Курстық жұмыс: Педагогика | Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны

0

Мазмұны

КІРІСПЕ.

І-ТАРАУ. КӨРНЕКІЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

ІІ-ТАРАУ. КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ. ОЛАРДЫ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ.

ІІ.І. ЖАЗБА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ.

1.2. Сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану.
ІІІ-ТАРАУ. САБАҚТА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚ САПАСЫН АРТТЫРУ.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

ІІ-Тарау. Көрнекіліктердің түрлері. Оларды сабақта
пайдаланудың маңызы.

І.І. Жазба көрнекіліктерді пайдалану.

Дидактикалық принцинтердің бірі- оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте білім беруде, окытуда жазба көрнекіліктер пайдалану, сабақтың сапалы, қызықты, тартымды өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту мен көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда да көрнекілікті пайдалану, оқушының ана тілін құрметтеуге, сонымен бірге тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді. Әсіресе, қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсіндіруге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін.
Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып, пайдалану қажет.
Жазба көрнекіліктер деп бір қағазға жазылған түрлі көрнекіліктерді айтамыз. Олар: сызба (схема, таблица) кеспе (карточка) грамматикалық материалдар үшін көбірек қолданылады. Сызба көрнекіліктер қабырғаға ілінеді. Көлемі жағынан түрліше болып келеді. Кейде үлкен плакат көлемінде, кейде оның жартысындай болуы мүмкін. Сызба көрнекіліктер қолдану мерзіміне қарай екі түрлі болып келеді. 1).ұзақ уақыт қолданылытын көрнекіліктер.
2). Бір сабақта қолданылатын көрнекіліктер.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын сызба көрнекіліктерге бірнеше мысал келтіріп өтейік.

І.2. Сызба көрнекіліктерді сабақта
қолдан
Бұл көрнекіліктерді жаңа сабақ өткенде әр тақырыпқа байланысты пайдаланған өте тиімді. Оқушылар жаңа сабақты теория жүзінде емес, практика жүзінде көзбен көріп, өтілген сабақты ауызша он қайталағаннан гөрі, көздерімен көріп, ұққандары тез есте қалады. Жаңа сабақты өткенде көрнекілік арқылы жаңа сабақты тез ұғып, тез меңгереді. Физика заңдылықтары, Менделеев таблицасы, қазақ тілінің заңдылықтары т. б. күнде ауысып отырмайды, сондықтан бұл көрнекіліктерді жылда керек кезінде көрсетуге болады. Сызба көрнекіліктер әр сабақ сайын қолданылады. Бір ғана сабақта қолданылатын сызба көрнекіліктер де ете жиі пайдаланылады. Ол таныс емес материалдарды нақты түсіндіруге, меңгертуге өте ыңғайлы.
Мұндай сызба көрнекіліктер қазақ тілі бойынша мазмұнына қарай лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау болып бөлінсе, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып келеді.
Лексикалық сызба сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.
Лексикалық сызба мазмұны жағынан әр түрлі болады. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, антонимдер, синонимдер, омонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөзде (неологизмдер) жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақал мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты сызбалар жасалады. Осындай мақсатта жасалған сызбалар лексика саласын өткенде әр тақырыпқа байланысты қолданылып отырады.
Қазақ тілі пәні бойынша жасалған бірнеше көрнекілікті мысалға келтірейік.______________________________________________________
Байтұрсынов Л. Тіл тағылымы-Алматы, Ана тілі, 1992жыл-448бет
Синонимдер

Синонимдік
қатар Мысалдар Қай сөз табы, сұраулары
Оқушы,
шәкірт
Аспан,көк, әуе
Сағила – Жақыпбектің оқушыларға үлгі ететін адамдарының бірі еді.(М.И.) Мен оны не алтыншы, не жетінші класта оқитын шәкірт бола ма деп жобаладым. (З.Ш.) Кешке қарай аспанды бүркеп
алатын күздің сұр бұлтты ол түні
жоқ еді.(С.М) Көктегі күн жер үстін қарық қылып түр.(С.С) Әуе кемесі дегеніміз — аспанға ұшатын аэроплан. (С.С.)
Зат есім. Кім?
Зат есім. Не?

