Курстық жұмыс: Педагогика | Мемлекеттік символдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру

0

Мазмұны

І бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру жөніндегі ұстанымдар
1.1 Оқушылардың мемлекеттік символдар жөніндегі танымдық мүмкіндігін қалыптастыру
1.2 Патриоттық сезімді қалыптастырудағы мемлекеттік символдардың танымдық мүмкіндіктері
ІІ бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастыру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы.
2.2 Педагогикалық процесте оқушылардың мемлекеттік символдарға деген патриоттық сезімін қалыптастыру

І бөлім. Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру жөніндегі ұстанымдар
1.1 Оқушылардың мемлекеттік символдар жөніндегі танымдық мүмкіндігін қалыптастыру
Қазақстан мемлекеті зайырлы, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік болып табылады. Оқушылар ең алдымен мемлекеттік символды білместен бұрын мемлекеттің құрылымын білгені абзал. Осы туралы оқушы конституция мемлекет құрылымымен танысқаны жөн.
1991 желтоқсанда Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылып оның аумағында Қазақастан Республикасы деп аталған жаңа мемлекет пайда болды. Советтік социалистік Республикалар Одағының ыдырауынан, оның құрамына кірген одақтас Республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. (№2. 7 бет).
Жаңа мемлекеттің құрылуын белгілейтін құқықтық актілер қабылданды. Олар:
1) Қазақ ССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы дикларациясы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы;
3) Қазақстан Республикасының 1993ж және 1995ж конституциясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі – халық. Халыққа берілген құқықтар:
— мемлекеттің ішкі ж»не сыртқы саясатын анықтау;
— Қазақстан халқының дауыс беруі (референдум) арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысатын Парламент депутаттарын тікелей және жанамалап талқылау арқылы сайлау; (№2. 7 бет).
Қазақстан Республикасының Конституциясы егемендік пен Тәуелсіздіктің негізгі белгісі, егемендік белгілері:
— өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмауы мен бөлінбеуінің жариялануы;
— өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарының жүйелі болуы;
— өзінің дара азаматтылығының болуы;
— Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын заңдарының болуы;
— Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттен жүйесінде терезесі тең жағдайының болуы (халқының құқықтары мен бостандықтарының халықаралық құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуі);
— Қазақстан өзімен шектес бес мемлекет (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан, Түркіменстан) және басқа мемлекеттермен тату көршілікте олардың ішкі ісіне араласпау дауларда келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізілуі;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңды түрде өз аумағын құрлықта, теңізде, ауа кеңістігі күзетеді, қорғайды, қарсы әрекетке тойтарыс береді;
— Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жасау қабілеттілігі;
— Егеменді мемлекет болғандықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің болуы: Елтаңба, Туы, Гимні. (№2. 7-8 бет).
Қазақстан Республикасының Конституциясы – адам мен азаматтарды алдыңғы қатарға қояды және оның баптарының 1/3-і олардың құқықтары мен бостандықтарына арналған.
Қоғамдағы демократизм мен адамгершілік деңгейі.
Конститциядағы құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Дегенмен, ол мемлекеттік органдар, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтықсыз, дал орындауда құқықтары мен бостандықтарын орындайды. (№2. 8 бет).
Еліміз зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет. (№3. 193 бет).
Еліміздің демократиялық ұстанымы жөнінде мына төмендегідей мәліметтерді басты назарына алады. Қазақстан – демократиялық зайырлы, құқытық және әлеуметтік мемлекет.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси құқықтық мағынада «халық» деген мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, канституцияға және Президенттің қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар басқа қоғамдық бірлестіктер Республика парламентінің платася Мәжіліске депутаттыққа кандидаттарға ұсынуға ерікті. Оларды жан – жақты талқылап, қалдап, немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне де қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді.
Азаматтар қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады, немесе бірде бір саяси партияны қолданамауға немесе осларды депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтық пікір – ойын айқындауға мүмкіндік береді. (№2, 11-12 бет).
Демократияның бір көрінісі – азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тиым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен құрады: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани мәден діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін. Дегенмен, қоғамдық бірлестіктер конституцияны, заңдарды сақтауы керек. Олар әлеуметтік ұлттық, діни, нәсілдік араңдатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігін, канституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағыттылмауы керек. (№2. 12 бет).
