болмасын болашақ ұрпағына, жастарға, балаларына адамгершілік тәрбиесін беруге, оның бойына адамшылық қасиеттерді сіңіруге ерекше мән берген. Адамгершілік тәрбиесінің негізіне бүкіл адамзат жинақтаған, тарих тәжірибесінде сыналған адамшылық қасиеттер алынады. Олар: адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сыпайгершілдік, еңбексүйгіштік, жолдастық, достық, үлкенді, қарт адамдарды, әйелдер мен жас балаларды сыйлаушылық СИЯҚТЫ қасиеттер.
Демек адамгершілік тәрбиесі, тәрбиенің басқа салаларымен, ба-ғыттарымен тығыз байланысты. Алдымен дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырумен тығыз байланысты, егер дүниеге көзқарас дұрыс қалыптаспаса адамгершілік қасиетгер де дұрыс, немесе толық қалыптаспайды. Сондықтан да мектепте оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беруге баса назар аударылады. Тәрбиенің бұл түрі оқушыда мектептегі бүкіл оқу-тәрбие жұмысы арқылы қалыптасады. Бұл күрделі жұмысқа барлық пәндер үлес қосады. өйткені жеке адамның қоғамның нағыз белсенді мүшесі болуы, ондағы оның атқаратын қызметі, әсіресе өзіне тапсырылған міндетті орындауға асқан жауапкершілікпен қарауы т.б. бәрі адамда адамгершілік сапалардың қалыптасуына тікелей байланысты.
Мектеп үлкен де маңызды қоғамдық орын, мемлекеттік мекеме. Оған өте жауапты жұмыс тапсырылған. Бұл мекемеде оқушыны 1 сыныптан бастап-ақ адамгершілікке тәрбиелеуге қойылатын талаптар да, оларды орындайтын жағдайлар да, мүмкіндіктер де бар.(3)
Мектепте адамгершілікке тәрбиелеу жұмысы балада туғаннан бастап отбасында қалыптасқан адамгершілік қасиеттерін одан әрі жетілдіруден басталады. Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелей отырып, мектеп, әрбір тәрбиеші ұстаз оқушыны теріс, жағымсыз әдетке үйір болмауға тәрбиелейді. Тарих бүкіл адамзат жинаған бай тәжірибемен, әсіресе өркениетгілік, мәдениеттанушылық дәстүрімен таныстырады. Тарихи оқиғалардың, фактілердің, тарихи қайраткерлердің өнеге-үлгілерін адамгершілік тәрбиесі үшін қаншалықты маңызы бар екенін көптеген атақты қайраткерлер мен ғалымдар атап өткен.
Тарихты оқу барысында оқушылар отаншылдыққа, өз халқына, басқа да халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез-келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесінен халық, Отан мүддесін жоғары қою сияқты басқа да тамаша қасиеттерге тәрбиеленеді. Бұл қасиеттердің бәрі қосылып оқушыға жоғары адамгершілік сапаны қалыптастырады.
Бұлар тарихты оқыту барысында халық бұқарасының қоғам дамуындағы рөлін, халықтың қалыптасқан әдеті мен ғұрпын, жауынгерлік, еңбек дәстүрін, жеке қайраткерлердің тамаша қасиеттерін т.б. ашып көрсету арқылы жүзеге асады. Оқыту барысында адамгершілік тәрбиесін беруді дұрыс ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік жағдайлар жасалуы қажет. Әрбір тақырыптың, сабақтың тәрбиелік міндеттерінің дұрыс анықталуы; сабақтың қандай көзқа-расты қалыптастыру бағытында жүргізілетінін алдын ала белгілеу; сабақта пайдаланылатын тарихи материалдардың анық, сенімді, тартымды болуы; әсіресе көркем әдебиеттен, тарихи құжаттан, мемуарлық әдебиеттен алынатын үзінділердің адамгершілік принциптерді, алдынғы қатарлы дәстүрді, ерлікті, батылдықты, халық бүқарасының еңбегін, тарихи қайраткерлердің тамаша қасиеттерін дәл, шындық тұрғысынан көрсете алуы. Әсіресе жеке тарихи тұлғаларлың адамгершілік қасиеттерін ашып керсетуге ерекше назар аударған дұрыс. Қайраткерлер қызметімен таныстырғанда олардың мынандай қасиеттерін ашып көрсету керек: сол қайраткердің мінез-қүлқының, өмірлік мұратының қалыптасуына не әсер етті. (мәселен, Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Т.Рысқұловтың т.б.); оның жеке басы қасиеттерінің алдына қойған мақсатына сай келуі( мысалға, Қабанбай және басқа да батырлардың, немесе хандардың); олардың күнделікті іс-әрекетінен өмірлік мұраттарының көрініс табуы (Ғ.Мұратбаев т.б); тарихи қайраткерлердің алға қойған мақсатқа жету үшін жасаған іс-әрекеттері, жүзеге асырған іс-шаралары, әсіресе сын-сағатта, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауы (белгілі үш бидің қызметі).
Құндылықты, игілікті, ізгілікті істерді құрметтей білу де адамгершілікке қатысты. Орта Азия мен Қазақстанда ертеде салынған тамаша қалалар, зәулім ғимараттар, Ұлы Жібек жолы, ол атқарған ізгілікті қызмет, белгілі ойшылдар мен ғалымдар ашқан жаңалықтарға т.б. оқушылар құрметпен қарауға, оларды ашушылар мен жасаушылардың еңбегін бағалауға, оларды сақтауға, дәріптей білуге тәрбиеленуі тиіс.(4)
Адамгершілік мәселесіне тікелей қатысты ұғымдарды талдап, оларды алда болатын сабақтардағы жаңа білімді меңгеру барысында пайдалану арқылы оқушылар білімін толықтырып, кеңейте түскен дұрыс.