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары

Сөздің тура мағынасы Сөздің ауыспалы
мағынасы Ауыспалы мағынада қолданылған сөздің мәні
1 2 3
Кішкентай Самат бесікте ұйықтап жатыр. Машина бөлшектері, трубалар, әр түрлі аспаптар болаттан тжасалады. (Химия оқулығынан)
Су қазған арықтың терең арнасы бойларынан келеді. (С.Сарғ.)
Қатты жерге қазық қағу да күшпен келеді ғой. (С.С.)
Ел іші – алтын бесік (мақал). Амантай қазақ еңбекші бұқарасының ішінен шыққан құрыш болат еді.
Мына топта Гроза жүргізген саяси үгітті одан терең ұққан кісі жоқ тәрізді. (С.М.) Туған жер, Отан асыл. Берік, мықты.
Антонимдер

Антоним сөздер Қай сөз табы,
сұраулары
Мысалдар
Жаз-қыс, қуаныш-қайғы, дос-қас
Жаңа-ескі, ауыр-жеңл, үлкен-кіші, ақ-қара.

Алу-беру, жану-сөну

Ерте-кеш, жоғары-төмен
Не? Кім? Зат есім.
Қандай? Сын есім
Не істеу? Етістік
Қашан? Қайда? Үстеу Ботагөздің басында қайғы мен қуаныш бірдей түйісті. (С.М.)

Ескі дүние тозды, жаңа дүние озды.

Туылғаныңа сен қуансаң, бергеніме мен қуанамын. (Ғ.М)

Игіліктің ерте кеші жоқ. (ма
Жай сөз тіркестері Тұрақты сөз тіркестері
1. Әкесі ат үстінен кішкентай Айбекті көтеріп алды.
2. Асан қойдың аузынан шөпті жұлып алды. 1. Жұмысқа ат үсті қарауға болмайды.
2. Ержан қой аузынан шөп алмайты
Матемагика сабағында сызба көрнекіліктерді пандалану.

Оқушылардың математикаға деген қызығушылығым арттыру-қазіргі кезде ғылым мен техника даму деңгейінде әрбір оқушыға саналы білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуына мүмкіндіктер туғызады. Оқушының математикадан білімін арттырудың бір жолы сабақта көрнекті құралдарды көптеп пайдалану болып есептелінеді. Сабаққа сызба көрнекіліктерді математика сабағында көптеп қолдануға болады. Бұл сызба көрнекіліктер арқылы өткен сабақтың теориясын практика жүзінде көрсетіп, есте сақтауға мүмкіндік беруге болады. Математика сабағына мысал келтіріп өтейік.
Сабақтың тақырыбы: Туынды. Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың туынды туралы ұғым, туынды есептеу туралы ережелерін, күрделі функцияның туындысы, туындының қолданылуы туралы түсіндіру.
2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін білімдерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыбайластыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, оқулық, карточкалар, схема, сызба көрнекіліктер. Сызба көрнекіліктерді қалай пайдалануға болатынынан бір мысал келтіріп өтейік.
28 (2х-7)13 х2 + 2х
4cosx 6y
50(3+5х)9 -2х2 + 4х
-3sinx 20y
((2х-7)14)1 ((3+5Х)10)1)
(4sinx)1 (3соsх
4х2 nxn-1 0 -1 cosx 6x 2
П И Ф А Г О Р

Бұл сызбалар оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфографиядан саналы білім алуға мүмкіндік береді.
Сызба көрнекіліктер қазақ тілі сабағында жаңа материалдарды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады.Оқулықты өздігінен байқауға салыстыруға, белгілі тілдік материалдардың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсер етеді.

Кеспе және перфокарта көрнекіліктерін сабақта
пайдалану.

Жазба көрнекіліктердің түрі — кеспе көрнекіліктері. Бұл көрнекіліктер сабақта жиі қолданылады, оны пайдалану өте ұтымды.
Қазақ мектебіне арналған тұңғыш әліппеде А.Байтұрсынов кеспе көрнекіліктің талай үлгісін берген. Заманның ағымына қарай кейінгі кезде кеспе көрнекіліктер сабақта күнделікті қолданылып отырады.Үлестірмелі кеспе әр оқушының ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жүргізуіне өте ыңғайлы. Мысалы, үлестірмелі кеспе арқылы әр оқушыға әр түрлі тапсырма беруге болады. Үлестірмелі кеспе өтіліп жатқан материалдың мазмұнына қарай, әр сабақта пайдаланылады.
Мысалы, тақырыпты өткенде мынадай үлестірмелі кеспе таратып, оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін байқауға болады Бұл үлестірмелі кеспе оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазақ тілінен жасалған бірнеше сызба көрнекіліктерді таныстырып өтейік.

