Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептің оқу тәрбие процесін басқару

0

Мазмұны

І. Кіріспе.
1.Халыққа білім беру жүйесіндегі мектептерді басқару, және жетекшілік ету.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Басқару қағидалары?
2.Мектеп басшыларына қойылатын талаптар.
3.Оқу тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының, орынбасарының атқаратын қызметтері?
ІІІ. Педагогикалық кеңес жұмысын жоспарлау.
IV. Әдістемелік кеңес және мұғалімдердің өздігімен білім алуы.
V. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдылық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», — деп жазылған.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
— жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
— азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
— Республика тұрғындарының жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктерін жасау;
— Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
— Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып – үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерінің жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің теңдігі.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас болуы мүмкін).
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экологиялық бағыты.
6. Білім берудің озыңқы дамуы.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республика Білім министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Барлық білім беру мекемелері ешқандай партияның бірігушілер одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды.
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
Үйелмендік тәрбие. Үйелмен жеке адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жауапты. Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиелеуге үкімет көмектеседі. Ол үшін ата – аналарға өтем төлемдері беріледі.
Жалпы орта білім. Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты әр жақты дамыған, адамгершілігі мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігінің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ, жасөспірім шақ) сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:
1. Біріншіден саты – бастауыш мектеп (І – IV — сыныптар).
2. Екіншіден саты – негізгі мектеп (І – ІХ — сыныптар).
3. Үшіншіден саты – жалпы білім орта мектеп (І – ІХ — сыныптар).
Барлық мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелерінің жұмысы өздерінің ережелері мен бағдарламасына, оқушылардың өз іс — әрекеттеріне негізделе жүзеге асырылады.
Мектептен тыс халыққа білім және тәрбие беру жүйесіне саяси мәдени – ағарту мекемелері де кіреді.
Мәдени – ағарту мекемелерінің басты міндеттері:
а) үкіметтің қаулы – қарарларын қалың бұқара арасында түсіндіріп насихаттау;
ә) халыққа эстетикалық және дене тәрбиесін беру жайлы тікелей көмектесу.
Кәсіптік – техникалық білім. Халық шаруашылығының барлық салалары үшін қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік – техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік – техникалық лицейлер мен техникалық гимназияларда іске асырылады. Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын шеберлікпен меңгере алатын, қазіргі заманғы өндірістің, ғылым мен техниканың талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
Орта арнаулы білім. Қазақстан Республикасының азаматтары орта арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады.
Жоғары білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университтерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірнеше түрлері бар. Жетім балалар, ата – аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп – интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, локторантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау. Жұмысшылар мен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу ортқалықтарында ұйымдастырылады. Кадрлардың біліктілігін арттыру мемлекет қаржысмы есебінен және шарттық негізде де жүзеге асырылады.
Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру – сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару орындары бекітеді.
Үздіксіз білім беру жүйесін жақсартудың басты бағыттары оны дамыту, демократияландыру, гуманитарландыру, нақты білім беру саясаты және халықтың әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері білім беру ісін жетілдірудің арқауы болып табылады.
Мектеп қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады, идея жағынан шынығады. Осыған орай, мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруланады, оқу – тәрбие жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзыретін, дербестігін, ынтымақтастығы мен жауапкершілігін бағалайды. Сондықтан мұғалім мектеп басшысына бағынышты болмайды, ол қажымайтын ізденуші, шындық үшін күресер адам.