Оқушылар мемлекетіміздегі демократиямен қоса исламдық демократияны да пайымдағаны жөн. «Ислам кертартпа дін, демократияға сәйкес келмейді, онымен ұштаспайды» деген ислам жайында пікірлер бар.
Ислам дінінде мемлекеттік билеуде Құран Кәрім насихаттайтын екі қағидасы бар.
Бірінші қағида – «биғат» деп аталады. Ол сайлау деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік билік сайлау институты арқылы жүргізу. Пайғамбарымыз бірнеше рет халықтан, мұсылмандардан биғат алған. Ол кезде олар хақ елшісінің қолын ұстап, «Сені қорғаймыз және Ислам дініне қызмет істейміз» деп ант берген. Бірін «Ақаба биғаты» десе, енді бірі «Хұдайбия биғаты» деп аталады. Бұл «Ридуан биғаты» деп те атайды. Яғни, биғат арқылы адамдарды билікке әкелу исламдағы ел басқарудың негізгі қағидаларының бірі болып есептелінеді.
Екінші қағида – «шура» деп аталады, ол кеңесу деген мағынаны білдіреді. Құранда Шура туралы: «Ей, Мұхаммед сен істеріңді адамдармен кеңесу арқылы жаса» (3/159 және 42/38) деп айтылған. Міне демократия осы жерден бастау алады. Шын мәнінде нағыз демократия Ислам ішінде. (№3. 187-188 бет).
Қазақстан — әлеуметтік мемлекет болып табылады. Қазақстан — әлеуметтік мемлекетте конституция, заң халықты топтарға ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді.
Мемлекет халықтың барлық топтарына қамқорлық жасайды. Шаруаларға, жұмысшыларға, құызметкерлерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге т.б.
Әрине, мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, тікелей көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге көп балалы отбасыларына қалдай қамқорлық жасап олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызуына қарап анықталады. (№2, 13 бет).
Қазақстан – көп ұлтты, конфессиялы мемлекет. Еліміздің парасатты басшлығы арқасында елімізде алуан түрде тіл мен діндегі мәдениеттегі ұлттар мен ұлыстар өзара ауызбірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр. (№4. 6 бет).
Дінаралық түсіністік пен сыйластық – уақыт талабы. Жалпы, діндер арасындағы үн қатысудың ең үлкен пайдасы ол түрлі діндерді уағыздаушылардың бейбіт қатар өмір сүру жолындағы кедергілерді жою. (№4. 6 бет).
Мемлекетіміз зайырлы мемлекеттің қатарына жатады. бұл дегеніміз дінсіз мемлекет деген ұғымды білдірмейді. Осыған орай белгілі бір дінге қатысты ұстанып отырған дін жөніндегі саясаты бар.
Мемлекеттің діни саясаты болады. Өйткені мемлекеттің құзырлы мекемелері болған соң, олар міндетті түрде саясат жасайды. Қазақстан Республикасында
— 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы заңы бар;
— Канституцияда дін мәселесіне көңіл бөлген;
— Үкіметтің қарамағында діни бірлестіктер жұмыс істейтін кеңсе құрылған және оның хатшылығы бар;
— Президент әкімшілігі, Мәжіліс және Сенат аппараттары, сыртқы және ішкі стер министрліктері, әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қатарлы мекемелерде дінмен айналысатын арнайы мамандар, қызметкерлер бар. (№3, 151 бет).
Мемлекетіміз зайырлылық қоғамдасын ұстанады. Бірақ мемлекет өзін діннен қаншалықты аулақ ұстайын десе де, бәрібір діннен алысқа кете алмайды. Себебі мемлекетті құрайтын – халық пен жер.
Халықты құрайтын – дін. Дін, халық, билік үшеуі. №3. Бір қолдан қатар тұрған үш саусағы сияқты. Дінге тиіссең халықты, халыққа тиіссең мемлекетке тискен боласың. Мұнан дін саласында ең кішкентай баланстың бұзылуы мемлекет деген алып жүйедегі кейбір функциялардың бұзылуына әкеп соқтырады. (№3. 152 бет).
Дәл қазіргі кезде іс жүзінде мемлекет дінді бақылап отыр, діни қарым – қатынастарды реттеп отыр. Яғни, тікелей азаматтардың дни қарым – қатынастарына, дін саласындағы ұйымдасуға, іс -әрекеттерге мемлекет бақылау қызметін атқарып отыр.
Діни бірлестіктер мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейтініне қарамастан Қазақстанның заңдарына бағынады. Өйткені, бұл заңдар республика аумағында билеуші күшке ие. (№3. 186 бет).