Тарих сабақтарында жергілікті материалды тиімді пайдаланудың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге көп көмегі тиеді, өйткені оқу материалы оқушыларға жақын, әрі таныс болғандықтан оларды қызықтырады. Жеке қайраткерлерге қатысты мәселелер қарастырылғанда оқушыларға берілетін тапсырмалар мен сұрақтардың көбіне оларды ойландыратындай, өз пікірлерін білдіріп, қажет болған жағдайда баға беретіндей болғаны дұрыс.
Ұстаз өзінің осы салада жүргізген жұмысының нәтижесін көріп-біліп отырса өте дұрыс. Мұның өзі күрделі мәселе, оның үстіне жұмыс нәтижесі бір пән арқылы ғана жүзеге асты деу қиын. Соған қарамастан мұндай тәрбие жұмысының нәтижесін мынандай жағдайдан байқауға болады.
1. Егер де оқушылар өз жауаптарына нақты оқиғаның негізінде халық бұқарасының, тарихи қайраткерлердің, оқиғаның қатардағы қатысушыларының адамгершілік қасиеттерін (мотивтері, іс-әрекет тәсілдері, нәтижелері) ашып көрсетіп берсе.
2. Қарастырылып отырган қоғамдық құбылысқа, оқиғаға, фактіге, тарихи қайраткерлерге, олардың іс-әрекетіне, айтқандарьна, қызметінің нәтижелеріне жеке өзінің қатынасын білдірсе.
3. Қоғамдық құбылыстарды, тарихи қайраткерлердің қызметін, өмірдегі келеңсіз құбылыстарды талқылап, баға бергенде оқушы дұрыс бағыт ұстаса.
4. Оқушылардың ұжымға, от басының мүшелеріне, жолдастарына, айналасындағы басқа да адамдарға, табиғатқа, тарихи мәдени ескерткіштерге, оларды қорғау мәселесіне қатынасы адамгершілік өлшемдерге сәйкес келсе.
5. Оқушы мектепте, сыныпта және басқа да ұйымдастырылатын қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысса, тек қатысуы ғана емес ұстанған адамгершілік мотиві де тиісті дәрежеде болса.
Жалпы оқушының тәрбиелілігі оның кез-келген іс әрекетінен де, сөйлеген сөзінен де байқалып тұруы тиіс.
II. Тәрбиенің түрлері..
2.1.Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыцқа, барлық халықтармен достыққа тәрбиелеу.
Патриотизм (грекше рагіоек — отандас, — Отан, туған жер) — отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігері мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау. Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған.
Интернационализм — латынның іпіег — аралық, паііо — ұлт, халық сөздерінен құралған. Патриотизм мен интернационализм терминдері, ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыстьі, екеуі де еліне, халқына, ұлтына, сондай-ақ басқа елдер мен халықтарға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау деген мағынаны білдіреді.(5)
Кеңес елінде, әсіресе жастарды, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде патриоттық, интернационалдық тәрбиеге баса назар аударылып, тәрбиенің бұл саласы кеңінен өріс алды. Бұл бағыттағы жұмыстар сабақтан тыс уақытта да, сабақ үстінде де белсенді жүргізілді. Жеке оқу пәндері арасында қоғамдық пәндер, әсіресе тарих пәні тәрбиенің бұл салаларын жүзеге асыруда ерекше орын алды.
Бірақ та коммунистік идеологияның үстемдік етуі салдарынан Кеңес елі мектептерінде бұл бағыттағы тәрбие жұмыстары біржақты жүргізілді. Оларды жүзеге асыруда коммунистік идеология, таптық ұстаным негізге алынды. Патриотизм сөзі — Кеңестік патриотизм, социалистік патриотизм, ал интернационализм сөзі — пролетарлық интернационализм, социалистік интернационализм сөздерімен ауыстырылды. Бұл оқушыларды бір жақты тек кеңестік социалистік патриотизмге, социалистік интернационализмге тәрбиелеу, яғни социалистік қоғам орнатып жатқан елдер мен халықтардың арасындағы достыққа тәрбиелеу ғана болып шықты. Оқушьшар басқа қоғамдық жүйені, әсіресе капиталистік елдерді, олардың үстем тап деп аталатын ауқатты топтарын жек көру рухында тәрбиеленеді. Ал пролетарлық интернационализм болса, дүние жүзі пролетариатын біріктіріп, коммунистік қоғам орнатуды көздеді. Мұның өзі дүниежүзілік халық ағарту жүйесі ұстанған негізгі ұстанымдар: оқушыларды адамзат жинаған құндылыққа, ізгілікке тәрбиелеуге мүлде қайшы келетін еді. Сондықтан да Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін халыққа білім беру саласында болған өзгерістердің бірі — мектептерде орын алып келген тәрбиелеу ісіндегі сыңаржақтықты жою. Енді тарих пәнінің жаңа бағдарламалары мен оқулықтарында халықтар тапқа, ал елдер дос, не дүшпан елдерге бөлінбейді. Оқушылар өз елінің де, басқа елдердің де халықтарына құрметпен қарауға тәрбиеленеді. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының Конституциясында (Алматы, 1995, І-бөлім, 2-бап), мемлекеттік органдар тарапынан ……….