1-кеспе

1. Жүрегі алып ұшты қобалжыды.
2. Төбесі көкке жетті -…
3. Бармағын тістеді.-…
4. Жермен жексен етті.-…
5. Қол ұшын берді. -…
Бұл кеспе арқылы оқушы тұрақты тіркестің беретін мағынасын өздері тауып дәптерлеріне жауабын жазады.
2- кеспе

Мына тұрақты тіркестердің антонимін тап.
1. Жүрек жұтқан .- су жүрек.
2. Иттерісін басына қаптады.-…
3. Жүрегі қарс айырылды. -…
4. Ұшан -теңіз.-…
5. Қой аузынан шөп алмас. -…

3 -кеспе.

Өзара синонимдес тұрақты тіркестерді ойлап жаз.
1. Көз ілмеді, Түн ұйқысын төрт бөлді, Кірпігі айқаспады, Көрер таңды көзімен атырды-ұйықтамады.
2. Жұмған аузын ашпады.-…
3. Төбе шашы тік тұрды. -…
4.Тонның ішкі бауындай . -…

4 — кеспе.

Мына сөздерді тұрақты тіркес түрінде жаз.
1. Тез, жылдам — Сүт пісірім уақытта, Қас пен көздің арасында, Көзді ашып жұмғанша. т.б
2. Қуанды -…
3. Жуас момын -…
4. Жақын, жуық жер — …
5. Алыс -…
6. Тура айтады -…
7. Сұлу, көркем -…

Бұл кеспелерді оқушыларға таратып, оқушылардың «Тұрақты тіркестер» тақырыбын қалай меңгергендіктерін берген жауаптарына қарай байқап отырады. Кеспе оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, жеке жұмыс жасауына септігін тигізеді. Сонымен қатар сапалы білім алуға көмектеседі.

Перфокарталармен жұмыс жасау.

Сабақты тартымды өткізудің, уақытты тиімді пайдалана білім берудің және оқушылардың білімін тексерудің тиімді тәсілдерінің бірі- үлестірмелі перфокарталармен жұмыс жүргізу. Әр сабақта өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты перфокарталар жасалып отырады. Мысалы, дауысты, дауыссыз, дыбыстарды және олардың айтылуы, жазылу ережелерін толық меңгерту үшін мынадай перфокарталар жасауға болады.
Бұл перфокарталар сабақ тақырыбына сәйкес жасалынып отырады. Перфокарталарды өтілген тақырыптың мазмұнына қарай ауыстырып отыру қажет. Перфокартаның бірнеше үлгісін көрсетіп өтейік. Перфокарталар септік, көптік жалғауларын өткенде, оларды меңгерту, бекіту мақсатында да қолданылып жүр.

1 — перфокарта.

Дыбыстар Қатаң Ұяң Үнді
В +
Қ +
Һ +
Н +
Л + +
Д +

Бүктемелі перфокарталардың ішіне оқушылардың өздеріндегі ақ қағаздарды салып, фамилияларын жазып, жоғарыда көрсетілгендерді талдайды да, ішіндегі дыбыстарды қатыстырып сөйлем құрайды.

2 -перфокарта .

Сөздер қыз гүл бала үй кітап есік
жалғаулар
-лар,-лер,
-дар,-дер,
-тар, -тер,

Сюжетті суреттер қолдану арқылы сабақ сапасын
арттыру.

Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де сабақты маңызды өтуде үлкен орын алады. Сурет көрнекілігі көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке тақырып қою, сурет бойынша сөйлемдер құрау, суреттің тақырыбына сай мәтіндер құрастыру сияқты жұмыстардың түрін жүргізуге болады. Сонымен қатар сурет тақырыбына байланысты мазмұндама , шағын шығарма жаздыру тиімді тәсіл болып келеді.
«Тұрақты тіркестер» тақырыбын өткенде сурет бойынша мынадай жұмыстар жүргізуге болады.
Тақтаға адамның суреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау (Ойын түрінде «Кім көп айта алады»

1 — қатар

Бет, жақ қатысына қатысына қарай айту керек.
Бетің бар жүзің бар демейді, бетке айту, бетінен от шашты, бет моншағы төгілді, Беті бүлк етпейді .