Қазақстанның зайырлылығы жөнінде оқушылардың білуге тиісті танымдары. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі дінге бірлестіктер әрекет етеді, олар азаматтардың, діни сезімдерін қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де, азаматтардың өз еркінде, тіпті ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мынада:
Біріншіден: мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды;
Екіншіден: мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде де, институттарда т.с), діни ілімді уағыздауға жол берілмейді.
Үшіншіден: Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тиым салынған. (№2. 13 бет).
Қазақстан мемлекетінің құрылымдық жүйесін конституция және құқықтық заң актілері арқылы белгіленген жүйесін оқушылардың танып-білгені дұрыс. Осы орайда жоғарыда көрсетілген материалдар танымдық мүмкіндігіне негіз болады.
1.2 Патриоттық сезімді қалыптастырудағы мемлекеттік символдардың танымдық мүмкіндіктері
Қазақ халқында белгілі бір маңызда құндылықтар болғаны белгілі. Ондай құндылықтарға жер, ел және тіл жатады. Бұл үш құндылық қазақтың барлық бірлігі мен байлығын көрсетеді. Ел ұлт үшін мақтан етер мәдениеті.
Ел – ұлттық дүниетанымдағы ұлы ұғымдардың бірі. Ел сөзі қазақ халқының арғы қазақтан бүгігі қазаққа дейін «қағанат», «ел — жұрт», «отан», «мемлекет», мағынасында қолданылып келеді. Ел сөздің ұғымы – елдік мінез, едік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді құндылықтар оның өзегі болады.(№1).
Ел сөзі Қазақстан Республикасының жеке мемлекет құруына байланысты Отан тұрғысында қолданылады. Әрбір Отанның негізгі құндылығы ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан құндылықтарын басшылыққа алады. Бірақ мемлекеттің мемлекеттік дәрежесін белгілейтін мемлекеттік символдар немесе рәміздер болады. Оқушылар ең алдымен осы рәміздер туралы танып-білгені абзал.
Рәміздер – елдің саяси тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігінің бірегей белгілері болып табылдаы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (9 бабы): «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер, туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді» деп көрсетілген.
Әрбір мемлекет өзінің мемлекет ретінде белгілерін сайлап алады. Сондықтан, ең алғашқы, ең маңызды қадамының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу болып табылады.
Еркіндікке ұмтылған елдердің қайсысы болмасын өз ана тіліндегі дауысымен сөйлеуі, өз еркімен жар салуда армандайды. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің белгісін көрсетеді. (№1. 12 бет).
Тәуелсіздік – бұл ең алдымен, рухани тылсым адамның жан – дүниесі, рухы мен ар – ожданының азаматтығы.
Тәуелсіздік рух – дербес мемлекеттік жүйесі және еркін саяси, экономикалық, әлеуметтік, еркін шаруашылық жүргізу әдісін таңдау. Яғни, болмыс – бітім бөлек мағына, бірегей идея өзіне лайық түр, қалып іздейді.
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінде өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айырықша арман – аңсарын басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. (№1. 12 бет).
Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол – мемлекеттік рәміздерін тек көркем, образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осынау ізгі сезімді адамдардың жан дүниесін сіңіріп, ақыл – ойына дарытуға қызмет етеді. (№1. 14 бет).
Мемлекеттік рәміздердің қысқа мерзімде болса да қалыптасқан тарихын да білгені орынды. Осы турасында мына төмендегідей негізгі мәліметтерді танып-біледі. Мемлекеттік рәміздер дүниеге келуінің тарихы бар. Президент Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.
Мемлекеттік рәміздердің тұсау кесері:
1) 6 маусым 2002 ж Алматы қаласындағы Абай атындағы опера мен театрының әсем ғимаратында тәуелсіздіктің ең алғашқы мемлекеттік рәміздердің салтанатты тұсаукесері өтті.
2) сол күні Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесінде Ту көтерілді.
3) 1992 жылдың 2 желтоқсанында Мемлекеттің ән ұранының мәтіні бекітіліп, шырқалды. (№1 15 бет).
Мемлекеттік рәміздер туралы ресми шешімдерден кейін 1996 жылы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Конституциялық күші бар Жарлығы ретке келтіріпі, нақтыланды».
Бұл жарлық 5 тараудан, 14 баптан тұрады.
Жарлықта – Мемлекеттік рәміздерді қолданудың ресми тәртібі де айқындалған. (№1, 16 бет).