Ізгілендіру барлық мектеп өмірін демократияландыру жағдайында жүзеге асырылады. Ізгілендіру – бұл балаға деген зор қамқорлық, қайырымдылық, оның мақсатын, тілегін, мүддесін қабылдау, баланы қоғамның белсенді, саналы теориялық және практикалық білім негізімен қаруланған мүшесі етіп дайындау.
Күрделі және жауапты мәселелерді шешуде мектеп директорының оқу тәрбие жұмысын басқарудағы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер шығармашылық, педагогикалық шеберлік, білімдарлық, жоғары идеялық ұжымшылдық. Сонымен бірге оның бойындағы құзыреттілік, шешімділік, тапқырлық сияқты қасиеттердің де болуы тиіс. Директордың мұндай болымды қасиеттерін мұғалімдер, ата – аналар жоғары бағалайды.
Тағы да бір еске аларлық жағдай, мектеп директоры мұғалімдермен, оқушылармен, ата – аналар жұртшылығымен ұласу әдістерін, ынтымақтастық принципін жүзеге асыруда негізгі рухтандырушы және ұйымдастырушы. Әрине, мұндай жоғары адамгершілік қасиеттерді сауатты, тәжірибелі, өмір елегінен өткен, сыналған, тіс қаққан мектеп директорларының бойынан табуға болады десек артық болмайды.
Міне, сапалы қасиеттердің негізінде мектеп басшыларына кәсіби және адамгершілік – психологиялық талаптар қойылады.
Кәсіби талаптар – бұл кәсіби бағытта ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі. Демек, мектеп директоры педагогика, психология, жас ерекшелік психологиясы, социология, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы, мектеп жұмысын басқару теориясы салаларындағы білімді шығармашылықпен пайдалануы қажет.
Тоқырау жылдарында мектеп директорлары оқу – тәрбие жұмысын қорқып ұстамдылықпен басқарды. Өйткені, олар бүкіл мектептіңжұмысын жоғары орындардың бұйрық – жарлықтарына сүйене жүргізді. Міне, осының нәтижесінде өз бетінше ізденуге кәсіби дайындық деңгейін көтеруге, шығармашылық бағытта педагогикалық іс — әрекеттерін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар болмады.
Қазіргі кезеңде халыққа білім және тәрбие беру жүйесін қайта құру жағдайында мектеп директорларының кәсіби құзіретті ролі кенет өзгере бастады. Осыған орай, жұмысты ғылыми игеру оқу – тәрбие процесінің даму жолдарын алдын – ала болжай білу. мұғалімдердің шығармашылық еңбегін ұжымда ұйымдастыру мектеп басшыларына зор талап қояды. Оларды жүзеге асыру үшін мектеп басшылары педагогикалық шеберлікті игереді, өз өнегесіне, іс – тәжірибесіне үйретеді. Олар мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының даму жолдарын зерттейді, таңдайды, бағалап, қорытынды жасайды. Осы тұрғыдан әрбір мектеп басшысы өз іс — әрекетін мақсатқа сәйкес шығармашылық бағытта ұйымдастыруы қажет.
Өнегелі талаптар – бұл басшының жеке басындағы адамгершілік қасиеттерді көрсетеді. Мысалы, ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым – қатынас, талап қоюшылық т. б. Осындай қасиеттерді кейде бұзушылық сезілсе, онда қарамағындағы қызметкерлер тарапынан басшыға сенімсіздік туады, беделіне нұқсан келеді, кейбір жағдайларда ұжым мүшелерінің арасында теріс пікірлер қалыптасып, алауыздықтың да байқалуы мүмкін.
Мұндай жайттарды еске алып, жеке адамды басшылық қызметке тағайындау үшін, оны мәдениетті және адамгершілік деңгейі жоғары: тәжірибелі ұстаздардың ішінен таңдап алу қажет.
Мектеп басшысының жеке басындағы болымды қасиеттер (тәртіптілік, өзін — өзі ұстай білушілік, әдептілік т.б.), оның мұғалімдерге, оқушыларға және мектептің басқа қызметкерлеріне де әділетті талап қойып отыруына игі әсер етеді. А. С. Макаренконың сөзіменг айтқанда адамға неғұрлым көбірек талап қойылса, оған солғұрлым көбірек құрмет сезімін білдіру керек.
Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысы өте күрделі және көп қырлы. Мектеп өмірінде қуанышпен бірге ренжушілік де болады, кейбір қиын жағдайлар да кездеседі. Осындай жағдайларда мектеп директоры әрбір мәселені терең ойланып ашуланбай, ренжімей, өзін — өзі игеріп іскерлікпен шешуі қажет. Оның мінезінде дөрекілік, кекшілдік, менмендік болмауы тиіс. Теріс мінез адам баласының абыройын төгеді.
Сондықтан мектеп директорлары өз ісіндегі жауакершілік сезімді дамытады, ұжымшылдық, ізгілендіру принциптерін басшылыққа алады. Ол өзінің басқару әдістерінде ең алдымен қоғамның, халықтың мүддесін мектеп ұжымының қажеттігін қанағаттандыруды еске алады.
Күнделікті іс — әрекетінде ұжымға сүйеніп, қоғамдық пікірлермен санасу, қабылданған шешімнің жариялылығы – мектеп директоры жұмысының жемісті болуының басты жағдайы…………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!