2 — қатар.

Көз, кірпік, қасты қатыстырып айту керек.
Көздің жауын алады. — әдемі, керемет, көздің жасыл көл қылу -ренжу, жылау, көзінің сорасын ағызу — жылау, көздің құртын жеу — сондай көзге түсерлік, көрікті, қас пен көздің арасында, тез, қас қағым уақытта — лезде т. б. Осылай білдіретін мағыналарын айта отырып, әр тұрақты тіркестерге мысалдар келтіріп, мәтіндер жазады.
Әр оқушының берген жауабына оқытушы мән беріп, дұрыс жауап берген оқушыны марапаттап, тиісті бағаларын беріп отырады…

3- қатар.

Мұрын, езу.
1. Мұрын көтеру — көкірек,
2. Танауы тасқа тиеді.- жолы болмады.
3. Мұрнына су жетпеу.- уақыты жоқ.
4.Мұрнына ешек құрт түсу.- байып кету. т.б.

4 — қатар.

Тіл , тіс .
1 . Тілі мірдің оғындай . — өткір.
2. Тісінен шығармады. — айтпады .
3. Тілі сумаңдау. — көп сөйлеу .
4. Тісі — тісіне тимеу .- жаурау.
5. Тісін тісіне тақау . — ашулану.
6. Тілімен жайпау.-уәде бергіш.
Бұл оқушылардың тапсырмаларды парта — парта болып жарысып, таласып, қызығып оқуына жол сілтейді.
2. Тақтаға төрт түлік малдың суреті ілінеді.

1 — қатар.

Түйе суреті бойынша, түйе сөзі қатысқан тұрақты сөз тіркестерін тауып жазу керек. Мысалы:
1. Түйені түгімен жұту.
2. Түйе үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.
3. Түйе үстінен сирақ үйіту .
4. Түймедейді түйедей ету.

2 — қатар.

Қойдың суреті бойынша.
1. Қой аузынан шөп алмас.
2. Қой мінезді . т.б.

3 – қатар.

Сиыр суреті бойынша.
1. Сиырдың бүйрегіндей.
2. Өгіздей өкіру. т. б.
Жылқы суреті бойынша.
1. Жылқы мінезді.
2. Тайға таңба басқандай.
3. Тайлы тұяғымен.
4. Ат шаптырым жерде.
Оқушылар түлік малдың суретіне байланысты басқа да тұрақты тіркестерді тауып, олардың мағыналарын ажыратып, дәптерлеріне жазады. Кім көп тұрақты тіркес тапса, оқытушы оны марапаттап, қалған оқушыларға үлгі етіп көрсетеді.
Енді оқытушы тақтаға жылдың төрт мезгілінің суретін іледі, оқушылар суретке қарай отырып, жаз, қыс, көктем, қыс деген мағыналарға сай келетін тұрақты тіркестерді тауым жазады.
Мысалы:
1. Жаз.- жаны жаз, көңілі жаз. т. б.
2. күз- жылауық күздей, балапанды күзде сана т. б.
Сурет бойынша оқушылардың қазақ тілінен білімін жан-жақты пысықтап, толықтырып отыруға болады. Сурет бойынша оқушыларға жазба жұмысын жаздырып, тіл ұстарту жұмыстарын, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Сурет бойынша белгілі тақырыпта оқушыларға мазмұндама жаздыруға да болады. Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманы жазу да, латын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға соқпай өтпейді. Өйткені мұғалім мәтінді алдын ала дайындайды. Олардың бір айырмашылығы — мәтінге қосымша сол оқиға желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын түсіндіруге, суретте бейнеленген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен өрнектеуге үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады.
Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:
1. Белгілі бір эңгіме мазмұнына арналған бірнеше сюжет арқылы жаздыратын мазмұндама.
2. Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама жаздыру.
3. Сурет ілініп тақырыбына сәйкес мазмұндама жаздыру.
Суреттер бойынша жаздыратын мазмұндамаларды бір сарынды емес, түрлендіріп отыруға мүмкіншілік бар. Атап айтқанда, сюжетті суреттер бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып, оны сурет тәртібіне орай түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!