Мемлекеттік рәміздер интеллектуальдық мүлікке жатады. Еліміздің мұндай құқы бүкіл дүние жүзілік интеллектуальдық меншік ұйымында тіркелген. Қалыптасқан халықаралық нормаларға сәйкес ол Париж конвенциясына қосылған 130 елде заңмен қорғалады. (№21 бет).
Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілер. Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден – бір рухани жаршысы. (№1. 24 бет).
Елтаңба, әнұран, ту, мемлекет басының байрағы, ұлттық ақша, мемлекеттік наградалар, шекара, мемлекет астанасы мемлекеттік тіл – ресми белгілерге жатады. Мұны барлығы мемлекеттік реміздер қорына енеді. (№1. 27 бет).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының (рәміздерінің) өздеріне тән бекітілп берілген сипаттамасы бар.
Туға сипаттама. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабағының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың елі мен ұзындылығының қатынасы – 1:2» — мемлекеттік рәміздің ресми анықтамасы осыларды көрсетеді. (№1. 16 бет).
Мемлекеттік ту жасау заң бойынша арнайы белгіленген лицензиясы бар мекемелерде жүзеге асырылады. Яғни №1 лицензиялы «Алматы — безендіру» жабық акционерлік қоғамында бекітіліп берілген.
Туды жасауда пайдаланатын материалдар политекс, атлас және жылтыр жібек. (№1. 18 бет).
Тудағы басқа да атрибудтарға сипаттама. Туда басқа да атрибуттарды пайдаланады. Олар: тутаяқша (древак), ұшарбас (навершие), бау (лента), шашақ )бахрома), ту тұғыр (орлаг штек), тужиек (қойма), т.б.
Түсті мата тартылатын тутаяқша ағаштан немесе металдан жасалады. Ұшарбас оған шығырмен бекітіледі, тудың ажарын аша түсуге қызмет етеді. ол ұлттық ою — өрнек стилінде жасалған найза тәрізді болып келеді. Оған тартпа жіп пен бау тағылады.
Шашақ дегеніміз тудың негізгі бөлігін – түсті маталы жиектеп көмкерген тоқыма әшекей ал тұғыр деп тутаяқша тұрғызылған металл қондырғыны айтады. Тужиек (кайма) болса – түсті матаның шетіндегі түсі бөлек жолақша. (№1. 18-19 бет).
Елтаңбаға сипаттама. Елтаңба ресми нышан ретінде көбіне тумен қатар жүреді. Ресми анықтама бойынша: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз) үйдің жоғары күмбез тәрізді бөлігі бейнеленген, уықтар шашылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар».
Мемлекеттік Елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат (лицензия) алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен мемлекеттік елтаңбасының эталондары Президент Резидентсиясында сақталады. (№1. 19-20 бет).
Мемлекеттік Әнұран. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны – еліміздің ресми музыкалық – поэтикалық эмблемасы, әдеби – сазды төл құжаты.
Әнұранда орындаудың екі түрі бар. Біріншісі – ішінара орындау. Бұл жағдайда сазды аспап төрде әнұранынның бір шумағы мен қайырмасының әуендері орындалады. Екінші – толық орындау. Бұл жағдайда әнұран жеке дауыста және сазды аспаптар сүйемелдеуіндегі жеке дауыста орындалады. Бұл ретте жазу таспасын пайдалануға болады.
Әнұранды басқа тілде орындауға болмайды. (№1. 22-23 бет).
Байраққа сипаттама. Мемлекеттің ең жоғарғы лауазымды адамының ресми айырым белгісі ретінде 1995 жылы 29 желтоқсанда алғаш рет Қазақстан тарихында мемлект басшысының байоағы дүниеге келді.
Байрақ сипаттамасы Елбасының «Қазақстан Республикасының Президентінің байрақ және оның айырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы» жарлығында айқындалған.
Қазақстан Республикасының Президентінің байрағы – көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары үштің екісіне сәйкес келетін кездеме тіктөртбұрыштың ортасында қанаты барысқа мінген оң қолы жоғары көтерілген сақ дәуірі жас көсемінің тұлғасы бедерленген алтын шеңбер бар. Барысқа мінген адамның қолында білезік, мойнында гривиа мен тұмар, басында ұшы сүйірленген қалпақ бар. (№1 25 бет).
Барысқа мінген адам мен барыстың бейнелері алтын түстес. Одан төменіректе қарлы тау шыңдарының бейнесі бедерленген…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!